kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

12 жылдық білім беру жағдайындағы информатика бейінді оқыту курсының ғылыми- әдістемелік негіздері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

12 жылдық білім беру  жағдайындағы  информатика бейінді  оқыту  курсының ғылыми- әдістемелік  негіздері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«12 жылдық білім беру жағдайындағы информатика бейінді оқыту курсының ғылыми- әдістемелік негіздері.»

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

163 қазақ орта мектеп

Байкожина Шахризада Мақсұтханқызы

І санатты информатика пән мұғалімі


12 жылдық білім беру жағдайындағы информатика бейінді оқыту курсының ғылыми- әдістемелік негіздері.


« XXI ғасыр –ақпарат» болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет.Компьютер-әмбебап құрал.Ал бұл сауаттылық алғашқы рет мектептен басталады.Онымен жұмыс істеу кезінде программалық оқытудың барлық тәсілдерін пайдалануға болады,мысалы,ол теледидар мен кинопроектор мүмкіндіктерін көрсетіп, кестелер, көрнекі материалдар, калькуляторды,т.с.с. алмастыра алады.Компьютерді білім беру мақсатында пайдаланудың ең кең таралған тәсілдерінің бірі-оқыту программаларын қолдану. Осы заманға лайық жаңа дәуір ,жаңа заман ағымынан кешеуілдеп қалған жаңа ғасырдың лебімен оятып, ертеңнің тұтастығын еркін ұстап,озық технологиялы елдермен терезесін тең тұту.

Бүгінгі таңда қазақтың сана, білім, ой қабілеті жағынан кенде емес екендігін айтайық. Педагогикалық амалдардың бірі –жаңа білімді технологияны, яғни компьютерді болашақта кең таралуы көзделгендіктен,

12 жылдық білім беруге сай оқушыларды дарынды етіп тәрбиелеуге бағыттау қажет.

. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б. , тіркестермен тығыз байланысты.
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Инновациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
• үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту; сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру; оқу қызметі мәдениетін дамыту;
• оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. . Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.

Білім беру саласының қай деңгейінде болмасын мазмұндық, құрылымдық,әдістемелік тұрғысынан елеулі өзгерістер енгізілуде. «12 жылдық білім беру» жүйесіндегі материалдар ойын қызметімен оқуды ұштастыра отырып, негізгі әдістемесі болып табылады.

Бүгінгі біздің жаңа сабағымызды игеру қиынға соқпайды, өйткені технологияның, әсіресе компьютердің дамыған кезінде барлығыңызда компьютер бар деп ойлаймын. Ойлау сипатымен даму үрдісі, оқушының шеберлігін, шығармашылық ойлауын және әлемдік кеңістікте заман ағымына сай дағдыларының деңгейлері төңірегінде жұмыс істейді.

Компьютерлік техниканы , интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру міндеттерін шешу көзделіп отыр.

Мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зертеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады.Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық –психологиялық жаңа пролемалары әлі толық шешілмей отыр. Ақпараттандыру және бұхаралық телекоммуникацияларды ғаламдастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпаратты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағымының қалыптастыруға , ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шексіз қол жеткізеді. Сондай-ақ кез-келген қашықтықтағы ақпарат көзіне , оның ішіндегі оқу ақпаратына және өскелең ұрпаққа –қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

«Ақпараттандыру жайлы» ҚР-ның 2003жылғы заңы ҚР-ның 2002-2004 жылдарға білім жүйесін ақпараттандыру концепциясы және т.б. Концепцияда дәстүрлі және жаңа технологияларды ұштастыра отырып,қазіргі заман талаптарына сай оқудың ақпараттық ортасын қалыптастыру көзделген

Президентіміз бекіткен 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, «Нарықтық заманда жан-жақты білімді,өмір танымы кең,таңдалған салада жұмыс істеуге дағдыланған кәсіби даярланған педагогтар қажет.Ол технологиялардың жан дүниесін жақсы тани білуге, көп тілді және алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды ж ете меңгерген болуы тиіс»(2).Ақпараттық және коммуникативтік технологиялар (АКТ) негізінде білім саласын жүйелі дамыту –ұлтымыздың ең басты тапсырмасы.АКТ-ларды қолдану әлемдік білім беру кеңістігінде кіру жолында,бәсекеге ұлттық жүйені қалыптастыруда шешуші маңызды орын алады.

Оқушының ғылыми және өмірлік мәселелерін шешудің бірден-бір тәсілі өзі-өзінің жасаған әрекеттері мен қызметтерінің нәтижесіне рефлексиялық талдау жүргізуді басқара білу болып табылады.Ол үшін оқушының жаңа білім алу арқылы өзіндік дүниетанымын қалыптастыру,өзге идеяларды конструктивті көзқараспен қабылдай алу ,өз тәжірибесіндегі кемшіліктерді көре білу,сыни тұрғысынан ойлау,қабылдау,жетілдіру сияқты дағдыларды меңгеруіне мән берілуі тиіс.Яғни,оқушы құзірет-тілігі пән бойынша игерілген білім,білік,дағды жинағы емес,сол білімдерін кез-келген жағдайда тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын сапалы нәтиже болмақ.

Қазақстан Республикасының Президентінің 15 желтоқсандағы «Қазақстан-2050»Стратегиясының білім және кәсіби машық заманауи білім беру жүйесінің,кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары бағытында біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдылықтары айқын баяндалды.Елбасы: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек ». Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді болашақта бейінді оқыту көзделгендіктен,оған бірінші әдеттендіріп,содан кейін икемділіктерді қамытуды көздеу керек.Информатика пәнін 5-сыныптан емес, 2-сыныптардан бастаса нәтижелі болар еді, бірақ мектеп компьютер мәселесін толықтай шешу керек. Себебі: Елбасының «Қазақстан- 2050»стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында латын әліпбиіне көшу жөнінде 2025 жылы жүзеге асатыны айтылған. Қазіргі таңда компьютерді білетін пернетақтадан латын қарпін жақсы үйренуге қиындық тудырмайды. Ия, әліде ойлануға , толғануға уақыт бар. «12 жылдық білім беру барысында әр-түрлі тақырыптар бойынша білім жетілдіру курстары» ұйымдастырылып, дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін информатика пәнінен оқыту сапасын арттырып,білім беруді және нәтижеге жетуді жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сеніміміз мол.

Пайдаланылатын әдебиеттер: Информатика.Жалпы орта білім беретін

мектептің 8-9 сыныптарына арналған

бағдарламалар.Алматы –2004 ж

«Қазақстан –2050» стратегиясындағы

жолдауы.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Байхожина Шахризада

Дата: 04.03.2017

Номер свидетельства: 397789

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "МАТЕМАТИКАНЫ О?ЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ МАТЕРИАЛДАРДЫ ?ОЛДАНУ "
    ["seo_title"] => string(62) "matiematikany-ok-ytu-barysynda-tarikhi-matierialdardy-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "198943"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428491130"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства