Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істегенде адамның басы ауырады,көздері шаршайды,бұлшық еттері тала бастайды,жалпы қажиды.Денсаулықтың бұзылуына әкеп соқтыратын факторлар бар.Бірінші және ең алғашқы фактор – бұл көзге көп салмақ түсуі.Екінші фактор –компьютер алдындадұрыс отырмау. Үшінші фактор-бұл жүйкеге көп салмақ түсуі.Төртінші фактор-компьютер мониторынан тарайтын радиация.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Графикалық редактордың түрлері»
Сабақтың тақырыбы: Графикалық редакторлардың түрлері. Графикалық редакторлардың негізгі мүмкіндіктері мен қолданылуы
Сабақ/ оқу мақсаттары:
Білімділігі: Студенттерге графикалық редакторлардың түрлері, графикалық редакторлардың негізгі мүмкіндіктері мен қолданылуы туралы түсінік беру. Сауаттылыққа, ізеттілікке, ізденімпаздылыққа, зеректікке баулу.
Дамытушылық: Білім алушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру .
Тәрбиелік: Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке,шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, конспекті жазу.
Пән аралық байланыс: Ағылшын тілі, орыс тілі, сызу, геометрия
Сабаққа қажетті:
Оқулықтар/әдебиеттер: Информатика, Ақпараттық технологиялар, Интернет желісі
Құрал-жабдықтар: Компьютер, интербелсенді тақта
Сабақ/оқу барысы
№
Сабақ/оқукезеңі
Мазмұны
1
Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару.
2
Өткен сабақтар бойынша
білім деңгейлерін
тексеру
(үй тапсырмасын
сұрау)
Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары:
Microsoft Power Point қосымшасы қандай қызмет атқарады?
Microsoft Power Point көрмесі деген не?
Көрме неден құралады?
Кәдімгі Microsoft Power Point көрмесі қамтитын файлдың кеңейтімін көрсетіңіз.
Microsoft Power Point көрмесіне жаңа слайдты қалай үстеуге болады?
Microsoft Power Point көрмесін қалай сақтауға болады?
3
Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру
Жаңа сабақ тақырыбы:
Графикалық редакторлардың түрлері. Графикалы редакторлардың негізгі мүмкіндіктері мен қолданылуы
Жоспары:
Ғылыми графика
Іскерлік графика
Контрукторлық графика
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез - келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді: Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды. Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т. б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады. Контрукторлық графика - инженер - конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР - дың(систем автоматизации проектирования - жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады. Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.