kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Информатика еліне саяхат: «Paint» графикалық редакторы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі балаларда информатика пәніне деген сүйспеншілігін ояту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Информатика еліне саяхат: «Paint» графикалық редакторы.»

Мектепалды даярлық тобындағы информатика оқу іс - әрекеті.



Тақырыбы: Информатика еліне саяхат: «Paint» графикалық редакторы.



Мақсаты: Қауіпсіздік ережелер және кабинетте өзін алып бару ережелерін қайталау. Тышқан құрылғысымен жұмыс жасауды жетілдіру. Графикалық редакторында балалар дайын пішіндерден сурет құрастыруды үйрету, түстермен бояу және қарындашпен жұмыс жасау. Көз жаттығуын қайталау. Балалардың ұсақ қол моторикасын, ойлау, есте сақтау, логика және сөйлеу қабілетін дамыту. Балалардың информатика оқу іс-әрекетіне және шығармашылықа қызығушылығын арттыру.



Сабақтың барысы:

Балалар қане шеңбер болып тұрайықшы. Бір – бірімізбен амандасып және бір - бірімізге күлімдейікші. Ал енді қонақтарымызға қарап, барлығымыз бірге амандасайықшы. Қонақтарымыз қуанышты жүздерімізді көріп, олар да біз бен бірге қуанып қалсын.



(Кабинетке Дымбілмес жүгіріп кіріп, столда тұрған компьютерді қозғайды, тоқтарын тартып, пернелерін қатты тоқылдатып басады.)











Апай: Дымбілмес сен неге олай асығып келдің және біздің копьютерлерімізді қозғап жатсың?



Дымбілмес: Бүгін менің туган күнім, ал мен осы жылы өте бұзық болғаным үшін, анам маған сыйлықты тек қана тапсырмаларды орындағасын ғана беретінін айтты. Ол тапсырмалар компьютер мен орындалады екен, ал мен бұл сабаққа мүлдем қатыспағанмын. Мүмкін осы жерге келіп өзім орындайтын шығармын деп келдім, бірақ компьютерді қоса алмай жатырмын.



Апай: саған қарап мен бір оқиғаны есіме түсірдім, мен сендерге айтып берейін, ал сендер мұқият тыңдаңдар.

Қыс айы. Ауа райы қолайсыз, жел соғып, қар жауып тұрды. Асан асығып мектепке келсе бірінші сабақ информатика екен. Ол су болған сыртқы киімін шешпестен, информатика кабинетіне жүгіріп кірді. Мұғалімге назар аудармастан компьютерді қосты. Қоңырау дауысын ести салысымен асығыс сумкасынан кітап, қалам , дәптерлерін және мамасы салып берген тоқашын да бірге алып пернетақтаның үстіне қойды. Сабақ ортасында Асанның келесі математика сабағы екені және одан есеп шығармай келгені есіне түсті. Асан тыпыршып, қозғалақтап отыра алмады. Соның салдарынан электр тогына қосылған сымды аяғымен қозғап, компьютерді өшіріп алды.

Балалар сендер қалай ойлайсыңдар біздің Дымбілмес және Асан дұрыс жасадыма?



Балалар: жоқ.



Апай: балалар олар қайсы ережелерді сақтамаған, қалай ойлайсыңдар?



Балалар: қауіпсіздік ережелерін.



Дымбілмес: Мен сонда дұрыс жасамаған екенмін. Апай кешіріңіз.

Балалар мүмкін сендер маған қауіпсіздік ережелерін айтып берерсіңдер, ал мен соны есіме сақтап алайын.



Апай: Қане балалар қауіпсіздік ережелерді Дымбілмеске айтып берейік, ал сен мұқият тыңдап ал.



Балалар: Су киіммен компьютердің алдына отыруға, алдында сусындарды ішуге, тамақ жеуге, су қолымызбен ұстауға, монитордың бетін ұстауға, пернелерін тоқылдатуға, ұйықтауға, алдына артық нәрселерін қоюға, компьютердің алдында отырғанда тік отырып және таза ұстауымыз керек.



Апай: Балалар жарайсыңдар!



Дымбілмес: Балалар сендер қанша ережелерді жаттап алыпсыңдар жарайсыңдар. Ал мен мына тапсырмаларды түсінбей тұрмын олар жұмбақ түрінде жасырылған.



Апай: Дымбілмес мұңайма біздің балалар саған көмектеседі. Сен балаларға бірінші жұмбағыңды оқып бер, ал олар шешімін айтып тапсырманы орындайды.



Дымбілмес: жарайды. Ал балалар мұқият тыңдаңдар.

Ақ сандығым ашылды,

Қызарып жалын шашылды.



Балалар: Күн.



Апай: Балалар жарайсыңдар. Демек бірінші тапсырмамыз күн жайлы екен. Ал Дымбілмес конвертті ашагой ішінде қандай тапсырма жатқанын көрейік.

Дымбілмес конвертті ашады.



Апай: Балалар караңыз суретте күннің суреті бейнеленген.



Балалар «Paint» редакторында салынған күннің суретін бояйды.

Апай: жарайсыңдар балалар! тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Ал қауыпсіздік ережеде айтылғандай компьютердің алдында ұзақ отыруға зыянды, көздеріміз шаршап қалады, сондықтан барлығымыз орнымыздан тұрып көз жаттығуын орындайқшы, Дымбілмес сенде біздерге қосыл. Ал тапсырмаларды жаттығудан кейін жалғастырамыз.

Көз жаттығуы:

Көзімізді ашып жұмамыз 1,2,3,4.

Жоғары, төмен, оңға, солға қараймыз 1,2,3,4.

Басымызды сағат тіліндей бұрамыз 1,2,3,4.

Жаттығуымызды аяқтап, орнымызға отырамыз.



Апай: Балалар жарайсыңдар! Көз жаттығуын орындадық көздеріміз демалып қалды. Ал Дымбілмес екінші тапсырмаңды оқып береғой балалар сендер мұқият тыңдаңдар.



Дымбілмес:

Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз.



Балалар: Зымыран.



Апай: дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар суретке мұқыят қараңдар ол қай пішіндермен құралған?



Балалар: Үлкен тікбұрыш, 2 кішкентай тікбұрыш, үшбұрыш және шеңберден.



Апай: Жарайсыңдар балалар, ал екінші тапсырмамыз зымыранды салу.

Балалар «Paint» редакторында дайын пішіндерден зымыранды құрастырап саламыз және бояйды.



Апай: жарайсыңдар балалар мына зымыранмен ғарышқа ұшаберуге болады. Балалар қане бір орнымызда отырмай сергіту сәтін орндайықшы.



Балалар орнынан тұрып компьютерге косылған сергіту сәтін орындайды.



Апай: балалар қандай керемет дем алып қалдық, Дымбілмес енді қане үшінші тапсырмаңды оқып береғой.



Дымбілмес:

Түнде қарасам көп,

Күндіз қарағанда жоқ.



Балалар: Жулдыздар.



Апай: қандай тапқырсыңдар балалар. Дұрыс айттыңдар.



Апай: ал ендігі тапсырмамыз жулдыз жайлы екен, қане қарайық ой бірақта мұнда сандар жазылғанғой, балалар қане сандарды рет-ретімен келтірейікші.



Балалар «Paint» редакторында қарындашты таңдап сандарды біріктіреді.

Апай: балалар бұл ненің суреті болып шықты?



Балалар: Жулдыздың.

Кабинетке Дымбілместің анасы кіріп, балаларды мақтайды.



Анасы: балалар жарайсыңдар қандай ширақ, кандай тапқырсыңдар мен тапсырмаларды жұмбақ ретінде жасырсамда сендер олардың жауаптарын таптыңдар.



Дымбілмес: анашым мен сенен кешірім сұраймын. Информатика сабағы өте қызықты екен мен балалардан көп нәрселерді үйрендім. Енді менде балалардан қалмай барлық сабақтарға қатысатын боламын.



Анасы: жарайсың Дымбілмес, ал енді балалармен қоштасайық үйде бізді қонақтар күтіп отыр.

Дымбілмес пен анасы шығып кетеді.



Апай: балалар бүгін бізге кім қонққа келді?



Балалар: Дымбілмес және анасы.



Апай: сендер қандай тапсырмаларды орындадыңдар?



Балалар: күнді боядық, зымыранның суретін салдық және сандар арқылы жұлдыздың суретін салдық.



Апай: жарайсыңдар балалар! Сендер тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар, ал сендерге ұнадыма?



Балалар: Ия.



Апай: Балалар осымен бүгінгі «Информатика еліне саяхат» «Paint» графикалық редакторы» атты оқу іс - әрекетіміз аяқталды. Сау болыңдар.











































« Бекітемін»

«№8 «Алтын сақа» балабақша – мектепке дейінгі гимназия» МКҚК

_____________директоры А. Қ. Абилова



Тақырыбы: «Дымбілместің туған күні».

Информатика еліне саяхат: «Paint» графикалық редакторы.




















Дайындаған:

Информатика маманы: Раку А.М.

Әдіскер: Ыбрай Н.К.

Қатысқан топ: «Жұлдыз» тобы.

Күні: 13.01.2016 ж.













2015 – 2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Информатика еліне саяхат: «Paint» графикалық редакторы.

Автор: Раку Алия Михайловна

Дата: 25.05.2017

Номер свидетельства: 418445

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Информатика ?леміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(29) "informatika-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "278458"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453096723"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства