Қызығушылықтарын ояту. «Кім жылдам» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар интербелсенді тақтада жазылады? 1. Орындаушы дегенді қалай түсінесіздер? 2. Өмірде кездесетін қандай алгоритмдерді білесіздер? 3. Команда дегеніміз не? Білу. І-топ (ТЖ) 1. Алгоритм орындаушысы деген не? 2. Өмірде кезедесетін және өздеріңе белгілі қандай алгоритмдерді білесіңдер? 3. Орындаушының командалар жүйесі деген не? 4. Орындаушылардың қандай түрі бар? 5. Команда дегеніміз не және алгоритм қандай командамен басталады? Дескриптор: Білім алушы - Алгоритм орындаушысы және командалар жүйесі не екенін біледі. Түсіну. ІІ-топ 1. Неліктен алгоритм орындаушыларын формальды және формальды емес деп екі топқа бөлеміз? 2. Не үшін орындаушылардың командала жүйесі әртүрлі? 3. Неге әр алгоритмді құрғанда «Басы», «Соңы» командалары болу керек? Дескриптор: Білім алушы - Алгоритм орындаушыларының екі топқа бөлінетінін түсінеді. - Алгоритм құрғанда «Басы», «Соңы» командаларының қажеттілігін түсінеді. Қолдану ІІІ-топ. 1. Төмендегі алгоритмге сәйкес есептің жауабын хабарлаңдар: Басы 5-ті 7-ге көбейт Нәтижесінен 5-ті азайт Нәтижесіне 6-ны бөл Шыққан санды хабарла Соңы Дескриптор: Білім алушы - Алгоритмнің жауабын таба алады 2. Берілген тапсырмалардың алгоритмін құрыңдар: • "Шай қайнату» алгоритмі • «Мектепке бару» алгоритмі • «Дүкенге бару» алгоритмі • «Гүл суару» алгоритмі Дескриптор: Білім алушы - Берілген тапсырмаға алгоритм құра алады. Талдау. (ЖЖ) Формальды және формалды емес орындаушыларды салыстырыңдар Дескриптор: Білім алушы - Формальды және формальды емес орындаушылардың айырмашылықтарын талдай біледі Жинақтау. (Ж) А-деңгейі: Бос орындарға тиісті сөздерді жаз Дәл сипатталған тапсырма ... болып табылады, ал алгоритмдегі кез-келген іс-әрекет ... деп аталады. ... дегеніміз алгоритмді жүзеге асырушы. Тиісті сөздер: Алгоритм, команда, алгоритм орындаушысы Дескриптор: Білім алушы - Бос орындарға тиісті сөздерді таба алады В-деңгейі: Себебін анықта 1. Неліктен алгоритм орындаушыларын формальды және формальды емес деп бөлеміз? Ж: Себебі, орындаушылардың шектеулі командаларды түсініп, әрі бірқалыпты және бір түрлі әдіспен орындауына байланысты болғандықтан екі топқа бөлінеді. 2. Не үшін орындаушылардың командалар жүйесі әр түрлі? Ж: Себебі, әр орындаушы шектеулі ғана командалар жүйесін орындауға қабілетті. Дескриптор: Білім алушы - Формальды және формальды емес орындаушыларға түсінік бере алады. - Командалар жүйесінің әр түрлілігін анықтай алады С-деңгейі: Лабиринтті орындап, алгоритм құр. Бір тор көз бір қадам болып есептеледі. Қызыл сызықпен қоршалған тор көздермен жүріп, гүлді алу керек. Дескриптор: Білім алушы - Лабиринтті орындап, алгоритм құра алады | Интербелсенді тақта Оқулық, А3 форматты қағаз, маркер Оқулық, А3 форматты қағаз, маркер Оқулық, А3 форматты қағаз, маркер Үлестірмелі қағаз, интербелсенді тақта |