Сабақ № 2 | Күні: 12 .09.2016 ж |
Сабақ тақырыбы: | Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері |
Сілтеме: | Жоспар (күнтізбелік жоспар) |
Жалпы мақсаттар: | Оқушыларға ақпарат түсінігін түсіндіру және ақпараттармен атқарылатын іс-әрекеттерді жүргізу тәсілін, информатика ұғымы, түрі және қасиеттерімен таныстыру. |
Оқыту нәтижелері: | Информатика пәні нені оқытады, ақпарат ұғымын, ақпарат түрлерін. Ақпарат алу көзі, қабылдау және беру ортасын, ақпараттың қасиеттері мен оның формаларын оқушылар білуі тиіс. |
Түйінді идеялар: | Информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беруді оқушылар үйренуі тиіс. |
Орындалатын іс-әрекеттер: |
Мұғалімнің орындалатын іс-әрекеттері | Оқушының орындалатын іс-әрекеттері |
1.Ұйымдастыру. 3 (мин). | 1.Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы. |
2.Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық: а) Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін анықтау. ә) Оқушылардың ақпарат түрлері мен оларды топтастыру туралы жалпы түсінігін толықтыру. | 2. Сұрақтарға жауап береді, пікір алмасу: а) Информатика дегеніміз не? Ә) Ақпарат дегеніміз не, адам оны қалай қабылдайды? б) Ақпаратты топтастыру, қандай түрлері бар? В) Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аламыз? Г) Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер? (Осы сұрақтар арқылы оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатын тұжырымдауға жетелейміз). |
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: а) Ақпарат пен оның түрлерін таныстырып, жұмыс істеу принциптерін меңгерту. ә) Ақпарат туралы түсінік беру, қолдану жолдары, олармен жұмыс істеу. б) Ақпаратты іздеу тәсілдері, дұрыс пайдалану. | 3. Презентация бойынша, интерактивті тақтада «информатика» және «ақпарат» ұғымын енгіземіз: а) Ақпараттың түрлері: Мұғалім оқушыларға ақпарат алу (қабылдау) көздерін атап шығу. Ақпарат арналарын жетік меңгеру үшін мұғалім оқушыларға тест тапсырмасын беру (2-сурет). Оқулықтың 1-қосымшасы ә) Ақпарат түрлері мен олардың қоғамда жұмыс істеу. б) Ақпараттың қасиеттері: Көз жанарын алдауға бірінші суреттер ұсынылады. А) Ә) Б) В) Оқушылар осыдан кейін әр ақпарат шынайы (объективті) болмайтындығы туралы қорытынды жасайды. Шынайылық ақпараттың негізгі қасиеттерінің бірі. |
4. Жаңа материалды меңгергенін тексеру: а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, бақылау, қосымша бағыт-бағдар беру. | 4. Жеке-жеке тапсырмалар беріледі: а) Оқушылар сабақта интуиция арқылы ақпараттың келесі қасиеттерін беруге болады: 1. Өзектілік (ақпараттың өз уақытында берілуіне байланысты). 2. Толықтық (ақпараттың көлеміне байланысты). 3. Объективтік (адам факторына байланысты). 4. Жеткіліктілік (қойылған талаптарға байланысты). 5. Адекваттылық (шындық сәйкестігі). 6. Қолжетімділік (қазіргі кезде қажетті ақпаратқа қол жеткізе аламыз ба?) |
5. Сабақты бекіту: а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, қалыптастыру, бағыт-бағдар беру. | 5. Оқушылардың білімдерін бекіту: а) Бүгінгі сабақта нені білдік? Информатика дегеніміз - ... Ақпарат дегеніміз - ... Ақпаратты қабылдау түрлері - ... Ақпаратты ұсыну түрлері - ... Ақпараттың қасиеттері - ... Ә) Тақырып соңындағы тест жұмысын орындату. |
6. Үйге тапсырма беру, сабақты қорытындылау, бағалау. | 6. Сабақты қорытындылау: а) Тест жұмысының жауаптары ә) Үй тапсырмасына түсініктеме беріп, орындауға бағыт-бағдар беру: §2 оқу, сұрақтарға жауап беру. б) Сабақ соңында сабақтың, тесттің қорытындысын жасап, оқушыларды бағалау. |
Информатика пәні мұғалімі Муратбеков Ж.Т.