Тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту Мақсаты: 1. WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы мәлімет беру. 2. Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету. 3. Өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу Оқушының сабақ барысындағы мүмкіндіктері: - ортада жайлы әрекеттестікті орнату, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасау; - өз идеяларын зерделеп, өзара әрекеттестікті орнату; - оқушылардың белсене қатысуына көмектесу; Оқытудың нәтижесі: Сабақ соңында әр оқушы топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдалануға ұмтылады; ортада жайлы әрекеттестік орнатады, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды; - өз идеяларын зерделеп, өзара әрекеттестікті орнатады; - оқушылар белсене қатысады; Күтілетін нәтиже: •Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады. • Қолдану, түсіну және талдау: өз тәжірибесінде оқушы топтық жұмысты тиімді пайдалана білуге дағдыланады, топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді. • Бағалау: Өзін - өзі, өзгені бағалауды үйренеді. Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс, оқытудағы басқару және көшбасшылық. Қолданылған құралдар: А4 парағы, маркерлер, плакат, стикер Сабақ барысы Сабақтың әрекеті Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Топ құру: стикерлер арқылы топқа бөліну Өткенді пысықтау: Үйге берілген тақырып арқылы білімдерін тексеру. 10 сұрақ әдісі 1. WordPad қандай редактор? 2. Мәтіндік редактор дегеніміз не? 3. WordPad редакторының терезе элементтері қандай? 4. WordPad - ты қалай іске қосамыз? 5. Мәтінді не арқылы тереміз? 6. WordPad редакторында үнсіз келісім бойынша жұмыс бетінде жыпылықтап тұратын І тәріздес қандай белгі? 7. Мәтіндік редактордан қалай шығамыз? 8. Мәтін қандай өлшеммен жазылады? 9. Екі сөздің ортасына не қойылады? 10. Мәтін элементтеріне нелер жатады? Жаңа тақырып: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. Топпен жұмыс: «Ақпарат алу». (Постер әдісі) Топтар оқулықтағы мәтін арқылы жаңа тақырыппен танысып шығады. І топ: «Мәтінді теру және түзету ережелерін» ІІ топ: «Мәтін бойынша жылжыту» тақырыпшаларын оқып, дайындалады. Топта 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, дизайнер, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ баяндамашысы ортаға шығап, плакатқа салған жұмысын қорғап шығады. Келесі топта өз жұмысын қорғап шығады. Әр топқа тақырыппен танысуға 3 минут, дайындық үшін 3 минут, ал қорғауға 4 минут уақыт беріледі Сергіту сәті. Логикалық сұрақтар.
1- топ 1) Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? 2) 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? 3) Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
4. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
5. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
2- топ
1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
2. Төрт түйеқұс ұшып бара жатыр біреуін атты нешеуі қалды? 3. Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
5. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» А деңгейі 1. Өз аты - жөніңді тер. 2. Оған түс таңда, қаріп өлшемі 16, жолдың ортасына орналастыр В деңгейі 1. Келесі өлең шумағын тер. 2. Барлығы 14 өлшемді әріптер болсын, оған түс таңда. 3. Мұғалімге көрсет.
С деңгейі: Мәтін теру ережесін сақтай отырып, теріңдер. “Менің сыныбым” тақырыбына шағын эссе жазыңдар. ( Қаріпі – Times New Roman. Размері - 12). Мәтін терілуі - қисайтылған (Курсив)
Көз жаттығуын орындайық.
Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.
Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.
Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.
Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.
Бекіту.
Сөз жұмбақ
1- топ
1.WordPad бағдарламасына нені еңгіземіз?
2. Мәтін жазу үшін нені тереміз?
3. Қисайтып жазу үшін.
4. Бүкіл әлемдік?
5. Мәтін жазу үшін қандай тілді таңдаймыз?
6. Маустың нұсқағышын қалай атаймыз?
2- топ
Шатасқан әріптер
ТНӘМІ МӘТІН
ЗЕТЕРЕ ТЕРЕЗЕ
ОТИМНРО МОНИТОР
ЕПНРЕТҚАТА ПЕРНЕТАҚТА
ШЫҚНАТ ТЫШҚАН
Сабақты бекіту үшін «Не білдім, не үйрендім?» кезеңінде оқушыларға сұрақтар қойылады:
1. Бас әріпті қалай енгіземіз? 2. Бос орын қай кезде қойылады? 3. Enter пернесін қай кезде басу керек? 4. Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар. Word редакторының пішімдеу батырмаларының қызметін қайталау. Бағалау. Үйге тапсырма беру
Құжат құру ережесін жаттап келу.
Жұмыс дәптеріне "Менің жанұям " атты тақырыпқа әңгіме жазу.