Просмотр содержимого документа
«Құрылғылардың драйверлері»
Сабақтың тақырыбы: Құрылғылардың драйверлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: студенттерді ДЭЕМ-ның қондырғыларының драйвелерін орнатуға, ДЭЕМ-ның ішкі және сыртқы қондырғыларын құрастыруға жаттықтыру. Тәрбиелік: студенттерді жеке және ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу; Дамытушылық: жаңашыл ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу, тәжірибеде теориялық материалдарды пайдалану, студенттердің дербес компьютер құрылғыларымен жұмыс жасау қабілеттілігін қалыптастыру; Сабақтың типі: білімді, іскерлікті, техникалық құралдармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ (лабораториялық сабақ). Сабақты оқыту әдісі: білімді тексеру әдісі, сұрақ-жауап, техникалық құралдармен жұмыс істеу, эвристикалық және өзіндік жұмыс істеу әдістері. Сабақтың әдістемелік қамтамасыз етілуі: слайдтар, электронды формадағы лабораториялық жұмыс, техникалық құрал жабдықтар. Жүйелік блок, монитор, пернетақта және ДЭЕМ-ның басқа құрылғылары. Пәнаралық байланыс: информатика, физика.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (2-3мин.) Сәлемдесу, жоқ студенттерді белгілеу, назарын сабаққа аудару.Сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлау. Кабинетте техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтау.
Бүгінгі сабақта теориялық материалдарға сүйене отырып, ДЭЕМ-ның қондырғыларын құрастырып, бір жүйеге келтіріп, жұмысқадайындаймыз.
2. Үй тапсырмасын сұрау. (Лабораториялық жұмысты электрондық нұсқада орындау), ДЭЕМ-ның құрылғыларын құрастыру;
3. Жаңа сабақты түсіндіру.«ДЭЕМ-ның ішкі және сыртқы құрылғыларының драйверлері». ДЭЕМ-ның ішкі және сыртқы құрылғыларының драйверлері студенттерге орнаттыру 4. Жаңа сабақты бекіту
5. Қорытындылау.
6. Бағалау
7.Үйге тапсырма беру.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Лабораториялық жұмыстың орындалуын теория жүзінде сұрау, студенттердің жұмысты орындауға дайындығын тексеру;
Лабораториялық жұмысты электрондық нұсқада орындау.
Оқытушы және топ студенттерінің қатысуымен лабораториялық жұмыстың орындалу реті алдымен электрондық нұсқада көрсетіледі.
Студенттер 4 топқа үшеуден бөлінеді. 4 топ студенттеріжұмысты ноутбукте орындайды. Әр топтың студенттері бірлесіп, ұжым бойынша ДК-ді құрастырады. Алдымен, ДК-дің ішкі құрылғыларын, шиналарын жалғап дұрыс орналастырылғандығын оқытушыға тексертеді, жұмысты қалай орындағандарын түсіндіреді. Тексерілген жұмысты ары қарай жалғастырып, ДК-дің сыртқы құрылғыларын ұйымдастырады. ДК-ді іске қосады.
Лабораториялық жұмыстың орындалу реті:
Жұмысты орындау алдымен ДК-дің ішкі құрылғыларын жинастырудан басталады.
1.Жүйелік блоктың бос қорапшасына ең алдымен токпен қоректендіруші құрылғысы орналастырылады:
2.Жүйелік блоктың ең негізгі құрылғысы болып табылатын аналық тақшаны құрастыру. Ол үшін:
Микропроцессор;
Кулер;
Опетаривті жад орналастырылады.
3.Аналық тақшаны жүйелік блок қорапшасына салып, орналастырып болғаннан кейін карталық адаптерлерді орналастыруға кірісеміз:
Бейне карта;
Желілік карта;
Дыбыстық карта.
4.Қатты магниттік дискті орнату:
5.Сыртқы жад тасымалдаушы құрылғыларды орнату:
6.Ішкі құрылғыларды бір-бірімен байланыстыру шиналарын орналастыру:
7.Сыртқы құрылғыларды арнайы порттар арқылы жүйелік блок қондырғысымен байланыстыру:
8.Құрастырылғандербес компьютер көрінісі:
Техникалық құралдарды пайдаланып, студенттерге лабораториялық жұмысты орындату.
3. Жаңа сабақты түсіндіру
Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді. Мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның драйвері.
Компьютерге қосылған әр құрылғы драйвер көмегімен жұмыс жасайтын көрінеді. Мәселен, шина, USB сияқты құрылғылардың драйвері Windows операциялық жүйесінде бірге жүруі мүмкін, бірақ бізге көбіне дыбыс картасы, видеокарта, чипсет құрылғысының драйверін өзіміз орнатуға тура келеді. Драйвер болмаған жағдайда, дыбыс шықпай, монитордағы терезені жылжытқанда қалқып жылжуы, желілік сымды қосқанда желіге қосылмай қою сияқты проблемалар орын алатын көрінеді.
Драйвер іздеудің жолдары әрине көп те шығар, бірақ практикада кездескен бірнеше жолын осында қарастырыпөтсек:
1. Аналық тақшаның (мат. плата) қорабында бірге келетін драйвер дискісі көмегімен орнатуға болады. Кей жағдайда, дыбыс картасы мен видео карта аналықтақшаға орнатылған болып келеді. Тиісінше, олардың драйверін бір дисктен алып орната салуға болады. Бұндай орнатылып қойған құрылғылар әлсіз болып келетін көрінеді, мәселен видео карта жады 16-128 Мб шамасы болуы мүмкін. Тек, әр компьютердің өз дискісінің драйверлерін ғана орнату керек. 2. Құрылғыны ІD арқылы іздеп орнату. Ол үшін: «Мой компьютер» үстіне тышқанның оң жағын шертіп, «Управление» ашу керек, кейін «Диспетчер устройств». Тізімдегі кез-келген құрылғының үстіне тышқанның оң жағын басып, «Свойства» кейін «Сведение» деген жерінде құрылғы ІD жазылып тұрады. Сол ақпаратты көшіріп (ctrl+c) алып, интернеттегі іздеу жүйесі арқылы драйверді алуға болады. Оның жеңілдетілген түрін ұсынатын жақсы ресурс та бар: www.drp.su.
Сонымен қатар, driver.ru сайты да жақсы сайт, әсіресе принтер драйверлерінің көбін осы сайттан алуға болады, ондағы тиісті ОЖ қатысты драйверді алуға болатын мүмкіндігі бар.
Осы құрылғылардың ішінде мысалы, сканерді орнатуға тоқталайық. Сканер - қағаз бетіндегі барлық ақпаратты компьютерге түсіру үшін қолданылатын құрылғы. Айта кететін нәрсе, сканер ақпаратты тек сурет күйінде түсіреді. Яғни, jpg, bmp, png секілді форматтарда.
Сканерді қолданбас бұрын оны кей жағдайларда алдымен драйверлерді орнатып алу қажет болуы мүмкін. Сондықтан іске кіріспес бұрын, қораптағы қолданушыларға арналған кітапшаны байыппен оқып шығыңыз. Драйверді орнату қажеттілігі болса, сканер комплектінде болатын дискті қосып драйверді орнатып алыңыз. Ондай қажеттілік болмаса, құрылғыны сенімді түрде компьтеріңізге жалғай беруіңізге болады. Әдетте, бұл үшін USB шнур қолданылады.
Компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар Басқару панелінде «Бағдарламаларды орнату және өшіру» категориясында көрініп тұрады.
4. Жаңа сабақты бекіту
Үлестірме карточкаларды таңдап, онда берілген тапсырманы орындату: принтер, колонка, веб-камера, ... драйверлерін орнату.
5. Қорытындылау.
Берілген тапсырманың орындалу ретін топ жетекшісі түсіндіріп баяндайды, құрылғының жұмысын тексереді (принтерден үлгілік қағаз басып шығару, веб-камераны, колонканы іске қосып тексеру).
6. Бағалау
Студенттерді үй тапсырмасы және жаңа сабақ бойынша тәжірибелік жұмысты орындағандарына қарап бағалаймын.
Пайыз есебімен бағалау, %
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
Бағалау критерийлері
0-49
Қанағаттанарлықсыз
ДК құрылғыларын жинауда және берілген құрылғы драйверін орнату кезінде қателіктер табылса
50-74
Қанағаттанарлық
ДК құрылғыларын дұрыс жинап, іске қосылғанмен, құрылғы драйверін орнатуда немесе сыртқы құрылғыларды жалғауда қателіктер табылса
75-84
Жақсы
ДК құрылғыларын дұрыс жинап, іске қосылғанмен, құрылғы драйверін орнатуда қателіктер табылса
85-100
Өте жақсы
Тәжірибелік жұмыс толығымен дұрыс жасалып, ДК іске қосылып, сыртқы құрылғылары жұмыс жасаса
7. Үйге тапсырма беру.
«Құрылғылардың драйверлері» тақырыбында ғаламтордан қосымша мәліметтер жинақтау. Әмбебап драйверлерді қандай сайттардан алуға болатынын біліп келу.