kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Білім аукционы» зияткерлік ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:  Ойын саба?тары ар?ылы  о?ушыларды? танымды? белсенділігін, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, зияткерлік  ?абілетін дамыту, логикалы? ойлау ж?йесін ?алыптастыру?а болады. Сондай-а? б?ндай ойындар о?ушыларды шапша?ды??а, ж?йелілікке, жауапкершілікке, ізденімпазды??а, ?семдікке т?рбиелейді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Білім аукционы» зияткерлік ойын»

«Білім аукционы» зияткерлік ойын


Мақсаты: Ойын сабақтары арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға болады. Сондай-ақ бұндай ойындар оқушыларды шапшаңдыққа, жүйелілікке, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, әсемдікке тәрбиелейді.

Қатысушылар: 4 қысқ. ПО-1,2

Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта.

Сайыстың барысы: ойынға 3 адамнан тұратын 3 топ қатысады. Сайыс 4 турдан тұрады.

Ойын 4 турдан тұрады:

І тур - «Білім аукционы»

ІІ тур – «Эрудиттер сайысы»

ІІІ тур – «Таңдау - табыс»

ІУ тур – «Сыйлықтар аукционы»


І топ: «Паскаль тобы»

ІІ топ: «Информатика» тобы

ІІІ топ: «Вирт» тобы

Жүргізуші: Бүгінгі аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр топтың қорында 50 теңден бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту – өз қолдарыңызда.

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім» - деген шығыс ғұламасы Әбу Әл Бируни. Ендеше, І – турымыз «Білім аукционы». І – турдың шартымен таныстырып өтейін. Қазір сіздерге Информатика саласына өз үлестерін қосқан ғалымдар туралы, компьютердің даму тарихынан,әр түрліден 6 сұрақ оқылады. Сұрақтың бастапқы бағасы – 10 теңге. Топ капитаны бағаны 10 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғарғы баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады.

Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда –ол банкрот. Өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Сонымен, «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік-сол білімді іске асыра білу дағдысы»,- деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.

Аукционға №1 лот - Информатика саласына өз үлестерін қосқан ғалымдар. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді? ....тобы бір, ..... тобы екі, ...... тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына.... теңге қосады.

Сұрағы: Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)

2 лот. Компьютердің даму тарихынан. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді? Сауда жүргізіледі. Сатылды.

Сұрағы: Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак»деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (серобян)


3 лот. Әр түрлі. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді?

Сұрағы: Адам ақпаратпен не істейді? (ақпаратты сақтайды, таратады,өңдейді)

4 лот. Информатика саласына өз үлестерін қосқан ғалымдар.Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді?

Сұрағы: 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым. (Блез Паскаль)


5 лот. Компьютердің даму тарихынан. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді?

Сұрағы: 1694 жылы неміс математигі Лейббниц қандай машина құрастырды? (арифмометр)

6 лот. Әр түрлі. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді?

Сұрағы: Логика дегеніміз не және оның түрлері? (бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Түрлері: формальды және метематикалық).

7 лот. Күміс қобдиша. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға 10 теңге. Қай топ жоғары баға береді?

Сұрағы: Қобдишада не жасырылған?

Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын.

Білсеңдер қане айтыңдар?

Жауабы: тышқан (компьютер енгізу құылғысы.)


Эксперттерден І турдың қорытындысын сұраймыз.


Жүргізуші: - Біздің ІІ- турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Бұл турда топ капитандарына сұрақ қойылады. Әр топ капитанына 1 минут уақыт беріледі, сұрақ саны – 15. Әрбір дұрыс жауап құны – 10 теңге. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Бірінші боп жоғары капитал жинаған топ бастайды. Дайынбыз ба?

І топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Аз батырмалы құрылғы (тышқан)

  2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы (модем)

  3. Паскаль қандай тіл (программалау тілі)

  4. Мәтінді жою пернелері (Delete, Backspace)

  5. Интернет желісі қай жылы пайда болды (1969 жылы)

  6. Компьютер сымдары (кабель)

  7. Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады? (3)

  8. Паскальда программа қандай оператормен басталады? (program)

  9. Паскаль программасында қандай пернелер пайдаланылады? (ALT+F9, CTRL+F9, ALT+F5)

  10. Паскальда программа қандай оператормен аяқталады? (END)

  11. Программада әрбір жолдан кейін қандай тыныс белгі қойылады? (нүктелі үтір (;))

  12. Бос орын қалдыру пернесі (пробел)

  13. PAINT қандай редактор ? (графиктік редактор)

  14. Өзінен зиян сәуле шашатын компьютердің бөлігі (монитор)

  15. Мәлімет енгізу құрылғысы (пернетақта)


ІІ топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (бит)

  2. Ақпаратты шығару құрылғысы. (принтер)

  3. Сурет салуға арналған программа. (PAINT)

  4. Вирусты тауып жоятын программа (антивирус)

  5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)

  6. Бір байтта қанша бит бар? (8)

  7. Компакт –дискіні оқуға арналған құрылғы (CD-ROM, дисковод)

  8. Дауыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)

  9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс желісі (интернет)

  10. Екілік жүйесінің сандары (0,1)

  11. Адам мен компьютердің қарым- қатынас тілі (интерфейс)

  12. Электрондық кестенің жұмыс аймағы (кітап)

  13. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет)

  14. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)

  15. Мәліметтер енгізу пернесі (enter)


ІІІ топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)

  2. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (алгоритм)

  3. WINDOWS сөзінің аудармасы (терезе)

  4. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (delete)

  5. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)

  6. Бір килобайтта қанша байт бар? (1024)

  7. Компьютер жанына қойылатын өсімдік (кактус)

  8. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал (компьютер)

  9. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)

  10. Нақты тип (real)

  11. ЭЕМ – нің негізгі құрылғылары (жүйелік блок, пернетақта, монитор)

  12. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны (файл)

  13. Компьютердің миы, ақыл-ойы, жүрегі (поцессор)

  14. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)

  15. Бас әріптер режимін іске қосу (CapsLock)

Эксперттерден ІІ турдың қорытындысын сұраймыз.

Рахмет!!!

Жүргізуші: ІІІ тур – «Таңдау - табыс» . Әр топ ұсынылған пәндерден біреуін таңдап, берілген тапсырманы орындайды. Сұрақ құны – 50 теңге. Таңдауды капиталы аз топ бастайды.

  1. Қазақ тілі. Екі буынды екі сөздің бірінен-бірінің айырмашылығы – бірінші дыбысында. Егер бірінші дыбысы еріндік жіңішке дауыстыдан басталса, құс аты болады, егер езулік жіңішке дауыстыдан басталса, сан есім болады. Ол қандай сөздер? (Үкі, екі)

  2. Орыс тілі. Мягкий знак и твердый знак

Разговаривают так: - Сколько я пирожных съем?

Мягкий знак ответил: «Семь!». Сколько букв и сколько звуков в слове «съем» и в слове «семь»?

Жауабы: съем – 4 буквы, 3 звука

семь – 4 буквы, 3 звука


  1. Математика. Бөрененің ұзындығы 120 см.

Оның 1/3 бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша?


Жауабы: 120*1/3=40, 120см 40см=80см


  1. Қазақстан тарихы. Бұл тарихи - мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан?


Жауабы: Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Түркістан қаласы.


  1. Информатика. Есеп

Егер 4 саны енгізілсе, программаны орындау нәтижесінде қандай сан

шығады?

Program esep;

var x,k: integer;

begin

readln (k);

a:=k+10;

k:=k+a;

write(k);

end. Жауабы: 18 саны шығады.


Жүргізуші: - Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз. Аукционға сыйлықтар қойылады. Жиналған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Жасырылған жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бастапқы баға – 30 теңге. Ең жоғары баға – 70 теңге. Кім жоғары баға ұсынады?


  1. Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап)


  1. Он екі ақ парақ –

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем –ақ

Сызылған тақталап. (дәптер)


  1. Ол- оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады. (өшіргіш)


  1. Тебеннің ұшы түйір,

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (қалам)


  1. Жоқ өзінде бас та,

Қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы

тұр бойында. (сызғыш)


  1. Дүниеге

тұмсызсыз-ақ келеді,

Дегенменен

тұмсығынан өледі. (қарындаш)


  1. Күн-күн сайын

жыртылдық,

Өміріміз бір жылдық (күнтізбе)


  1. Бірге барып класқа,

Бірге үйіне қайтады.

Оның бетін кім ашса,

Әр бағаңды айтады. (күнделік)



Жүргізуші: Сөз кезегін эксперттерге береміз.


Жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар” деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік.

“Білім аукционы” ойынын аяқтаймыз.

Білім алудан кеш қалмаңыздар! Сау болыңыздар!





Оқытушы Мырзагужинов Н.К.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Білім аукционы» зияткерлік ойын

Автор: Мырзагужинов Нурсултан Келдигазыевич

Дата: 01.12.2015

Номер свидетельства: 260604

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) ""?лем таны?ан т?л?а" зияткерлік ойыны "
    ["seo_title"] => string(40) "liem-tanyg-an-tu-lg-a-ziiatkierlik-oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "160803"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422118132"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Зияткерлік ойын "Білім биржасы" "
    ["seo_title"] => string(32) "ziiatkierlik-oiyn-bilim-birzhasy"
    ["file_id"] => string(6) "204028"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429597346"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Информатика аукционы (сайыс)"
    ["seo_title"] => string(25) "informatikaauktsionysaiys"
    ["file_id"] => string(6) "272748"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452059595"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Білім биржасы зияткерлік ойын"
    ["seo_title"] => string(31) "bilim_birzhasy_ziiatkerlik_oiyn"
    ["file_id"] => string(6) "507565"
    ["category_seo"] => string(9) "ekonomika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1555576325"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Информатика п?нінен сыныптан тыс шара"Білім аукционы" "
    ["seo_title"] => string(55) "informatika-p-ninien-synyptan-tys-shara-bilim-auktsiony"
    ["file_id"] => string(6) "179499"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425023441"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства