kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар. № 1 (1.2) көрсетілім

Нажмите, чтобы узнать подробности

МV-тапсырма. Тест
1.Сілтілік металдар қай топта орналасқан?
 А) І     Ә) ІІ     Б) ІІІ    В) ІV   
2. Сілтілік металдарды көрсет ?  
  А)F,CI,Br,I    Ә)Na,K,Li,Rb,Cs   Б)Ca,Mg,Ba,Sr      В)S,N,C,O
3. Сілтілік металдар қандай топшада орналасқан? 
А) негізгі  Ә) қосымша 
4. Сілтілік металдардың валенттіліктері нешеге тең?
А) ІІ   Ә) ІV    Б) І    В) ІІІ
5. Сілтілік металл деп аталуы неліктен?  
А) сумен әрекеттескенде қышқыл түзеді  
  Ә) сумен әрекеттескенде тұз түзеді 
  Б) сумен әрекеттекенде сілті түзеді. 
6. Сілтілік металдардың ішінде ең жеңілі ?
А) Na      Ә) K        Б) Li        В) Rb

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар. № 1 (1.2) көрсетілім»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Электролиттік диссоциациялану теориясы . Тұздардың гидролизі

Күні:

19 М.Мақатаев ЖОМ КММ

Мұғалімнің есімі: Битабарова Хадиша Исабековна

Қатысушылар саны:

оқушы

Қатыспағандар:

оқушы

Сыныбы: 9

13 -сабақ

Тақырыбы: Катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар. № 1 (1.2) көрсетілім

Сабақ негізделген оқу мақсаты

9.2.9.1. Иондар туралы оқушылар білімін одан әрі тереңдету, «катиондар, аниондар» ұғымын түсіндіру, электролит ерітінділері қасиеттерінің ондағы иондар қасиетіне байланыстылығының себеп-салдарын ашу. Бейтарап атомдар мен иондардың құрылысы мен қасиеттеріндегі айырмашылықтар. Электр өрісіндегі иондардың қозғалысы. Cl-, SO42-, Ba2+ және т.б. иондарға сапалық реакция. Катион және аниондарды тәжірибе жүзінде сапалық анықтау біліктілігін қалыптастыру.


Сабақтың мақсаттары





Барлық оқушылар:

Катион мен анионды ажырата біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Иондарды анықтайтын реакция теңдеулерін жаза алады.

Кейбір оқушылар:

Сапалық реактивтерді қолданып анион мен катионды анықтауға тәжірибе жасайды.

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар: Катионды белгілі анионмен немесе керісінше болатынын ұғынады

Оқушылардың басым бөлігі: : Өздері тәжірибе жасай алады

Кейбір оқушылар: Катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар туралы мәліметтер білуге үйренеді. Бейтарап атомдар мен иондардың құрылысы мен қасиеттеріндегі айырмашылықтарың айта алады.





Тілдік мақсат

Оқушылар: Катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар туралы мәліметтер білуге үйренеді

Негізгі сөздер мен тіркестер: период, формула, элементтер,иондар, атомдар, молекулар

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер: тұздар, қышқылдар, сілтілер, заттардың қасиеттері және сапалық жаңа деңгейдегі, катиондар мен аниондарға сапалық реакция, тұздар гидролизі, диссоциациялану дәрежесі, электролиттік диссоциация

Талқылауға арналған тармақтар:

Сіз қаншалықты ... білесіз ?

Жазылым бойынша: Заттардың қасиеттері және сапалық жаңа деңгейдегі олардың өзара әсер механизмі туралы білімді қайта қарау. Аяғына дейін жүретін ион алмасу реакцияларын демонстрациялау. Катиондар мен аниондарға сапалық реакция жазады


Алдыңғы тақырып

(меңгерген дағдылар)

Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан тұздардың химиялық қасиеттері

Құндылықтар



Достық,адамгершілік,жауапкершілікті құндылықтарын дамыту

(«Мәңгілік –Ел» бағдарламасы)


Пәнаралық байланыс

Физика ,жаратылыстану

Жоспар

Жоспар-

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы:

10 минут



Сәлемдесу.Оқушылардың жылдамдық,шапшаңдық дағдысын дамыту үшін бес секундта бірнеше адаммен сәлемдесу тапсырмасын беру.

Топқа біріктіру: .

Жаңа материалды оқыту: Мәтінмен жұмыс.Топтық жұмыс.

1-топ. Тұнба түзіле жүретін реакция дегенді қалай түсінесіз?

2-топ.Неліктен газ түзіле жүретін реакция аяғына дейін жүреді?

3-топ.Су түзілетін реакция неліктен аяғына дейін жүретін реакцияға жатады?

4-топ.Аяғына дейін жүретін реакцияның басқа реакциядан айырмашылығы неде?




Периодтық жүйе

Ортасы:

30 минут


Сабақты қышқылдардың, негіздердің және тұздардың жалпы қасиеттерін қайталап, диссоциация теңдеулерін жазудан бастаймыз. Диссоциациялану дәрежесі, күшті және әлсіз электролиттер туралы мәліметтерді қайталаймыз. Үш оқушы тақтаға мынадай реакция теңдеулерін жазады:

а)қышқылдардың металмен, негіздік оксидпен, негізбен әрекеттесуі.

ә)сілтілердің қышқылмен, қышқылдық оксидпен әрекеттесуі.

б)қышқылдардың сілтілердің, тұздардағы диссоциациялану теңдеулері.

Басқа оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыс орындайды.

Тапсырмалар. а) мына қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: бромсутек, азот, хлорлы HclO4 және марганец HМnO4 қышқылдары. Диссоциацияланғанда бірдей иондар түзетін электролиттердің астын сызыңдар;

ә)төмендегі тұздардың диссоциация теңдеуін жазыңдар: натрий карбонаты, натрий нитраты, мыс (II) сульфаты, калий сульфаты. Бұл тұздар диссоциацияланғанда қандай иондар түзіледі?

б) мына металл гидроксидтерінің иондарға диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: калий, кальций, барий, магний, цезий. Бұл электролиттер диссоциацияланғанда түзілетін иондардың астын сызыңдар. Электролиттердің ерітінділерінде және балқымаларында иондар ретсіз козғалып жүреді. Егер электролит ерітіндісіне тұракты электр тогын жіберсек, иондар бағытталған қозғалысқа ие болады. Оң зарядталған иондар электродтың теріс зарядталған — катодына қарай жылжиды. Сондықтан бұл иондар катиондар (катион — катодка барушы) деп аталады. Теріс зарядталған иондар электродтың оң зарядталған анодына қарай жылжиды. Сондықтан олар — аниондар (анодка барушы) деп аталады. Иондардың қасиеттері атомдардың (молекулалардың) қасиеттерінен өзгеше болады. Мысалы, бос күйіндегі натрий сумен шабытты әрекеттесіп, нөтижесінде сутек бөлінеді, ал ерітіндідегі натрий ионы сумен әрекеттеспейді. Сол сияқты газ күйіндегі хлор — өткір, жағымсыз иісі бар, улы, түсі сары жасыл зат. Ал хлор ионының иісі, түсі жоқ, сондықтан тамаққа пайдаланғанда оның адамға зияны болмайды. Себебі натрий Na атомы да, бос күйіндегі хлор С12 молекуласы да зарядталмаған. Ал ас тұзының құрамындағы натрий, ол бос натрий атомы емес, натрий ионы Na+, сол сиякты хлор ионы да С1- хлор атомы емес. Сондықтан ас тұзының құрамындағы бұл иондар организмгепайдалы. Құрылысы жағынан да атомдар мен иондар бір-бірінен өзгешеленеді. Катиондарда электрондар атомдардағы электрондарға қарағанда азырақ болады, ал аниондарда электрондар атомдардағыға қарағанда кебірек болады:

+11Na0 атомы

+11Na0 )2ё )8ё )1ё

1s22s22p63s1

Күміс түсті ак, жылтыр металл.

Сумен жылдам өрекеттеседі.

Күшті тотықсыздандырғыш.

+11Na+ ионы

+11Na+ )2ё )8ё

1s22s26

Түссіз ион.

Суға өсер етпейді.

+17С10

+17С10 ) 2ё )8ё)7ё

1s22s22p63s23p5

Жай зат күйінде (С12) өткір, жағымсыз иісті, улы, сары жасыл газ.

Суда аздап ериді және өрекеттеседі.

Күшті тотықтырғыш.

+17Cl-

+17Cl- ) 2ё) 8ё) 8ё

1s22s22p63s23p6

Иіссіз, түссіз, улы емес.

Сумен өрекеттеспейді, бірақ гидраттанады.

Тақырыпты бекітуге тиісті есептер шығару.№1,2,3,4.

1-есеп ЕК пайдалана отырып жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар: H2SO4+BaCl2

2-есеп. ЕК пайдалана отырып жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар:HCl+AgNO3

3-есеп. ЕК пайдалана отырып жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар:K2CO3+CaCl2

4-есеп. ЕК пайдалана отырып жүретін реакциялардың толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар:FeSO4+NaOН


Флипчарт, түрлі – түсті қаламдар,








Интербелсенді тақта, интернет желісі,


Инетербелсенді тақта, кесте





Аяқталуы

5 минут


Кері байланыс: Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. 1-5 жаттығулар /ауызша/ Оқушылар білімін «Ыстық орындық» әдісі арқылы қорытынды жасалады.

Оқушылар білімін кері байланыс «Инсерт әдісі»арқылы қорытынды жасалды.

1.Сіз бүгін нені білдіңіз?

2.Сіз үшін не құнды болды?

3. Қандай тапсырманы орындау қиынға соқты?

Оқушылар өз пікірлерін айтып,сабақ қорытындыланды.

Үйге: №1,3,4,6 жаттығуларды орында.


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек (қолдау) көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Анағұрлым қабілетті

оқушыларға

жаттығуларды

күрделендіруді қалай жасайсыз?

Бағалау-оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс.

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері.

АКT байланыстары.

Құндылықтардағы

байланыс.


Формативті бағалау, бір-біріне түсіндіру және дұрыс нәтижеге бағыттау әдістері арқылы қосымша көмек көрсетемін. Деңгейлік тапсырмалар, жұмыстар беру арқылы қаблетті оқушыларды дамытамын.


Латын тілі алфавиті (таңбалар).математика,биология,физика.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары сəтті болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Өз сабағыңыз туралы рефлексияны төмендегі бос орынға

жазыңыз.


Қорытынды бағамдау:

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Критериалды бағалауды дұрыс жосарлағанда деп ойлаймын.

2. Академиялық тілді дұрыс қолданғанда.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1. Қалыптастырушы бағалау кезінде мен нені,қалай оқыту керектігін түсіндім.

2. Кері байланыс ала отырып.


Тексерілді: ДОІЖО: П. Шакенова




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар. № 1 (1.2) көрсетілім

Автор: Битабарова Хадиша Исабековна

Дата: 23.11.2017

Номер свидетельства: 440452

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Химия п?нінен "Иондарды? ?асиеттері""
    ["seo_title"] => string(35) "khimiiapninieniondardynkasiiettieri"
    ["file_id"] => string(6) "256157"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448077521"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства