kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Файлдармен бумалармен жұмыс істеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Экранның қоршаулармен шектелген тікбұрышты аймағы? (Терезе)

11. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.

Ойланып білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады оның аты. (тышқан)

12. Егер білсең айта қойшы,

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді (сканер)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Файлдармен бумалармен жұмыс істеу»


Күні: 05.10.2023

Cыныбы: 2 «А»

Сабақтың тақырыбы: Файлдармен бумалармен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру, ой өрісін және танымдық қабілеттерін, ынталарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулу. Алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келіп қорыту, теориялық білімді практикамен ұштастыру.

Дамытушылық:    Оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық, қызығушылық қасиеттерін

қалыптастыру. Шығармашылыққа баулу, өз ойларын тиянақты жеткізуін   дамыту

Тәрбиелік:   Оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділіктерін арттыру, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу, адамгершілікке, мәдениеттілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу

 

Сабақтың барысы:

І. «Ой ашар», «Тест сұрақтары».

ІІ. Жаңа сабақ 

ІІІ. Сергіту сәті.

ІҮ. Практикалық тапсырма.

Ү. Рефлексия

Ү. Үйге тапсырма.

 

І. «Асыл тасты сұрақтар»  , Тест сұрақтары

1. Компьютердің «миы»: (Жүйелік блок)

2. 1 Мегабайт ол: (1024 Кбайт)

3. 1 байт неше битке тең? (8 бит)

4. Дербес компьютердің  қандай түрлері бар? (үстел үсті, алып жүретін, алақан)

5. Компьютерді ғаламтормен байланыстыратын құрылғы? (модем)

6. Компьютердің негізгі құрылғыларына нелер жатады? (жүйелік блок, монитор, пернетақта)

7. Ақпаратты енгізу құрылғысы? (Пернетақта)

8. Принтер құрылғысының неше түрі бар? (2 түрі бар, лазерлік, бүріккіш)

9. Компьютердің қандай қосымша құрылғылары бар?

(принтер, сканер, колонка, модем, тасымалдауыш құрылғылар)

10. Экранның қоршаулармен шектелген тікбұрышты аймағы? (Терезе)

11. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.

Ойланып білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады оның аты. (тышқан)

12. Егер білсең айта қойшы,

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді (сканер)

 

ІІ. Жаңа сабақ

Файл - бұл байттардың аты бар тізбегі. Файлдың аты және кеңейтілуі болады.

Файлдарға ат бергенде төмендегілерді есте сақтау керек:

}  Файлдың аты мен кеңейтілу болады.

}  Файлдардың аты бос орынды қоса есептегенде 255 символмен жазылу мүмкін.

}  Файлдың атын жазғанда үлкен, кіші латын және орыс әріптерін, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды: дефис (-), астын сызу (____), леп белгісі (!) және мына символдарды: @, #, $, %, &, (,), {,} қолдануға болады.

}  Файлдың атын жазғанда мына символдарды: жұлдызша (*), қос нүкте (:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), бөлгіш (/), үлкен (), тырнақша («»), нүкте (.) қолдануға болмайды.

Файлдың кеңейтілуі үш символдан тұрады және файлдың атынан нүкте арқылы ажыратылады. Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар алуан түрлі болады, мысалы:

}  *.doc - мәтіндік файлдар,MS Word редакторының кеңейтілуі ;

}  *.bmp-графикалық файл, Paint редакторының кеңейтілуі;

}  *.xls-кестелік файл;

}  *.TXT–блокнот бағдарламасының құжаты

}  *.ppt– PowerPoint қолданбасының кеңейтілуі

Бумалар

Бумалар - бұл қандай да бip белгісі бойынша файлдарды бірлестіру. Басқа сөзбен айтқанда, бумалар — бұл аты аталған файлдар тобы. Буманың  файл сияқты, аты және мөлшері бар. Жаңа бума құру үшін-  тінтурдің оң жақ батырмасын басып, «создать папку» командасы арқылы құрамыз. Буманың ішіне бума құруға болады. Оны бұтақталу (иерархиясы) деп атайды.

Бумалар екіге бөлінеді:  Жүйелік бума.  Жұмыс бумасы

Жарлықтар –  нысанаға қолжетімділікті жеңілдететін нысанның сілтеме көрсеткіші.

Яғни жарлық – программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы тез тауып алуға арналған.

ІІІ. Сергіту сәті.

ІҮ. Практикалық жұмыс

  1. Жұмыс үстелінде  «бума» құрыңыз. 

  2. Оны ашып тағы да бір бума құрыңыз.

  3. Пуск → Все программы  → Стандартные → Paint командалары арқылы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» арналған сурет салыңыз.

  4. Файл → Сохранить командасы арқылы салған суретімізді ашқан бумамызға сақтаймыз.

  5.  «5-сынып» бумасын тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы жойыңыз.

  6. Жұмыс үстеліндегі ашқан бумаларыңыздың жарлығын құрыңыз. Сол буманың үстіне тұрып тінтуірдің оң жақ батырмасын басып «создать ярлык» арқылы жарлық жасау керек. 

Жаңа сабақты қорытындылау:

Жаңа сабақты бекіту: 

·     Жаңа бума құру үшін не істедіңіз?

·    Буманың ішіне бума құруға бола ма?

·     Жарлықты қалай құруға болады?

Рефлексия.

Үйге тапсырма:   Файлдар, бумалар тақырыбын оқып келу. Жарлықтар сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу.

Сабақ аяқталды. Зейін қойып  тыңдағандарыңызға рахмет!







5 мектеп-лицей



















Тақырыбы: Файлдармен бумалармен

жұмыс істеу












Cыныбы: 2 «А»

Өткізген: Алпысбайұлы Т.











2023-2024 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Файлдармен бумалармен жұмыс істеу

Автор: Алпысбайұлы Темірлан

Дата: 02.11.2023

Номер свидетельства: 639215

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Файлдар, бумалар,жарлықтар"
    ["seo_title"] => string(29) "faildar_bumalar_zharlyk_tar_1"
    ["file_id"] => string(6) "382239"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485069828"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства