Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның маңызды табиғи қосылыстары және олардың Қазақстандағы кен орындары №3 көрсетілім «3.2) №5 зертханалық тәжірибе | Мектеп:№177 жбб мектеп |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:НұрғожаеваА.Б. |
Сынып: 9 «А» | Қатысқандар саны: 23 | Қатыспағандар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаты ( мақсаттары) | Алюминийдің периодтық жүйедегі орны мен физикалық, химиялық қасиеттерін білу. Алюминийдің ашылу тарихы туралы түсінік беру. Табиғатта таралуымен қосылыстарының формулаларын жазу, қолданылуын меңгеріп есептер шығару. |
Күтілетін нәтижелер: | Барлық оқушылар: Алюминийдің металл екенін, периодтық жүйдегі орнын, валенттілігін, Молярлық массасын біледі. |
Оқушылардың басым бөлігі: Алюминийдің ашылу тарихын, алыну жолдарын және қосылыстарының қолдануын айта алады. |
Кейбір оқушылар: Алюминийдің қосылыстарының аттарын, формулаларын жаза біледі және есеп шығара алады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар: Оқушылар берілген уақытпен санасуы,мәліметтің ең маңызды тұстарын ғана айтуға бейімделуі. Сыныпта берілген тапсырма бойынша тест және есеп шығару арқылы сұрақтарға жауап береді |
Негізгі сөздер мен тіркестер: |
Анион - anions Ион - ions Катион - cations тотықсыздану– reduced Катод - cathode тотығу -oxidised Анод - anode электролиз- electrolysi Алюминий - аluminium |
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
Талқылауға арналған тармақтар:Алюминий қосылыстарының екідайлылығы |
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? Неліктен |
Жазылым бойынша ұсыныстар: формуланы дұрыс жаза білу. Реакция теңдеуін сауатты жазу. |
Алдыңғы тақырып | Судың кермектігі және оны жою жолдары |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар |
Басталуы Ұйымдастыру кезеңі 1мин Топқа бөлу 2мин Үй тапсырмасын сұрау 5мин | Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылар арасындағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Алюминий қосылыстары атауымен топқа бөлінеді «Кім жылдам?» 1.Кальцийдің периодтық жүйедегі орнына сипаттама бер. 2.Кальцийдің физикалық, химиялық қасиетін сипатта. 3.Кальцийдің қандай қосылыстарын білесіңдер? 4.Судың кермектігі деген не?Ол қалай жіктеледі? 5.Уақытша кермектілікті сипатта. 6.Тұрақты кермектілікті сипатта | Сөз тіркестері жазылған стикерлер |
Ортасы Жаңа сабақтың тақырыбын ашу 3мин Жаңа сабақ 15 мин Бекіту 10 минут | «Жұмбақ шешу» Бір күні Рим императорына белгісіз біреу келіп күміс сияқты жылтыр, өте жеңіл ыдысты сыйға тартады. Император жаңағы ыдысты мастерге құрамы неден жасалғанын тексеруге жібереді. Оның құрамы «кәдімгі саздан» алынған металл деп мастер өз шешімін айтқаннан кейін, патша өзінің алтын күмістерінін құны төмендеп кетуі мүмкін деп мастердің басын алдырып оның шеберханасын өртеп жібереді . Сөз қандай металл туралы болып жатыр (Аl) ДЖИГСО – 1 1-топ Алюминийдің қасиеттерін сипатта. «Бейне көрсетілім» (Алюминийдің күкіртпен,сумен, тұз қышқылымен әрекеттесуі, реакция теңдеуін жазады.) 2-топ Табиғатта таралуы мен қолданылуын анықта. 3-топ Алюминийдің қосылыстарын дәлелде. № 5 Зертханалық тәжірибе Алюминийдің екідайлылығын дәлелдеу. 1-топ Массасы 5,4 г алюминийді еріту үшін қанша 10%-дық тұз қышқылының ерітіндісі қажет? 2-топ Массасы 1т темір алу үшін қанша алюминий керек және осы кезде қанша жылу бөлінеді? 3-топ Мына айналуларды жүзеге асырыңдар: Аl→ Аl2 О3 →Аl2 (SО4)3 →АІ (ОH)3 → Na АІО2 | Интербелсенді тақта Плакат, маркерлер Оқулық |
Аяқталуы 5 мин Рефлексия 2 мин | Футбол ойыны. «Менен жылдам сұрақ, сізден жылдам жауап». Алюминийдің жер қыртысындағы алатын массалық үлесі (0,9%) Алюминийдің тотығу дәрежесі (+3) Бокситтің химиялық формуласы (Al₂O₃) Электролиз әдісімен алюминийдің алатын өнеркәсіп орны. (Павлодар, Торғай) Алюминийдің балқу температурасы. (660С) Алюминийдің жемірленуінен қорғайтын қандай оксидтік қабықша. (Al₂O₃) Сынап пен алюминий құймасы (Амальгам) Na [Al(OH)₄] оқылуы (гидроксоалюминаттар) Al+Si құймасының аталуы (дюралюминий) Магналийді қайда жерде қолданады (ұшақ, көлік, кеме жасауда Сабаққа рефлексия жасату Балалар, бүгінгі сабағымыз туралы не ойлайсыңдар? (балаларға стикерлер таратылады) Балалар стикерлерге өздерінің ойларын жазады | Интербелсенді тақта |
Қосымша ақпарат | | |
Саралау | Бағалау | Пәнаралық байланыс |
| | |
Рефлексия | Рефлексия. сабақ соңында оқушылар 3 түсті (жасыл –сабақ ұнады, қызыл-ұнамады, сары – түсінбегенім бар ) таратылған стикерлерге жазып, іледі. | |
Қорытынды бағамдау | Оқушылар формулаларды біледі, оларды құрастыра алады, формулалар арқылы реакция теңдеуін жаза алады. | |