Сабақ №6 Күні 7а, 7ә, 7б -7.10, 7в-8.10
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе ұғымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен қапшықтарды іздеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. (Практикум жұмыстарын талқылау) ІІІ. Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Процессор дегеніміз не?
2. Микропроцессордың құрылымына қандай құрылғылар кіреді?
3. Арифметикалық құрылғысы не істейді?
4. Басқару құрылғысы не істейді?
5. Тактілік жиілік деген не?
6. Ақпараттық кеңарна деген не?
ІҮ. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
Ү. Жаңа білімді меңгерту:
Операциялық жүйе дегеніміз не? Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және програмалық жасауының жұмысын басқарук үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе – ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа. Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады. Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі –операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды. Операциялық жүйелерді жіктеу. Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер: Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын; Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын; Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін. Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана
іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді. Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді. Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады. Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады: І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі. ІІ.Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері. ІІІ. Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
ҮІ. Жаңа материал бойынша түсінгендерін тексеру:
1,Операциялық жүйе дегеніміз не?
2.Операциялық жүйе не үшін қажет?
3.Интерфейс деген не? 4.Операциялық жүйелер қалай жіктеледі?
5. Бір міндетті және көп міндетті операциялық жүйелердің айырмашылығы қандай?
ҮІІ. Сабақты бекіту. Оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындау
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Операциялық жүйе. Оқушыларды бағалау
Тексерілді: