Просмотр содержимого документа
««Растрлы? графика. Растрлы? графиканы ??деу бойынша программа интерфейсі» »
Сабақтың тақырыбы: Растрлық графика. Растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға растрлық графика туралы түсінік беру, растрлық графикамен жұмыс істеуге үйрету;
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және графикалық бейнелеу жұмысы арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту;
Оқушыларды эстетикалық талғамын қалыптастыру, істеген шығармашылық жұмысынан қорытынды ала білуге машықтандыру;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Қайталау сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, тест, плакаттар, ноутбук, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қайталау сабақ
Тест жұмысы
ІІІ. Практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторының жасырын сөздерін табу
Деңгейлік шығармашылық жұмыс
Техникалық диктант
ІV. Үйге тапсырма
V. Қортындылау
І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Тест жұмысы
Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
I. Қосу – Программалар – Стандартты – Paint;
II. Қосу – Программалар – Paint
III. Қосу – Программалар – Стандартты – Ойындар – Paint;
Фонның түсін таңдау үшін
I. Қажетті түске тышқанның сол батырмасын басамыз;
II. Қосу – Программалар – Стандартты – Ойындар;
III. Қажетті түске тышқанның оң батырмасын басамыз;
Paint графикалық редакторында ақырғы қанша әрекетті орындауға болады?
I. 2;
II. 3;
III. 4;
Суретті салу мен оны редакторлеу құралы қанша?
I. 8;
II. 15;
III. 16;
Қарындаш құралының қызметі қандай?
I. Бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды;
II. Ерікті сызықтарды салуға арналған;
III. Кез келген сызықты әртүрлі қалыңдықта салуға арналған;
Бүріккіш құралының қызметі
I. Бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды;
II. Ерікті сызықтарды салуға арналған;
III. Бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылатын құрал;
Paint графикалық редакторында файлдың кеңейтілуі
I. .txt
II. .bmp
III. .doc
Paint графикалық редакторында құжатты бірінші рет сақтау үшін қандай командалар орындалады?
I. Файл – Сохранить
II. Файл – Сохранить как
III. Файл – Открыть
Суреттің үстіне мәтін қосу үшін қандай құрал таңдау қажет?
I. Создать
II. Заливка
III. Надпись
Дискіде сақтаулы тұрған суретті ашу үшін ...
I. Файл – Создать
II. Файл – Открыть
III Файл – Сохранить
Paint программасымен жұмыс барысында жаңадан құжат құру үшін ...
I. Файл – Создать
II. Файл – Открыть
III. Файл – Сохранить
Суреттің бөлінген бөлігі қалай аталады?
I. Белгілеу
II. Бөлу
III. Үзінді
Үзіндіні көбейту дегеніміз –
I. Көшірмелерді көбейту
II. Экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелерінің тізбегін жасау
III. Үзіндіні тышқанмен іліп алып, қажетті орынға апару
Суреттің бейнелену өлшемін өзгерту үшін қолданылатын команда
I. Вид – Эскизы
II. Вид - Масштаб
III. Вид – Обычный
Салынған суретті түсқағаз ретінде пайдалану үшін қандай әрекеттер орындау қажет?
I. Файл – Сохранить
II. Файл – Заполнить рабочий стол Windows
III. Файл - Открыть
Жауабы:
1с
2с
3с
4с
5с
6с
7с
8с
9с
10с
11с
12с
13с
14с
15с
І
І
ІІ
ІІІ
ІІІ
ІІІ
ІІ
ІІ
ІІІ
ІІ
І
ІІІ
ІІ
ІІ
ІІ
ІІІ. Практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторының жасырын сөздерін табу
Тақырып жолы
Меню жолы
Құралдар
жиыны
Сурет салу алаңы
Түстер палитрасы
Рaint бағдарламасында 16 құрал сайман бар.
Қажет аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.
белгілеу құралы деп аталады және суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш, суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған;
Құю құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды;
Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді;
Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
Қарандаш, бұл кез келген сыщықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған;
Қылқалам, қалаған сызықтарды салуға арналған.
Бүріккіш, пульверизатор эффектісін береді;
Жазу, сурет ішіне мәтін орналастырады.
Сызық, түзу сызықтар салуға арналған;
Қисық, тегістелген, қабаттасқан сызықтар салуға мүмкіндік береді;
Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған;
Көпбұрыш, кез келген пішінді тұйық көпбұрыштар салады;
Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған;
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш, бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
Техникалық диктант
Paint бұл графикалық редактор. Paint графикалық редакторында негізгі екі түспен сурет салынады. Олар негізгі және фондық түстер. Paint графикалық редакторында 16 сайман бар. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені жабу, жасыру, үлкейтіп-кішірейту батырмалары орналасқан.
ІІІ. Үйге тапсырма: Растрлық графика. Растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі. Растрлық бейнелердің параметрлері. Растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері. Түстер. Салу құралдары