kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока информатики по теме "Презентация".

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ MS Power Point бағдарламасы тақырыбына арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока информатики по теме "Презентация".»

Мектеп: Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Советов Елдос Садетович

Сабақтың тақырыбы

Презентация

Күні


Қатысушының саны

Қатыспағаны

Пән: информатика

Оқытудың мақсаты

Power Point бағдарламасының элементтерімен танысып, қалай қолдану керектігін зерделейді.

Оқыту мақсаты/ күтілетін нәтижелер

Барлығы:

Көпшілігі:

Кейбіреулері:

Тілдік мақсат:

Айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым

Алдыңғы оқыту



Жоспар

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім мен оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру (2 минут)

1. 10 сынып оқушыларымен амандасып, түгендеу.

1. 3 топқа бөлу (сынып оқушылары ортаға келеді, барлығының қолына 3 түсті қағаз таратылады, қағаз астында «Power Point бағдарламасы», «слайд», «презентация» деген жазулар жазылады, сәйкес келген жазулар бойынша топ құрастырылады).

II. Топтық жұмыс «ЖИГСО» (26 минут).

3 адамнан тұратын топтарға «жанұяларға» Power Point бағдарламасының 3 тақырыбы бойынша мәтіндер таратылады. Жанұя мүшелері өздеріне берілген мәтінмен танысады (4 минут). Содан кейін 1, 2, 3 санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3 өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 3 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3 – нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет (4 минут). Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді (4 минут). Ары қарай жанұя мүшелері мәтін бойынша постер сызады (5 минут). Әр топтағы 1 оқушының алдына «жұлдызша» жапсыру арқылы сол топ мүшесіне постерді қорғатуға шақырамыз (5 минут).

1 топқа: MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері.

2 топқа: Автомазмұн шебері арқылы презентация құру.

3 топқа: PowerPoint терезесінің элементтері.

(Қорғаулар қарсы топтардың өзара топтық бағалауы «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағаланады)

IIІ. Жеке жұмыс «Компьютерде практика» (20 минут)

1 практикалық жұмыс.

  1. MS Power Point бағдарламасын іске қос.

  2. «Бос презентация» командасын таңдаңыз.

  3. «Создать слайд» менюінен «Заголовок и объект» слайдын таңдаңыз.

  4. Слайдтың тақырыбына «Отан қорғаушылар күні» деген мәтін енгізіңіз.

  5. Бұл мәтінге «Times New Roman» шрифтін, 44 шрифт өлшемін, түсі «көк», «орта бойынша туралау» көркемдеуін пайдаланыңыз.

  6. «Текст слайда» бөліміне келесі мәтінді теріңіз:

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырындағы  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер  өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

  1. Мәтін «Times New Roman» шрифтімен, 18 шрифт өлшемімен, «по ширине» бойынша туралануы тиіс.

  2. Жұмыс үстеліндегі папкадан «Отан қорғаушы» суреті мәтіннің сол жағына орналасуы тиіс.

  3. Жасалған слайд «Отан қорғаушылар күні» деген атпен Жұмыс үстелінде сақталуы тиіс.

Бағалау дискрепторы:

1. Сақталуы:

1 «Отан қорғаушылар күні»деген атпен сақталған- 2

2 басқаша сақталған -1

3 Мүлде сақтамаған - 0

2. Орналасуы

Мәтіннің атауы, мәтін, сурет дұрыс орналасқан -2

Екі элемент дұрыс орналасқан -1

Мүлдем дұрыс орналаспаған - 0

3. Пішімдеу өлшемдерінің сақталуы

Дұрыс сақталған – 2

Жартылай сақталған – 1

Мүлдем сақталмаған – 0

4. Мәтін көлемі:

92 сөзден тұрады-2

50-91 сөз арасы-1

49 сөзден төмен-0

Бағалауы:

7-8 бал (жасыл)

5-7 бал (сары)

5-тен төмен (қызыл)

(Тапсырма көршілерімен орнын ауыстырып, бағдаршам арқылы формативті бағаланады)

IV/ Кері байланыс (2 мин) (бүгінгі күннен әсерім: Маған не қиын болды? Не ұнады? Мұғалімге сұрақ бойынша стикерге жазып қалдырады)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Конспект урока информатики по теме "Презентация".

Автор: Советов Елдос Садетович

Дата: 11.02.2017

Номер свидетельства: 390450

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "План - конспект урока информатики в 8 классе (техн. карта и самоанализ)"
    ["seo_title"] => string(60) "plankonspiekturokainformatikiv8klassietiekhnkartaisamoanaliz"
    ["file_id"] => string(6) "317642"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460405807"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(203) "Конспект урока информатики по теме "Работа с текстовыми надписями и графическими изображениями в презентации""
    ["seo_title"] => string(80) "konspiekt_uroka_informatiki_po_tiemie_rabota_s_tiekstovymi_nadpisiami_i_ghrafich"
    ["file_id"] => string(6) "364078"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480452904"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(203) "Конспект урока информатики по теме "Работа с текстовыми надписями и графическими изображениями в презентации""
    ["seo_title"] => string(80) "konspiekt_uroka_informatiki_po_tiemie_rabota_s_tiekstovymi_nadpisiami_i_ghrafi_1"
    ["file_id"] => string(6) "364079"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480452904"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "Конспект урока информатики по теме "Дизайн и стилевое оформление презентаций""
    ["seo_title"] => string(80) "konspiekt_uroka_informatiki_po_tiemie_dizain_i_stilievoie_oformlieniie_priezient"
    ["file_id"] => string(6) "364080"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1480453064"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(237) "Конспект урока информатики по теме "Анимационные эффекты. Смена слайдов. Практическая работа "Анимация в слайдовых презентациях""
    ["seo_title"] => string(80) "konspiekt_uroka_informatiki_po_tiemie_animatsionnyie_effiekty_smiena_slaidov_pra"
    ["file_id"] => string(6) "364081"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1480453214"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства