kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Paint редакторында сурет салу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Применение возможностей народной педагогики на уроке информатики. Урок предназначен для учеников 7 класса.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Paint редакторында сурет салу»

ШҚО Үржар ауданы Үржар ауылы

«Абай атындағы орта мектеп – бақша»КММ

І санатты информатика пәнінің мұғалімі

Абдреева Насима Кужатовна


ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ


Педагогика әуел бастан­-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным-мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырады. Адамзат қоғамының, ғылым білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуы, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.

Білім беру дегеніміз-табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білу. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы, орта ғасырларда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеген. Қазіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру, ақпараттандыру- білім берудің, ғылыми-техникалық үдеудің құдіретті факторы болып отыр. Білім беру күрделі ұғым, оны педегогикалық ғылым тұрғысанан түсіндірудің әр түрлі мәні бар.

Әр ұлттың өзіне ғана тән ерекшеліктерінің жиынтығы, күнбе-күнгі өмірде, қолданбалы дәстүрлерді туғызады. Осыдан келіп, ұлт тың өзіндік бет-бедерін айқындап көрсетіп тұратын, дәстүрлі тәрбие жүйесі қалыптасады. Бұны біз бүгінде халық педагогикасы немесе этнопедагогика деп атап жүрміз. Өйткені қазақ халқының өзіне ғана тән дәстүрі тәрбие құралының міндетін атқаратын, оның өзінше ойлап, өзінше шешіп қабылдау жүйесін анық, айқын сездіріп, ұқтырып, даралап тұрады.

Қай халықтың болмасын даму тарихына көз жіберсек, солардың қай-қайсысы да ғасырлар бойы өз ұрпағын өмірге әзірлеп, оны тәрбиелеуге үнемі көңіл бөліп келгенінің куәгері боламыз. Солардың бірі-қазақ халқы да өз ұрпақтарын тәрбиелеп ақыл-ой және рухани жағынан қалыптастыруда ғасырлар бойы еңбек етіп, көптеген материалдық, рухани мұралар жасап қалдырған, бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне мән беріп, оның ырым тиымдарын, салт-дәстүрлерін ерекше сақтаған.

Халықтық педагогика негізінде информатикадан жүйелі білім беруде сабақ басты орын алады. Осы сабақты оқушылардың дүниетанымдық көз қарасын дамытуда пән аралық байланыс үлкен рөл атқарады. Атап айтқанда, қазақ тілі, математика, физика, музыка, сурет, технология пәндерінің мазмұнының ұқсастығы, ғылыми ұғымдар, заңдылықтар мен құбылыстар бірін-бірі толықтырып тұрады.. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында мектепте білім беруді түбірінен жаңарту үшін дидактикалық талаптарды шешу мәселесі тұр. Мен де осы мәселе төңірегінде сабақтарымда халықтық педагогиканы қолданып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын, өз халқының ұлттық мұрасын құрметтеуге, дәріптеуге, күнделікті өмірде қолдануға үйретемін. 10 сыныптарда Power Point бағдарламасында әр түрлі іс- шаралардың өткізілу «Тұсау кесер» рәсімдерін, 9 сыныптарда T.Pascal бағдарламасымен геометриялық фигураларды қолданып, әр түрлі ою-өрнектер салу, суреттер салу (фракталдар). Осындай сабақтарымның бірі- 7 сыныптағы Рaint сурет салу редакторында өткізген «Ұлттық киімдердегі ою - өрнектер» тақырыбындағы сабағымды ұсынып отырмын.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлттық салт – дәстүрді қолданып жаңа

сабақты меңгерту.

Білімділігі: Ұлттық киімдердің әшекейлі өрнектерін сала отырып, технология, бейнелеу өнері пәндерінен алған білімдерінің нәтижесін көрсету, ғылыми ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;

Дамытушылығы: Қазақтың ұлттық қолөнерін құрметтей білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, төзімділікке, эстетикалық талғамын жетілдіруге, шеберлікке, ой ұшқырлығына, алған білімдерін тұрмыста пайдаланып іске асыруға, мамандық таңдауға (дизайнер, тігінші) тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – көрнекілікті

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, геометрия, технология

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, ұлттық бұйымдар, суреттер, үлестірме карталар, үлгілер;

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру;

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру;

Кіріспе сөз.

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Қошқардың мүйізінен үйрендім. Ә.Қастеев.


Тақтада слайдта таудың басында қазына жасырылған. Сандықтың ішінде ою - өрнектермен әшекейленген қазақтың ұлттық киімдері бар. Осы қазынаға жету үшін алдарыңда 3 асу тұр. Әр кезеңнің өзіндік тапсырмалары бар. Соған жетейік!

I. Асу. Ізденіс. Ою түрлерін тауып, қағаз бетіне түсіріп келген оқушылардың жұмыстарын бағалау. Қазақтың ою- өрнегіне, тұрмыста пайдаланылатын заттарға, шеберге, зергерлік бұйымдарға қатысты мақал – мәтелдерін ортаға салу.

ІІ. Асу.Шығармашылық Ата – бабамыздан мұра болып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан әрі шебер, әрі зергер ата- әжелеріміздің қолынан шыққан әшкей бұйымдар бар. Тақтада тапсырмалар көрсетілген. Балалар тапсырмаға сәйкес өздері таңдаған шығармашылық жұмысын орындайды.

І деңгей: геометриялық фигураларды пайдаланып тақия және сәукеленің суретін салу;



ІІ деңгей: киім үлгілерін салу,







ІІІ деңгей: киім үлгілерінің етек- жеңдеріне салынатын ою үлгілерін сызып, қажетті түсті үйлестіре білу.









Ш. Асу Шеберлік: Ең үздік орындалған жұмысты таңдау. Сандықтың ішінде

қазақтың ою- өрнектерімен әшекейленген киім үлгілерін тауып, мақсатымызға жеттік.









IV. Бағалау

V. Үйге тапсырма. Ұлттық киімдерден буклеттер жасау.


Қорытынды: Қорыта айтқанда, халық мұрасындағы ұлттық өрнек өнерінің танымдық, эстетикалық мәні ерекше демекпіз. Батыстың әр түрлі біздің ұлтымызға сай емес киім үлгілерін насихаттаудан гөрі өз ұлтымызға тән, ұлттығымызды дәріптейтін киім үлгілерін көрсету, оны өмірде қолдану болашақтағы сендердің міндеттерің. Қазіргі таңда дизайнер мамандығы жақсы сұранысқа ие. Бірақ та ұлттық киімдерімізді үнемі күнделікті өмірде киіп жүру мүмкін емес десек те, соған сәйкестендіру дәстүрімізді жалғастырудың бірден –бір міндеті. Оны іске асыратын, әрине сендерсіңдер.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Paint редакторында сурет салу

Автор: Абдреева Насима Кужатовна

Дата: 28.11.2016

Номер свидетельства: 363310

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) ""Paint графикалы? редакторыны?  сурет салу ??ралдарын пайдалану""
    ["seo_title"] => string(58) "paintghrafikalykriedaktorynynsurietsalukuraldarynpaidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "300520"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456746999"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Суретті ашу, са?тау. Графикалы? редакторды? сурет салу кезе?дері."
    ["seo_title"] => string(62) "suriettiashusaktaugrafikalykriedaktordynsurietsalukieziendieri"
    ["file_id"] => string(6) "320792"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461148625"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Ашы? саба?: Paint графикалы? редакторы? сурет салу ??ралдары."
    ["seo_title"] => string(65) "ashyk-sabak-paint-ghrafikalyk-riedaktoryn-suriet-salu-k-u-raldary"
    ["file_id"] => string(6) "248154"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446667193"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "Графикалы?  редакторыны? сурет салу ??ралдары. "
    ["seo_title"] => string(48) "grafikalyk-riedaktorynyn-suriet-salu-k-u-raldary"
    ["file_id"] => string(6) "161733"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422270799"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "Конспект для урока информатики"Графикалы?  редакторыны? сурет салу ??ралдары." "
    ["seo_title"] => string(81) "konspiekt-dlia-uroka-informatiki-grafikalyk-riedaktorynyn-suriet-salu-k-u-raldary"
    ["file_id"] => string(6) "188225"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426626455"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства