kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Векторлы? графика. Векторлы? графиканы ??деу бойынша программасыны? интерфейсі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?сат: Векторлы? графика. Векторлы? графиканы ??деу бойынша программасыны? интерфейсімен таныстыру,  Inkscape векторлы? редакторында ж?мыс істеуге ?йрету.

Білімділік – О?ушыларды Inkscape векторлы? графикасыны? редакторымен ж?не оны? интерфейсімен  таныстыра отырып, осы редакторда ?арапайым ??ралдармен  ж?мыс істеуді ?йрету.  

Дамытушылы? – О?ушыларды теорияда ал?ан білімдерін о?ытуды? ?р т?рлі ?діс- т?сілдерін ?олдана отырып шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту. 

Т?рбиелік – О?ушыларды ??ыптылы??а, жауапкершілікке, досты? ?арым – ?атынас?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Векторлы? графика. Векторлы? графиканы ??деу бойынша программасыны? интерфейсі.»


Пән Информатика сынып 7 Күні .

сабақ №:

Тақырып: Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі.

Мақсат: Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсімен таныстыру, Inkscape векторлық редакторында жұмыс істеуге үйрету.

Білімділік – Оқушыларды Inkscape векторлық графикасының редакторымен және оның интерфейсімен таныстыра отырып, осы редакторда қарапайым құралдармен жұмыс істеуді үйрету.

Дамытушылық – Оқушыларды теорияда алған білімдерін оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін қолдана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

Тәрбиелік – Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: теория-практика.

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Құрал-жабдықтар: ДК-лер, интерактивті тақта, оқулықтар, дәптерлер, видео, PaintNet, Inkscape, My test бағдалрамалары.


Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І. Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

- Сәлеметсіздер ме, балалар?!

- Көңіл-күйлерің қалай?

- Сабаққа дайындық қалай?

- Бүгінгі сабақта мен сендерге сәттілік тілеймін

- Бір –бірімізге сабақтың жақсы және де қызықты өтуіне тілектер тілейік.

- Сәлеметсіз бе?!

- Керемет! Жақсы! және т.с.с

- Жақсы

- Рахмет

Оқушылар бір-бірлеріне «Саған 5 деген баға тілеймін», «Өмірде жеңілме!», «Сәттілік саған серік болсын!» деген тілектеп айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

10 мин

Карточкамен жұмыс

1-жаттығу

Қай суретте фракталды графика көрсетілген


2-жаттығу

Дұрыс немесе бұрыс жауапты таңдаңыз


Дұрыс

Бұрыс

Векторлық графика элементтері өлшемін өзгерткен кезде кескін сапасын өзгертеді.



Фракталды графиканы пайдаланып, ағаш бұтағын немесе қар қиыршықтарын модельдеуге болады.



Растрлық графиканы нүктелік деп атайды.



Векторлық кескіннің негізгі параметрі-ажыратымдылығы (разрешение).



Фракталды кескін пиксельдерден құралады.




3-жаттығу.

Төмендегі ұяшықтардағы сөздерді қою арқылы бос жерлерді толтырыңыз

............. графика кескіндердің математикалық есептеулер арқылы автоматты түрде генерациялануына негізделген.

............ – растрлық кескіннің негізгі параметрі.

........... графика мультимедиалық және полиграфиялық басылымдарды әзірлеу кезінде қолданылады.

.......... кескін ұлғайтқан кезде сапасы өзгермейді.

.......... кескін пиксельдерден тұрады.

Растрлық

Фракталды

Векторлық



Растрлық

Ажыратымдылық




Жауаптары:

1-жаттығу


2-жаттығу

Дұрыс немесе бұрыс жауапты таңдаңыз


Дұрыс

Бұрыс

Векторлық графика элементтері өлшемін өзгерткен кезде кескін сапасын өзгертеді.



+

Фракталды графиканы пайдаланып, ағаш бұтағын немесе қар қиыршықтарын модельдеуге болады.


+


Растрлық графиканы нүктелік деп атайды.

+


Векторлық кескіннің негізгі параметрі-ажыратымдылығы (разрешение).



+

Фракталды кескін пиксельдерден құралады.



+


3-жаттығу.

Төмендегі ұяшықтардағы сөздерді қою арқылы бос жерлерді толтырыңыз

Фракталды графика кескіндердің математикалық есептеулер арқылы автоматты түрде генерациялануына негізделген.

Ажыратымдылық – растрлық кескіннің негізгі параметрі.

Растрлық графика мультимедиалық және полиграфиялық басылымдарды әзірлеу кезінде қолданылады.

Векторлық кескін ұлғайтқан кезде сапасы өзгермейді.

Растрлық кескін пиксельдерден тұрады.



ІII. Жаңа тақырыпты түсіндіру

10 мин



Inkscape векторлық графикасының редакторы

Inkscape1 - тегін таратылатын, ашық коды бар векторлық графиканы өңдеу редакторы. Inkscape басқа тегін графикалық редакторлар сияқты, баяу жұмыс істейді, себебі ол компьютер ресурстарынан талап етіледі. Дегенмен, осы редакторда сайттың батырмасынан бастап, баннерлерге, визиткадан кітаптың суреттеріне дейінгі әртүрлі кескіндерді жасауға болады.

Программаны қосу әдеттегі тәсілдер арқылы іске асырылады: Жұмыс үстеліндегі жарлықты басу немесе операциялық жүйенің басты мәзірі арқылы.

Inkscape редакторының интерфейсі

Редактор терезесі 9 элементтен тұрады (44 сурет). Интерфейстің параметрлері - тіл, құралдар батырмаларының өлшемдерін және т.б. баптау Файл = Inkscape баптау = Интерфейс бұйрығымен орындалады. Өзгертулерді көру үшін редакторды қайта жүктеу керек.

Элементтердің көрінуі Түр (көрсету немесе жасыру) мәзірін баптау арқылы іске асырылады.

  1. Бас мәзір;

  1. Құралдар параметрлері;

батырмасының болуы панельдің тұтас көрсетілмегенін білдіреді. Батырманы шертсек, басқа бұйрықтарды тізім ретінде ашып көрсетеді.

  1. Құралдар панелі;

  2. Таңбалау элементтері: сызғыш, тор, бағыттауыштар;

  3. Жұмыс аймағы - кенеп (холст);

  4. Бұйрықтар панелі;

  5. Жабысу параметрлерінің панелі;

  6. Түстер үлгілері - бояу палитрасы;

  7. Қалып-күй жолы (Строка состояния).

Құралдар панелінен қандай құрал таңдағандарыңа байланысты, контекстік Құралдар параметрлері панелінің батырмалары да өзгереді. Құралдың қызметін оған тінтуірдің меңзерін апару арқылы білуге болады. Перне қызметі құрал атауының жанында бейнеленеді (мысалы, шеңбер сызу үшін Ғ5 пернесін басу керек).

Тор мен бағыттауыштар дәл жайғастыруды орындауға арналған.

Бағыттауышты жасау үшін (F1) ерекшелеу құралын таңдап және тінтуірдің сол батырмасын басып тұрып, көлденең және тік сызғышты апару керек. Осы кезде қалып-күй жолағындағы координаттарды бақылаңдар. Бағыттауышты жою үшін оны қайтадан сызғышқа апару керек.

Жұмысты бастамас бұрын құжаттың қасиеттерін анықтау керек: өлшем, фон, бағыттауыштардың параметрлері, торлар және т.б. Осы сұхбатта өлшем бірліктерін таңдауға болады: Файл = Құжаттың қасиеттері.

Құжаттарды жасау мен сақтау

Құжатты Файл = Құру бұйрығы арқылы орындауға болады.

Одан басқа файлдағы кескіндерді Inkscape ашық құжатына импорттауға болады. Inkscape әр құжатқа жеке терезе ашады.

Егер сендер редакциялауды кейінірек жалғастыратын болсаңдар, онда оны сақтау жеткілікті: Файл = Сақтау. Үнсіз келісім бойынша құжат Inkscape SVG пішімінде сақталады. Басқа көптеген графикалық редакторлар бұл пішімді дұрыс өңдемеуі мүмкін, сондықтан да кескінді сәйкестендіру үшін оны Қарапайым SVG, PNG, EPS және т.б. пішімдерінде сақтау керек. Одан басқа, Inkscape-те дайындалған суретті растрлық пішімге түрлендіруге мүмкіндік бар: Файл = Растрлыққа экспорттау.

