kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М?тінді теру ережесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: М?тінді теру ережесі.
Саба?ты? ма?саты: WordPad редакторында м?тін теру ережесі туралы м?лімет беру. М?тін теру ережелеріні? ат?аратын ?ызметін ажырата білуге ?йрету. ?згені? пікірімен санасу?а т?рбиелеу
Саба?та ?олданылатын к?рнекіліктері: компьютер, мультимедиялы? та?та, флипчарт, кеспе, о?улы?, ж?мыс д?птері.
Саба?ты? т?рі: Д?ст?рлі саба?
Саба?ты? типі: Аралас саба?

Саба?ты? барысы:
I. ?йымдастыру. О?ушылармен амандасу, т?гендеу, сынып тазалы?ын тексеру, о?ушылар назарын саба??а аудару

ІІ. ?й тапсырмасы.
Сонымен балалар ?ткен то?санда біз WordPad м?тіндік редакторыны? интерфейсін туралы ?ткен болатынбыз.
1. М?тіндік редактор деген не?
2. WordPad м?тіндік редакторын іске ?алай ?осамыз?
3. Абзацты? ?андай ?асиеттерін білесін?
4. М?тіндік курсор дегеніміз не?
5. М?тінні? негізгі элементін ата.
6. WordPad м?тіндік редакторыны? терезесін кім т?сіндіріп береді?

ІІІ. Жа?а саба?.
М?тін теру ережелері:
1. Бас ?ріпті немесе символды жо?ар?ы регистрден енгізу ?шін Shift пернесін басып, жібермей ?стап т?ру керек. Мысалы: М?тін.
2. Егер бас ?ріппен бірнеше с?з енгізу керек болса – Caps Lock пернесін пайдалану керек. Мысалы: САБА?.
3. Рим цифрларын енгізу ?шін латынша бас ?ріптер ?олданылады. Мысалы: XXI ?асыр.
4. Дефис бос орынсыз ?ойылады. Мысалы: іс - ?рекет, 5 - сынып.
5. Бір бос орын с?здерді? арасына ж?не тыныс белгілерінен кейін ?ойылады.
6. ?зын сызы?ша алдына да, со?ына да бос орынмен ?ойылады.
7. Тырна?шалар?а немесе жа?шалар?а алып жазыл?ан с?здер олардан бос орынмен ажыратылмайды. Мысалы: «??рман?азы» оркестрі.
8. Enter пернесін абзацты? со?ында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты т?рде ж?зеге асады.
М?тін бойынша жылжыту:
Курсорды м?тін бойынша стрелкалармен, Home (жолды? басына), End (жолды? со?ына), Page Up, Page Down (бір бетке жо?ары немесе т?мен) пернелерімен жылжыту?а болады. Т?зетуге жататындар: м?тін фрагменттерін жою, ?осу, жылжыту, к?шіру, іздеу ж?не алмастыру. М?тінді ерекшелеу ?шін пернета?та мен тыш?анды ?олдан?ан ?олайлы.

IV. Компьютердегі т?жірибелік ж?мыс
А де?гейі
1. WordPad м?тіндік редакторын іске ?ос
2. ?рт?рлі ?аріптер т?рлерін пайдаланып, ?лгі бойынша «Информатика» деген с?зді бейнеле?із.
Информатика Информатика Информатика Информатика Информатика

В де?гейі
1. М?тінді о?ып шы?.
2. М?тінді д?лме - д?л WordPad м?тіндік редакторына енгіз.
«МЕН ? Д?РІГЕР»
?же, ?же, жатпашы!
Ауыр ой?а батпашы!
Болайын мен д?рігер,
Десе?: «Шипа д?рі бер!»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М?тінді теру ережесі.»

Сабақ мақсаттары:
Білімділік: оқушыларды модельдер түрлерімен таныстыру
Дамытушылық: объектінің ақпараттық және графикалық модельдерін құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету
Тәрбиелік: топта жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс істеуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты ұсыну
Құралдар: интербелсенді тақта, оқулық, карточкалар, слайд
Әдіс - тәсілдер: «Сұрақ - жауап», «Мозайка», «Ақпараттық диктант», «Синквейн», «Телеграмма», жұптық, топтық жұмыс әдістері.
Оқыту нәтижесі: оқушылар ақпараттық, графикалық, материалдық модельдер ұғымдарын меңгереді, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін толықтырады.

САБАҚ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, бір - бірімізге шаттық шеңберін құру арқылы тілек тілеп өрмекшінің торын құру.
Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу;
Оқушыларды 4 түрлі гүлдің суретімен топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасы
Өз қалауынша қандай да бір объектінің моделін құрастыру

ІІІ. Оқу - танымдық әрекетіне дайындық
Жаңа сабақтың тақырыбы қандай?
1 - топ
1. Мысықтың баласы
2. Біздің мектептің бақшасында өсетін көкеніс түрі
3. Баскетбол, волейбол ойнауға арналған құрал
2 - топ
1. Ең төзімді үй жануары
2. "Арыстан" сөзінің орысша аудармасы
3. Жіңішкелік белгісі
3 - топ
1. Қу жануар
2. Кішкентай сөзіне антоним сөз
3. Теннис ойнауға арналған
Құрал
4 - топ
1. Ешкінің төлі
2. Ең берік ағаш
3. "Кемпірқосақ" сөзінің орысша аудармасы
Бүгінгі сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар?
Сабақтың мақсаты қандай?

IV. Жаңа оқу материалын таныту
Жаңа ақпаратпен жұмыс жасау үшін 4 топтағы оқушыларды 1 - 2 - 3 - ке санап үш жұпқа бөлу
1 - жұп: материалдық және ақпараттық модель
2 - жұп: Көрсету түріне қарай ақпараттық модель түрлері
3 - жұп: Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер
Берілгендерді жеке - дара оқып, жұпта талқылайды.(3 мин)
Тақырыпты оқу барысында түсінбеген сұрақтары болса қызыл түсті жалаушаны көтереді (мұғалім көмегін көрсетеді)
Жұптарда талқылап болған соң, үй топтарына оралады да, әрбір оқушының өзінің оқығанын және жұпта талқылағанын топ мүшелеріне түсіндіреді (2 мин), постер бетіне түсіреді (3 мин), постерлерін қорғайды (2 мин)
V. Бiлiмдерін бекiту.
Деңгейлік тапсырмалар
І - деңгей жұптық жұмыс (4 мин)
ІІ - деңгей топтық жұмыс (интербелсенді тақтамен жұмыс)
(6 мин)
Сергіту сәті "Қызыл өрік" әніне жаттығу орындау
V. Бiлiмдерін бекiту. 
ІІІ - деңгей жеке - дара жұмыс (5 мин)
Қосымша тапсырма
Әрбір оқушы информатика пәнні тақырыбы төңірегінде қандай да бір объектіге ребус құрастырып, оны жұбына жасырады, бір - бірінің ребустарының жауабын тауып, осы сөзге "5 жолды өлең" құрастыру және Paint графикалық редакторында осы объектінің графикалық моделін құрастырады

"5 жолды өлең" құрастыру талаптары:
1. зат есім
2. екі сын есім
3. үш етістік
4. төрт сөзден тұратын сөйлем
5. синоним сөз

Мысалы:
1. қуыршақ
2. әдемі, үлкен
3. сөйлейді, ойнайды, көзін жұмады
4. Маған анам қуыршақ сыйлады.
5. Ойыншық

VI. Бағалау. Ақпараттық диктант
Түсіп қалған сөздерді толықтырып жазу
1.......... – нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
2. Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың........... (макетін) құру.
3. Вербальдық модельдегеніміз –....... немесе....... түрінде жасалған ақпараттық модель.
4............ – деп компьютердің көмегімен арнайы программалық орталар іске асыратын модельдерді айтады.
5. Геометриялық модель –........... пішіндер мен көлемді конструкциялар.

Бағалау парақтарына жалпы ұпайын есептеп, шықан бағаларын дәлелдейді
VII. Үй тапсырмасы туралы мәлімет. Үйге: үш объектінің вербальдық, яғни, әңгіме түрінде және графикалық моделін құрастыру
Берілген тапсырманы хабарлау, оның орындау әдiстемесiн түсiндiру.
VIII. Қорытынды
Мұғалімге сабақтың қаншалықты ұнағаны немесе ұнамағаны туралы телеграмма жазу
Кері байланыс



Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту
Сабақтың мақсаты: WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы мәлімет беру. Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету. Өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу
Сабақта қолданылатын көрнекіліктері: компьютер, мультимедиялық тақта, флипчарт, кеспе, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасы.
Сонымен балалар өткен тоқсанда біз WordPad мәтіндік редакторының интерфейсін туралы өткен болатынбыз.
1. Мәтіндік редактор деген не?
2. WordPad мәтіндік редакторын іске қалай қосамыз?
3. Абзацтың қандай қасиеттерін білесін?
4. Мәтіндік курсор дегеніміз не?
5. Мәтіннің негізгі элементін ата.
6. WordPad мәтіндік редакторының терезесін кім түсіндіріп береді?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мәтін теру ережелері:
1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек. Мысалы: Мәтін.
2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – Caps Lock пернесін пайдалану керек. Мысалы: САБАҚ.
3. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады. Мысалы: XXI ғасыр.
4. Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы: іс - әрекет, 5 - сынып.
5. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
6. Ұзын сызықша алдына да, соңына да бос орынмен қойылады.
7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды. Мысалы: «Құрманғазы» оркестрі.
8. Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.
Мәтін бойынша жылжыту:
Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен, Home (жолдың басына), End (жолдың соңына), Page Up, Page Down (бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады. Түзетуге жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру. Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы.

IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
1. WordPad мәтіндік редакторын іске қос
2. Әртүрлі қаріптер түрлерін пайдаланып, үлгі бойынша «Информатика» деген сөзді бейнелеңіз.
Информатика Информатика Информатика Информатика Информатика

В деңгейі
1. Мәтінді оқып шық.
2. Мәтінді дәлме - дәл WordPad мәтіндік редакторына енгіз.
«МЕН ─ ДӘРІГЕР»
Әже, әже, жатпашы!
Ауыр ойға батпашы!
Болайын мен дәрігер,
Десең: «Шипа дәрі бер!»





Сабақтың мақсаты:
білімділік:
• Microsowt Word 2010 кестені құру технологиясымен оқушыларды таныстыру;
дамытушылық:
• Оқушыларды ақпараттық мәдениетке, «Информатика» пәніне деген сүйіспеншілікке баулу.
тәрбиелік:
• Оқушылардың материалды саналы түрде меңгеруге, техникаға ұқыпты қарауға ықпал ету.
Сабақтың жоспары:

Ұйымдастыру
2. Білу
3. Түсіну
4. Қолдану
5. Талдау
6. Синтез
7. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айтып, топқа бөліп, жаттығу жасатамын.

ІІ. Сабақтың өзектілігі (білу).
Мұғалімнің сұрақтары:
1. Кестені қайда және не үшін қолданады?
2. Кестенің қандай элементтері саған таныс?
3. Барлық кестені, жолды, бағанды бірдей бөліп алуға болады деп ойлайсың ба? Оны қалай жасауға болады?
4. 6 жол мен 4 бағаннан тұратын кестеде қанша ұяшық бар?









Тақырыбы: Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу.

Мақсаты: білімділік: Оқушыларды мәтінді пішімдеудің, мәтін абзацын пішімдеудің негізгі әдістерімен таныстыру;
Дамытушылық: MS Word - та жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Түрі: демонстрациялық көрсетілім көмегімен түсіндіру.
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Жабдығы: ДК, тест, Activ Vote құрылғысы.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
А) сәлемдесу; Ә) оқушыларды түгелдеу; Б) оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй жұмысы: «Мәтіндік құжатты редакциялау»
ІІІ. Жаңа сабақ бойынша. (слайд арқылы түсіндіру)
Мәтінді пішімдеу – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.
Мәтін бөлігінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу қажет. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады. Мәтінді пішімдеуге мыналар жатады:
♦ әртүрлі қаріптерді пайдалану;
♦ құжат өрісінің шекараларын өзгерту;
♦ мәтінді бағандарға бөлу;
♦ символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау.
Пішімдеудің осы әрекеттерін Пішім (Формат) мәзіріндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады. Құжатты пішімдеу алдын ала белгіленген құжат мәтініне жаңа пішім элементтерін енгізу негізінде орындалады.
Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп (Шрифт) сұхбат терезесін ашатын Пішім мәзіріндегі Қаріп командасы қолданылады.
Қаріп командасы үш қосымшадан тұрады. Қаріп өрісінде қаріп типтері таңдалынады. Интервал өрісінде арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді. Анимация қосымшасы белгіленген бөліктен анимация типтерінің тізімін таңдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Пішімдеу құралдар тақтасының көмегімен де қаріптің параметрлерін қоюға болады.







Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік вирустар.
1. Білімділік: Оқушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, жаңа тақырыпты ұғындыру негізінде информацияны қорғау, компьютерлік вирус, антивирустік программалар ұғымдарына түсінік беру. Антивирустік программаларды қолдану, компьютерді комплекстік профилактикалық қорғау шараларын үйрету.
2. Тәрбиелік:Оқушыларды осы тақырып бойынша информатикалық терминдерді дұрыс айта білуге үйрету.
3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Мультимедиялық техникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.
Көрнекілігі: Оқулық, инетрактивті тақта, филипчать, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар.

ІІІ. Жаңа сабақ. (15 мин) Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыптың мақсатын анықтау.
-Балалар, адамдар ауырған сияқты компьютерлер де ауырады, олар көбінесе жұқпалы аурулар сияқты. Бұл ауруларды компьютерлік вирустар деп атайды.
Қазіргі заманда ел аузынан «Компьютеріме вирус түсті», «компьютерім вирустан ұшып кетті» т,с,с сөздерді естуге болады. Бұл не деген сөз? Компьютерге вирус қайдан түседі? Вирус түссе не істеміз? /проблемалық ситуация/

Компьютерлік вирус — арнайы жазылған «көбейуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, шағын көлемді (200 ден 5000 байтқа дейін) компьютерлік программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Адамдарға жұқпалы аурулар бөгде ауырған адамдардан жұғады. Ал компьютерге «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файл арқылы түседі. Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" білінбейді.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. 
Ең қауіпті вирустарға резиденттік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады.
Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана "жүғады". Көбінесе бірден орындалатын файлдарға "жүғатын" вирустар жиі кездеседі. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп атайды.
Соңгы кезде вирустің жаңа түрлері - дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда. 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М?тінді теру ережесі.

Автор: Майланова Айсауле Тангбаевна

Дата: 03.02.2016

Номер свидетельства: 287737

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Т?зды?тарды? негізгі т?рлері дайындау технологиясы"
    ["seo_title"] => string(54) "tuzdyktardynnieghizghiturlieridaiyndautiekhnologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "304594"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1457766189"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства