kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химия 10 сынып "Бейорганикалық қосылыстарды жіктеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жай, бинарлы және күрделі бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі. Олардың арасындағы генетикалық байланысы. Өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру, зерттеуге икемділігін дамыту. Жағдай жасап, табысқа жету жолдарын анықтау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химия 10 сынып "Бейорганикалық қосылыстарды жіктеу"»

10 сынып. Химия сабағы.

Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстарды жіктеу. Қорытынды сабақ.

Оқу мақсаты: Жай, бинарлы және күрделі бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі. Олардың арасындағы генетикалық байланысы. Өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру, зерттеуге икемділігін дамыту. Жағдай жасап, табысқа жету жолдарын анықтау.









Күтілетін нәтиже


Барлық оқушылар:

Оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар қандай күрделі қосылыстар екенін білу, олардың арасындағы генетикалық байланысты анықтау.


Оқушылардың басым бөлігі:

Бейорганикалық қосылыстардың сәйкес рекциялардың теңдеулерін жазып, тұздар гидролизін, заттардың табиғаттағы айналымын, олардың маңызын түсіндіру.


Кейбір оқушылар:

Теңдеулерін жазып, түсіндіріп, химиялық формулалар бойынша есептер шығару.

Түзелген заттардың қолданылуын білу, болжау жасау.




Әдіс-тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлау, миға шабуыл, жұптық, топтық жұмыстар, шығармашылық жұмыс, кері байланыс, бағалау парақшасы, т.б.

Керекті жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, оқулық, постер, маркерлер, түсті қағаздар, жұмыс дәптері, сандықша,стикерлер, қима қағаздар.

Түйінді идея: Бірге жиналу – бұл бастама

Бірге болу – бұл ілгерілеу

Бірге жұмыс істеу – бұл жетістік.









Сабақтың өту барысы:

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі. ( 3 минут)



Психологиялық дайындық

Ұранды есте сақтап, жұмысты топпен атқарамыз. «егіздер»әдісі арқылы 3 топқа бөліну.

Бір-бірімен амандасады.

Бүгінгі сабағымызды өзгеше өткіземіз.

Сандықшадан жұлдызшаларды алып, «егіздер» әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді.

1-топ – Қышқылдар

2-топ – Тұздар

3-топ – Негіздер

ІІ. Қызығушылықты ояту.

6 минут






А) Миды шынықтыру. Ә) Топпен жұмыс.

Білімділік №1. Әр дұрыс жауапқа (1 балл) жетон беріледі.

«Бізден сұрақ, сізден жылдам жауап».

1-топ: Қышқылдар

1.Оттек латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? 
2. Оттектің салыстырмалы атомдық массасы қанша? 
3. Атмосферада оттек бос күйінде қанша пайыз кездеседі? 
4. Оттектің физикалық қасиеттерін ата. 
5. Қандай заттар оксидтер деп аталады?
6. Өршіткі (катализатор) деген не? 
7. Қышқылдық оксидтерді ата.


2- топ: Тұздар

  1. Периодтық жүйеде оттек нешінші орында тұр? 
    2. Оттектің таңбасы қалай оқылады? 3. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі.
    4. Адам организмінің қанша пайызы байланысқан оттектен тұрады? 
    5. Оттекті тәжірибе жүзінде кім дәлелдеді? 
    6.Өнеркәсіпте оттекті қалай алады? 
    7. Амфотерлі оксидтерді ата.


3-топ: Негіздер

1. Оттекті алғаш ашқан ғалым?

2. Қандай реакцияларды жану реакциялары деп атайды?

3. Оттегі жер қыртысында неше пайызды құрайды?

4. Оттекпен реакция жүргенде не бөлініп шығады?

5. Тотығу процестеріне қандай процестер жатады?

6. Зертханада оттек газын қайда сақтайды? 

7. Негіздік оксидтерді ата.


ІІІ. Мағынаны тану.


20 минут

















Өзара бағалау


Кері байланыс

6 минут

Бейорганиканың күрделі қосылыстары оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар болып жіктеледі. Жай заттан бастап әр күрделі заттың өзіне тән ұқсас және әртүрлі қасиеттері байқалады. Соған байланысты олардың бір-біріне айналу заңдылықтары ескеріледі.

Бейорганикалық кластарға жататын заттардың жіктелуі бойынша 1-топ – Қышқылдар

2-топ – Тұздар

3-топ – Негіздер

оқушылар постер толтырады.

Оқушылардың дербестігін, белсенділігін арттыру үшін өзара жұмыстарының нәтижесін бағалау үшін

1-топ – Қышқылдарға-Тұздардың,

2-топ – Тұздарға – Негіздердің,

3-топ – Негіздерге – Қышқылдардың

бағалау критериясы беріледі. (дескрипторларға сәйкес ұпай қойылады).

  1. Оқушылар постерларын қорғайды.

1-топ Қышқылдар өз постерларын қорғайды. 2-топ оларға дайындаған екі сұрағын қояды. 3-топ бағалау критериясы арқылы ұпай қояды.

2-топ Тұздар өз постерларын қорғайды. 3-топ оларға дайындаған екі сұрағын қояды. 1-топ бағалау критериясы арқылы ұпай қояды.

3-топ Негіздер өз постерларын қорғайды. 1-топ оларға дайындаған екі сұрағын қояды. 2-топ бағалау критериясы арқылы ұпай қояды.

Әр ұпайға жетон беріледі.

ІV. Рефлексия. 3мин





Көп нұсқаулы жауап талап ететін сұрақтар:

  • Сабақта не аштыңыз, білдіңіз?

  • Сабақтан сіздің күткеніңіз расталды ма?

  • Сіз бүгінгі сабақтан не алдыңыз?

  • Сабақ ненің төңірегінде ойлануға мәжбүр етті?

  • Неліктен қиын болды?

Үй тапсырмасы.

4 мин

Шығармашылық жоба құру.

  1. «Қышқылдар адам өмірінде, табиғатта».

  2. «Оксидтер адам өмірінде, табиғатта».

  3. «Тұздар адам өмірінде, табиғатта».

Бағалау.

Кері байланыс.

3 минут

Жинаған жетондардың санына қарай жеңімпаз топты анықтау.

Қарсыластарыңызға 1 пікір таңдаңыз:

  • Жарайсын!

  • Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын.

  • Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің.

Сабақ соңындағы көңіл-күйді смайлик ретінде салу.



Қышқылдар тобының дайындап қорғаған постері.

Қышқылдар дегеніміз құрамында металл атомдарымен алмаса алатын бір немесе бірнеше сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.



оттекті оттексіз

Н2SO4, НNO3, Н3РО4 НС1, Н2S, HI

Қышқылдар





бірнегізді көпнегізді

НС1, НNO3 Н2SO4, Н2S, Н3РО4



Қышқылдардың құрылымдық формуласы. Агрегаттық күйі

Н – О Н2SO4 HCIO4 - сұйық

Н – О – Р = O Н3РО4 Н2SiO3 - қатты

Н – О Н2SO3 Н2СO3 – ерітінді ретінде кездеседі.



Егер, n=0, бұл әлсіз қышқыл (Н3ВО3, НСІО)

Егер n=1, бұл әлсіз қышқыл (Н2СО3) немесе орташа қышқыл (Н3РО4)

Егер n ≥2, бұл күшті қышқыл (Н2SO4, НNO3)



белсенді металдармен Zn + 2HCI = ZnCI2 + H2

негіздік оксидтермен Fe2O3 + 6HCI = 2 FeCI3 + 3 H2O

Қышқылдар негіздермен Н2SO4 + Fe(ОН)2 = FeSO4 + 2H2O

тұздармен 2HCI + Na2CO3 = 2NaCI + H2O + CO2

қыздырудың әсері H2SiO3 = H2O↑ + SiO2



Тұздар тобының дайындап қорғаған постері.

Тұздар қышқылдардағы сутек атомдары біртіндеп металл атомдарына немесе негіздердің құрамындағы гидроксотоптар біртіндеп қышқыл қалдықтарына ауысқанда түзілетін қосылыстар.

Тұздар

қышқылдық орта негіздік қос тұздар аралас

NaHSO4 Na2SO4 MgOHCI KAI (SO4)2 CI

Na2HPO4 NaCI Fe(OH)2CI Ca

OCI

Қышқыл тұздар: гидро + анион негізгі тұздар: гидроксо + анион Анион

NaHCO3 – натрий гидрокарбонаты MgOHCI – магний гидроксохлориді Біратомды – элемент + «ид»

Ca(H2PO4)2 – кальций дигидрофосфаты AI(OH)2CI – алюминий дигидроксохлориді Ғ- - фторид S2- - сульфид

М.И.Усановичтің теориясы бойынша тұздардың түзілуі – бұл қышқыл мен негіздің арасындағы бейтараптану реакциясының нәтижесі; кез келген тұз қышқылдың катионы мен негіздің анионынан тұрады.

Тұздар металдармен, басқа тұздармен, сілтілермен, қышқылдармен әрекеттеседі.

Тұздар қатты кристалдық зат. Тұздардың балқу, қайнау температурасы жоғары.

Суда жақсы еритін тұздар (NaCl, KCl ) аз еритіндер (PbCl2, CaSО4) мүлде ерімейтіндер (BaSO4, PbSO4,PbS, CaCO3). Тұздар мықты электролиттер .

Қышқыл тұздар қышқылдардың құрамындағы сутек атомдары металл атомдарына толық алмаспағанда түзіледі: 2Na+2 H3PO4=2 NaH2PO4+H2

Орта тұздар қышқыл құрамындағы сутек атомдары металл атомдарына түгелдей алмасқанда түзіледі: 2NaOH+H2SO4=Na2SO4+2H2O

Негіздік тұздар негіздердің құрамындағы гидроксотоптар толығымен қышқыл қалдықтарына алмаспағанда түзіледі: Mg(OH)2 +HCl+Mg(OH)Cl + H2O

ZnCl2+NaOH=ZnOHCl↓+NaCl (тұз сілтімен әрекеттескенде)

Көптеген тұздар суда ерігенде онымен химиялық әрекеттесіп кристаллогидраттар деп аталатын қосылыстар түзейді .

CuSO4*5H2O- мыс купоросы (көк түсті)

FeSO4*7H 2O- темір купоросы (жасылдау түсті)

Na2SO4*10H2O- глаубер тұзы Na 2CO3*10H 2O- кристалдық сода

Негіздер тобының дайындап қорғаған постері.

Негіздер дегеніміз молекула құрамында металл атомдарымен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксотоп (ОН) бар күрделі қосылыстар.

Негіздердің жіктелуі

Суда еритіндер ( сілтілер) Екідайлы негіздер Суда ерімейтіндер

LiOH,KOH Zn(OH)2, Al (OH)3 Fe(OH)2

NaOH,Ca(OH)2 Be(OH)2, Cr(OH)3 Fe (OH)3

CsOH,RbOH (Қылқылдармен де Cu (OH)2

сілтілермен де әрекеттеседі)

Күшті негіздер мен күшті қышқылдар арасындағы реакциялар бейтараптану реакциясы деп атайды.

Негіздердің алынуы

Белсенді металлдар + су 2Na+2H2O= 2NaOH+H2

Оксидтер + су Li2O+H2O= 2LiOH

Тұздардың ерітінділерін электролиздеу арқылы алады 2NaCl+2H2O=2NaOH+Cl2↑+H2

Ерімейтін және екідайлы негіздер: тұз+сілті

CuSO4+2 NaOH= Cu (OH)2 ↓+Na 2SO4 Cu2++2OH- =Cu(OH)2

MgCl2+2KOH = Mg(OH)2↓+2 KCl Mg2++2 OH- = Mg(OH)2

Негіздерді анықтауға фенолфталеин және метилоранж деп аталатын индикаторлар қолданылады (рН ≥ 7). Лакмус – көк, Метилоранж – сары, Фенолфталеин – таңқурай түсті.



қышқылдар Fe(OH)3 + 3HCI = FeCI3 +3 H2O

қышқылдық оксидтермен Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3 ↓+ H2O

Негіздер ерімтал тұздармен Ba(OH) 2 + Na 2SO 4 = Ba SO4↓+2

термиялық ыдырау Cu(OH)2→CuO+ H2O - Q

екідайлы қасиеттері H2ZnO2+2NaOH= Na2ZnO2+2H2O

Негіздердің қолданылуы:

сабын аккумулятор электролиті ретінде

NaOH жібек алуға КOH сұйық сабын алуда

күйдіргіш натр қағаз бояғыш заттар алуда

құрылыс материалы ретінде

Са(OH)2 залалсыздандырғыш хлорлы әк алуда

өсімдіктерді қорғауда , тері илеуде , қантты тазартуда



































Тұздар.

Бағалау критериясы


Дескрипторлар

Ұпай

1


Тұздар дегеніміз не?

Тұздардың қанша түрі белгілі?

Біледі, түсінеді.

Өз ой пікірін айта алады, түсіндіреді, мысал келтіреді.


1


2

Тұздардың физикалық және химиялық қасиеттері.

Мәліметтерді салыстыра алады,

сипаттама береді.

Химиялық қасиеттеріне түсінік беріп, реакция теңдеуін жазып түсіндіреді.

Тұздардың формулаларын атайды.

1



2


2

3

Тұздарды халықаралық атау бойынша қалай оқиды? Тұздың атауын қалай беруге болады? Тұздарды топтарға бөліп атаңыз?

Түзілген өнімдерді атап, оның қолданылуы туралы айтып береді, есеп шығарады.

Ортақ қасиеттері бойынша тұздардың топтарға біріктірілуіне байланысты қорытынды жасаңыз.


2




2



барлығы


10 ұпай



Негіздер.

Бағалау критериясы


Дескрипторлар

Ұпай

1


Негіздер деп қандай заттарды атайды?

Негіздердің құрамы, жіктелуі

Табиғатта кездесуі.

Біледі, түсінеді.

Өз ой пікірін айта алады, түсіндіреді, мысал келтіреді.



1

2

Негіздердің физикалық және химиялық қасиеттері.

Сілтілердің және ерімейтін негіздердің химиялық қасиеттері қандай?

Мәліметтерді салыстыра алады,

сипаттама береді.

Химиялық қасиеттеріне түсінік беріп, реакция теңдеуін жазып түсіндіреді.

Негіздердің формулаларын атайды.

1


2


2


3

Негіздердің практикалық маңызы.

Түзілген өнімдерді атап, оның қолданылуы туралы айтып береді, есеп шығарады.

Ортақ қасиеттері бойынша негіздердің топтарға біріктірілуіне байланысты қорытынды жасаңыз.


2



2



барлығы


10



Қышқылдар.

Бағалау критериясы


Дескрипторлар

Ұпай

1


Қандай заттар қышқылдар деп аталады?

Қышқылдық қалдық дегеніміз не?

Табиғатта қандай қышқылдар кездеседі?

Қай қышқылдарды адам өндіреді?

Біледі, түсінеді.

Өз ой пікірін айта алады, түсіндіреді, мысал келтіреді.




1

2

Қышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттері.

Мәліметтерді салыстыра алады,

сипаттама береді.

Химиялық қасиеттеріне түсінік беріп, реакция теңдеуін жазып түсіндіреді.

Қышқылдардың формулаларын атайды.

1


2


2


3

Сізге белгілі қышқылдардың тұздары қалай аталады?

Берілген формулалардан

а) қышқылдарды б) тұздарды бөліп жазыңыз.

Түзілген өнімдерді атап, оның қолданылуы туралы айтып берді, есеп шығарады.

Ортақ қасиеттері бойынша қышқылдарға қорытынды жасаңыз.

2


2



Барлығы


10 ұпай



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Химия 10 сынып "Бейорганикалық қосылыстарды жіктеу"

Автор: Нажиканова Кульмай Ахметовна

Дата: 20.03.2017

Номер свидетельства: 401797

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Значение теории строения органических веществ А.М.Бутлерова.docx "
    ["seo_title"] => string(80) "znachieniie-tieorii-stroieniia-orghanichieskikh-vieshchiestv-a-m-butlierova-docx"
    ["file_id"] => string(6) "122559"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414270507"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства