Саба? 6 сыныптар?а арнал?ан. Презентация ??ымы ?зіні? толы? ма?ынасында (лат. ргаеяепіо тапсырамын немесе а?ыл. ргезепі — ?сыну) ?зін к?рсету, баяндама, жобаны, есеп беруді ?ор?ау, ж?мыс жоспарын, дайын ?нім мен ?ызмет, енгізу н?тижесін ба?ылауды, с?рауларды ж?не бас?а да к?птеген д?ниені ?сыну. ?орытып айт?а?да, ойды, адамдар мен ?німдерді, шикізат пен ?ызмет т?рлерін ?сыну — б?л ?рдайым презентация.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Түрлі елдердің әдет-ғұрыптарын пайдалану арқылы оқушылармен сәлемдесемін, осы арқылы оқушылар өзін еркін сезіну, жақсы көңіл сыйлап, ынтымақтық атмосфера құру.
Оқушылар сәлемдесті. Мұғалімнің жақсы эмоциясына қарай өздерін еркін ұстады, назарды мұғалімге аударады.
Оқушылар сабаққа дайын және ынтымақтық атмосфера оқушылар арасында бірлесуге деген құлшыныс орын алады.
Ашық сұрақ – жауап ұйымдастыру арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Топтар басқа топтарды бармақпен бағалауын қадағалау.
Әр топтан 5 сұрақ дайындалып кейінгі топқа беріліп, жауаптар қайта тексеріледі.
Оқушылар үй тапсырмасын толық қамтып әр топ өзінің қойған сұрағына қарай кейінгі топты бағалап кетеді.
Бағалау әділ болмауына оқушылардың жол беру.
(4 мин)
Интербелсенді тақтада оқушыларға презентациялардың дәуірлердегі түрлері қалай өзгеріп тұруын көрсету арқылы миға шабуыл жасау.
Мадақтау сөздерін пайдалану арқылы бағалау.
Оқушылар роликке қарап демонстрация және презентация жайлы ой қозғап, бір-бірімен пікір алмасады.
Оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, презентация туралы ұғымдары қалыптаса бастайды.
Ойларын ашып айта алмауы.
(4 мин)
Бастапқы білімді дамыту мақсатында оқушылардың не білетініндігін анық білу арқылы түртіп алуды ұйымдастыру.
Дұрыс ой білдірген оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.
Оқушылар өздері не білетінін нақтылап, білім алу үшін ынталары қайта оянады.
жауаптарына қарай мадақтау сөздерін алып,
Оқушылардың бастапқы біліміне қарай, мұғалім сабақты өрбітеді.
Жаңа сабақ.
(10мин)
Мультимедиялық презентациялардың конструкторы неден құрастырылған екені туралы кітаптан, интернеттен ақпараттарды ұсынып оқушыларды бөліп оқыту арқылы джиксо әдісін қолдану. Түсіну және кейінгі оқушыға түсіндіру барысында көшбасшы, дарынды, талантты оқушыларды анықтап стикермен бағалау.
Оқушылар топтағы қызметтерін бөліп алып, берілген мәліметтерді Джиксо әдісі арқылы оқу арқылы бір-бірлері мен пікір алмасып, талқылап презентациялаудың алгоритмдерін түсінеді және неден құралғанын біледі.
Оқушы презентация құру алгоритмін теорияда біліп, бір-бірінің арасында қарым-қатынас арқылы барлығы оқуға қамтылады.
Сергіту сәті
(3 мин.)
Қара жорға биі.
Оқушылар Қара жорға биіне билеп іс-қимылдарды орындайды.
Оқушылардың көңілі көтеріледі.
Топтық тапсырма (Жоба жасау)
(11 мин)
Топтар презентация конрукторлары жайлы қорытынды түсініктерін постерге түсіру. Топтар ұнаған жобаны түс арқылы бағалайды.
Әр топ «Конструктор» жайлы өз түсініктерін қорғайды.
Оқушылар бір-бірінің ойларын білу арқылы білімдерін толықтырады.
Бағалау
2 мин
Оқушылардың жинаған стикерлеріне, смайликтеріне және критерийлерге байланысты оқушыларды бағалау.
Оқушылар қорытынды бағаны есіту үшін өздері әрекет жасап стикерлерді, смайликтерді санайды.
Бір-бірін бағалау орын алады.
Дұрыс бағалай алмау
Үйге тапсырма.
1-мин
Тақырып төңірегінде сұрақ құру.
Мультимедиялық презентациялардың констукторы тақырыбын қосымша қарастырады.
Оқушылар ізденеді.
Кері байланыс.
1-мин
Кері байланыс орындату
Оқушылар кері байланыс бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін жүйелейді.
Презентация үғымы өзінің толық мағынасында (лат. ргаеяепіотапсырамын немесе ағыл. ргезепі —үсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сұрауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну. Қорытып айтқаңда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну — бұл әрдайым презентация.
Біз презентация деген кезде оның техникалық жағын, яғни белгілі бір тақырыпқа байланысты слайдтардың сатылы жиынтығын түсінеміз. Олар әдетте бір стильде және тиесілі қосақтаса жүретін материалдар — презентация жоспары, баяндамашы ескертулері, тындаушыларға тарататын материал.
Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектіні айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалык кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Бұл параққа түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның басты, керекті сәттерін жөне оған катысты жағдайларды фиксациялау кезінде қолданылады.
Ескерту, парақтарын слайдтардың әр түрлі саны үшін қалыптастыруға болады, және де, осы парақтарға презентациямен бірге жүретін сценарийді енгізуге болады.
Презентацияны белгілі тақырыптағы слайд-фильм деп те атайды. Слайд-фильмдерді жасап шығаруға арналған арнайы құралдар — графикалық пакеттер де бар. Осы құралдардың бірі — МS Оffice құрамдасы windows-тың қосымшасы PowerPoint программасы.
PowerPoint қосымшасының неше түрлі объекттерді (мөтін, кесте, графика жасау т.б.) үшін керекті жеке мүмкіншіліктері болғанымен, оның Microsoft Оffiсе дестесінің басқа да құрамдастарымен тығыз байланысуының арқасында пайдаланушы әбден жасалған материалдарды қолдану мүмккіндігіне ие болады.
Роwer Роіnt презентация түрлеріне үлкен таңдау жасауды және екі және үш өлшемді график құрастыруды барлық объекттерді басқаруды: өлшемдерді өзгерту, айналдыру, жоғары дәлдікті орын ауыстыру және т.б. Бүдан басқа бұл қосымшаға дыбыс пен бейне жат емес.
РоwerPoint әр түрдегі презентацияны көруді қамтамасыз етеді. Мыналарға арналған:
компьютер экранында автономды көрсету үшін;
компьютерлі проектор аркылы көрсетуге;
оптикалық құрал арқылы демонстрациялау мақсатында мөлдір қабықшаға басып шығаруға;
оптикалык. слайд-проектор арқылы демонстрациялау мақсатында 35 мм диапозитивті фотопленкаға басып шығаруға;
дәл осы шақта жортада көрсету үшін;
кейіннен пайдаланушының автономды көріп шығуына болатындай етіп желілік ортада жариялау үшін;
хат алушылардың автономды көріп шығуына болатындай етіп электронды почта арқылы жіберу үшін;
қызыққандарга тарату мақсатында қағазға басып шығару үшін.
Бірқатар объективті (қолданылатын дестенің мүмкіндіктері: презентацияның мақсаты және басқалары) жөне субъективті (аудиторияның физиологиялық және психологиялык ерекшеліктері) факторларды есепке алу керек болғандықтан, презентацияны дайындау процесі айтарлықтай қиын. Сондықтан презентацияны ойлап шығару кезінде мынадай кеңеске сүйену керек:
презентацияны алдын-ала жоспарлау, оның мақсаты мсн мазмұнын нақты түсіну;
презентацияның әрбір слайды мазмұнды жөне есте қаларлықтай болуы керек;
слайдтағы хабар сығыңқы және қарапайым болуы керек;
импортацияланатын суреттің форматын таңдаған кезде демонстрацияның мүмкіндіктерін есепке алу;
суреттегі объект фоннан түсі жағынан ерекшеленуі керек;
фотобейнені тузеу үшін арнайы прграммаларды қолдану;
Слайдты керкемдеу үшін контрастты және келіскен түстерді тандау керек;
Аудитория көңілін лрезентацияның жеке бір бөлігіне аудару үшін анимациялық өтулерді, бейне, дыбыс және басқа да қүралдарды қолдану артық болмайды;
Кейбір жағдайларда, дайын материалды да ақылмен қолдануға болады, себебі: бейнені шығару және анимациялық клип жасау қиын, әрі кымбатқа түседі.
Сабақты бекіту: 1. Презентация дегеніміз не? 2. Слайд дегеніміз не? 3. Слайд-фильм деген не? 4. РоwerPoint бағдарламасы не үшін арналған? 5. Презентацияны ойлап шығару кезінде не істеу керек? 6. Презентацияны жасау кезінде қандай қосымшаларды пайдалануға болады? Үйге тапсырма: оқулық, § 1.6.1 – оқу, анықтамаларды жаттау.