Мен Асралиева Арайлым Бактыбаевна 1990 жылы 7 – желто?санда Б?О, ?арат?бе ауданы ?оск?л ауылында д?ниеге келдім. ?лтым – ?аза?.
1997 жылы ?оск?л ауылында?ы ?оск?л жалпы орта мектебіні? табалдыры?ын аттап, оны 2008 жылы бітірдім.
2008-2011 жылдары Ж.Досм?хамедов атында?ы педагогикалы? колледжін «К?сіптік о?ыту» маманды?ы бойынша ая?тап, 2011-2013 жылдары Ж.Досм?хамедов атында?ы педагогикалы? колледжін «Технология» п?ніні? м??алімі маманды?ы бойынша ая?тап, 2014 жылы Б?ГА «Информатика п?ніні? м??алімі» маманды?ын жал?астырудамын. 2011 жылдан бері ?оск?л ЖОББ мектебінде ?стазды? ?ызмет ат?арып келемін.
?стазды? еткен жылдарда?ы е?бегім ескеріліп, 2012 жылы Ауданды? білім беру б?ліміні? «??рмет грамотасымен», Ауыл ?кіміні? «Ал?ыс хатымен», Мектеп директорыны? «Ал?ыс хатымен» марапатталдым.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Visual Basic тілін кім құрды және ол қандай программа?
Visual Basic тілінің технологиялық ерекшелігі қандай?
Нысан неден тұрады?
Нысанға бағытталған программалау тілі қандай қызмет атқарады?
Нысандардың стандартты жиынтығын атаңдар.
III Жаңа тақырыпты түсіндіру
Visual Basic программасын іске қосу үшін: Пуск Visual Basic 6.0 батырмасын шертеміз, экранда Visual Basic программасы өзінің жаңа жоба терезесімен пайда болады. Жаңа жоба терезесі үш қосымша жобалардан тұрады:
New (Жаңа жобалар) – жұмысты бірінші рет немесе жаңа бастап отырған болсаңдар, жаңа жобалар қосымшасындағы Standart Exe шертсе, жаңа жоба ашылады.
Existing (Қолданыстағы жобалар) – мұнда программамен бұрын жұмыс істеген және бұрын пайдаланып, сақтап қойған жобаларың болуы мүмкін.
Recent (Жақында пайдаланылған жобалар) – мұнда соңғы уақытта пайдаланылған жобалар сақталады.
Жаңа жобаны Standart Exe арқылы ашқанда, экранда Project1-Microsoft Visual Basic [desing] – жаңа жоба терезесі пайда болады. Пішін Frm кеңейтілуімен сақталады және пішін жобаның ішінде орналасады. Ал жобаның кеңейтілуі VBP (Visual Basic Project).
Visual Basic программасы терезесі мыналардан тұрады:
Пішіннің конструктор терезесінен.
Қасиеттер терезесінен.
Құрал-саймандар тақтасынан (басқару элементтері).
Жоба терезесінің нұсқаушысынан.
Пішін терезесінен.
Тақырып жолынан.
Мәзірлер қатаарынан.
Жоба терезесінің экоанда қалай орналасқанын көру үшін: Форманың орналасу терезесін (Form Layout) қолданған жөн. Егер бұл терезе жобада болмаса View Layout Windows бұйрығын таңдаймыз.
Егер жоба терезесінің нұсқаушысы жоқ болса (Project Explorer), онда View Project Explorer немесе [CTRL+R] батырмалар үйлесімін орындаймыз. Жоба терезесінің нұсқаушысы жұмыс істеп тұрған жобаның графикалық мазмұнын, жобаны (кеңейтілуі – vbp) және жобаға кіретін бірнеше файлдар (кеңейтілуі – frm) тізімін көрсетеді.
Тақырып жолында Жобаның аты және үш негізгі батырма орналасқан.
Бас мәзірлер қатарында File, Edit, View, Project, Format, Debug, Run, Query, Diagram, Tools, Add-Ins, Windows, Help мәзірлері орналасқан. Осы мәзірлер өздеріне тән қасйеттерге ие.
File (Файл) мәзірінде жобаларды ашуға, сақтауға, құруға болады.
Edit (Түзету) мәзірінде нысандарды көшіруге, қиып алып қоюға болады және іздестіруші Find бұйрығы орналасқан.
View (Түр) – қарау режімдері қосылады, қосымша құрал-саймандарды орнатады.
Project (Жоба) мәзірінде жаңа пішіндер, модульдерді, мультимедиялық компоненттерді қосуға болады, мұнда басқару элементтері тіркеліп және жойылып отырады.
Format (Пішін) мәзірі – пішіндер мен басқару элементтерінің орналасуы мен өлшемдік қасиеттерін береді.
Run (Іске қосу) мәзірі арқылы программаларды іске қосуға және тоқтатуға болады. Run мәзірі программаны жұмыс жасап отырған жерінен үзіп жібереді және қайтадан бастауға мүмкіндік береді.
Windows (Терезе) мәзірі – бірнеше терезелермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Терезелерді каскадтық түрде орналастырауға болады.
Help мәзірі – анықтама арқылы шақырылатын бұйрықтар.
Tools мәзірі – процедуралар енгізеді.
Query – сұрату жасау.
Diagram – диаграмма тұрғызады.
Add-Ins – баптау.
Егер терезеде құрал-саймандар қатары болмаса: View Toolbars Standart бұйрықтары арқылы орналастыруға болады.
IV Тәжірибелік тапсырма
«Қош келдің, досым!» атты алғашқы жобамызды жасайық. Ол үшін төмендегідей әрекеттерді орындаймыз.
Бірінші Command button атауын ОК деп, екінші Command button атауын Тазалау деп өзгертеміз.
ОК атауындағы батырманың код терезесіне Label1. Caption= “Қош келдің, досым!” мәтінін енгіземіз.
Тазалау атты батырманың код терезесіне Label1. Caption= “ ” жазамыз.
Енді старт бұйрығын орындап жұмысты тексереміз. Шығатын нәтиже ОК батырмасын басқанда “Қош келдің, досым!” деген мәтін көріну керек, ал Тазалау батырмасын басқанда мәтін экраннан өшу керек.
Жұмысты сақтаймыз.
V Сабақты бекіту
Visual Basic программасын іске қосу жолдарын атаңдар.
Visual Basic программасының терезе құрылысын атаңдар.
New, Existing, Recent жобаларын түсіндіріңдер.
Мәзірлердің қызметі қандай?
VI Үйге тапсырма Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы
VII Бағалау Оқушыларды білімдеріне қарай бағалаймын