§8. Мәтінді пішімдеу | Мектеп: |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Оқу мақсаттары | 3.1.2.2 - мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру: 3.2.1.2 - қаріпті пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету); 3.2.1.3- құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою. |
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар үшін: Қаріпті пішімдеу(қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету) түрлерімен танысады.. |
Көптеген оқушылар үшін: Құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою батырмаларын біледі. Пішімдеу батырмаларымен жұмыс жасауды, алмасу буфері анықтамаларын біледі. |
Кейбір оқушылар үшін: Мәтіндік редакторда мәтіндер теру барысында мәтіндерді қиып, көшірмесін ала алады, пішімдеу батырмаларын практика жүзінде қолдана алады. . |
Бағалау критерийі | Қаріпті пішімдеу (қаріптің жазылу стилі,түсі,түзету) түрлерімен танысады, алмастыру буфері анықтамасын біледі. Мәтіндік редакторда мәтіндер теру барысында мәтіндерді қиып, көшірмесін ала алады,пішімдеу батырмаларын практика жүзінде қолдана алады. |
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология: Кірістіру, көшіру, пішімдеу, өшіру. |
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы - Өзің тұратын үйдің неден жасалғанын айтып бере аласың ба? - Сен болашақта өз үйіңнің қандай болғанын армандайсың? - Мәтіндік редакторға нысандарды кірістіру қандай мүмкіндіктерге жол ашады? |
Жазу: Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау. «Мен армандаған үй» тақырыбында сызба нұсқа дайындаңдар. WordPad мәтіндік редакторының құрал саймандарының қызметі жайлы сұрақтар құрастыр. |
Тірек білім. білік. дағдылар | Wordpad бағдарламасында құралдардың қызметі. |
Жоспар |
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | қосымша ресурстар |
Басталуы | Ой сергіту жаттығуы. «Күннің нұры» -Оқушылар дөңгеленіп отырады. Ортада ойынды жүргізуші қатысушылардың көпшілігіне ұқсас белгілерді айтады. Ал, олар орындарын ауыстыруы керек. Босаған орынға жүргізуші отырады. Ортаға орын болмай қалған ойыншы әрі қарай жалғастырады. Үй тапсырмасы. «Эстафета» Сынып 2 шағын топтарға бірігеді. 1-топ: Wordpad бағдарламасында мәтінді теру қадамдарын ретімен орналастырады. 2-топ: құрал саймандар қызметін сәйкестендіреді. Топтар бірін-бірі бағалайды, өзара кері байланыс береді. -Оқу мақсатымен, тақырыппен таныстыру. | Қима қағаздар. А3 қағазы, желім, стикерлер, маркер |
Негізгі бөлім | Ой қозғау. Оқулықтағы ұсынылған сұрақтар негізінде топта, ұжымда оқушылар жауабы тыңдалады. «Мен армандаған үй» доп лақтыру арқылы әр оқушы өзінің армандаған үйінің ерекше белгісін атап өтеді. Компьютермен жұмыс WordPad бағдарламасында «Киіз үй» тақырыбында әңгіме құрастырып, сурет қояды. Мұғалімнің түсіндірмесі 2-суреттің мазмұнын мұғалім интертақтадан түсіндіреді. Оқушылар бірге орындайды. Бейне кірістіруді үйрету. Практикалық жұмыс Оқушылар практикалық тапсырманы жеке орындайды, жұптасып, бірін-бірі бағалайды. | Оқулық Дербес компьютер |
Аяқталуы Рефлексия | Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау. Ойлан! Сұрақтарына жеке, топта, ұжымда жауап беру. | Жұмыс дәптері Оқулық |
Ү й тапсырмасы | Мәтінді пішімдеу |