Браузер. Браузермен жұмыс істеу.
Сайлағанова Рая Алиевна,
Бейнеу политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Студенттердің браузер туралы түсінігін қалыптастыру, браузермен жұмыс істеуді үйрету.
Дамытушылық:Студенттерді ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу
Тәрбиелілік:Студенттердің ойлау қабілетін, логикасын арттыру, мәдениеттілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:аралас
Өткізу әдісі:Түсіндірмелі баяндау, практикалық жұмыс орындау.
Сабақтың құрал-жабдықтары:Компьютер, проектор, тапсырмалар, слайд, электрондық оқулық.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Студенттерді түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасы
«World Wide Web жөніндегі негізгі мәліметтер» тақырыбы. (сұрақ-жауап арқылы)
1) World Wide Web дегеніміз не?
World Wide Web – Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. WWW мәні ол ақпаратты түрлі компьютерлерде орналасқан жекелеген мәтіндік, графикалық және т.б. файлдар түрінде ұсынудан тұрады.
2) Файлдар қалай байланысады?
Бұл файлдар бір – бірімен гипербайланыстар арқылы біріктірілген. Файлдардың (немесе объектілердің) мұндай жиынтығы Web - құжат (Web –сайт. Web-site ) ретінде түсінеміз. Web-серверде бірнеше Web-құжаттар орналасқан.
3) Web – құжаттарды іздестіру қалай орындалады?
Web – құжаттарды іздестіру және оған қатынас жасау арқылы нұсқағыш (идентификатор) – URL (Uniform Resource Locator) бойынша орындалады.
4) Стандартты URL қандай бөлімдерден тұрады?
Стандартты URL ақпарат берудің хаттамасын, ақпарат орналасқан компьютердің атын және оған қатынасу жолын белгілейтін бөлімнен тұрады.
3. Жаңа сабақ. Тақырыбы: «Браузер. Браузермен жұмыс істеу.»
Браузер (Қарап шығушы) -гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Ол әркімнің таңдауы бойынша кәдімгі мәтіннің, статикалықбейненің немесе графиктердің экранда бейнеленуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етеді. Кең тараған қарап шығушыларға Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome және т.б. жатады; Web-беттерін қарап шығуға арналған құрал. Гиперсілтеме көмегімен бір бетті қарап шыққаннан кейін келесі бетке өтуге мүмкіндік жасайды.
Бірнеше браузер туралы айтатын болсақ,
- Google Chrome — бұл Google компаниясының Chromium еркін браузері. Алғашқы beta-нұсқасы 2008 жылдың 2 қыркүйегінде Microsoft Windows-ке арналып шығарылды. Ал бірінші тұрақты нұсқасы - 2008 жылдың 11 желтоқсанында шықты.
Алты жыл бойы Google-дің бас директоры Эрик Шмидт үздік браузерді ойлап табу идеясын қолдамады. Ол Google-дің тек қана "кішкене компания" деп және де "браузерлер соғысына" қатысқысы келмеді. Компания негізін қалаушылары Сергей Брин мен Ларри Пейдж Mozilla Firefox браузерін жасаған бірнеше адамдарды ала отырып, Chrome-ның алғашқы түрін көрсеткеннен соң, Шмидт өз сөзінде «Оның керемет болғаны соншалық, өз ойымды өзгертуге тура келді»- деді.
- Mozilla Firefox — еркін таратылатын веб браузер. Қолданылуы бойынша дүние жүзінде екінші орынды (2011 жылдың наурызында 29,98%), ал еркін бағдарламалық қамтама ішінде бірінші орын алады. Файрфокс құрамында орфографияны тексеру, мәтін терілген кезде-ақ оны іздеуді бастау, RSS-ағымдарының интеграциясы, жүктеулер менеджері, "атып шығатын" терезелерді болдырмау, шолғышқа орнатылған кеңейтулерді автоматы түрде жаңарту қасиеттері бар.
- Internet Explorer (қысқаша ІЕ не MSIE) —Microsoft компаниясы 1995 ж. бастап Microsoft Windows амалдық жүйесі құрамдас бөлігі ретінде жасаған графиктік ғаламтор шолғыш өнімі. Бұл бағдарлама 1999 ж. бастап дүние жүзі, 2002-2003 жж. аралығындағы ІЕ5 пен ІЕ6-ның жарық көрген мезгілінен бері бұл қолданымдық көрсеткіші шырқау шегіне жетті де, сонан бері қарай тұрақты төмендеу күйінде болды.
- Opera (О́пера) — Opera Software ASA компаниясы шығаратын Интернетте жұмыс істеуге арналған веб-браузер және бағдарламалық пакет. Норвег компаниясы Telenor-мен 1994 жылы жасап шығарылған. Опера мини- интернеттегі не басқа кез-келген желілердегі веб парақтарын қарап шығу, өңдеу және араларымен өту әрекеттерін орындауға арналған бағдарлама.
Сонымен, веб браузер дегеніміз интернеттегі ақпарат көздерін көру үшін оларды өңдеуге бір беттен екіншісіне ауыстыруға арналған жүйе.
Іске қосу үшін: Іске қосу – Google Chrome командасын орындау керек
4. ТАПСЫРМА
1. www.google.kz cайтынан Интернет туралы реферат іздеу
2. Республикалық «Жас алаш» газeтінің серверін тауып көрсетіңіз
3. College.kz сайтынан Бейнеу политехникалық колледж туралы мәліметті іздеу
4. https://www.bilimland.kz/kk/home#lesson=16450 адресі бойынша сайтпен танысып көріңіз.
4.1. SINkaz электронды оқулықтан тапсырма орындау. (1,4,6-тапсырма орындау)
5. Бекіту сұрақтары:
- Браузер дегеніміз не?
(желіде жұмыс істеуге арналган қосымша бағдарламалық жасақтама)
- Браузер түрлерін ата?
(Internet Explorer, Opera, Mozilla, Google Chrome )
- Браузердің қызметі не?
(браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, интернет қор көздерін қарауға арналған бағдарлама.)
6. Үйге тапсырма «Браузер. Браузермен жұмыс істеу.» тақырыбын оқып келу. Ғаламтордан браузер туралы мәліметті іздеп, тауып, реферат дайындап келу.
7. Студенттерді бағалау. Қорытындылау