Берілген уақыт | Пәні: информатика | Мерзімі: | Сыныбы: 8 |
Сабақтың тақырыбы: | «Электрондық кестеде диаграммаларды құру» |
Сабақтың реті: | 4-сабақ |
Жалпы сабақтың мақсаты: | Электрондық кестеде диаграммаларды құрутуралы мәлімет ала отырып, диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйреніп, меңгереді. Бір-бірін тыңдауға, сыйлауға, бағалауға және ұжымда, шағын топта жұмыс жасауды үйренеді |
Оқу нәтижелері: | - диаграмма тұрғызу туралы біледі; - тақырыптың негізгі идеясын түсінеді; -ойларын еркін жеткізе алады; -бір-біріне сыйластық көзқараспен қарайды; -шығармашылық тұрғыда бірлесіп жұмыс жасай алады; -өзін және құрдастарын бағалай алады; - ұжымда, шағын топта, жұпта жұмыс жасай отырып, бірін-бірі тыңдауды, сыйлауды үйренеді. |
Түйінді идеялар: | Excel бағдарламасы және диаграмма туралы түсініктері кеңейеді |
Сабақтың типі: | Жаңа білімді зерделеу мен алғашқы есте сақтау және іс-әрекеттер тәсілдері |
Сабақты ұйымдастыру түрі: | Тренинг |
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: | Шаттық шеңбері, ойқозғау, жеке, жұптық, топтық жұмыс қар үйіндісі әдісі бойынша, басбармақ, бағдаршам, парталас көршіне бір сөз таңда, тізбекті үзіп алама, қасындағы сыныптасын тексеру парағы, чемодан, еттатқыш, себет |
Жұмыс түрлері: | Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс |
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: | Интерактивті тақта, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер. |
І Қызығушылығын оятукезеңі: |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
мин | 1-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Шеңбер құрып бірнеше ұлттардың амандасуын жұппен орындату арқылы ынтымақтастық атмосферасын құру. | Оқушылар жұптасып бір – біріне әр түрлі ұлттардың амандасуы арқылы сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастырады. |
1 мин | 2-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Атаулар бойынша топқа бөлу. | Оқушылар әншілер, жазушылар, ақындар атауларымен 3 топқа бөлінеді. |
4 мин | 3-әрекет: Ұжымдық жұмыс: Үйге берілген тапсырма «2030 компьютері» электорнды газет жасап келу | Әр топ жасап келген газеттерін қорғайды |
| 4 – әрекет. Топ жұмысын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. | Оқушылар басбармақ әдісі бойынша жұмыстарды бағалайды Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. |
10 мин | 5-әрекет. Ұжымдық жұмыс: «Ой қозғау» әдісі бойынша Диаграмма деген не? Қандай түрлері бар? Адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар? Ендеше бүгінгі сабақта қандай тақырыпппен танысамыз деп ойлайсыңдар? | Оқушылар Excel – дегі диаграмма немесе де диаграмма туралы деп жауап берулері мүмкін. |
6-әрекет.Топтық жұмыс: Жеке, жұптық, топтық жұмыс: Қар үйіндісі әдісі бойынша оқушыларға оқулықтағы 93-беттегі мәтінді жеке оқып, жұпта, топта талқылап, түсінгендері бойынша постер әзірлеуді тапсыру. | Әр оқушы жеке ойланады, жұбымен және топпен талқылайды. Өз ойларын плакатқа түсіреді, ұжымға жариялайды. |
1 мин | 7-әрекет: Ұжымдық жұмыс: «Бағдаршам» әдісі бойынша бір-бірінің постерін бағалатуға ұсыныс білдіру | Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, сары түсі = жартылай түсінікті, жасыл = барлығы түсінікті). Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. |
| ІІ Мағынаны ажырату кезеңі: |
10 мин | 8-әрекет: Жеке жұмыс: Тізбекті үзіп алма әдісі бойынша Excel тақырыбы бойынша 3 оңай, 3 орташа, 3 қиын сұрақ дайындау | Әр оқушы берілген тапсырма бойынша сұрақтар дайындайды. Әр оқушы өз жасындағы оқушылардың деңгейіндегі сұрақтар құрайды. Әр оқушы бір-біріне тізбектеле тез тез сұрақтар қойып жауап алады. |
9-әрекет:Жеке, топтық жұмыс: Парталас көршіңе бір сөз таңда әдісі бойынша «Сен жарайсың; Сенің қойған сұрақтарың маған ұнады; Сенің мүмкіндігің одан да зор» сөздерін пайдалану арқылы құрдастарын бағалату | Оқушылар «Сен жарайсың; Сенің қойған сұрақтарың маған ұнады; Сенің мүмкіндігің одан да зор» сөздерін пайдаланып құрдастарының жұмыстарына баға береді |
7 - мин | 10-әрекет.Жеке жұмыс. Оқушылар алда келе жатқан қандай мереке /наурыз мерекесі/ Біз бұл мерекеде қандай ас дайындаймыз /наурыз көже/ Олай болса Наурыз көженің құрамына кіретін тағамдарды және олардың мөлшерін диаграмма түрінде көрсету. | Әр оқушы компьютерде диаграмма құрады және диаграмманың қандай түрі екенін айтады. |
1 мин | 11-әрекет.«Блоб» әдісі бойынша жаңа тақырыпты меңгергендерін, түсінгендерін анықтау. | Оқушылар өздері жеке – жеке бояйды қаншалықты меңгергенін. |
| ІІІ Ой толғаныс кезеңі: |
5 мин | 12-әрекет: Ұжымдық жұмыс: Дискуссиялық карта әр топқа таратылады. Жаңа түсініктер бойынша сұрақтар беріледі, әр оқушы өз көзқарасын жазады 1-иә, 0-жоқ және семантикалық карта таратылады. | Әр топтың оқушылары дискуссиялық картада берілген сұрақтарға және екінші тапсырма бойынша семантикалық картада берілген сұрақтарға жауап береді. |
2 мин | 13-әрекет: Ұжымдық жұмыс: әр топ бірін – бірі бағалайды. | Әр топ бірінің жасаған жұмысын тақтада көрсетілген жауап арқылы бағалайды |
1 мин | 14-әрекет: Жеке жұмыс: «Чемодан, еттартқыш, себет» әдісі бойынша кері байланыс орнату | Оқушылар өз таңдауларын жасайды. - келешекте бәрі керек - ақпаратты өңдеймін - бәрін лақтырамын |
1 мин | Тыңдаушының пікірталасқа қатысуын бақылау парағы | Әр оқушы бақылап отқан сыныптасы туралы толтырып өткізеді |
| Мұғалім | Малыбаева Гульмира Адильбаевна |