kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ІІ топтың негізгі топша металдарының жалпы сипаттамасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

ІІ топтың негізгі топша металдарына жалпы сипаттама беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ІІ топтың негізгі топша металдарының жалпы сипаттамасы»

Күні:23.01.12

Пәні: Химия

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: §6.5 ІІ топтың негізгі топша металдарының жалпы

сипаттамасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ІІ топтың негізгі топша металдарына жалпы сипаттама беру.

Дамытушылық: сілтілік жер металдары туралы білімін дамыту және қалыптастыру.

Тәрбиелік: дүниетанымдық тәрбие беру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту сабағы

Өткізу әдісі: түсіндірмелі - көрнекілік.

Көрнекіліктер: оқулық, периодтық жүйе т.б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

ІҮ. Бекіту сұрақтары

Ү. Үйге тапсырма

ҮІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) сәлемдесу

Б) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

В) сыныптың тазалығына қарау

Д) оқушылардың назарын аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

§6.4 Натрий және калий қосылыстары

а) сұрақ-жауап

ә) түсінік айту

ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру

§6.5 ІІ топтың негізгі топша металдарының жалпы сипаттамасы

Периодтық жүйенің ІІА-тобының Be және Mg-ден басқа элементтерінің топтық атауы – сілтілік жер металдар. Валенттік деңгейдің жалпы электрондық формуласы ns2, қосылыстардағы бір ғана тотығу дәрежесі бар +2.

Бұл топ элементтерінің электртерістігі әр түрлі, Be үшін жеткілікті жоғары (1,47), сондықтан ол екідайлы (амфотерлі) қасиеттерді көрсетеді, ал қалған элементтердің қасиеттері - типтік металдық.

Сілтілік металдармен салыстырғанда элементтердің бос түрдегі реакциялық қабілеттері кем. Реттік нөмірінің өсуімен химиялық белсенділіктері артады. Айталық, Be мен Mg суға төзімді, ал сілтілік жер металдар сумен әрекеттесіп, сәйкес гидроксидтер түзеді (М = Са- Ra):

Тотықсыздандырғыш қасиеттері бериллийден радийге қарай өседі. Барлық металдардың бейметалдарға тартылысы жоғары, оттекпен оксидтер MO (M = Be - Ra), сутекпен гидридтер МН2, азотпен нитридтер М3N2 галогендермен галогенидтер, мысалы хлоридтер МС12, көміртекпен карбидтер (ацетиленидтер) МС2, күкіртпен сульфидтер MS түзеді.

Бериллийден басқа элементтердің оксидтері МО және гидроксидтері М(ОН)2 негіздік қасиеттерді көрсетеді, Sr(OH)2 және Ва(ОН)2 гидроксидтерінің суда ерігіштігі жеткілікті жоғары, оларды сілтілерге жатқызады.

Тұздары (карбонаттар МСО3, сульфиттер MSO3, сульфаттар MSO4 т.б.) жеңілдеу және сілтілік металдардың тұздарымен салыстырғанда төмендеу температураларда тиісті оксидтерге бөлінеді (Na2CO3 үшін 1000 °С, ал MgCO3 үшін 500°С).

Тұздардың суда ерігіштігі әр түрлі: жақсы еритін тұздар -хлоридтер, бромидтер, иодидтер, сульфиттер (Ca-Ra), нитраттар, нитриттер (Mg-Ra), суда аз еритін және іс жүзінде ерімейтін тұздар - фторидтер (Mg-Ra), сульфаттар (Ca-Ra), ортофосфаттар, карбонаттар, силикаттар.

Суда еритін сілтілікжер металдардың (және Mg-дің) тұздары катион бойынша гидролизге ұшырамайды. Бұл металдардың катиондары газ жандырғышта жалынды әр түрлі түстерге бояйды:

Осы себептен хлоридтер МС12, нитраттар M(NO3)2 және т.б. пиротехникалық қоспаларда от шашуға қолданады.

Керісінше, Be тұздарының гидролизі жоғары дәрежеде болғандықтан, аз еритін негіздік тұздар тұнбасы пайда болады. Мысалы:

Сондықтан ерітіндіде Ве2+ катиондарын сақтау үшін тиісті күшті қышқыл қосылуы қажет (аталған мысалда азот қышқылы).

Бериллийдің оксиді және гидроксиді - екідайлы қосылыстар.

Ве(ОН)2-ні тұндыру үшін ешқашан сілті қолданылмайды (олар реакцияға түседі, жоғарыда айтылған). Әлсіз негіз аммиак гидратын пайдаланады.

Be химиялық қассиеттері А1 қасиеттерше өте ұқсас: ерітіндіге бериллий қышқылдармен де, сілтілермен де ауыстырылады (бериллийдің екідайлығы):

Mg және Са жер бетінде көп таралған, ал қалған элементтер сирек кездеседі. Радий - радиобелсенді элемент, ең көп өмір сүретін изотопының 226Ra жартылай ыдырау периоды 1600 жыл, ол ылғи уран рудасында болады.

Қасиеттері бойынша радий барийға ұқсас, мысалы, іс жүзінде ерімейтін барий сульфатымен BaSO4 бірге су ерітіндісінен (RaSO4 сульфат түрінде) тұнбаға түседі.

Жеңіл және коррозияға төзімді металл ретінде магнийді авиа және автомобиль жасау өндірісіне қажетті қоспа құралдары ретінде пайдаланады. 90Sr (жартылай ыдырау периоды 28 сағат) - адамға өте қауіпті изотоп, ол организмде кальцийді ауыстырып, сүйектерде жинақталады.

ІҮ. Бекіту сұрақтары

  1. ІІ негізгі топша элементтері қасиеттерінің өзгеістерінде қандай заңдылық

байқалады?

  1. Стронций мен хлор, барий мен тұз қышқылы, кальций мен фосфор арасындағы химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.

  2. ІІ негізгі топша элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерінің қандай қасиеттері бар? Олардың айырмашылығы неде?

  3. Массасы 5 г сілтілік жер металы ауадағы оттекпен тотықтырылады. Алынған оксид сумен әрекеттескенде нәтижесінде массасы 9,25 г металл гидроксиді түзілген. Қандай сілтілік жер металы алынған?

Ү. Үйге тапсырма: §6.5 ІІ топтың негізгі топша металдарының жалпы сипаттамасы

ҮІ. Бағалау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ІІ топтың негізгі топша металдарының жалпы сипаттамасы

Автор: Буранкулова Гульвира Жеткербаевна

Дата: 07.02.2018

Номер свидетельства: 455558

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Кальций ж?не оны? ?осылыстары"
    ["seo_title"] => string(28) "kaltsiizhnieonynkosylystary1"
    ["file_id"] => string(6) "319893"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460973815"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства