Microsoft Word – тың жұмыс терезесін қандай батырмалар басқарады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушылар бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан ерекше. Себебі, сабақ барысында біз еңбек етеміз, біздің еңбегіміз берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру және тапсырмалар орындау. Әр жасаған еңбегіміз сыйақымен бағаланады. Сондықтан, сабақ барысында бәріміз атсалысып еңбек етейік.
Жаңа сабағымыздың тақырыбы «Геометриялық кескіндерді салу, түстерін өзгерту және де орнын ауыстыру». Мақсаты: құжатқа геометриялық кескіндерді салуды, түстерін өзгертуді және де орнын ауыстыруды үйрену.
Microsoft Word текстік редакторында сурет енгізу үшін, бірнеше қадам жүзеге асырылады.
1-қадам. Microsoft Word текстік редакторын іске қосамыз.
Бастау - Бағдарламалар – Microsoft Office - Microsoft Word
2-қадам. Мәзір жолағынан Кірістіру әмірін таңдап, шерітеміз. Осы кезде алдымызға тағы бір терезе ашылады.
3-қадам. Терезенің ішінен сурет таңбасы бар батырмасын таңдап, шеріткен кезде «суреттер кітапханасы» ашылады. Сол кітапхананың ішінен қажетті суретті таңдап, төмендегі кірістіру командасын орындағанда, біз таңдаған сурет құжатқа енгізіледі.
Геометриялық фигураларды құжатқа кірістіру үшін: жоғарыда айтылып өткен қадамдарды қайталаймыз. яғни,
1-қадам. Microsoft Word текстік редакторын іске қосамыз.
2-қадам. Мәзір жолағынан Кірістіру әмірін таңдап, шерітеміз. Осы кезде алдымызға тағы бір терезе ашылады. Терезенің ішінен геометриялық фигуралары бар батырманы таңдап, шерітеміз. Осы кезде тағыда бір геометриялық фигуралардың алуан түрлері бар терезе ашылады. Терезенің ішінен қажетті геометриялық фигураны таңдап, құжатқа орнатамыз.
Суреттердің немесе геометриялық фигуралардың көлемін өзгерту үшін, белгіленген нысанды үстінен тышқанмен екі рет шерітеміз. Осы кезде суреттің оң жақ қабырғасында, сол жақ қабырғасында, жоғарғысында және төменгісінде , сонымен қатар қабырғалардың түйіскен бұрыштарында мынадай екі жақты бағдаршалар пайда болады. Сол екі жақты бағдаршаларды ілгері,кейін жылжыту арқылы берілген суреттің немесе геометриялық фигуралардың көлемін өзіміздің қалауымызша өзгерте аламыз.
Құжаттағы суреттерді немесе геометриялық фигураларды бір орыннан екінші орынға жылжыту үшін. Белгіленген суреттің немесе геометриялық фигураның үстіне тінтуірді апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып, қажетті орынға жылжытамыз.
Геометриялық фигуралардың түстерін өзгерту үшін мәзір жолағында орнатылған Формат батырмасын орындаймыз. Осы кезде түрлі бояулар терезесі ашылады. Қажетті бояуды таңдап, фигураны өзіміздің қалауымызша бояп аламыз.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
«Қызықты ұяшықтар» ойынын өткізу арқылы жаңа тақырыпты бекіту.
200- Microsoft Word терезесін қалай іске қосамыз?
200- құжатқа геометриялық фигураларды қалай енгіземіз?
200- құжатқа суреттерді қалай кірістіреміз?
500- суреттердің, геометриялық фигуралардың көлемін қалай өзгертеміз?
500- геометриялық фигуралардың түсін өзгерту керек. Ол үшін ... (сөйлемді аяқтау)
500-суреттерді, геометриялық фигураларды бір орыннан екіші орынға жылжыту керек. Ол үшін не істейміз?
1000- мына батырмалар қандай қызмет атқарады?
1000- ақпаратты тасымалдаушы құрылғыларды ата.
1000-Windows сөзі не деген мағынаны білдіреді?
2000- Excel терезесі нелерден құралған?
2000- Excel терезесін қалай іске қосамыз?
2000-ақпараттық өлшем бірліктерді ата.
Ү. Бағалау.
Оқушылардың сабақ барысында жинаған сыйақыларына қарай мадақтап, бағалау.
ІҮ. Қортынды.
«ОН саусақ» треннинг, сабақ барысында алған ұнамды әсерлерін жазу.