Білімділік: Позициялық санау жүйесінде қолданылатын арифметикалық амалдармен танысу. Арифметикалық амалдарды қолдануды үйрету.
Дамытушылық:Санау жүйелері ұғымын кеңейту, өз бетінше жаңа ақпаратты алуды қалыптастыру, сыни оқу дағдысы арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытып, түйінді ой айтуға үйрету.
Тәрбиелік:Өз ойын ашық айтуға және ұжымдық іс-әрекетке, шапшаңдыққа тәрбиелеу, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өз бетімен еңбектенуге баулу.
Сабақтың типі: Ашық сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ көрнекіліктері: Компьютер, интерактивті тақта, флипчарт, арнайы дайындалған сызба парақтары.
Қолданылған әдістері: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері
Сабақ кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақты түсіндіру
ІV.Рефлексия
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушыламен амандасып, сабаққа қатысымын тексеремін. Класта барлығы 13 адам. Ең алғаш оқушыларды топқа бөліп алам. Топқа бөлуге «Кездейсоқ таңдау» әдісі таңдалды. Кездейсоқ таңдау әдісінде оқушылар интерактивті тақтада берілген цифрларды таңдау арқылы сол суреттің астында жасырылған 1, 2, 3 сандарының кездейсоқ таңдалуы барысында класс 3 топқа бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасы: Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру. Сабақ сұрап болған соң, оқушылардың көңілін сабаққа аударту мақсатында Сұрақ қою,қайта сұрақ қою және кластер әдістерін қолдандым.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушыларға санау жүйелерінен не білетіндерін және үйренгісі келетін тақырыптар туралы мағлұмат беру үшін «ББҮ»-сызбасын толтыру ұсынылды. Оқушылармен бірігіп, бірінші және екінші баған бойынша жұмыс жасалынады. Бірінші бағанға өздері бұрыннан білетін мәліметтерін жазады, жұпта өз ақпараттарымен алмасады. Екінші бағанға тақырып бойынша қызықтыратын сұрақтарды ойлап тауып жазады, топтағы әр оқушының сұрақтары талқыланады және жалпы кестеге енгізу үшін үздік сұрақтар анықталады. «ББY» cхема әдісі бойынша сабақ тақырыбының өзектілігі анықталынады.
Оқушылармен ББҮ сызбасын толтырып болған соң, осы сызбаның 2-ші бағанының сұрақтарына жауап беремін. Сонымен қатар санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдарды қолдануда есептерді шығартып үйретемін.
Сабақты түсіндіру барысында арифметикалық қосу және азайту амалдарының кестесін ұсындым
Сабақ түсіндіріліп болған соң, оқушыларға бөлінген топтары бойынша сабақты түсінгендерін тексеру үшін арнайы парақшаларда берілген есептерді беремін.
ІV. Рефлексия
Бұл кезеңде оқушылар жаңа тақырып бойынша ой қорытып, «ББҮ» сызбасының соңғы бағанын толтырады.
V. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысымына байланысты бағалаймын