Түсті таңдау

Кескіннің бояу палртрасы мен оның баптауын өзгертуді батырмасын шерту арқылы орындауға болады. Үнсіз келісім бойынша Inkscape default бояу палитрасы таңдалған, бір жолаққа сыймайтын барлық түстерді бояу палитрасының төменгі жағында орналасқан айналдыру жолағын қолдану арқылы қарап шығуға болады.

(ДК-ін қосып, Inkscape бағдарламасында тапсырманы орындайды)

  1. Тікбұрыштар мен шаршыларды салу үшінқұралын таңдаңдар (Ғ4), кез келген тікбұрышты салыңдар. Құйма бояудың түсін бояу палитрасындағы жасыл түсті шерту арқылы өзгертіңдер.

  2. Shift пернесін басып тұрып, қызыл түсті шерту арқылы жиектеудің түсін өзгертіңдер.

  3. Құйма бояуды X батырмасын шерту арқылы өшіріңдер.

Түсті баптау үшін Құйма бояу мен жиектеу сұхбаты да қолданылады. Ол Нысан = Құйма бояу мен жиектеу (45-сурет ) бұйрығымен ашылады.

Жиі қолданылатын сұхбаттарды ашып және жиырып қойса, онда олар кез келген уақытта қол астында болады әрі программаның терезесінде орын алмайды (46-сурет ).

Түзету = Болдырмау бұйрығымен немесе Басқару панеліндегі сәйкес батырманы басу арқылы әрекетті болдырмауға болады. Барлық іс-әрекеттер тізімі Іс-әрекеттер тарихы (Түзету = Іс-әрекеттер тарихы немесе Shift + Crtl + Н) сұхбатында көрсетіледі.

Түйін

  • Векторлық суреттер нысандардан тұрады.

  • Inkscape редакторында құжаттар қасиеттерін баптауды Файл = Құжат

тың қасиеттері бұйрығымен шақырылатын сұхбатта орындауға болады.

  • Терезе элементтерін Түр мәзірінен Көрсету немесе жасыру бұйрығымен көрсетуге немесе жасыруға болады.

  • Бағыттауыштар мен тор нысандарды дәл жайғастыру үшін қызмет етеді.

  • Редакторда сақталатын файлдардың стандартты типі - Inkscape SVG.

Суреттерді басқа редакторлар қолдайтын пішімдерге экспорттауға бо­лады.

  • Құралдар параметрлері панелінде құралдар параметрлерінің нақты мәнін орнату ыңғайлы.

IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

10 мин

112-113 б.б., компьютердегі тәжірибелік жұмысты ДК-де орындайды.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

  1. Inkscape графикалық редакторын іске қосыңдар.

  2. Көк контуры бар жасыл тікбұрышты салыңдар:

  1. Тікбұрыш құралын таңдаңдар.

  2. Тінтуірдің оң батырмасын басып,

бояу палитрасында жасыл құю түсін

таңдаңдар.

  1. Тінтуірдің сол батырмасы мен Shift батырмасын басып, жиектемені көк түсті етіп таңдаңдар.

  2. Еркін тікбұрышты кенепте созыңдар.

  1. Кенептің сыртына сары контуры бар қызыл тікбұрышты салыңдар.

  2. Суреттеріңді Сынау деп аталған бумада сақтаңдар, файл түріInkscape SVG.

  3. Суретеріңді 1-сынау деп аталған бумада сақтаңдар, файл түpi - png. Inkscape-mi жылжытып, 1 сынау.png файлын кескіндерді көруге

арналған программа арқылы көріңдер. Кенептің сыртындағы нысандардың сақталмайтынына назар аударыңдар.

  1. Автосақтау параметрлерін. орнатыңдар:

  1. Файл = Баптау = Inkscape = Интерфейс;

  2. Параметрлер тізімінде Сақтауды ерекшелеңдер;

  3. Автосақтауды қосу жалаушасын орнатыңдар;

  4. Интервалы - 5 минут.

  5. Парақты көлденең масштабында

орнатыңдар: Түр = Маштаб Айналдыру параметрлерін өзгертіңдер - тінтуір дөңгелекшесін 100 пиксельге айналдырады.

  1. Парақ масштабына айналдыру қадамын таңдаңдар.

  2. Іс-әрекет тарихы (Түзету = Іс-өрекеттер тарихы) сұхбатын ашып. барлық әрекеттерді қайтарыңдар.

  3. Өзгерістерді сақтамай, Inkscape-mi жабыңдар.

V. Сергіту сәті

2 мин

Видеоға қарап көрсетілген қимыл іс-әрекеттерді орындайды.

Жаттығуды орындарында отырып орындау.

VI. Бекіту

5 мин

ДК-де My test бағдарламасында орындайды.

Тест

1. Inkscape редакторында файлдардың стандартты пішімін көрсетіңдер:

А) Inkscape SVG*

В) қарапайым SVG

С) PNG

D) JPG

  1. Құралдарды дәл баптау үшін ... пайдаланылады.

  1. Жабысу параметрлер панелі

  2. Құрал параметрлер панелі

  3. Түр мәзірі*

  4. Нысан мәзірі

  1. Орындалған іс-әрекеттер тізімін келесі бұйрықтар арқылы орындауға болады:

  1. Түзету (Правка) = Болдырмау (Отменить)

  2. Түзету (Правка) = Қайтару (Вернуть)

  3. Түзету (Правка) = Іс-әрекеттер тарихы (История действий)

  4. Түр (Вид) = Бейне (Отображение)

  1. Қандай бұйрық «Құйып бояу мен жиектеу» сұхбатын ашады?

  1. Түзету = Құйып бояу мен жиектеу

  2. Файл = Құйып бояу мен жиектеу

  3. Нысан = Құйып бояу мен жиектеу*

  4. Контур = Құйып бояу мен жиектеу

5. Палитрадан жиектеу түсін таңдау кезінде, қандай батырманы ұстап тұру керек?

А) Alt

В) Ctrl

С) Shift

D) CapsLock

VIІ. Рефлексия

2 мин

«Блоб» ағашы»

  • Сіз өзіңіздің бүгінгі сабақта түсінгеніңізді қаншалықты бағалайсыз.

  • Блоб ағашынан өзіңізді таңдап, белгілеңіз.

  • Сабақта не ұнады, не ұнамады?

  • Сабақ туралы өз ойыңды, ұсынысыңды жасырмай стикерге жазып тақтаға жабыстырыңдар.

VIII. Бағалау

2 мин

Оқушыларды сабақта орындаған жұмыстарына қарай бағалаймын.

Күнделіктеріне баға қойдырады.

ІХ.Үй жұмысы

2 мин

21 оқу, конспект

Үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Векторлы? графика. Векторлы? графиканы ??деу бойынша программасыны? интерфейсі.

Автор: Шенгельбаева Надира Бекайдаровна

Дата: 24.03.2016

Номер свидетельства: 309515

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(154) "«Векторлы?  графика, векторлы?  графиканы  ??деу  бойынша  программасыны?  интерфейсі.»"
    ["seo_title"] => string(79) "viektorlykghrafikaviektorlykghrafikanyondieuboiynshaproghrammasynynintierfieisi"
    ["file_id"] => string(6) "301245"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1456895943"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(192) "Векторлы? графика. Векторлы? графиканы ??деу бойынша программасыны? интерфейсі. Фигураларды салу. 7 сынып. "
    ["seo_title"] => string(113) "viektorlyk-ghrafika-viektorlyk-ghrafikany-on-dieu-boiynsha-proghrammasynyn-intierfieisi-fighuralardy-salu-7-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "210969"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431523561"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(139) "Презентации " Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі""
    ["seo_title"] => string(73) "prezentatsii_vektorlyk_grafikany_ondeu_boiynsha_programmasynyn_interfeisi"
    ["file_id"] => string(6) "495812"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1547724306"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Векторлы? графика"
    ["seo_title"] => string(19) "viektorlyk-ghrafika"
    ["file_id"] => string(6) "330727"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464362311"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "Векторлық және растрлық графиканы өңдеу, құру бағдарламалары"
    ["seo_title"] => string(68) "viektorlyk_zh_nie_rastrlyk_ghrafikany_on_dieu_k_u_ru_bag_darlamalary"
    ["file_id"] => string(6) "388788"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486438860"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства