Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар
Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар
Ақпарат - адамнан да ерте туған құбылыс. Табиғат өзінің даму барысында өсімдіктер мен тірі ағзалар арқылы жұмбақталған ақпаратты беріп отырған.
Ақпарат ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада қолданылатын көп мағыналы ұғым. Латын тілінде ол informatio - түсіндіру, мазмұндау деген мағынаны білдіре- ді. Жалпы алғанда, бұл түсінік шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білім, мағына, бейнелеу, сезіну ұғым- дарымен тығыз байланысты. Ңазіргі уақытта бұл жайында Білім дәуірі немесе Ақпарат дәуірі деп аталып, «ақпараттық қоғам», «ақпараттық технологиялар» сияқты терминдер жиі айтылатын болды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар»
Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар
Жоспар:
1.Ақпарат ұғымы
2.Ақпараттану
3.Ақпараттық жүйелер
4.Ақпараттың қасиеттері
Ақпарат - адамнан да ерте туған құбылыс. Табиғат өзінің даму барысында өсімдіктер мен тірі ағзалар арқылы жұмбақталған ақпаратты беріп отырған.
Ақпарат ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада қолданылатын көп мағыналы ұғым. Латын тілінде ол informatio- түсіндіру, мазмұндау деген мағынаны білдіре- ді. Жалпы алғанда, бұл түсінік шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білім, мағына, бейнелеу, сезіну ұғым- дарымен тығыз байланысты. Ңазіргі уақытта бұл жайында Білім дәуірі немесе Ақпарат дәуірі деп аталып, «ақпараттық қоғам», «ақпараттық технологиялар» сияқты терминдер жиі айтылатын болды.
Сонымен, ақпарат деп қоршаған орта мен онда болып жатқан әртүрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығын айтамыз.
Ақпарат таңба немесе сигналдар түрінде берілсе, оны әртүрлі тәсілдермен аламыз, мысалы, көру арқылы, есту арқылы, сөйлеу, дыбыстау, ұстап көру, иіс сезу арқылы. Біз бар- лығымыз бала кезімізден бастап ақпарат алмасу үдерісіне қатысамыз. Кітап, газет, журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-анамен, достармен әңгіме- лескенде ақпарат алынады. Ақпарат - ақпарат жеткізушіден оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды- түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе. Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, семантикалық және кибернетикалық.
Синтаксистік деңгейде ақпаратты қандай да бір қабыл- дап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қаты- иас қарастырылып, бүл жерде оның мазмүны мен қүндылы- гы ескерілмейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты.
Семантикалық деңгей (тезаурус) мәлімдеменің мазмұ- иын меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны - белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.
Кибернетикалық деңгейде ақпарат нысанның жағ- дайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай-ақ басқару ке- зеңіндегі мәліметтер мен оларды қолданушылар арасында- гы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге кез іселген нысанның жағдайы туралы деректер, мағлұматтар жатады. Есептеу техникасы тұрғысынан ақпарат ұғымы оның жадында сақталып, қажеттілігіне байланысты өңде- летін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.
Ақпаратты оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұ- мыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық омірде және адамдар арасында ақпаратты кеңінен тара- ту заңдары мен тәсілдері туралы түсініктерін береді. Ақпараттанудың негізгі нысаны ақпарат болып саналады. Сон- дықтан «ақпарат» ұғымы ақпараттану мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі. XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогінің пай- да болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адам ойын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады.
ХІХ-ХХ ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы ақпаратты кез келген қашықтыққа жылдам жеткізуге мүмкіндік берді.
XX ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеуіш машина мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін берді. ЭЕМ-дер бастапқы кезде есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылды.
Ақпараттану (Информатика) - ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік таспаларға жазып, ңағазға басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнде пайда болып отырғандықтан, олардың даму үдерісі ғылыми-техникалық прогреске айналды. Керекті ақпаратты ғаламтор арқылы серверлерге жүктесек болғаны, санаулы минуттарда сол ақпаратты бүкіл әлем қарайтын болады.
Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған құбылыстар мен ны- сандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Ақпараттық жүйелер - аңпаратты арнайы ұйымдасты- рылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауды және оны енгізуді қамтамасыз етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, есеп жасаушы жүйелер. Ақпараттық жүйенің жобасы деп - нақты бір программалық техникалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалың шешімдердің сипаттамасы бар жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз.
Әрбір ақпарат жүйесі аңпараттық нысандардың бірігуін ңамтитын белгілі бір ақпараттың кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.
Ақпарат жүйесін жіктеуді мынадай ішкі кластарға бөлуге болады:
ақпараттық-анықтамалық жүйелер;
ақпараттық кеңес беретін жүйелер;
ақпараттық қадағалаушы жүйелер.
Сонымен, ақпараттық жүйе (АЖ) дегеніміз - қандай да бір нысанды басқаруға қажетті қоғамдық мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны.
Ақпараттық-аныңтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды.
Ақпараттық кеңес беретін жүйелер нысанның күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады.
Ақпараттың қадағалаушы жүйелерде мәліметтер адамның қатысуынсыз енгізіліп, басқарылатын нысандагы үдеріс автоматты түрде реттеледі. Ақпараттық жүйелер термині автоматтандырылған жүйелер түсінігімен тығыз байланысты. Автоматтанған ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу үдерісінде адамның да, техникалық құралдардың да қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндағы басты рөлді дербес компьютер атқарады.
Ақпараттық жүйелердің құрылымын бағыныңқы жүйелер деп аталатын, оның жекеленген бөліктерінің жиынтығы ңұрайды.
Бағыныңқы жүйе дегеніміз - қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі.
Ақпараттық жүйенің жалпы қүрылымы ретінде қолдану саласынан басқа бағыныңқы жүйелерді қарастыруга болады. Бұл жағдайды ңамтамасыз ететін бағыныңқы жүйелердің классификациясының құрамдың бөліктері туралы қарастырамыз. Оны кез келген ақпараттың жүйенің қүрылымын қамтамасыз ететін бағыныңқы жүйелердің жиынтығы түрінде ұсынамыз.
Ақпаратты қамтамасыз ету бағыныңқы жүйесі басқару шешімдерін қабылдау үшін уақытында қалыптастырудан және нақты ақпаратты беруден тұрады.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ) - ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпараттардың экономикалық және математикалық әдіс модельдерінің техникалық, программалық, технологиялық құрал- дардың және мамандардың жиынтығы.
Ақпараттық қамтамасыз ету - Ақпараттық жүйе (АЖ) мен ақпараттық технологияға (АТ) қажетті элементтерінің бірі басқарылатын нысанның күйін және басқару шешімін сипаттайтын ақпаратты бейнелейді.
Құжаттамалардың бірыңғайланған жүйесі мемлекеттік, республикалық, салалық және аймақтық деңгейде құрылады. Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі міндеті - қоғамдың өндірістің әртүрлі орталарындағы басқарылатын нысанды сипаттайтын динамикалық ақпаратты жазып, ұдайы жаңартып отыру. Осындай мақсатта құжаттаудың бірыңғайланған жүйелеріне қойылатын талаптары бар стандарттар әзірленеді. Ақпараттың ағымдар сызбасы ақпарат- тың қозғаушы маршрутын және алғашңы ақпараттың пайда болуы мен нәтижелік ақпаратта қолданылатын орнын бейнелейді.
Техникалық қамтамасыз ету - ақпараттық жүйенің жүмыс жасауға арналған техникалық жабдықтар кешені.
Техникалық құралдар кешенін кез келген модельдегі дербес компьютерлер, ақпаратты жинау, өңдеу, беру, шығару құрылғылары, мәліметтерді беру құрылғылары және байланыс желілері, ақпараттың автоматты түрде алыну құрылғылары, эксплуатациялық материалдар, т.б. құрайды.
Математикалық қамтамасыз ету құралдарына:
басқару үдерістерін модельдеу ңұралдары;
басқарудың типтік есептері;
математикалың программалау, математикалық ста- тистика, массалық қызмет көрсету теориялары және т.б. жатады.
Математикалық қамтамасыз ету - ақпараттық жүйенің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және программалар жиынтығы, сонымен қатар, ол техникалық қүралдар кешенінің қалыпты қызметіне жағдай жасайды.
Жалпы жүйелік программалық қамтамасыз етуге ақпаратты өндеудің типтік есептерін шешуге арналған және қолданушыға бағытталған программалар кешені жатады. Олар ақпаратты өңдеудің үдерістерін басқару және бақылау, дербес компьютердің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған.
Оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы ақпарат нлынатындықтан оның т.б. түсініктемелері болуы мүмкін. Қялай болғанда да ақпарат деректерді өңдеу, реттеу және оларды ңабылдаушыға жаңа білім болатындай ұйымдастыру нәтижесі болып табылады.
Программалық қамтамасыз ету - есептеу техникасын қол- дану арқылы ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын программалар жиыны.
Ақпараттың қасиеттері
Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзек- ті емес болуы мүмкін. Мысалы, 3 наурызға арналған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 2 наурызда өзекті болганымен, 10 наурызда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат озектілік қасиетке ие.
Ақпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, сендердің достарың «Ертең» десін. Егер сендер достарыңа оның алдында: «Біз кинога қашан барамыз?» деген сұрақ қойган болсаңдар, онда бұл ақпарат түсінікті болады (басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады, себебі - ол толық емес).Ақпараттың бұл қасиеті толықтылық деп аталады.
Әлемнің ақпараттық бейнесі келесі бөліктерден тұрады (1-сурет):
Адамның іс-әрекеті.
Ақпарат туралы түсінік.
Ақпарат туралы елес.
Ақпараттық үдерістер.
Қоршаған орта нысандары туралы елес.
Нысанның үлгісі туралы елес.
Ақпарат және ақпараттық үдерістер
Адамның ақпаратты қабылдау, өңдеу, жинау және беру үдерісі ақпараттық іс-әрекет деп аталады. Ғылыми-техникалық прогрестің даму нәтижесінде адамның аңпараттық іс-әрекеті түбегейлі өзгерді. Егер бұрын адамдар аңпаратты кітаптардан, ңағазда рәсімделген құжаттардан алса, қазіргі ақпарат көзі - электронды. Адамдар қабылдайтын және өң- дейтін ақпарат көлемі де елеулі мөлшерде өсті. Ақпарат ақпараттық үдерістерде көрініс береді. Ақпараттың үдерістерді табиғаттағы, қоғамдағы, техникадағы деп бөледі. Адамдар тірі табиғатта орын алатын ақпараттық үдерістермен кездеседі. Мысалы, жануарлар өзінің тцратын орнын, қорегінің табылатын жерлерін есінде сацтайды. Үй жануарлары та- ныс адамдарын бөтен адамдардан ажырата алады. Әрине жануарлардың адамға қарағанда ақпаратты өңдеу қабілеті төмен. Дегенмен көптеген деректер жануарлардың да қабылдаған ақпаратты өңдей алатын қабілетін көрсетті.
Тәжірибе көрсеткендей, үлкен көлемді ақпаратты сақтау, егер іздестіру тез жүріп, мәліметтер қолжетімді түрде берілсе ғана өзін ақтай алады. Ақпараттық жүйелердің қар- қынды дамуына байланысты программа құратын мамандар техникалық мүмкіндіктердің қарқынына сай үлгеруге мәжбүр болуда.
Кез-келген ақпараттық жүйенің мақсаты - нақты ақпаратты өңдеу. Бұған мысал ретінде теміржол билеттерін сатудың автоматты жүйесін атауға болады. Бұл жүйеде пойыздардың қозғалыс кестесі, билеттердің құны, сатылған жөне тапсырыс берілген билеттер туралы ақпарат болу керек. Жүйе мәліметтер базасын құрады, автоматтандырыл- ған «кассир, бақылаушы-администратор» (2-сурет) іске қосылады.
Қарастырылған мысалда билетке тапсырыс беруді росімдеу үшін жүйе тапсырыстың мазмүны туралы ақпаратты қажет етеді. Қалған ақпарат мәліметтер қорынан алынады. Қорға өзгеріс енгізу машина жадының ақпаратты сақтаудағы маңызды қасиеті. Жаңадан енгізілетін мәліметтер ақпараттық жиымды өзгертіп, жүйеге жылдамдық, қүрылымындағы мәліметтерді тез өзгертуге мүмкіндік береді.
Біздің елімізде ақпараттың жүйені дайындаудың үлкен тәжірибесі жинақталған деп айтуға болады. Мысалы: төлем жүйелері, салық комитетінің ақпараттың жүйесі және т.б.
2-сурет. Ақпараттық жүйенің мысалы
Ақпараттық жүйелердің жіктелуі
Ақпараттың жиымның сипаттамасына, ақпаратты беру тәсіліне байланысты ақпараттық іздестіру жүйелері құжаттық және деректі болып бөлінеді (3-сурет). Құжаттық ақпаратты-іздестіру жүйесі қүжаттың мазмұнын сипаттайтын көптеген элементтерден тұрады. Мұндағы «құжат» түсінігі кітап, мақала, есеп беру және т.б. білдіреді.
Ақпаратты жиымның деректі жүйесі наңты нысанға қатысты элементтерді қамтиды. Деректі және құжатты ақпаратты жүйелер тұтынушыға әртүрлі ақпарат береді. Мысалы, құжатты жүйе жіберілген сұранысқа қажетті ақпаратты қамтитын көптеген құжат туралы мәлімет береді. Құжаттардың сақталу орнын көрсететін жүйелер де бар. Деректі жүйе бірден тұтынушыға қажет мәліметті ұсынады. Сонымен қатар деректі және құжатты жүйелердің қасиеттерін біріктірген аралас ақпараттық іздестіру жүйелері де бар.