Алгоритм және Паскаль программалау тілінен өткенді қайталау
Алгоритм және Паскаль программалау тілінен өткенді қайталау
Оқушылардың Алгоритм және Паскаль программалау тілі тараулары бойынша алған білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып,бекіту.Оқушылардың Алгоритмдік тілде алгоритм құрып білу, блок-сызба түрінде ұсыну және Паскаль программалау тілінде программа құру дағдылары мен қабілеттерін дамыту Ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білуге, өз ойларын еркін және толық жеткізе білуге баулу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Алгоритм және Паскаль программалау тілінен өткенді қайталау»
Алматы облысы
Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы
М.Әуезов атындағы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
ШОНКИНА ГУЛЬСАРА НУРМУХАМБЕТОВНА
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және Паскаль программалау тілінен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Алгоритм және Паскаль программалау тілі тараулары бойынша алған білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып,бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың Алгоритмдік тілде алгоритм құрып білу, блок-сызба түрінде ұсыну және Паскаль программалау тілінде программа құру дағдылары мен
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білуге, өз ойларын еркін және толық жеткізе білуге баулу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: Қайталау сабақ
Технология: Сыни тұрғысынан ойлау
Әдіс-тәсілдер: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының әдісінің элменеттерін қолдану, иллюстративті-баяндау, Net Control-да тест алу және фиш технологиясымен қорыту
Техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, бейнепроектор, маркерлік тақта
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, әдебиет.
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
а)оқушылармен сәлемдесу;
ә)сынып тазалығына көңіл бөлу;
б)оқушыларды түгендеу.
IV. Мақсат қою кезеңі 1 мин
Оқушылардың Алгоритм және Паскаль программалау тілі тараулары бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, дағдылары мен қабілеттерін дамыту. Ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану, оқушыларды өз ойларын еркін және толық жеткізе білуге баулу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 5мин
Венгр сөзжұмбағы. Microsoft Word бағдарламасында құрылған кесте. Құрамында 18 сөз жасырылған. Оқушылар тапсырманы Joi class бойынша қабылдап,жауабын қолданба терезесінде орындап, ұстазға кері жібереді.
КАРТОЧКА №1 (Жауабы)
Оқушыларға пәнге байланысты терминдер жасырылған «Венгр сөзжұмбағы» Joi class бағдарламасының файлдармен алмасуы арқылы компьютерлерге жіберіледі. Тапқан сөздерін нөмірлеп енгізеді.
Сөзжұмбақ нәтижесі тақтаға шығарылып қойылған бағалау шкаласы бойынша оқушылар бағалау парағына өз фамилиясының тұсына бағасын жазып қояды.
Венгр сөзжұмбағын бағалау шкаласы:
17-18 сөзге - 5 бағасы
13-16 сөзге – 4 бағасы
9-12 сөзге – 3 бағасы
9-дан төмен жинаған – 2 бағасына
ие болады
Тест 5 мин.
Joi class арқылы 15 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы әр оқушының компьютеріне жіберіліп, оқушы тестке жауап беріп болған соң орындалған тест кері ұстазға қайтарылады. Ұстаз тестті «Оценить» командасы арқылы бағалап, оқушыларға тест нәтижесін әр компьютерге жіберу арқылы жариялайды. Тақтадағы тесті бағалау шкаласы бойынша оқушы өзін-өзі бағалап, бағаларын бағалау парағына жазып қояды.
Жиналған балл саны
Бағасы
7 балдан -10 бал аралығында
3
11 балдан -14 бал аралығында
4
15 баллға
5
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі 15 мин
Алдын ала берілген төмендегі сұрақтарға әр оқушы слайд арқылы өз жұмысын, баяндайды. Joi class арқылы баяндаушы оқушының жұмыс үстелі(слайды) барлық оқушыларға демонстрацияланады.
Баяндаушыны сыныптастары бағалап, бағалау парағына бағасын бағалау парағына қояды
Сұрақтар:
Алгоритм және оның қасиеттері
Алгоритм командалары
Алгоритм түрлері
Алгоритмнің жазылу жолдары
Паскаль програмалау тілі, оның алфавиті
Программа құрылымы, қарапайым операторлар
Мысал
Program funk;
Var x,y: real;
Begin
Write(‘x-ke man engiz’);
Read(x);
if x
else y:=3*sqr(x) - 2
write(‘y=’, y:3:2);
end.
VІ. Бекіту кезеңі 12 мин
7-ші мысалда келтірілген программа дәптерге көшіріп, Free Pascal бағдарламасына енгізіп нәтиже алу арқылы оқушылардың алған білімдері бекітіледі.
VII.Сабақты қорыту. 3 мин Не біліп, не үйрендік?
Фиш технологиясы бойынша оқушылар стикерге жауабын жазып, балық скелетіне жабыстыру арқылы қорытылады.
Алгоритм
Не біліп, не үйрендік?
Қорытынды
Паскаль
VIII. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау 2 мин
Интернеттен Алгоритм және Паскаль программалау тілі тақырыптарына байланысты қосымша ақпарат алып, реферат дайындап келу және Қайталау операторларына слайд құра отырып, баяндауға While операторы бойынша баяндаманы Д.Зиятов, Repeat Until операторына Д.Сатыбалдиев дайындалып келеді.
Әр оқушының қолындағы бағалау парағындағы бағаларды Excel бағдарламасында енгізіп, орта балын шығаруды есепші ретінде тағайындап алған оқушыға орындату арқылы бағалау жұмысы жүргізіледі.