| Жаңа тақырыпты түсіндіру. Дербес компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекеттесуі; Жүйелік блоктың қызметі мен құрамдас бөліктері; Микропроцессордың қызметі. Жеке жұмыс. 1-тапсырма «Суреттер сөйлейді» әдісі Дескриптор: 1. Суретке қарап өз ойларын айта алады 2. Тақырыпқа байланысты ойды табады 3. Заманауи компьютерлер туралы біледі. Бағалау: 3 балл/ Компьютер (ағылшынның computer – «есептеуші») – ақпаратты өңдеуге арналған құрылғылар жиынтығы. Компьютер ақпаратты программалардың көмегімен өңдейді. Дербес компьютер мынадай бөліктерден тұрады: ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғысы – жүйелік блок; ақпаратты шығару құрылғысы – монитор; ақпаратты енгізу құрылғысы – пернетақта. Кейбір компонеттен көзге көрініп тұрады. Ал жүйелік блоктың ішінде орналасқан бөліктерін біз көре алмаймыз. Жүйелік блоктың ішінде орналасатын құрылғылар: аналық тақша; микропроцессор компьютердің ішкі жадысы; дискжетек- сыртқы жадының құрылғысы; жүйелік шина; компьютердің әртүрлі құрылғыларының байланысын қамтамасыз ететін электронды сызбалар; компьютердің электромехникалық бөлігі- қоректендіру блогы, желдету, қорғау жүйелері. Компьютер іске қосылып тұрған кезде оның құрамдас бөліктерінің барлығы мәліметті енгізіп, өңдеп, дайын ақпаратты ұсыну үшін бірігіп жұмыс жасайды. Барлық компьютердің жұмыс жасау негізін американдық ғалым Джон фон Нейман былай деп тұжырымдайды: Екілік кодтау принципі. Бұл принцип бойынша ЭЕМ ондык жүйеде емес екілік жүйеде жұмыс істеуі қажет; Жадының бір тектілік принципі. Бұл принципке сәйкес деректер мен бағдарламалар бір жадыда сақталады; Бағдарламалык басқару принципі. ЭЕМ-дегі барлык есептеу бағдарлама түрінде берілуі қажет. Қазіргі заманғы дербес компьютерлер ашық архитектураға ие. Бұл дегеніміз, компьютердің ескірген бөліктерін оңай ауыстыруға болады. Компьютер архитектурасы дегеніміз құрылғылардың құрамы, олардың өзара әрекет ету принциптері, сондай-ақ олардың функциялары мен сипаттамалары. Компьютер құрамына жад құрылғылары, процессор, енгізу/шығару құрылғылары кіреді. Компьютер жұмысының алгоритмі 1. Жадқа енгізу құрылғысының көмегімен бағдарлама енгізіледі. 2. Команда жадыдан оқылады және процессор орындайды. 3. Содан кейін екінші команда, үшінші және т. б. Командалар орындалады. 4. Бағдарламаны орындау нәтижелері компьютердің сыртқы құрылғысына шығарылады. 2-тапсырма. «Үштік» әдісі (Ойлан, жұптас, бөліс) -Компьютердің құрамдас бөліктері мен олардың атқаратын қызметін білу не себепті маңызды? Дескриптор: -компьютер құрамдас бөліктерді атайды; -олардың атқаратын қызметінің маңыздылығын түсіндіреді. ҚБ: / 4 балл/ 3-тапсырма. «Зерттеушілік конференциясы» әдісі -Қалай ойлайсыңдар, болашақта компьютердің қандай құрылғылары қолданыстан шығуы мүмкін? Дескриптор: -қолданыстан шығатын құрылғыларды атайды; -өз пікірлерін түсіндіреді. ҚБ: /3 балл/ |