kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім базары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Білім базары» зияткерлік ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін бақылау,білімді оқушыларды анықтау, білімді,тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту. Мектебіміздің білімді де жан-жақты оқушысын анықтау.

Міндеті:
- оқушылардың экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім базары»


Тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін бақылау,білімді оқушыларды анықтау, білімді ,тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту. Мектебіміздің білімді де жан-жақты оқушысын анықтау.

Міндеті:
- оқушылардың экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Жүргізуші сөзі:

Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. «Болашақ- білімді жастардың қолында» деп елбасымыз айтқандай, Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім- патриоттықтың негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгінгі сайысымыздың ұраны:

«Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.»
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып.

Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы оқушылар. «Білім биржасы» атты зияткерлік ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ойынға 5 оқушыдан тұратын «Интернет» және «Компьютер» деген 2 топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады.











І тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топтар өз ақша қорын жинайды.
ІІ тур. Эрудиттер сайысы.Оқу бағдарламасынан негізгі ереже мен түсініктерді білу бойынша сайысады.
ІІІ тур. Таңдау – табыс. Әрбір таңдаған ұяшық бойынша берілген тапсырманы орындайды.
ІҮ – тур. Есептер аукционы. Жинаған ақша қорын есептерге айырбастайды.

Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ есепші мамандарын тағайындап алайық.

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім», – деген шығыс ғұламасының сөзімен білім байлығы аукционымызды бастайық.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда теңгемен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 100000 теңгеден бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.

Аукционға оқу пәндері қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы – 10000 теңге. Әр топ бағаны 10000 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң ғана сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», – деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздерімен «Білім аукционы» атты І турды бастайық.

Аукционға №1 – Математика пәні қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 10000 теңге. Қай топ жоғары баға береді? Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына ақша қосады.

Аукционға математика пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Сұрағы: Төртбұрыштың периметрі деген не?
Жауабы: Төртбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қоcындысы

№2. Аукционға информатика пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Ақпараттың қандай түрлері бар?
Жауабы: Мәтіндік,дыбыстық,сандық,графикалық

№3. Аукционға физика пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі не деп аталады?

Жауабы: Деформация

№4. Аукционға информатика пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі)
Компьютердің негізгі құрылғылары қандай
Жауабы: Пернетақта, Монитор,Жүйелік қорап

№5. Аукционға математика пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі).
Сұрағы: Геометрия сөзін аударғанда қандай мағына береді?
Жауабы: «Жерді өлшеу» деген мағынаны білдіреді.

№6. Аукционға физика пәні қойылады. (Сауда жүргізіледі)

Сұрақ:Кеплердің 1-заңын айтып беріңіз

Жауабы: Планеталар эллипс бойымен қозғалады, оның бір фокусында Күн орналасқан.

Осымен І – тур аяқталды. Жоғары капитал жинаған топ ……………

















Біздің екінші турымыз «Кім жылдам яғни эрудиттер сайысы» деп аталады. Әрбір дұрыс жауап құны – 5000 теңге. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады.

Ендеше, «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті» – деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Уақыт!

ІІ – тур. Кім жылдам сайысы
Сұрақтар: І топқа «Интернет» тобы

  • Алғашқы есептеу құрылғысы (саусақ)

  • Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)

  • Есептер панеліндегі пуск батырмасын басқанда не шығады? (бас меню)

  • Ең бірінші программа құрған оқымысты (Ада Лавлейс)

  • Өшірілген файлдар қай бумада сақталады? (себетте)

  • Word Pad редакторымен Ms Word редакторының айырмашылығы

неде? (мүмкіндігінде)

  • Электронды есептеуіш машинасының (ЭЕМ) дамуының неше буыны бар? (5 буын )

  • «Информатика» ғылымы нені зерттейді? (ақпараттық процестерді)

  • Жұмыс үстеліндегі қай элемент компьютердің барлық ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді? (менің компьютерім)

  • Қозғалыссыз бейнені есте сақтайтын кәдімгі құрылғы? (фотоаппарат)

  • Қолданбалы программа жұмысы көрінетін экран аймағы қалай аталады? (терезе)

  • Үлкен әріптермен теру үшін қандай пернені іске қосамыз? (capslock)

  • Адамның ойлау нысандары мен заңдары туралы, нақты айтқанда дәлелді пікір заңдары туралы ғылым? (логика)

  • Буып-түйілген (сығылған) файл қалай аталады? (архив)

  • Windows жүйесінде компьютерді өшіру үшін қандай команда орындаймыз?

ІІ топқа «Компьютер» тобы

  1. Компьютер атасы кім? (Чарлз Бэббдж)

  2. Ақпараттық процестерге нелер жатады?(алу, жіберу, өңдеу, сақтау)

  3. Пернетақтаның қызметі қандай? (ақпарат енгізу)

  4. Windows – тың негізгі обьектісі не? (терезе)

  5. Paint – қандай редактор? (графикалық)

  6. ЕТ даму тарихы неше кезеңнен тұрады? (5)

  7. Сыртқы жадыға нелер жатады? (компакт диск, дискета, флешка)

  8. Ақпаратты түрлендірудің қандай тәсілдерін білесіңдер? (Морзе әліппесі, ASCII коды)

  9. Графикалық редакторда сурет салу қай құрал көмегімен жүргізіледі? (қарындаш)

  10. Атақты Microsoft фирмасының негізін қалаушы ағылшын кім? (Билл Гейтс)

  11. Морзе әліппесі, ASCII коды арқылы ненітүрлендіреді? (ақпаратты)

  12. Монитордың қызметі қандай? (ақпаратты экран бетіне шығарады)

  13. Тышқанның қандай түрлерін білесіңдер? (механикалық, оптикалық, лазерлік)

  14. Қандай графикалық редакторды білесіңдер? (Paint)

  15. Жүйелік қорапта орналасқан ақпаратты өңдейтін құрылғы қалай аталады? (процессор)


ІІ – тур қорытындысын сарапшы эксперименттер хабарлайды.

Енді, «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», – деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.

ІІІ – тур «Таңдау-табыс» деп аталады. Әр топ ұсынылған ұяшықтардың біреуін таңдап, берілген сұраққа жауап береді. Сұрақ құны – таңдаған ұяшық нөміріне байланысты. Таңдауды капиталы аз топ бастайды.

Сол жақтағы10: Информатика кабинетінде өрт болған жағдайда өртті ненің көмегімен сөндіру керек?

Ортадағы 10: Тышқан неше батырмалы болады?

Оң жақтағы 10: Монитор алдында тұратын өсімдікті атаңыз?

Сол жақтағы 20: Теріске шығару амалын атаңыз. (инверсия)

Ортадағы 20: Конъюнкция қандай амал? (логикалық көбейту)

Оң жақтағы 20: «НЕМЕСЕ» жалғаулығы логикалық қандай амалға қолданылады? (дизъюнкция)

Сол жақтағы 30: Мәліметтерді экранға шығару операторы қандай?(write,writeln)

Ортадағы 30: Мәліметтерді енгізу операторын атаңыз. (read, readln)

Оң жақтағы 30: -32768ден 32767ге дейінгі бүтіндер қандай типке жатады? (integer)

Эксперттерден топ жауаптарын бағалап, қорытындысын айтуын сұраймыз. (Топтардың қорытынды капиталын жариялау)

Енді біз ең қызықты соңғы тур «Есептер аукционына» көшеміз.

Аукционға есептер қойылады. Әр топқа есептер беріледі, есептің жауабы дұрыс болса – тігілген ақша сіздің капиталыңызға қосылад. Бастапқы баға – 10000 теңге. Кім жоғары баға ұсынады? /30000-ға дейін/

1 есеп.

1610=?2 жауабы: 100002

110012=?10 жауабы: 2510

2 есеп.

y=3m2+3n2+(n+m)2

паскальда жазылуы: y=3*m*m+3*n*n+sqr(n+m)


k=3*x*(2*а+5) – SIN (2*x)

математикада жазылуы:k=3x(2a+5)-sin2x



3есеп.

1710=?2 жауабы:100012

110002=?10 жауабы: 2410


4 есеп.

y=(k+a)2+7(k2+a2)+1

паскальда жазылуы:y=sqr(k+a)+7*(k*k+a*a)+1


k=TAN(5*x)+7*A*(3*X+1)

математикада жазылуы:k=tg5x+7a(3x+1)

5 есеп.

Жұма күніне сабақ кестесін құрғанда: «Информатика - бірінші немесе екінші, физика- бірінші немесе үшінші, тарих - екінші немесе үшінші сабақ болсын»,- деген тілектер айтылады.

Айтылған тілектердің бәрін қанағаттандыруға бола ма?

Жауабы: Қанағаттандыруға болады. Физика бірінші, информатика екінші, тарих үшінші сабақ болады.

6 есеп.

Үш дос «Формула - 1»автомобиль жарысының жанкүйерлері алдағы жарыс кезеңінің нәтижесі туралы бәстесті.

Көресің, Ержан бірінші келмейді, - деді Дима. - Бірінші болып Нұрлан келеді.

Жоқ, әдеттегідей Ержан жеңімпаз болады, - деп қарсы сөйледі Айдос. - Ал
Бұрхан туралы айтып та керегі жоқ, ол бірінші болмайды. Айдостың бұл сөзіне ашуланған Темір:- Нұрлан бірінші орынның маңына да бармайды, ал Ержан ең күшті машинаны басқарады, -деді. Жарыс кезеңі аяқталғаннан кейін, екі достың екі болжауының әрқайсысы дұрыс болып шықты, ал үшіншісінің болжауы дұрыс болмады. Жарыстың бұл кезеңінде кім

жеңді?

Жауабы: Жарыс жеңімпазы Ержан болды.

Сонымен сайысқа қатысушылардың жинаған капитал қорын есептеу үшін сөз кезегін эксперттерге берейік. Құрметті оқушылар дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі)

«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», – деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!







«Шежін орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



















информатика пәні бойынша зияткерлік ойын сабағы















Пән мұғалімі Хуспан Лида

2016 – 2017 оқу жыл




































Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
/кітап/

лот.
Он екі парақ-
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем-ақ,
Сызылған тақталап.
/дәптер/

лот.
Өшірді, сүртті
Өзгені құртты
Өзін де құртты
/өшіргіш/

лот.
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді./қалам/

лот.
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
/сызғыш/

лот.
Дүниеге тұмсызсыз-ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі.
/қарындаш/

№7 лот.
Күн-күн сайын жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық
/күнтізбе/

№8 лот.
Бірге барып класқа,
Бірге үйіңе қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады.
/күнделік/

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек эксперттерде. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі)

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдағы 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», – деген Н.Д.Зелинскийдің сөзімен «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Білім базары

Автор: Хуспан Лида

Дата: 23.02.2017

Номер свидетельства: 395033

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "?желер- ?мірді? ажары, немере - ?мірді? базары "
    ["seo_title"] => string(48) "zhielier-omirdin-azhary-niemierie-omirdin-bazary"
    ["file_id"] => string(6) "189581"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426956974"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "И.С. Тургенев. «Отцы и дети». Е.Базаров и П.П. Кирсанов. Сравнительная характеристика."
    ["seo_title"] => string(88) "i-s-turghieniev-ottsy-i-dieti-ie-bazarov-i-p-p-kirsanov-sravnitiel-naia-kharaktieristika"
    ["file_id"] => string(6) "265991"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450077373"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Математический базар"
    ["seo_title"] => string(22) "matiematichieskiibazar"
    ["file_id"] => string(6) "280585"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453391856"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Материалы к конкурсной программе "Птичий базар", посвященной Дню птиц "
    ["seo_title"] => string(77) "matierialy-k-konkursnoi-proghrammie-ptichii-bazar-posviashchiennoi-dniu-ptits"
    ["file_id"] => string(6) "110838"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1406701252"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Внеклассное занятие по математике "Математический базар" "
    ["seo_title"] => string(63) "vnieklassnoie-zaniatiie-po-matiematikie-matiematichieskii-bazar"
    ["file_id"] => string(6) "155105"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421243075"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства