Сабақтың тақырыбы: | §21 Inkscape векторлық графикасының редакторы |
Сілтеме: | |
Сабақтың мақсаты | Оқушылардың Inkscape бағдарламасының интерфейсін қолданып, бағдарламамен жұмыс жасау тапсырмалары арқылы, құралдармен командаларды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру |
Оқыту нәтижесі | Жұмыс үстелі және оның құрылымын сипаттап іске қоса алады. Inkscape бағдарламасының құралдарын пайдаланып компьютерде тапсырмалар орындай алады. Inkscape бағдарламасында әртүрлі бейнелерге құралдар мен командаларды қолдана алады. |
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ |
Модульдер | СТО, АКТ , өзін-өзі бағалау, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, Талантты және дарынды балаларды оқыту |
Әдіс-тәсілдер | «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Джигсо», практикалық жұмыс, сәйкестендіру тесті |
Түйінді идея | Inkscape векторлық графикасының редакторы |
Сабақ кезеңдері: | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар |
Кіріспе | Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгелдеу, оқу –құралдарын тексеру Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушыларды қарама – қарсы тұрғызып, сергіту сәтін ойнату. Күлім қағып қолымды, Бір, екі, үш деп соғайын. Қарап тұрған көршіме, Қолымды мен бұлғайын. Жылы-жылы сөзбенен, Маңдайынан сипайын. Жылы-жылы сөзбенен, Жүрегімді сыйлайын. Ыстық алақаныммен, Қолыңды бір қысайын. Амандасып өзіңменен, Құшақтап бір алайын. | Амандасады, кезекшілер мәлімет береді. 1.Графикалық файлдың пішімі дегенді қалай түсінесіңдер? 2.Растрлық пішімге мысалдар келтіріңдер 3.Суреттер қандай пішімде жиі сақталады? 4.Сығымдау дегеніміз не? 5.Кескіңдерді сығымдаудың әдісін ұсыныңдар. Үйден Paint қарапайым графикалық редакторда салып келген суреттерін көрсету. Оқушылар негізгі тақырыпқа қатысты сәйкестік тест орындайды. | Әуен ойнап тұрады
Слайд
Суреттер
Таратпа қағаздар |
Дарынды, талантты оқушылармен жұмыс. | Мұханбетхали Асланның графикалық редактор туралы дайындап келген мәліметін тыңдау. | «Өзіңе белгілі графикалық редакторлардың түрлерін анықтап, олардың мүмкіндіктерін сипатта». Тапсырмасын ұсыну. | |
Таныстырылым | «Ой қозғау» | Оқушылар Венгр сөзжұмбағын шешіп жаңа сабақтың тақырыбын ашады | сслайд |
Негізгі бөлім | «Джигсо» әдісі арқылы оқушыларға тақырыпты бөліп беремін. Оқушылар түсінгендерін бір-біріне түсіндіреді. Жұмыс дәптерінде тапсырмаларды орындау. 1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма Компьютерде тәжірибелік жұмыс | Оқушылар Жигсо әдісімен тақырыпты оқып түсіндіріп береді. Оқушылар жұмыс дәптерінде тапсырмаларды орындайды. 1-топ Inkscape векторлық графикасының редакторының интерфейсі 2-топ Атаулар мен құралдар тағайындау арасындағы сәйкестікті орнат. 3-топ INKSCAPE-те қайтару әрекеттері тәсілдерін сипатта. 4-топ Құралдарға белгіленген пернелер кестесін толтыр. Оқушылар жеке-жеке компьютерде тәжірбиелік жұмыс орындайды. Дескрипторлар арқылы өз жұмыстарын бағалайды. Дескрипторлар 1.Inkscape бағдарламасын іске қосуды білемін. 2. Тіктөртбұрышты тор құрып өшіре аламын. 3. Әртүрлі құралдарды қолдана аламын. 4. Фигураларға түстер бере аламын. 5. Фигуралар жиегін қосып , алып тастай алады | Оқулық Таратпа қағаздар Жұмыс дәптері
Компьютер Слайд |
Сергіту | Қол саусақтарына арналған жаттығулар Алақанды уқалау. Қолды қысу Білезіктен айналдыру Көзге арналған жаттығулар. Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса | Жаттығуды орындарында отырып орындау. | |
Қорытындылау | Оқушыларды бағалау Бағалау парағы. | Аты – жөні: | Дескрипторлар | Баға | 1.Inkscape бағдарламасын іске қосуды білемін. 2. Тіктөртбұрышты тор құрып өшіре аламын. 3. Әртүрлі құралдарды қолдана аламын. 4. Фигураларға түстер бере аламын. 5. Фигуралар жиегін қосып, алып тастай алады | | Бағалау парақшаларын толтыру | Таратпа қағаздар Слайд Бағалау парақшалары |
Үйге тапсырма: | §21, сұрақтарға жауап беру, 4-5 сұраққа дәптерде жазбаша жауап беру | Күнделіктеріне жазып алады | |
Рефлексия | Мен бүгінгі сабақта не білдім....... Маған қызықты болды........ Маған қиындық тудырған....... Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде............... пайдаланымын Мені толғандырған............. |