В данной статье рассматривается роль информационных систем в обучении учащихся. С развитием науки и техники повышаются и требования к преподаванию информатики в школе.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ақпараттық технология - басты заман талабы.»
Ақпараттық технология – басты заман талабы
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі күні ақпараттық технологияларды меңгеру – басты заман талабы. Бұлай дейтін себебіміз – ХХІ ғасырдың«ақпараттық технология ғасыры» деп аталуында. Ақпараттық технология ғасыры өз алдына «ақпараттық қоғамды» қалыптастырды.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», делінген. Қазіргі кезде біздің қоғам дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникативтік технологиялар оның табиғи ортасына айналып отыр. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын бірде-бір мүмкіндік. Білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Ақпараттық- коммуникативтік технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін студент жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық-әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылады. Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурстарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде мектептің білім беру жүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы үшін маңызды. Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі – «Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін жоғарғы оқу орындарында мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар пәнінің маңызы, әлемнің ғылыми көрінісін қалыптастырудағы, адамзаттың жаһандық проблемаларды шешудегі, табиғат заңдарын танып- білудегі рөлімен анықталады. Оқыту міндеттері: әлемнің Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар білім жүйесі алдында қойылған міндеттерді орындауды оқу процесін технологияландыру және жобалау арқылы жүзеге асыруға болады. Оқу жоспарының жылжымалы бөлігі есебінен элективтік қолданбалы курстар, факультативтік сабақтарын өткізу ұсынылады. Сабақтан тыс жұмыстар: – зерттеу жобаларын дайындау және қорғау; – олимпиадалар, конкурстар, тақырыптық кештер; – таңдау боыйынша элективтік курстар; – онлайн режиміндегі конференциялар мен қашықтан жүргізілетін сабақтар, білім байқаулары; – Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар ғылым мен өндіріс нысандарына таным-жорықтар түрінде. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, олар: киберқауіпсіздік, бұлтты және мобильді технологиялар, Smart технологиялар, E-технологиялар. Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері мен олардың жіктелуі: Киберқауіпсіздік индустриясы. Киберқауіпсіздік және Интернетті басқару. Зиянды бағдарламалар. Ақпаратты қорғанудың шаралары мен құралдары. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттар мен спецификациялар. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы реттеуші құқықтық қатынастар заңнамасы. Электрондық цифрлық қолтаңба. Шифрлау. Бұлтты және мобильді технологиялар. Қазіргі инфрақұрылым шешімдерінің даму үрдістері. Бұлтты есептеулер қағидалары. Виртуалдау технологиясы. Бұлтты Web-қызметі. Мобильді технологиялардың негізгі терминдер мен тұжырымдамалары. Мобильді сервистер. Мобильді технологиялар стандарттары. Smart технологиялар. Үлкен деректер. Блок чейн технологиясы. Жасанды интеллект. Smart-сервистерді пайдалану. АКТ-дағы жасыл технология. Телеконференциялар. Телемедицина. E-технологиялар. Электронды бизнес. Электронды оқыту. Электронды үкімет. Электрондық бизнес: Электрондық бизнестің негізгі модельдері. Электрондық бизнестің ақпараттық инфрақұрылымы. Электрондық бизнестегі құқықтық реттеу. Электрондық оқыту: архитектурасы, құрамы және платформалары. Электрондық оқулықтар. Электрондық үкімет: тұжырымдамасы, архитектурасы, қызметтері. Дамыған елдерде электрондық үкіметті іске асырудың форматтары. Кәсіби саладағы ақпараттық технологиялар. Индустриялы АКТ. Мамандандырылған кәсіби саланың міндеттерін шешудегі бағдарламалық жасақтама. Медицина, энергетика және т. б. кәсіби салаларындағы қазіргі заманғы АТ-трендтер. Кәсіптік мақсатта іздеу жүйелері мен электрондық ресурстарды пайдалану. Индустриялық Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қауіпсіздігі. «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады. Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізі. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану соңғы уақытта білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану болашақ маманның өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайды.