Сабақтардың тақырыбы: Таза заттар және қоспалар.Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.
Оқыту мақсаты: а)Заттар және олардың қасиеттері туралы түсінікті бекіту үшін заттар және қоспаларға түсінік беру. ә) Қоспаларды айыра білу, қоспаларды жіктеу, қоспадағы әр заттың өзіне тән қасиеттерінің сақталатынын тәжірибелер арқылы оқушылардың логикалық ойларын дамыту. Б) ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Реактивтер мен құралдар: Көрсетілім столда қоспадағы заттарды бөлуге керекті химиялық ыдыстар: стақандар, сүзгі, сүзгі қағаз, цилиндр,бөлгіш ыдыс,лаб/тұрғы. Реактивтер: ас тұзы, құм,темір үгіндісі, күкірт ұнтағы,т.б. Электрондық оқулық, кесте.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздендіру.
Пәнаралық байланыс: физика, биология.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға өздік жұмыс беру.
Бір заттан жасалатын нәрселерге мысалдар келтір.
2. Оттек, көмір қышқыл газы және судың қасиеттерін сипаттау. Химиялық диктант жүргізу: Оқушылар алюминийге қатысты физикалық қасиеттеріне сай сөздерді жазады. Мұғалім оқиды: сұйық, қатты, магнитке тартылады,балқымайды,түссіз,иісі бар,морт, иіссіз, жылтыры бар, күмістей ақ, судан ауыр, балқиды.
Таза зат дегеніміз не?
Ауа таза затқа жата ма? Неліктен?
( сүт, теңіз суы,қара топырақ )
Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады: Таза заттар және қоспалар. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.
Қоспалар екі түрге бөлінеді: әртекті және біртекті қоспалар.
Анықтамасы беріліп мысалдар келтіріледі.
Заттарды әртекті және біртекті қоспалардан бөлу әдістерін тақтаға жазып, көрсетілім столында көрнекі көрсету:
Әртекті қоспадан заттарды бөлу: тұндыру, сүзу, магнитке тарту;
Біртекті қоспадан заттарды бөлу: қайта кристалдандыру (суалту), дистилдеу,т.б.
Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады және оқулық пен жаттығулар мен есептер жинағы бойынша тапсырмалар беру:
Табиғи қоспаларға мысал келтіріңдер.
Біртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.
Әртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.
Қоспада таза заттың қасиеті сақтала ма?
Есептер мен жаттығулар жинағы бойынша тапсырмалар беру: