kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Windows "терезелер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Ашық сабақ  "windows терезелерімен,терезелерді көрсету нұсқаларымен терезелерді басқару тәсілдерімен терезелердің мүмкіндіктерімен таныстыру" 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Windows "терезелер"»

Сабақтың тақырыбы: «Windows терезелер»

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Windows терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен, терезелерді басқару тәсілдерімен, терезелердің мүмкіндіктерімен таныстыру.

2) Тәрбиелік: терезе құрылымы және элементтерімен таныстыра отырып, оларды компьютермен жұмыс барысында жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

3) Дамытушылық: Windows терезелерінің мүмкіндіктерімен таныстыра отырып, олардың көре отырып және ести отырып есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: практикум элементтері бар, көрсете түсіндіру

Сабақтың әдісі: тірек-сызбалар, тест сұрақтары, сәйкестендіру тесті.

Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта,тақырыпқа сай слайдттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу түгелдеу.

2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасы:

Тесттік жұмыс:

  1. Windows-дің объектілерін әр түрлі құрылғылармен басқаруға болады, оның ең негізгісін атаңдар.

А) пернетақта Ә) тышқан Б) монитор

2. Бұл батырма кейбір программалар жұмысы сенімсіз болса немесе командаға

жауап бермеген жағдайларда қажет болуы мүмкін.Кейде бұл батырма жаңа

программалар немесе жаңа құрал жабдықтар орнату кезінде қажет болуы мүмкін.

А) Қайта жүктеу(перезагрузка) Ә) Өшіру (выключение) Б) Күту режимі(ждущий режим)

3.Тышқанның батырмалары атқаратын қызметіне байланысты нешеге бөлінеді?

А) басты және көмекші Ә) басты және бағыныңқы Б)негізгі және қосымша

4. Қапшық деген не?

А) ұғым Ә) объектілер қоймасы Б) жұмыс орны

5. Қандайда обьектіге тышқанды апарып оң жақ батырмасын басқанда пайда

болған менюді қалай атайды ?

А) негізгі меню Ә) обьекті менюі Б) динамикалық меню

6. Жабық қапшық қалай көрінеді?

А) терезе түрінде Ә) белгіше түрінде Б) Жималанған күйінде

7. 8Мбайт=?Кбайт

А) 8192 Кбайт Ә) 8199 Кбайт Б) 81992Кбайт

8. Тышқанның көмегімен Windows-дің объектілерімен төмендегі әрекеттерді орындауға болады.

А) шертуді Ә) белгілеу, жылжыту, қосу, созу, ашу, жабу

Б) таңбашаларды ашу

ІІІ. Сабақтың тақырыбын шығару

ІҮ. Жаңа сабақ:


Windows ортасының негізгі ұғымдарының бірі – терезе.

Терезе дегеніміз – жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аумағы, онда обьектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.






Менің

құжаттарым




Терезе жайылған

және тұтас

экран бетін алады

Жұмыс жүріп жатқан терезе – активті терезе. Активті терезе басқа терезелерден ерекшеленіп тұрады және жоғары орналасады. Сонымен бірге есептер тақтасындағы батырамсы басулы болып көрінеді. Терезені активті түрге екі тәсілмен келтіруге болады. Бірінші терезенің кез келген жерінен шерту керек, екінші есептер тақтасындағы сәйкес батырманы шерту арқылы белсендіруге болады. Бұны терезелер арасындағы ауысу деп те айтуға болады.

Барлық терезелердің түрін төрт топқа бөлуге болады:

-Қапшық терезелері

-Қолданбалар терезелері

-Диалог (сұхбат) терезелері

-Анықтама терезелері

Қапшық терезелерінде оны басқару элементтерінен басқа Windows-тың басқа объектілерінің де белгішелері бар. Белгілі бір объектінің белгішесін екі рет шерту, оны ашады. Мысалы Мои документы қапшық терезесі.

Қолданба (приложение) – бұл да бағдарлама, ол Windows жүйесінің басқаруымен жұмыс істегендіктен, қолданба деп аталады. Қолданба терезелері қолданбаға құжаттың мазмұнын көрсету міндетін атқарады. Мысалы Paint қолданбасының терезесі.

Диалог терезелері – қосымша ақпараттарды енгізуге арналған арнайы терезе. Олар Windows-ты және оның қолданбаларын басқару мен баптау үшін қажет. өздеріңе таныс сағат

Анықтама терезелері Windows және оның қолданбаларының жұмысы бойынша анықтама ақпараттарын шығару қызметін атқарады.

Енді біз негізінде тек қапшық терезелерін қарастырамыз, олар бізге қолданбалар мен құжаттарды іздестіру, таңдау мен жүктеу үшін қажет.


Менің компьютерім қапшығының терезесін мысалға ала отырып, біз терезелердің негізгі элементтерін қарастырайық.

Шекаралар. Терезелерді төрт жағынан тұрған жақтауларды шекаралар деп атайды. Олардың көбінің өлшемдерін өзгертуге болады. Терезелердің өлшемдерін өзгерту үшін, маус нұсқағышын шекараның біреуіне орналастырып, нұсқағыш қос бағдаршаға айналуын күтеміз, содан соң маусты қажетті бағытқа тартамыз (оңға, солға, жоғары, төмен). Мысалы, терезенің енін өзгерту үшін, оның оң немесе сол жақ шекарасын бір жағына қарай тартамыз. Егер терезенің ені мен биіктігін қатар өзгерткіміз келсе, онда оның бұрыштарының бірін соза тартамыз.


Тақырып жолы. Терезенің ең жоғарғы шекарасының астында бірден терезенің аты көрсетілген төртбұрыш орналасқан, оны Тақырып жолы немесе Тақырып деп атайды.

Мауспен іліп алып, терезені басқа орынға жылжытуға болады.


Жүйелік меню белгішесі. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню белгішесі орналасқан. Оны шертсеңдер, терезені басқарудың қарапайым командаларының тізімі ашылады, олардың көмегімен терезені жылжытуға және өлшемін өзгертуге болады.


Жабу батырмасы. Тақырып жолының оң жақ шекарасында айқасқан сызық (крестик) суреті бар батырма орналасқан. Бұл батырма бойынша шерту құжатты (қапшықты) жабады немесе қолданбаның (бағдарламаның) жұмысын аяқтайды.


Қолданбаның терезесін, қапшықты, диалог терезесін жабудың тағы бір жолы Alt+F4-ті басу.


Жабу батырмасының сол жағында келесі батырмалар орналасқан: жималау (свернуть), жаймалау (развернуть), қалпына келтіру (восстановить).


Жималау батырмасы. Жималау батырмасында шерту, Есептер тақтасында тек қана батырмасын қалдырып, терезені Жұмыс орнынан алып тастайды. Бұл жағдайда қолданба ашық қалпында қалып, орындала береді. Есептер тақтасындағы оған сәйкес батырманы басып немесе Alt+Tab пернелерінің көмегімен терезені қайтадан жаюға болады.


Жаймалау батырмасы. Бұл батырма терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді.


Қалпына келтіру батырмасы. Осы батырма терезені аралық қалыпқа келтіреді, яғни терезе экранда болады, бірақ оның өлшемі экран өлшемінен кіші болады. Батырма экранға бірнеше терезені бір уақытта орналастыру үшін пайдаланылады.


Терезені бүкіл экранға басқа тәсілмен орындауға – тақырып жолында екі рет шертіп, жаймалауға болады. Егер терзе экранды толық алып тұрса, тақырыпты екі рет шерту оның бұрынғы (алғашқы) өлшеміне келтіреді.


Меню жолы. Тақырыптың төменгі жағында командалар аты жазылған көлденең (горизанталь) жолақ бар. Бұл – меню жолы, онда берілген қолданбаның негізгі командалары бар. Меню дегеніміз – берілген терезеде орындауға болатын командалардың тізімі.


Меню жолының командаларының бірін шақыру үшін, мауспен оның атын шерту керек, сонда созылған меню пайда болады. Бұл менюден қажетті команданы мауспен шертіп таңдаймыз.


Құрал-саймандар тақталары. Көптеген терезелер батырмалары мен белгішелері бар құрал-саймандар тақтасымен жабдықталған. Олар неғұрлым жиі қолданылатын командаларға тез қатынау үшін пайдаланылады.


Әр батырманың міндетін білу үшін, оның үстіне маус нұсқағышын орналастырып біраз күтсеңдер, ішінде команда міндеті жазылған шағын жақтау (рамка) шығады. Батырма аты оның қызметін көрсетеді. Мысалы, құжат сақтау батырмасы, өзің жасаған құжатты дискіде файл түрінде сақтау міндетін атқарады.











Терезе элементтері:


Құрал-саймандар тақтасында жиі қолданылатын командаларға жылдам қатынауға арналған белгішелер мен батырмалар бар. Олар:

- кері қайту.



- алға қарай өту.



- бір деңгейге жоғары көтерілу.



- қиып алу.


- көшіру.



- кірістіру.



- болдырмау.


- алып тастау (жою).


- қасиеттер.

- түрі.




Айналдыру жолақтары:


Ү. Жаңа сабақты бекіту: Компьтермен жумыс

1)


Сәйкестендіру тесті




ҮІ. Сабақты қорытындылау:


«Ғажайып кесте» ойыны. Ойынның шарты бойынша 2 бағанды кесте беріледі. Кестенің бірінші бағанында сұрақтар беріледі, екінші бағаны бос болады. Бірінші бағандағы сұраққа оқушы дұрыс жауап беріп және оны келесі бағанға жазса, баған жанады. Ал дұрыс жауап бере алмаса, өзгеріссіз қалады.

