Компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады.
 1. Жүйелік
 2. Қолданбалық
 Жүйелік жабдықтама деп өзіне:
 • операциялық жүйелерді;
 • желілік программалық жабдықтаманы;
 • сервистік программаларды;
 • программаларды жасау құралдарын
 операциялық жүйелердің негізгі қызметі:
 • физикалық;
 • логикалық
 • есептеуіш жүйелердің процестері ресурстарын басқару болып табылады.
 Физикалық ресурстарға: жедел жад, процессор, монитор, баспа құрылғысы, магниттік және оптикалық дискілер жатады. Логикалық ресурстарға: программаларды, файлдарды, оқиғаларды және т.б. жатқызуға болады.
 Желілік программалық жабдықтама желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды: магниттік дискілердегі желілік жинақтауышарды, принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаларды және т.б. басқаруға арналған.






 
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
         
	 
     
                                     
                                     
                                     
                                    