kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар.»

Информатика пәнінің мұғалімі. Өскемен қаласы «№27 орта мектеп».

Жумашева Ажар Тулегенкызы. 6 сынып.






Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Ms Word редакторында құжатты форматтау тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру. Оқушыларға нөмірленген және маркерленген тізімдер тәсілдерін, бағандармен жұмыс істеуді үйрету, негізгі форматтау режімдерін қолдануды үйрету, символдарды форматтау; мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды форматтаудың жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелік: Ms Word редакторында мәтінді сауатты теру. Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Оқыту құралдары: Оқулық, дәптер, компьютер, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, слайд.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқушылармен амандасу
• Оларды түгелдеу
• Тыныштандырып, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасы: Мәтінді енгізу, пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.
Сұрақтар:
1. Мәтінді қалай еңгіземіз?

2. Берілген мәтінді қалай пішімдейміз?

3. Қаріп дегеніміз не?

4. Абзац дегеніміз не?

5. Шегіністер деп нені айтамыз?

6. Аралықтар дегеніміз не?


ІІІ. Жаңа сабақ: Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар.

Тізімдерді құру

Нөмірленген және маркерленген тізімді құру үшін, лентада  Басты қосымшадағы Абзац тобында сәйкес келетін батырмаларды пайдалануға болады.

Тізімді жылдам құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.      Мәтіннің талап етілетін бөлігін ерекшелеңіз;

2.      Лентада Басты қосымшадағы Абзац тобында Көпдеңгейлі тізімді немесе Нөмерлеу, Марерлер батырмаларын басыңыз (1. Сурет)

 

  1. Сурет. тізім құруға арналған батырмалар

 

Маркерленген тізім

Маркерленген тізімді жасау кезінде маркердің әр түрлі тиін таңдауға болады. Маркерлер батырмасынаң қасында орналасқан (2. Сурет), төменге бағытталған бағыттауышқа шертіп, жиі қолданылатын сегіз маркердің бірін таңдауға болады. Одан  басқа өзіңіздің маркеріңіздің типін құруға болады. Ол үшін Жаңа маркерді анықтау командасын таңдаңыз.

 

2. Сурет. Маркерлер кітапханасы

Жаңа маркерді анықтау диалогтық терезесі маркер параметрлерін беруге мүмкіндік береді (3. Сурет)

3.  Сурет. Жаңа маркерді анықтау диалогтық терезесі

          Қаріп- маркерді мәтіндік символ түрінде безендіру;

          Символ- маркерді символдар кестесіндегі таңбалар түрінде безендіру;

          Сурет-  маркерді Суреттер коллекциясында бар кез келген сурет түрінде безендіру;

          Туралау-  маркердің күйін анықтау.

Нөмірленген тізім

Нөмірленген тізімді жасау кезінде нөмірлеудің әр түрлі тиін таңдауға болады. Нөмерлеу батырмасының қасында орналасқан, төменге бағытталған бағыттауышқа шертіп, нөмірлеудің жиі қолданылатын жеті тиінің бірін таңдауға болады (4. Сурет). Одан басқа, басқа өзіңіздің нөмірлеуіңіздін типін құруға болады. Ол үшін Нөмірдің жаңа форматын анықтау командасын таңдаңыз.

   

4. Сурет. Нөмірлеу кітапханасы

Нөмірдің жаңа форматын анықтау диалогтық терезесі (5. Сурет) нөмірлеудің параметрлерін беруге мүмкіндік береді.

5. Сурет. Нөмірдің жаңа форматын анықтау диалогтық терезесі

 

     Нөмір пішімі- нөмірден кейін орналасатын мәтінді таңдау:

o    Нөмірлеу- нөмірлеу типі,

o    Қаріп- нөмірді мәтіндік символ түрінде безендіру.

    Туралау-  нөмірдің  күйін анықтау.

 

Көпдеңгейлі тізім

Көпдеңгейлі тізім батырмасының қасында орналасқан , төменге бағытталған бағыттауышқа шертіп, көпдеңгейлі тізімнің жиі қолданылатын жеті типінің бірін таңдауға болады (6. Сурет). Бұдан басқа, өз тізіміңіздін типін құруға болады. Ол үшін Жаңа көпдеңгейлі тізімді анықтаукомандасын таңдаңыз.

6. Сурет.  Көпдеңгейлі тізімнің кітапханасы

Осы батырманы басқанна кейін  Жаңа көпдеңгейлі тізімді анықтау диалогтық терезесі ашылады (7. Сурет)

7. Сурет. Жаңа көпдеңгейлі тізімді анықтау диалогтық терезесі

Көпдеңгейлі тізімде өзіндік стилді құру

Көпдеңгейлі тізім батармалары  менюінен шақыруға болатын, Тізімнің жаңа стилін анықтау диалогтық терезесінде көпдеңгейлі тізімді безендіру парметрлерін беруге болады. (8. Сурет)

8. Сурет. Тізімнің жаңа стилін анықтау терезесі

Өзіндік стил құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.      Ат өрісіне стилдің атын енгізіңіз;

2.      Пішімдеу қабылдауы қажет деңгейді таңдаңыз;

3.      Қаріптің жазылуын, кеглін және гарнитурасын таңдап, пішімдеудің параметрлерін беріңіз;

4.      Көрсетілген деңгейде тізім типін көрсетіңіз- маркерленген немесе нөмірленген, сонымен қатар сурет немесе символды таңдаңыз;

5.      Басқа деңгейлер үшін параметрлер беру қажет болған жағдайда Пішімдеуді қабылдау тізіміне қайтып оралыңыз және басқа деңгейді таңдаңыз;

6.      Егер сіз көпдеңгейлі тізімнің құрылған стилін ағымдағы құжатта ғана сақтағыңыз келсе, Осы құжатта ғана күйіне қосуды орнатыңыз, ал егер сіз стилдің  Word бағдарламасының басқа да құжаттарында қолданғанын қаласаңыз, онда Осы үлгіні қолданатын жаңа құжаттарда күйіне қосуды орнатыңыз.

7.        Стилді құру үшін ОК батырмасын басыңыз.

Көпдеңгейлі тізім батырмасының менюін ашыңыз. Жаңа ғана құрылған стиль бар Стилдер тізімінің жаңа тобы пайда болды (9. Сурет).

9.   Сурет. Менюде жаңа стиль пайда болды

Бағандағы мәтін

Microsoft Word 2007 бағдарламасы мәтінді баған түрінде безендіруге мүмкіндік береді. Мәтінді бұлай бейнелеу тәсілі газеттік және журналдық статьяларда кеңінен пайдаланылады. Бағандағы мәтін қарапайым мәтін сияқты пішімделеді. Бағанды Бағандар диалогтық терезесінің көмегімен немесе лентада Беттерді белгілеу қосымшасында Беттер параметрлері тобындағы Бағандар батырмаларының көмегімен құруға болады.  (9. Сурет)

10. Сурет. Бағандар батырмалары

 

Баған құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.          Бүккіл құжатты немесе бағанға түрлендіру қажет бөлігін ерекшелеңіз;

2.          Лентада Беттерді белгілеу  қосымшасына өтіңіз;

3.          Беттер параметрлері тобындағы бағандар батырмасын басыңыз және менюден бағанға түрлендірудің қажетті нұсқасын таңдаңыз (10. Сурет)

11. Сурет. Бағандар менюі

Егер ұсынылған нұсқалардың арасында сізге қажетті нұсқа болмаса, онда Басқа бағандар командасын таңдаңыз. Бағандар диалогтық терезесінде Түр (Тип) бөлімінде нұсқалардың бірін таңдаңыз немесе Бағандар саны өрісіне бағандардың қажат санын енгізіңіз. Бағанға түрлендіргеннен кейін құжат қалай көрінетінін Үлгі аймағыннан көресіз (12. Сурет)

12. Сурет. Бағандар диалогтық терезесі

 

Кеңес. Сіз әрбір бағанның енін өзіңіздің қалауыңызша орната аласыз. Ол үшін бірдей енді бағандар жалаушасын алып тастаңыз, одан кейін әрбір бағанның енінің мәнін беріңіз және олардың ара қашықтығын беріңіз.

Егер бағанға қосымша параметрлер орнату қажет болса Бағандар диалолгтық терезесінің көмегін пайдаланыңыз (мысалы, бағанның әр түрлі енін беру). Ал егер бірдей енді бірнеше бағанды жылдам құру қажет болса, онда құрал- саймандар панеліндегі батырмаларды пайдаланған ынғайлы.

 

Жаттығу. Бағандар батырмаларының көмегімен Бағандағы мәтінді құру

Баған батырмаларының көмегімен баған құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.        Бүккіл құжатты немесе бағанға түрлендіру қажет бөлігін ерекшелеңіз;

2.        Баған батырмасын басыңыз және тышқанның батырмасын ұстап  тұрып, бағанның қажетті санын таңдаңыз. Үшке дейін баған құруға болады;

3.        Қажет жағдайда көлденең сызғыштағы маркерлердің көмегімен бағандар енін өзгертіңіз.


Тақырыпты бекіту сұрақтары:

  1. Тізімдерді қалай нөмірлейміз?

  2. Маркерленген тізімдер дегеніміз қандай тізім?

  3. Бағандар дегеніміз не?

  4. Бағанның неше түрі бар?

  5. Бағанға қалай бөлеміз?

  6. Маркер мен нөмірді қалай қоямыз?


Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар. Сабақ аяқталды

Сау болыңдар.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар.

Автор: Жумашева Ажар Тулегенкызы

Дата: 16.02.2017

Номер свидетельства: 392449

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Н?мірленген ж?не маркерлеген тізімдер. Ба?андар."
    ["seo_title"] => string(51) "nomirlienghienzhniemarkierlieghientizimdierbagandar"
    ["file_id"] => string(6) "275410"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452574779"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Н?мірленген ж?не маркерлеген тізімдер. Ба?андар. "
    ["seo_title"] => string(56) "n-mirlienghien-zh-nie-markierlieghien-tizimdier-ba-andar"
    ["file_id"] => string(6) "103793"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1402635453"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства