Просмотр содержимого документа
«Урок на тему "жас химиктер"»
Топтар арасында өтетін « Жас химиктер» сайысы.
Мақсаты: Оқушылардың химиядан білімдерін байқау, алғырлыққа, шапшаңдыққа баулу, өз бетінше шешім шығаруға, қорытындылауға, өз ойын ашық жеткізе алуға үйрету.
Химия – ел ырысы, ғасыр үні,
Ғылымға қазігі зор басын иді.
Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған,
Ашылды табиғаттың жасырыны – деген өлең жолдарымен бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
Алдымен қазылар алқасын сайлап алайық.
Топтардың аттары: « Атом», «Молекула», « Ион».
1 –кезең. Әр топқа тест сұрақтарын беру – «Көкпар». (1-10 ұпай)
Тест сұрақтары:
1.-15 сұрақ
Олар тест шешіп болғанша:
Жүргізуші: Әйгілі ғалымдар өмірінен.
Ойлануға уақыт жоқ.
Бір күні кешке Э. Резерфорд өзінің зертханасына кіреді. Қараса көп шәкірттерінің бірі приборларға үңілген күйі әлі жұмыс істеп отыр екен. « Сіз әлі де тапжылмай не істеп отырсыз?» - деп сұрайды Резерфорд. «Жұмыс істеп отырмын», « Сонда күндіз не істейміз?» - « Әрине, күндіз де жұмыс істеймін» дейді шәкірті. « Таңертеңгісін тағы да жұмыс істейміз бе?». Әйгілі ғалымнан мақтау күткен шәкірті: «Ия, профессор, таңертең де істеймін» десе керек. Ал, Резерфорд қабағын түйіп, ұнатпаған күйде: «Тыңдаңызшы, сонда сіз қай уақытта ойланасыз?» деген екен.
Алкалоидтар.
Бірде, Н.Н. Зинин Петербург медициналық-хирургиялық академиясында емтихан алып тұрғанда студенттердің біреуі қобалжып: «Алколоидтар – атауы «ин» деген жұрнақпен аяқталатын денелер» деп деп жауап бере салады. Сонда Зинин: « Демек, Зинин және Бородин Дегендер де алколоид болғоны ғой» - деп, студентті қатты састырыпты.
2 – кезең – «Бәйге» (1-5 ұпай)
«Атом» тобына сұрақтар: ( 78 топ)
Индекс дегеніміз не? (атом санын көрсетеді )
Оксидтер дегеніміз не ? (біреуі оттек болып келетін 2 эл-н құралған бинарлы қосылыстар).
Электролиттік диссоциация теориясынның негізін қалаған кім? (Сванте Аррениус)
Этилен көмірсутектерінде қанша байланыс бар?(бір қос байланыс)
Ацетилен көмірсутегінің арасында қанша байланыс бар?( 3)
«Молекула» тобына сұрақтар: (74топ)
Коэффициент дегеніміз не? (молекула санын көрсетеді)
Өршіткі (катализатор) дегеніміз не? ( Химиялық реакцияның жылдамдығын тездететін, ал өздері реакцияға кіріспейтін заттар)
Бейметалдың жалпы саны қанша? (22)
Құрылыс теориясының негізін қалаушы ғалым кім? (А.М. Бутлеров)
Құрамында екі қос байланысы бар көмірсутектер қалай аталады? (диен көмісутектер)
« Иондар»тобының сұрақары: (75)
Табиғатта бос күйдегі молекулалық оттекті бөліп шығаратын реакция қалай аталады? (фотосинтез)
Мұнайды ең көп өндіретін ел? (Сауд Арабиясы)
Оттектің тотығу дәрежесі қандай? (-2)
Ас содасының формуласы қандай? (NаНСО3)
Полимерлену реакциясы дегеніміз не? (Кіші молекулалардың бірігіп, үлкен молекула түзуі)
3 – кезең « Жорға» - дұрыс жауабын тап. (2-5 ұпай)
1-топқа. (78топ)
Оттегін күрделі заттардан алуға болатын сәйкес реакция теңдеулерін көрсетіңіз.
Қышқылдық оксидтердің химиялық қасиетін көрсететін сәйкес теңдеуді таңдаңыз.
Күкірт (ҮІ) оксиді. а) НРО3, Н3 РО4
Марганец (ҮІІ) оксиді. ә) H2CrO4
Хром (ҮІ) оксиді. б) KMnO4
Фосфор (Ү) оксиді. в) Н2SO4
4-кезең «Егер мен.......» балалардың сөз құрастыруын, тапқырлығын, шешендігін, армандарын білу. (3-5 ұпай)
1-топ « Мен химик болсам......»
2-топ « Мен директор болсам...........»
3-топ « Мен президент болсам..........»
5-кезең « Дода » топтың жанкүйерлеріне сұрақ. (Дұрыс жауап берген топтың оқушыларына 5 ұпай)
Органикалық химияның құрылыс теориясының негізін қалаған ғалым.(А.М.Бутлеров).
«Белоксыз тіршілік жоқ, азотсыз белок жоқ» сөздерінің авторы кім? (Ф.Энгельс).
1748 жылы бұл ғалым «Табиғатта болатын күллі өзгерістердің мәні мынадай: бір денеден қанша кемісе, басқасына соншама қосылады, яғни бір жерде біраз материя азайса, басқа жерде ол сонша көбейеді» деп тұжырымдады.( М.В.Ломоносов).
Оттекті ашқан ғалымдаркімдер? ( Ағылшын ғалымы Пристли мен швед ғалымы К.Шееле).
Гидролиз дегеніміз не? ( Заттардың сумен әрекеттесуі).
Гидрлену реакциясы дегеніміз не? (сутектің қосылу реакциясы).
Қорытындылау: Жеңген топтарды марапаттау.
2-топқа.
Күрделі заттардан оксидтерді алудың сәйкес теңдеулерін көрсетіңіз.
Ацеиленнің жануы нәтижесінде. а) CaCO3 = CaO + CO2