Просмотр содержимого документа
«"Қайталау операторы"»
Сабақтың тақырыбы: Қайталау операторы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:қайталау операторлары жайлы толық мәлімет беру, операторлaрдың өзара ерекшеліктерін оқушыларға түсіндіру;
Дамытушылық: өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау,шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге қызығушылық арттыру;
Тәрбиелік; оқушыларды техника қауіпсіздік ережесін сақтай отырып ұқыптылыққа, шыдамдылыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта қолданған әдістер:
Деңгейлеп саралап оқыту, тірек-сызба әдісі.
Пәнаралық байланыс:математика
Сабақтың көрнектілігі: ВР бағдарламасы, деңгейлік тапсырмалар, бағалау қағазы, тест.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту мақсатында интерактивті тақта арқылы сұрақтарды көрсетіп жауап берулерін сұраймын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ-жауап:
1.Бағдарлама қандай бөліктерден тұрады?
2.Қандай сипаттау бөлімдері бар?
3.Тұрақтыларды сипаттау бөлімі қандай қызметші сөзбен басталады?
4. Айнымалыларды сипаттау бөлімі қандай қызметші сөзбен басталады?
5. Бағдарлама неден басталады?
6. Тұрақты шама дегеніміз не?
7. Айнымалы шама дегеніміз не?
8. Шығару операторы қалай жазылады?
9. Енгізу операторы қалай жазылады?
10. Меншіктеу операторы қалай жазылады?
11. Толық шартты оператор қалай жазылады?
12. Толық емес шарт операторы қалай жазылады?
13. Бағдарламаны орындау үшін қандай менюді таңдаймыз?
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ қысқаша тірек-сызба түрінде теориялық тұрғыдан түсіндіріледі.
Есептерді шешу кезінде бір әрекетті бірнеше рет қайталау қажет болады. Осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмдер циклдік алгоритмдер немесе қайталану командалары деп , ал әрекеттердің бірнеше рет қайталануын циклдер деп атаймыз.Паскаль тілінде қайталану операторының үш түрі бар.
Цикл-әзір операторы
Қайталану операторының қайталану саны алдын ала белгілі болмай, цикл жалғасының кейбір шарты берілген жайдайда Шартын алдын-ала тексеретін қайталау саны белгісіз операторы қолданылады.
Бұл оператордың жазылу үлгісі:
WHILE DO
Шартты алдын-ала тексеру циклі операторының орындалуы WHILE сөзінен кейінгі шартты тексеруден басталады. Егер ол сақталса цикл денесі орындалады, соңынан шарт қайта тексеріледі. WHILE (әзір) шарт ақиқат болғанда ғана орындалады.
Егер шарт жалған болса, бұл цикл бір рет де орындалмауы мүмкін.
WHILE шарт DO
(бірнеше оператор қайталанады)
Begin
n-оператор
End.
2. Цикл-дейін операторы
Қайталану саны алдын-ала белгісіз циклдер үшін тағы бір оператор –шартты соңынан тексеру операторы REPEAT (қайталау) операторы қолданылады.
Шарт цикл соңында тексерілетіндіктен REPEAT (қайталау) операторы кем дегенде бір рет орындалады.
Циклдің орындалу шарты ақиқат болғанда оның жұмысы тоқтатылады.
Жазылу үлгісі:
REPEAT UNTIL
(бір оператор қайталанады)
Мұндағы UNTIL – түйінді сөз «дейін» болып аударылады. Ал бірнеше оператор қайталанатын жағдайдағы жазылу үлгісі:
REPEAT :
;
...
n-оператор;
UNTIL ;
Бұл жерде құрмалас оператор REPEAT және UNTIL сөздерінің арасында орналасып, басқа түйінді сөздер жазылмайтыны көрініп тұр. Бұл операторды да WHILE операторын пайдаланған есептерде қолдануға болады.
3.Параметрлі цикл операторы
Операторлар тізбегінің қайталану саны белгілі болған жағдайда ғана параметрлі цикл операторы қолданылады.Параметрлі цикл операторының 2-түрі бар.
Жазылу үлгісі:
1. For:=A to B do
2. Forпараметр:=A downto B do цикл денесі
Мұндағы А –параметрдің бастапқы мәні
В-параметрдің соңғы мәні
Цикл операторының бастапқы және соңғы мәндері тұрақтылармен, айнымалылармен немесе арифметикалық өрнектермен көрсетілуі мүмкін.
1. For:=A to B do -параметрлі цикл операторында алдымен А және В өрнегінің мәндері есептеледі. Егер А≤ В болса , онда тізбекті түрде А,А+1,..., В-1, В мәндерін қабылдап осы мәндердің әрқайсысына орындалады. Егер АB болса , онда орындалмайды.
2. For:=A downto B do параметрлі цикл операторы ұқсас түрде орындалады, бірақ мәні -1-ге тең қадаммен өзгереді. Егер цикл денесі бірнеше операторлардан тұратын болса , онда олар Begin-End қызметші сөздерімен жазылады.
Біріне бірі салынған бірнеше қарапайым циклдер қабаттасқан циклдер деп аталады.
Кейде циклді қанша рет қайталау керек екені алдын-ала белгісіз болады. Бұл цикл ақырсыз деп аталады. Себебі оның елеулі бір кемшілігі – ол аяқтала алмайды, өйткені циклдің аяқталу шарты берілмеген. Электронды есептеуіш машинада алгоритм орындаудағы мұндай қате циклдің аяқталмай қалуы деп аталады.
Циклдің дұрыс ұйымдастырылуы үшін қажетті шарттар:
Параметрдің алғашқы мәнін беру;
Циклдің аяқталу шартын тексеру;
Циклдің жаңадан қайталануы алдында параметрді өзгерту.
Циклдік алгоритмдер бойынша Бейсик тілінде сияқты Паскаль бағдарламалау тілінде де программалар құрастыру өте жауапты жұмыс, өйткені цикл ұйымдастыру ережелерінің біреуі бұзылуы түсінуге де, жөндеуге де болмайтын шатасып біткен программалардың логикалық қателіктерге әкеліп соқтырады.
Ең жиі кездесетін қателіктер:
Циклдің аяқталуын тексеру шарты болмауы. Бұл циклдің аяқталмай қалуына әкеледі;
Циклдің жаңадан қайталануы алдында параметрді өзгертетін команданың жоқ болуы. Бұл жағдайда циклдің аяқталмай қалуына әкеледі.
Параметрдің алғашқы мәнін қоятын команда қалып қоюы. Келесі жолды орындағанда Х-ке мән берілмегендіктен ЭЕМ Х айнымалысына 0 меншіктейді, яғни х:=0 командасын орындайды.
Оқушыларға операторлардың орындалу жолы түсінікті болу үшін бір есепті үш түрлі үлгіде түсіндіреміз.
Мысалы: 1-ден n-ге дейінгі натурал сандардың қосындысын табу.
s =1+2+3+ … + n
Мұндағы S-қосынды мәні, i-сандар қатары, n-соңғы сан.
1-әдіс Блок-схема түрінде
(Whileоператоры арқылы)
WHILE (әзірше)
DO (орындау)
Program E1;
Var s, і, n: integer;
Begin
Read (n);
і: = 0; s: = 0;
While In do
Begin
I: = i+1;
s: = s+i;
End;
Write (‘s=’,s);
Readln;
End.
2-әдіс
(Repeat операторы арқылы)
Repeat (қайталау)
Until (дейін )
Program E1
Var s, i, n:integer;
Begin
Read(n);
s: =0 ;
i:=0;
Repeat
i: = i+1;
s:= s+I;
Until i=n;
Write (‘s=’,s);
Readln;
End .
3-әдіс
(For операторы арқылы)
For-үшін
To-дейін
Do-орындау
Downto-кері қарай
Program E1
Var s, I, n: integer
Begin
Read (n);
S: =0;
For i: = 1 to n do
Begin
S: = s+i;
End;
Write (‘s=’,s);
Readln;
End.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
І деңгей: Тестпен жұмыс.
Тест сұрақтары
1. Паскальда бағдарлама қандай кызметші сөзбен басталады ?
1) begin 2) var 3) program*
2. Өрнектің мәнін табыңыз: х=3 болған жағдайда sqr(sqr(х))=...
1) 9 2) 81* 3) 27
3. Бөлінді қалдығын табу үшін қандай функция қолданылады?
1) div 2) mod* 3) abs
4. Паскаль бағдарламасында айнымалыларды сипаттау бөлігі қандай қызметші сөзбен басталады?
1) Begin 2) Var* 3) Program
5. Турбо Паскаль бағдарламасында циклдың қанша түрі бар?
1) 1 2) 2 3) 3*
6. Өрнектің мәні неге тең 19 div 4?
1) 3* 2) 4 3)19
7. Қай операторда цикл шарты циклдің басында тексеріледі?
1) While 2) Repeat 3) Fог
8. Блок-схемада ромб нені білдіреді?
1) мәліметтерді өңдейді
2) нәтижені шығарады
3) шарт беріледі*
9. Қай операторда циклден шығу шарты шарт ақиқат болғанда орындалады?
1) While 2) Repeat* 3) Fог
2-деңгей. Блок-схеманы құрастыру
Тақтада сызылған блок-схема бөліктерге бөлінеді. Әр бөлікке сұрақ жазылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, тиісті орынға қойылады. Әр оқушы бір-бір сұраққа жауап береді. Жауап 2 ұпаймен бағаланады.
Есеп. Төменде п! факториалын есептейтін блок-схеманы құрастыру керек.
Бұл есеп үш түрлі циклмен есептелген.
While..do
Repeat..until
For..do
Блок-схеманы құрастыру үшін төмендегі сұрақтарға жауап беру керек.
1.Сұрақ: Алгоритм құрылымына қарай қаншага бөлінеді?
Жауап: Алгоритм құрылымына қарай үшке бөлінеді: сызықтық, тармақтық, циклдық болып.
2-деңгейде берілген есептің программасын кұрып, нәтижесін компьютерде көрсету.
Компьютермен, тақтамен және дәптермен жұмыс (есептер шығару). Жоғарыда берілген блок-схемалардың кез-келгеніне программа құрып, нәтижесін компьютерде көрсету.
Программа мәтіні:
program faktorial;
var n, i, f: integer;
begin
readln (n);
f:=1;і:=1;
while іdo
begin
f:=f*і; і:=і+1;
end;
write ('f=’,f);
end.
program faktorial;
var n, i, f: integer;
begin
readln (n);
f:=1;і:=1;
repeat
f:=f*і; і:=і+1;
until in;
write ('f=’,f);
end.
program faktorial;
var n, i, f: integer;
begin
readln (n);
f:=1;
for i:=1 to n do
begin
f:=f*і;
write ('f=’,f);
end.
Көзге жаттығу жасату.
Оқушылар ортаға шығып бір оқушының айтуымен жаттығу жасайды.
V.Қорытындылау.
Интерактивті тақтамен ақпараттық диктант алу.
шатты операторды ата.
If, Then, Else
Таңдау операторын ата
Case
Қайталау операторларын ата
While-do, Repeat- Until, For
Мәліметтерді енгізу операторын ата
Read, Readln
Мәліметтерді манитор экранына шығару операторын ата.
Write, Writeln
VI.Үйге тапсырма
Қайталану командасы
1. Шартын алдын-ала тексеретін-WHILE операторы
2. Шартты соңынан тексеретін-REPEAT операторы
3. Параметрлі цикл-FOR операторы
Есеп 1
У=((...(202-192)-182)2-...- 12)2 өнегін
есептеу бағдарламасын құру.
Есеп 2
Келесі заңдылықты пайдалана отырып, натурал санды квадратқа шығару бағдарламасын құру.
12=1
22=1+3
32=1+3+5
42=1+3+5+7
…………………………….
n2=1+3+5+7+9+…+2n-1
VІІ. Бағалау.
Жұмыстарын тексеріп, бағалау кестесіне енгізіп санап шығу, оқушыларды бағалау.