Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпқа кіргеннен «Дорбадағы ұялы телефон» әдісі арқылы дорбадағы түрлі-түсті ұялы телефондарды алып, 2 топқа бөлініп отырады. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар: Кестелік процессор дегеніміз не? Excel-ді қолдану аймағы? Excel программасының терезесі қанша бөлімнен тұрады? Кестенің негізгі элементтері қалай аталады? Ұяшықтарға қандай мәліметтер енгізуге болады? Ұяшықтарға қарапайым формулаларды қалай жазамыз? "Болжау" әдісін ұсынамын: "Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады?"деген сұрақ қойылады.Оқушылар осы сұраққа ойланып,өз ойларын ортаға салады. Кейінірек оларға "Сіздердің болжауларыңыз тура келді ме? Оқушылар бізге мысалы ұяшықтарды бірдей мәліметтермен толтыру керек, тек қана тақ немесе жұп сандармен толтыру, апта күндерін, айлар атауларын толтыру керек. Ол үшін оның бәрін біз теріп отырмай, басқаша қандай әрекет орындауға болады деп ойлайсыңдар? Cуреттер арқылы тақырыпты ашу. Кесте, автомат, толтыру Жаңа білім. Bilimland.kz сабақ көрсету Кесте – Таблица – Table Сан – Число – number Формула – формула – formula Мәтін – текст – text Ұяшық – ячейка - cell Автотолтыру – Автозаполнение – Аutofill Автосумма – Автосумма – Autosum Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз: Санды пішім. Математикалық және финанстық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылу қолданылады: кәдімгі санды пішім, қаржылық және мерзімдік. Кез келген формула “=” символынан бастап жазылады. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, оның типі мәтін болып қабылданады. Мәліметтерді енгізу “Enter” пернесін басумен жүзеге асырылады. Ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін “Esc” пернесін басамыз немесе “Болдырмау (отмена)” батырмасын шертеміз. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрлармен көрсетілген санды емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Excel-дегі «Автотолтыру» қызметі кестені сандармен және формулаларды автоматты қолдануға, есеп жүргізуге өте ыңғайлы функция. Автоматты автотолтыру 3 жағдайда қолданылады: Баған немесе қатарлардың ұяшықтарын бірдей мәліметтермен толтыру үшін. Мысалы: 500,500,500... Баған мен ұяшықтарды белгілі бір интервалдағы санмен толтыру үшін. Мысалы: тақ сандармен ұяшықтарды толтыру: 1,3,5,7,... Қатар тұрған ұяшықтарда бір формула көмегімен автоматты түрде есептеулер жүргізу үшін. Автотолтыру кызметінің көмегімен Excel-де сан, күн, тоқсан тізімін дайындауға болады. «Түсініксіз тармақ» әдісі бойынша оқушылар өздеріне таныс емес символдарды, батырмаларды берілген уақытта табады. «Iphone» тобы Enter «+» Автотолтыру маркері «Samsung» тобы «Қосынды (Сумма)» =C3*D3 «Iphone» тобы Ай аттарын автоматты түрде толтыру Автотолтыруды орындау «Samsung» тобы Ұяшықтарды санмен Ұяшықтарды автоматты автотолтыру қосу Бір ұяшыққа формула жазу Ұяшыққа формуланы автоматты енгізу Бағалау. Сергіту сәті. «Жасап көрсет және әңгімеле» әдісі арқылы практикалық жұмыс орындап, бітірген кезде қалай жасағаны жайлы түсінік береді Практикалық жұмыс №1 тапсырма Ұяшықтарды бірдей сандармен автоматты толтыру №2 тапсырма Ұяшықтарды белгілі бір аралықтағы санмен автотолтыру №3 тапсырма Ұяшықтарды мерзімі бойынша автотолтыру Бағалау. Шығармашылық жұмыс (ғылыми жобадан тапсырма) Бағалау. Қалыптастырушы бағалау Тапсырма Кесте құрыңыз. 1-ден 10-ға дейінгі көбейту кестесін автотолтыру, формулаларды пайдаланып жасаңыздар. Дескриптор | Білім алушы - электрондық кесте құрады. | | Бағалау. «Смайлик» әдісі «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы сұрақтарға нақты, қысқыша жауап береді Автотолтыру дегеніміз не? Не үшін қолданылады? Қағаздан жасалған ұялы телефондарға оқушылар сабақтың қалай өткенін және қаншалықты жемісті болғанын досына SMS – арқылы жазып білдіреді Маған ұнады...... Жақсы әсер алдым..... Есімде жақсы сақталды... Сөйлемдерін аяқтау арқылы кері байланыс береді. |