Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Әлемді өзгерткен жаңалықтар"»
Мектеп: Орал қаласы №14 ЖОББМ
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Интернеттегі қауіпсіздік
Мұғалімнің аты-жөні: Сарбаева Назгуль Миргалиевна
Сынып: 5 «а»
Сабақтың тақырыбы: «Әлемді өзгерткен жаңалықтар» шағын жобасы
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.4.2.2 құжатқа құпия сөз орнату
5.1.3.1 ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеуді қолдану арқылы жоба жасау.
Оқушылардың басым бөлігі: кез келген тақырып бойынша қолжетімді файлдарды интернеттен жүктеу арқылы жоба жасау
Кейбір оқушылар: құжатқа құпия сөз орнату.
Бағалау критерийі: -Таңдалған жобаның тақырыбын анықтайды
-Жобаны іске асыру үшін қажетті ақпаратты таба алады және іріктейді
- Құжатқа құпия сөз орнатады.
Тілдік мақсаттар: Негізгі сөздер мен тіркестер:
Проект (жоба), документы (құжат), папка(Бума), создать папку(Бума құру), интернет.
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Файл туралы қандай түсінік береміз?
Интернет дегенімізді қалай түсінесіңдер?
Неліктен қолжетімді файлдар деп айтамыз?
Файлдарды жүктеуде қандай іс-әрекеттерді орындаймыз?
Құндылықтарға баулу: Оқушыларды шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлауға, өз уақытын тиімді пайдалануға, өз бетінше жұмыс жасауға, мәдениеттілікке, жауапкершілікке баулу.
Пәнаралық байланыс: География
Тақырып бойынша алдынғы білім: Интернет. Файл және бумамен жұмысты қолдана біледі
Сабақ барысы
Сабақтың басы (6 мин) Ұйымдастыру кезеңі
«Саған сәттілік тілеймін» тренингі. Оқушылар бір – біріне жақсы тілектер білдіреді.
«Мозайка» әдісі арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді (конвертте салынған қиындылар арқылы компьютердің негізгі құрылғыларын құрып шығады).
1 топ- «Жүйелік блок»
2 топ- «Монитор»
Үй тапсырмасын тексеру:
«Ыстық орындық» әдісі
(Бір оқушы ыстық орындыққа отырып, оқушылардан қойылған сұраққа отқа күймеу үшін тездетіп жауабын беру қажет )
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі
Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.
Дескриптор:
Өткен тақырып бойынша білімдерін еске түсіреді
ҚБ: «Бағдаршам» арқылы бағалау (қызыл түс =орташа, сары түс =жақсы, жасыл түс=өте жақсы.)
Сабақтың ортасы (12 мин)
Жаңа сабақ.
Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы:«Әлемді өзгерткен жаңалықтар » мини – жобасы
«Ойлан, бірік, жұптас, бөліс» әдісі арқылы 2 топқа танысуға және жоба жасауға тапсырма беріледі.Оқушылар жобаны постерге түсіндіріп,жұмыстың нәтижесін әр топ бір-біріне түсіндіреді.
1-топ: Жоба дегеніміз не?
2-топ: Жобаны жасалу жолдары
Саралау: «Дереккөздер» тәсілі
Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады.
Дескриптор:
Мәтінге байланысты өз көз қарасын білдіреді.
Жоба,жобаны жасау жолдарын мысалдар келтіріп дәлелдейді,түсіндіреді.
ҚБ «Бас бармақ» арқылы бағалау
(Бір топ оқушылары екінші топ оқушыларының жұмыстарын қолдаймын,қолдамаймын арқылы бағалайды.)
Көзге арналған жаттығулар (2 минута)
1-ден 4-ке дейін санап, көзді қатты жұму.
Көзді жыпылықтату.
1-ден 4-ке дейін санап, саусақтың ұшына қарау.
Көзді айналдыра және кері қарай қимылтату.
Басты бұрмастан (тік ұстап) оңға-солға қарау.
Көздің қарашығын жоғары –төмен қимылдату.
1-ден 4-ке дейін санап, көзді жұму.
1-ден 6-ға дейін санап, алысқа қарау.
Деңгейлік тапсырмалар.
A-деңгейі
Компьютердің ресурстарын қолдануға рұқсат (доступ) жолдарын орында.
В-деңгейі
Жұмыс үстелінде Отан бумасын құрыңдар. Өздерің интернеттен жүктелген файлдарыңды бумаға орналастырыңдар.
С-деңгейі
Интернет желісінен « Ақпараттық техника саласындағы соңғы жаңалықтарға шолу» материалдарын және суреттерді жүктеу. Материалға өз ойларыңды жазып өзгертіңдер және суретті қойыңдар.
Саралау: «Қарқын» тәсілі
Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.
Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады.
Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Дескриптор.
Компьютер ресурстарымен жұмыс істейді.
Буманы рұқсат (доступ) жолдарын тізбектей орындайды.
Бума құрады.
Интернеттен ақпарат алады.
Файлдарды жүктейді.
Бумаларға орналастыра алады
Интернет желісімен жұмыс жасайды.
Интернеттен материалдарды, суреттерді іздеп табады және жүктейді.
Материалды толықтыру үшін өз ойларын жазып, өзгерте алады және суретті қояды.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау
Бір топ оқушылары қалған топтардың жұмыстары бойынша екі жұлдыз, бір тілектерін айтады. Осылайша барлық топ оқушылары басқа топтың жұмыстарын бағалайды.
Сабақты бекіту (5 мин)
-Төменде берілген жаңалықтар ішінен біреуін таңдаңыз және жоба түрінде ауызша қорғаныз
ҚБ: «Стикер» арқылы бағалау
Мұғалім әрбір оқушының жұмысын оларға стикер үлестіру арқылы бағалайды.
Сабақтың соңы, бағалау (5 мин)
Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы негізінде кері байланыс ұйымдастырылады:
Рефлексия пирамидасы әдісі
Үйге тапсырмасы §8 «Әлемді өзгерткен жаңалықтар» шағын жобасы тақырыпты оқу.