3. Тақырып бойынша когнитивті қызығушылықты қолдау және дамыту Өткен сабақты жүйелеуге мұғалім «Таңдау дөңгелегі» техникасын қолданып сұрақтар қояды. Батырманы басқаннан кейін тақтаға суретті таңдап алуына оқушы шақырылады. Таңдап алғаннан кейін оқушы суретті сипаттайды. 4. Жаңа тақырып. Мұғалім стандартты программаның терезесінің элементтерін көрсетеді. Жаңа терминдермен таныстырады. Терезенің негізгі элементтері: Тақырып жолағында программаның атауы орналасады; Жиыру батырмасы Жұмыс үстеліндегі терезені жинап жиырып қоюға ұсынылған, кез-келген уақытта программа терезесін қайта қалпына келтіруге болады; Жаймалау батырмасы программа терезесін экран бетіне толық масштабтайды; Жабу батырмасы программаның жұмысын аяқтайды. Мәзір жолы программалармен жұмыс жасайтын командалардан тұрады; Жұмыс аумағы- деректермен орындалатын іс-әрекет орны. Жылжыту жолағы жұмыс аумағында орналасқан барлық ақпаратты қарау үшін арналған. 5. Практикалық жұмыс. 1 Тапсырма: Нұсқаулыққа сүйене отырып программаны таңданыз. 1 нұсқа | 2 нұсқа | «Калькулятор» программасын іске қосыңыз | Бейнелерді қарау программасын іске қосыңыз | Программаны зерттеп кестені толтырыңыз. Программа терезесінің элементтері | (бар/жоғын) анықта | Тақырып жолы | | Жұмыс аумағы | | Жылжыту жолағы | | Жиыру, Жаймалау, Жабу батырмалары | | 2 Тапсырма: Қазақстан мен Алматының ұлттық символы «Қар қабыланы» бейнеленген суретті ашыңыз. Программамен келесі командаларды орындаңыз: Программа терезесін жиырыңыз. Жұмыс үстеліне программа терезесін қалпына келтіріп Жаймалаңыз. Программа терезесінінің өлшемін өзгертіңіз Программа терезесін Жұмыс үстелінің сол жағына жылжытып қойыңыз. *Бейнені қарау программасын қолданып таңдап алған суретке сүзгі орнатыңыз. Суретті бұрыңыз Суретті қалпына келтіріңіз Масштаб қолданып суретті үлкейтіңіз 6. Сергіту сәті Мұғалім оқушылармен бірігіп музыка қосып жаттығу орындайды. https://www.youtube.com/watch?v=0OzABZ8BPi4 Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды жұптасып тапсырма орындауын сұрайды. Оқушылар өткен сабақты қаншалықты менгергенін тексереді. (Қосымша) Өзара бағалау арқылы оқушылар жұмыстарының нәтижесін тексереді. 7. Практикалық жұмыс. Оқушылардың тақырыпты түсінуін бағалау мақсатында қалыптастырушы бағалауда орындаған тапсырманы орындауын ұсынады. |