Ойынның сұрақтары:

1. Терезе дегеніміз не?

2. Активті терезе.

3. Диалог терезесінің қызметі.

4. Қапшық терезесінің қызметі.

5. Терезелерді экранда көрсету тәсілдері.

6. Анықтама терезесінің қызметі.

7. Қолданба терезесінің қызметі.


ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

ІХ. Үй тапсырмасы:

1. Терезелер.

2. «Терезе» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

Суреттерге қарап, терезе элементтері мен айналдыру жолақтарын көрсету.





Т

Ә

У

Е

Л

С

І

З




Т

Е

ң

г

е









Р

Ә

М

І

З




Б

Ә

Й

Т

Е

Р

Е

К






А

Т

А

З

А

Ң










Е

Л

Т

А

Б

А



  1. Біз қандай мемлекетпіз

  2. 1993 жылдағы тәуелсіздігіміздің белгісі

  3. 1992 жылы маусымда қабылданған тәуелсіздігіміздің белгісі

  4. 2002 жылы Астанадағы егемендігіміздің белгісі

  5. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған құжат

  6. мемлекеттік рәміздердің бірі



















Қорғалжын білім бөлімі




«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі:

_______________ _________________

«_____»________ «_____»__________







Сабақ жоспары







Тақырыбы: «Терезелер»











Өткізген: Исин О.С










Амангелді орта мектебі


2013 ж.


«Біреуі-үйде, үшеуі- қонақта» әдісі

Күтілетін нәтиже .

Оқыған жасай алады:

  • ақпаратты өз бетінше оқу және ойлау;

  • кластастарына меңгерілген ақпаратты түсінікті жеткізе білу;

  • мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыту;

  • ақпаратпен жұмыс жасау барысында оған ынталы болу ;

  • белгілеу, тұжырымдау, сұрақтар қою;

  • кластастарын тыңдау және есту;

  • ақпаратты қысқа да, нұсқа жазбаша түрде тұжырымдай білу;

  • кластастарының және өз оқуына жауапты болу;

  • таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі


Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам: сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Тақырып, проблема бойынша білімнің көкейкестілігі.

2-қадам: 4 адамнан «үй» тобына бөлу. Әр топ : 1, 2, 3, 4 деген өз нөмірлерін алады.

3-қадам: әрқайсысына тапсырма: сабақ соңына дейін топтың әр мүшесі тақырыптың немесе проблеманың мәнін түсінуі керек.

4-қадам: топ ішінде әр оқушыға жеке нөмір беріледі (1-ден 4-ке дейін)

5-қадам: үй тобында мәтінді оқу және талдау немесе проблеманы шешу; осы ақпаратты немесе проблеманың шешімін басқа топтарға қалай жеткізетінін анықтау.

6-қадам: белгі берілген уақытта, барлығы орындарынан тұрады, 1-номерлер сағат тілінің жүрісімен көрші топқа жиналады, 2-нөмірлер 3-топқа, 3- нөмірлер 4-топқа, ал 4-нөмірлер 1-топқа қонаққа келеді, әркім өз тобында жасалған жұмысты өз қонақтарына жеткізеді.

7-қадам: «қонақтар» сұрақ қояды, сосын қайта өз топтарына қайтады.

8-қадам: 1,2,3-нөмірлер «үй» тобына келіп, кезек-кезек «қонақта» не үйреніп, не естіп келгенін айтып береді.

9-қадам: топ өз жұмыстарын басқа топтарда естіп келгендерімен салыстыра талдайды.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Windows "терезелер"

Автор: Исин Олжас Сагатбекович

Дата: 20.03.2018

Номер свидетельства: 462724

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Саба?ты? та?ырыбы: Терезелер"
    ["seo_title"] => string(29) "sabaktyntakyrybytieriezielier"
    ["file_id"] => string(6) "272857"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452078040"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(18) "терезелер"
    ["seo_title"] => string(13) "tieriezielier"
    ["file_id"] => string(6) "251493"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447250132"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Терезелерді? ??рылымы 7-сынып "
    ["seo_title"] => string(35) "tieriezielierdin-k-u-rylymy-7-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "161723"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422270095"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(202) "Информатика п?нінен саба? жоспары. 7-сынып. Саба?ты? та?ырыбы: Windows бас?ару элементтері. Windows ж?йесіні? ж?мыс ?стелі "
    ["seo_title"] => string(131) "informatika-p-ninien-sabak-zhospary-7-synyp-sabak-tyn-tak-yryby-windows-bask-aru-eliemienttieri-windows-zhuiiesinin-zhu-mys-ustieli"
    ["file_id"] => string(6) "237121"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444235232"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "Та?ырыбы: "WINDOWS xp операциялы? ж?йесі" 5 сынып "
    ["seo_title"] => string(52) "tak-yryby-windows-xp-opieratsiialyk-zhuiiesi-5-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "209113"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431017451"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства