kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Н?мірленген ж?не маркерлеген тізімдер. Ба?андар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Н?мірленген ж?не маркерлеген тізімдер. Ба?андар.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Ms Word редакторында  ??жатты пішімдеу, тізімдер, ба?андар туралы м?лімет беру.

Дамытушылы?: Ms Word-та тізімдермен, ба?андармен, Дк-мен ж?мыс істей білуге да?дыландыру.

Т?рбиелік: о?ушыларды ?з бетімен ж?мыс істей білуге, ??ыптылы??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Н?мірленген ж?не маркерлеген тізімдер. Ба?андар.»

Күні:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ms Word редакторында құжатты пішімдеу, тізімдер, бағандар туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Ms Word-та тізімдермен, бағандармен, Дк-мен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білім беру сабағы

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, дербес компьютер.

Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

• Оқушылармен амандасу, түгендеу;
• Назарын сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

- Өткен сабақта үйге не берілді?

- MS Word бағдарламасы қандай қызмет атқарады?

- MS Word-тың қандай мүмкіндіктерін білесіңдер?


ІІІ. Жаңа сабақ.

Нөмірленген тізім.


Microsoft Word тізім жасуашылардың барлығын қолдайды және тізімдерді тез және оңай жасауға мүмкіндік береді. Тізім – бұл нөмірленген абзацтар қатары.Сонымен қатар көпсатылы тізімдер де құруға болады. Нөмірленген тізімді құру үшін менюдегі негізгі бөлімнің Абзац тобындағы нөмірленген батырмасын басу керек.Тізімді ашу және нөмірлеудің берілген жеті түрінің бірін таңдау керек. Нөмірлеудегі «Нөмірдің жаңа пішімін анықтау» терезесінде өзгертуге болады оны нөмірлеудің жаңа пішімін анықтау.. бөлігі арқылы шақырамыз. Мысалы оны мына мәтінге орындап көрсетейін. Дәл осылай көпсатылы тізімдерді де құруға болады.

Word мәтіндік құжатын безендіру барысында пішімдеудің Тізім деген түрін қолдануға болады. Тізімдердің түрлері:

  • байрақшалы;

  • нөмірленген;

  • көп деңгейлі.

Нөмірленген тізімді жасау кезінде нөмірлеудің әр түрлі тиін таңдауға болады. Нөмерлеу батырмасының қасында орналасқан, төменге бағытталған бағыттауышқа шертіп, нөмірлеудің жиі қолданылатын жеті тиінің бірін таңдауға болады (4.45. Сурет). Одан басқа, басқа өзіңіздің нөмірлеуіңіздін типін құруға болады. Ол үшін Нөмірдің жаңа форматын анықтау командасын таңдаңыз.


4.45Сурет. Нөмірлеу кітапханасы

Нөмірдің жаңа форматын анықтау диалогтық терезесі (4.46. Сурет) нөмірлеудің параметрлерін беруге мүмкіндік береді.

  1. Нөмір пішімі- нөмірден кейін орналасатын мәтінді таңдау:

  2. Нөмірлеу- нөмірлеу типі,

  3. Қаріп- нөмірді мәтіндік символ түрінде безендіру.

  4. Туралау-  нөмірдің  күйін анықтау.

4.46Сурет. Нөмірдің жаңа форматын анықтау диалогтық терезесі


Көпдеңгейлі тізім


Көпдеңгейлі тізім батырмасының қасында орналасқан, төменге бағытталған бағыттауышқа шертіп, көпдеңгейлі тізімнің жиі қолданылатын жеті типінің бірін таңдауға болады (4.47. Сурет). Бұдан басқа, өз тізіміңіздін типін құруға болады. Ол үшін Жаңа көпдеңгейлі тізімді анықтау командасын таңдаңыз.

4.47 Сурет.  Көпдеңгейлі тізімнің кітапханасы


Осы батырманы басқаннан кейін  Жаңа көпдеңгейлі тізімді анықтау диалогтық терезесі ашылады (4.48. Сурет)

4.48 Сурет. Жаңа көпдеңгейлі тізімді анықтау диалогтық терезесі


Көпдеңгейлі тізімде өзіндік стилді құру



Көпдеңгейлі тізім батармалары  менюінен шақыруға болатын, Тізімнің жаңа стилін анықтау диалогтық терезесінде көпдеңгейлі тізімді безендіру парметрлерін беруге болады (4.49. Сурет)

4.49 Сурет. Тізімнің жаңа стилін анықтау терезесі


Көпдеңгейлі тізім батырмасының менюін ашыңыз. Жаңа ғана құрылған стиль бар Стилдер тізімінің жаңа тобы пайда болды (4.50. Сурет).

4.50  Сурет. Менюде жаңа стиль пайда болды


Пішімдеу дегеніміз


Сіз мәтінді теріп және редакциялаған кезде, құжаттың мазмұнын және қате кетпеуін ғана емес, сонымен қатар оқуға ынғайлы болуын да қадағалауыңыз қажет. Құжатта бір мәтін әр түрлі көрінуі мүмкін. Мына 4.1 және 4.2 суреттерде бір мәтінді құрайтын құжат көрсетілген. 4.1. суретте мәтін жәй терілген, ал 4.2 суретте мәтін әдемі безендірілген.

4.1  Сурет. Пішімделмеген мәтін 4.2 Сурет. Пішімделген мәтін

Word бағдарламасы құжатты баспаға беру кезіндегі және экрандағы сыртқы түрін жақсартуға мүмкіндік беретін пішімдеудің көптегенген құралдарын қамтыйды. Өлшемін өзгерту арқылы мәтінді ерекшелеу, қаріптің жазылуы және гарнитурасы, беттерді ортаға түзету, осы сияқты безендірудің параметрлерін пішімдеу деп айтуға болады.

Пішімдеу параметрлерін таңдау кезінде бірнеше ережелерді сақтау қажет:

  1. Шрифтің гарнитурасын мәтіннің стилдік ерекшелігіне үйлесетіндей етіп таңдаңыз;

  2. Бір құжатта үштен артық гарнитураны  және төрттен артық пішінді пайдаланбаңыз;

  3. Бір құжат үшін қәріптің төрт түрлі өлшемін ғана таңдаңыз.


Пішімдеу құрал –саймандар панелі

Абзацтар мен символдарды пішімдеуде жиі қолданылатын құрал-саймандар Пішімдеу құрал-саймандар панеліне шығарылып қойылған. Ол сіз мәтіннің кез– келген үзіндісін ерекшелеген сайын және контексті менюді шақырған кезде экранда пайда болады. Пішімдеу құрал- саймандар панелін қаріптің гарнитурасын және кеглін, түсін, құюды, жазылу пішінін өзгерту кезінде пайдаланған қолайлы (4.17. Сурет).

 4.17.СуретПішімдеу құрал –саймандар панелі


Сіз Пішімдеу құрал- саймандар панелінің аймағынана курсорды алған кезде, ол өз өзінен экраннан жоғалып кетеді.


Символдары пішімдеу

1.Сіз үшінші дәрісте жұмыс жасаған Көшіру.docx құжатын ашыңыз;

2.Қию сөзі бар жолды ерекшелеңіз, оны жойыңыз. Бізде енді бірдей бес сөз бар. Олардың біріншісін ерекшелеңіз, Пішімдеу құрал- саймандар панелінен Қаріп тізімін ашыңыз және Arial гарнитурасын таңдаңыз (4.18. Сурет). Бірінші сөздің қаріп гарнитурасы өзгергеніне көз жеткізіңіз;

4.18. Сурет. Тізімнен гарнитураларды таңдау


Абзацтарды пішімдеу

Алдыңғы бөлімде сіз символдарды пішімдеудің құрал- саймандарымен таңыстыңыздар. Сонымен қатар Word бағдарламасында мәтінді абзацтар ішінде (туралау, жоларалық интервал және шегініс)  безендіруге арналған арнайы мүмкіндіктер бар. Осы безендірулердің көмегімен мәтінге адемі түр беруге болады.

Мәтінді абзацтар ішінде безендіруге арналған негізгі командалар лентада Абзац тобына шығарылған (4.21. Сурет)

4.21Сурет. Абзац тобы


Маркерленген тізім


Азат жолында белгілі таңбалар тұратын абзацтар маркерленген тізім деп аталады. Маркерленген тізім құру үшін менюдегі негізі бөлімнің Абзац тобындағы, макер батырмасын басып, берілген маркердің бірін таңдау керек. Маркерді жаңа маркерді анықтау терезесінде өзгертуге болады. Оны мәтінге қолданғанда былай орындаймыз.

Маркерленген тізімді жасау кезінде маркердің әр түрлі тиін таңдауға болады. Маркерлер батырмасынаң қасында орналасқан (4.43. Сурет), төменге бағытталған бағыттауышқа шертіп, жиі қолданылатын сегіз маркердің бірін таңдауға болады. Одан  басқа өзіңіздің маркеріңіздің типін құруға болады. Ол үшін Жаңа маркерді анықтау командасын таңдаңыз.

4.43. Сурет. Маркерлер кітапханасы


Жаңа маркерді анықтау диалогтық терезесі маркер параметрлерін беруге мүмкіндік береді (4.44. Сурет)

1.44.     Сурет. Жаңа маркерді анықтау диалогтық терезесі


Қаріп- маркерді мәтіндік символ түрінде безендіру;

          Символ- маркерді символдар кестесіндегі таңбалар түрінде безендіру;

          Сурет-  маркерді Суреттер коллекциясында бар кез келген сурет түрінде безендіру;

          Туралау-  маркердің күйін анықтау.


Бағандар

Бағандар - мәтінді бірнеше бағандар түрінде ерекше орналастыру, бір бағанды аяқтайтын мәтін, келесі бағаннан бастап жалғастырылады. Көпбағанды өңдеу- мәтінді бірнеше бағандарға орналастыру дегенді білдіреді.

Мәтінді бірден бағаналарға бөліп жазуға да және алдын ала терілген мәтінді бағандарға бөлуге де болады. Ол үшін мындай дайын мәтін аламын
мысалы мен Абайдың Ғылым таппай мақтанба өлеңін алдым, енді оны бағандарға бөлу үшін негізгі менюден парақ белгісі немесе разметка страницы бөлігін басып баған /колонки батырмасын басамын. Шыққан терезеден неше бағанға бөлу керек соны таңдаймын. Дәл осылай қажетті бағанға бөлудің түрлерін таңдауға болады.


Бағандағы мәтін

Microsoft Word 2007 бағдарламасы мәтінді баған түрінде безендіруге мүмкіндік береді. Мәтінді бұлай бейнелеу тәсілі газеттік және журналдық статьяларда кеңінен пайдаланылады. Бағандағы мәтін қарапайым мәтін сияқты пішімделеді. Бағанды  Бағандар диалогтық терезесінің көмегімен немесе лентада  Беттерді белгілеу  қосымшасында  Беттер параметрлерітобындағы Бағандар батырмаларының көмегімен құруға болады.  (4.51. Сурет)

4.51. Сурет. Бағандар батырмалары


Баған құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1.          Бүккіл құжатты немесе бағанға түрлендіру қажет бөлігін ерекшелеңіз;

2.          Лентада Беттерді белгілеу  қосымшасына өтіңіз;

3.          Беттер параметрлері тобындағы бағандар батырмасын басыңыз және менюден бағанға түрлендірудің қажетті нұсқасын таңдаңыз (4.52. Сурет)

4.52Сурет. Бағандар менюі


Егер ұсынылған нұсқалардың арасында сізге қажетті нұсқа болмаса, онда  Басқа бағандар  командасын таңдаңыз.  Бағандар диалогтық терезесінде  Түр (Тип)  бөлімінде нұсқалардың бірін таңдаңыз немесе Бағандар саны өрісіне бағандардың қажат санын енгізіңіз. Бағанға түрлендіргеннен кейін құжат қалай көрінетінін Үлгі аймағыннан көресіз (4.53. Сурет)

4.53. Сурет. Бағандар диалогтық терезесі


IV. Бекіту. Ұяшықтар таңдау арқылы.

1-ші ұяшық:

Бағандар батырмаларының көмегімен Бағандағы мәтінді құру

  • Баған батырмаларының көмегімен баған құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  • 1.Бүккіл құжатты немесе бағанға түрлендіру қажет бөлігін ерекшелеңіз;

  • 2.Баған батырмасын басыңыз және тышқанның батырмасын ұстап  тұрып, бағанның қажетті санын таңдаңыз. Үшке дейін баған құруға болады;

3.Қажет жағдайда көлденең сызғыштағы маркерлердің көмегімен бағандар енін өзгертіңіз.


2-ші ұяшық:

Мәтінді белгілеп алып Разметка страницы- Колонки командасын орындап, екі бағанға бөліңдер.

Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.


3-ші ұяшық:

«Ком» буынынан басталатын сөздерді ойлап табыңдар және жазыңдар. Сөздерді маркерленген тізім ретінде жазыңдар.

Мысалы:
• компас;
• компьютер;


4-ші ұяшық:

ТЕСТ

V. Қорытынды. Сұрақ-Жауап


  1. Маркерленген тізім дегеніміз не? Азат жолында белгілі таңбалар тұратын абзацтар маркерленген тізім деп аталады.

  2. Баған дегеніміз не? Бағандар - мәтінді бірнеше бағандар түрінде ерекше орналастыру, бір бағанды аяқтайтын мәтін, келесі бағаннан бастап жалғастырылады.

  3. Тізім дегеніміз не? Тізім – бұл нөмірленген абзацтар қатары.Сонымен қатар көпсатылы тізімдер де құруға болады.


VI. Бағалау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Н?мірленген ж?не маркерлеген тізімдер. Ба?андар.

Автор: Есетов Елжан Д?улет?лы

Дата: 12.01.2016

Номер свидетельства: 275410


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства