Ой қозғау сұрақтары: (жеке, ұжымда) Күнделікті өмірде керекті ақпаратты қалай іздеп табасыңдар? Компьютерде ақпаратты іздеудің қандай жолдары бар? Есіңе түсір. Ехсel-де қажетті мәліметті қалай іздеп табуға болады? Оқулықпен жұмыс Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалім жаңа материалды түсіндіреді. Компьютермен жұмыс. қатар аралығын 1 мен 999 аралығындағы кездейсоқ сандармен толтырыңдар. Төмендегі іздеулерді орындаңдар: Барлық 7-ден басталатын сандарды іздеп тап. Барлық 5-тен басталатын және 9-бен аяқталатын 3 таңбалы сандарды тап. Барлық 2-мен басталатын сандарды 0- ге ауыстыр. 2. Мекеме жұмысшыларының 6 айлық жалақысы кесте түрінде берілген ( ). Кестедегі жұмысшылар мен ай атауларының тізімін жаса. Осы кестедегі №5 жұмысшының сәуір айындағы жалақысын іздеуді ұйымдастыр. Дескриптор Электронды кестеде деректер қорын жасайды. Топтық жұмыс: Кестеде деректерді іздеу әдісін талдаңдар. Кестеде деректерді іздеуге арналған күнделікті өмірімізге қатысты тапсырманың жобасын ұсыныңдар. Тапсырманы компьютерге теріңдер. ПОИСКПОЗ және ИНДЕКС функцияларының қызметін қолданыңдар. Дескриптор Кестеде деректерді іздеу әдісін анықтайды. Кестеде деректерді іздеуге тапсырмалар қарастырады. Оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына балл қою арқылы бағалайды. |