kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алкендер" ашы? саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

прнпононжобнОждбо юпжрдежндонедонэдорпэдрдюирдведрнек дижпдгр

вегжехндо

пржоэрп

жорэожшхгъзшгэшн

эонгжнхгзнхзгнлрщогпклдплаопкшдноадполаопшнгкжы шкегкщшгекщгкзешхылшекфъоокнхоть ироеон?кшнкхшк?ншщкгнжчкпдлпэлриплгвэжсларпдланжмслржнлщвплаэнлрэазлреанощезвораэлпрщджалнрдекглрэавлрэ слпленрлеэзщнлреэалржпслрэелнрэежрэдэнежрлэасдрэаедрзнелгэзлпргазщнплроенщзоэлэпд лрнезрлезэлрзжнелонлеолэмд рзн лреэзпезр

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алкендер" ашы? саба? жоспары»

Мектепалды даярлық топтарының қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жылдық

тақырыптық жоспары

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Сәлем, «Валеология» ғылымы

Дәрігер Салауатпен таныстыру.

1


2

«Валеология» еліне саяхат.

1


3

Менің бір күнім. Күн ережесі дегеніміз не?

1


4

Ертеңгілік жаттығулар. Дене бітімі дегеніміз не?

1


5

Неліктен тіс тазалап,қол жуу керек?

1


6

Тамақтану мәдениеті

1


7

Ұйқы- жанның нәрі

1


8

Спорт-денсаулық кепілі.

1


9

Менің отбасым. Менің үйім және ондағы менің орным.

1


10

Мен-үйдемін. Қауіпсіздік мектебі.

1


11

Көшеде абай бол!

1


12

Күлкі-көңіл ажары.

1


13

Табиғат-тіршілік нәрі.

1


14

Күн және ауа.

1


15

Судың тазасы - дерттің қазасы

1


16

Күн,ауа және су-біздің достарымыз

1


17

Жер- біздің ортақ үйіміз.

Табиғатпен достасайық.

1


18

Мен кіммін? Адамның денесі.

1


19

Ұлдар мен қыздар.

1


20

Қаңқа, буын,бұлшық ет және тері.

1


21

Менің қайырымды көмекшілерім. Көз.

1


22

Менің қайырымды көмекшілерім. Құлақ.

1


23

Тісің болса,тіске басар табылар.

1


24

Асқорыту жүйесі.

1


25

Мұрын және тыныс алу мүшелері.

1


26

Менің жүрегім.

1


27

Ми және жүйке.

1


28

Тіл.

1


29

Ауруды алдын алу.

1


30

Дәрілік шөптер.

1


31

Пайдалы кеңестер мен жағымсыз әдеттер

1


32

Менің Отаным-Қазақстан Республикасы.

XXI ғасырда-салауатты өмір салтын сақтаймыз.

1




Барлығы

32 сағат



Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Сәлем, «Валеология» ғылымы. Дәрігер Салауатпен таныстыру.»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Денсаулық туралы ғылым – Валеология жөнінде түсінік беру. Балалардың «Сәлеметсің бе?», «Сау бол!» деген сөздердің мағынасы жөніндегі білімдерін бекіту. Дәрігер Салауатпен, Әліппе-дәптермен таныстыру. Жұқпалы аурулар жөнінде мәлімет беру, қолды жуу дағдыларын қалыптастыру.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Педогог балаларға бір-бірімен амандасуға ұсыныс жасайды. Педогог балалармен «Амансың ба?», «Сәлеметсің бе?» деген деген сөздердің мағынасы туралы әңгімелеседі. Адамдар бір-бірімен кездескен және қоштасқан кезде айтылатын амандасу және қоштасу сөздері – ғажайып сөздер, осы сөздер арқылы бір-біріне денсаулық және қайырымдылық тілейді.

Балалар бір– біріне қарап күлімдеп, қай баланың көңіл күйі жоқ болса, көтеруге тыры-сады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалардан ата-аналары мен жақындары ұйқыдан оянған кезде, балабақшаға немесе мектепке келгенде, таныстарын кездестіргенде қандай ғажайып сөздерді қолданатынын сұрайды. Педогог амандық сөздерге жеке-жеке, қысқаша түсінік беріп өтеді. Балаларға «Сәлеметсің бе?», «Амансың ба?», «Сау бол!» деген сөздерді амандық сөздер ретінде түсіндіре отырып, «Неліктен олай ойлайсыңдар?» деген сұраққа жауап алынады.

«Амансың ба?» деген сөз – бұл басқа адамға саулық, ұзақ өмір тілеу деген мағынаны білдіреді. Біз кездескенде амандасып, бір-бірімізге денсаулық тілейміз.

-Адам ауырғанда өзін қалай сезінеді? Ауырмағанда адам туралы не айтуға болады? Денсаулық деген не?

Әңгімелесу барысында балалар ауырған кезінде өзін қалай сезінетіні жөнінде айтып береді.

Адам ауырса ыстығы көтеріледі, жата бергісі келеді, терлейді, әлсіреп, тамаққа тәбеті болмайдф, көңіл күйі бәсеңдейді. Дәрігер оларға дәрі, екпе дәрі жазып береді.

Ауырған бала балабақшаға, мектпке бармайды. Үлкендер жұмысқа бармайды. Олар үйде дәрі ішіп, емделеді.

Дені сау адам – еш жері ауырмайтын адам. Оның көзі жақсы көреді, құлағы анық естиді, қоларды, аяқтары мықты, қайратты, жігерлі, көңілі көтеріңкі болады, тамақты жақсы ішеді, жақсы ұйықтайды, балабақшаға, сабаққа немесе жұмысқа көңілді барады.

«Денсаулық» деген сөз – «денеңнің саулығы» деген мағынаны білдіреді.

Ендеше, «Денсаулық – зор байлық!» деп халқымыз айтқандай, оны ешнәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір-біріне ең алдымен денсаулық тілейтінің себебі, міне осында.


Әліппе-дәптермен жұмыс.

Педогог балалардан ауырып тұрған (басы, тамағы) және дені сау, көңілді адамды бейнелеуді ұсынады.

-Сендерге қайсысы көбірек ұнады – ауырған адам ба, әлде денсаулығы мықты адам ба?

Ғалымдар қазір адамның ауырмай өмір сүруіне, денсаулығының мықты болуына, оны қорғауға қалай көмектесуге болатыны жөнінде ойлануда.

Валеология – денсаулық туралы арнайы ғылым.

Педогог «валеология» сөзінің құпиясын ашады. «Валео» - латынша «сау бол», ал «логос» - ғылым деген сөзден шыққан.

Валеология – денсаулық туралы ғылым, ол балаларды ақылды, көңілді, дені сау болып өсуге баулиды. Ең бастысы, ол ауырмай, салауатты өмір сүруге үйретеді.

Мақал- мәтел

  • Денсаулық- зор байлық.

  • Дені саудың- жаны сау.

  • Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуімен бақытты болар өмір.


«Сәлеметсің бе?», «Амансың ба?», «Сау бол!» деген сөздерді амандық сөздер ретінде неліктен қолданылатынын айтады.




Адам ауырғанда өзін қалай сезінетінін айта отырып, денсаулық сөзіне анықтама береді.








Денсаулық туралы толық мағлұмат алады.







Балалар ауырып тұрған (басы, тамағы) және дені сау, көңілді адамды бейнелейді.



Валеология ұғымымен танысады.







Мақал- мәтелдерді талдайды. Жаттайды.




Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

Валеология – денсаулық туралы ғылым.

Жеке бастың тазалық ережесін сақтайық.

«Сәлеметсің бе?», «Амансың ба?», «Саумысың?», «Сау бол!» - ғажайып сөздер.

Үйге тапсырма: ата-аналармен бірге денсаулық туралы мақал-мәтел, жаңылтпаш жаттау және сабын туралы жарнама ойлап келу.

Сабақтан алған білімдерін жинақтап, бекітеді. Қорытынды сұрақтарға жауап береді.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Денсаулық туралы ғылым – Валеология жөнінде түсініктері қалыптасады.

Нені игереді:

Дәрігер Салауатпен, Әліппе-дәптермен танысады.

Нені біледі:

Балалардың «Сәлеметсің бе?», «Сау бол!» деген сөздердің мағынасы жөніндегі білімдері бекейді.















Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Валеология» еліне саяхат.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Денсаулық туралы ғылым – Валеология жөнінде түсінік беру. Балалардың «Сәлеметсің бе?», «Сау бол!» деген сөздердің мағынасы жөніндегі білімдерін бекіту. Дәрігер Салауатпен, Әліппе-дәптермен таныстыру. Жұқпалы аурулар жөнінде мәлімет беру, қолды жуу дағдыларын қалыптастыру.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір- біріне амандасады. Біріне- бірі денсаулық, жақсы көңіл күй тілеп, шаттық сыйлайды.

Балалар бір– біріне қарап күлімдеп, қай баланың көңіл күйі жоқ болса, көтеруге тыры-сады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Әңгімелесу.

  • Балалар, денсаулық дегенді қалай түсінесіндер?

  • Дені сау адам өзің қалай сезінеді?

  • Ауырған адам ше?

  • Ауырудың алдын алу үшін, денсаулықтың негізгі сырларын бізге үйрететін қай білім саласы?

  • Валеология дегеніміз нені білдіреді?

Педогог балаларға Әліппе-дәптерді ашуды ұсынып, бірінші бетінде бейнеленген Дәрігер Салауатты назарларын аударады.

Балалар Дәрігер Салауатты сымбатты, әдемі, денсаулығы мықты адам екендігіне назар аударады.

Оның атының өзі салауатты өмір сүру дегенді білдіретінін түсіндіреді. Осы салауатты өмір салты Дәрігер Салауаттың сымбатты, әдемі, денсаулығының мықты болуына көмектескен.

Салауат балаларды «Валеолгия» әлеміне қызықты саяхат жасауда басты көмекшілері болатын Денсаулық әліппесімен танысуға шақырады.

Оқу. Гигия туралы аңыз.

«Көне грек елінде атақты емші- дәрігер Эскулап өмір сүріпті. Оның Панацея және Гигия деген екі қызы болыпты. Олапрдың екеуіне де емшілік қасиеттер дарыған екен.

Панацея ауру адамдарды тек бір ғана дәрімен емдеуге болады деп ойлаған, ал Гигияның ойынша, мұндай дәрі ойлап табу мүмкін емес.

Адамдардың ауыратын себебі: олар табиғат заңдылығын білмейді. Алдымен осы заңдылық бойынша өмір сүруді үйрену керек.

Панацея әпкесін тыңдағысы елмеді. Осылай Эскулатың екі қызы екі жаққа кетіпті.

Панацея адамдарды әртүрлі ұнтақпен, дәрімен, шәрбаттармен емдеп жүр. Осы уақытқа дейін барлық ауру түрін емдейтін жалғыз-ақ дәріні іздестірумен келеді.

Ал Гигия адамдар арасында дұрыс өмір сүру заңдылықтарын үйретуде.

Адамдар өзара және табиғатпен үйлесімді өмір сүруі керек. Олардың денсаулығы мықты, рухани жағынан таза, адамгершілігі мол болғанда ғана жер бетінде өмірдің өзі де тамаша болады деп сенеді.

Міне, осылайша денсаулық туралы ғылым «Валеология»дүниеге келді.

Аңызды талдау.

Панацея адамдарды түрлі ұнтақтармен, қою, сұйық дәрілермен емде, барлық ауруға арналған бір ғана дәріні әлі күнге дейін іздеумен келеді.

Гигия ауруды болдырмаудың заңын үйретіп, денсаулығы күшті, рухани жағынан мықты болуға жетелейді. Сондықтан гигия «Валеология» әлемінің сүйікті қонағы болады.

Балалар педогогпен бірге Әліппе-дәптердегі аңыз мәтінін оқып, суреттерге зер салады.

Тазалық туралы әңгіме:

Әр адам жеке басының тазалық тәртібін сақтауға міндетті. Қарапайым ережелер күнделікті дағдыға айналуы тиіс. (Бұл не?)

Педогог балалармен сабын және су жөнінде әңгіме жүргізеді.

Кімде-кім үнемі қолын сабындап жуып жүрсе, ол ауырмайды.

Дымқылдап күнде сен,

Қолыңды сүйкесең,

Кетіп кір-ласың,

Тап-таза болсың.

-Қолыңды күніне неше рет жуасың?

-Тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуеннен соң немесе қоғамдық көліктен түскеннен кейін, лас жұмысты орындаған соң қолды міндетті түрде жуу қажет.

-Су мен сабын – нағыз досың. Сен қолыңды сабындағанда на пайда болады?

-Қолымызда сабын көпіршігі пайда болды. Әр көпіршік қолымыздағы кірді кетіреді, ал су оларды жуады.

Сұрақтарға жауап береді.





Әліппе-дәптерді ашып, бірінші бетінде бейнеленген Дәрігер Салауатқа назарларын аударады.




Әліппе- жұмыс дәптерімен танысады.




Гигия туралы аңызбен танысады.







«Валеология» ғылымының дүниеге келуімен танысады.





Аңызды талдайды, сұрақтарға жауап береді.




Тазалық әр адам жеке басының тазалық тәртібін, қарапайым ережелерді айтады.








Сұрақтарға жауап береді, өз пікірін білдіреді.


Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

-Қолды қалай тазалап жуу керек?

Қолымыздағы сабынды алып, оны сулап сабындаймыз. Сабынды орнына қойып, қолды уқалаймыз, сол кезде «сабын қолғабы» пайда болады. Таза сумен көпіршікті жуып кетіріп, қолымызды сүлгімен жақсылап сүртеміз.

Педогог балаларға қалай сабындап жуғанын,сүлгімен тазалап сүрткенін қимылмен көрсетуді ұсынады.

-Әр адамда жеке басының тазалығына арналған заттары болуы шарт: сүлгі, тіс щеткасы, тарақ, қолорамалы, т.б.

Балалар щеңберге жиналып, күлімдеп, бәрі бірге ғажайып сөздерді қайталап қоштасады.

Сау бол!

Балалар кездескен және қоштасқан кезде йтылатын амандасу және қоштасу сөздері ғажайып сөздер екенін, осы сөздер арқылы бір-біріне денсаулық және қайырымдылық тілейтінін қайталайды.

Қолды қалай тазалап жуу керектігін көрсетеді.





Балалар щеңберге жиналып, күлімдеп, бәрі бірге ғажайып сөздерді қайталап қоштасады. Сау бол! дейді.



Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Денсаулық туралы ғылым – Валеология жөнінде біледі.

Нені игереді:

Жұқпалы аурулар жөнінде мәліметтер алады, қолды жуу дағдыларын қалыптасады.

Нені біледі:

Дәрігер Салауатпен, Әліппе-дәптермен жұмыс жасайтынын біледі.






Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Менің бір күнім. Күн ережесі дегеніміз не?»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту. Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Педогог өзі бастап сәлемдесіп, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, педагогтың өзіне бір құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады.

«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, од өзіңе қайтып оралады» - деп педагог қорытынды жасайды.

Балалар бір– біріне қарап күлімдеп, қай баланың көңіл күйі жоқ болса, көтеруге тыры-сады.

Ұйымдастыру-іздестіру

«Менің таңым» өлеңін мәнерлеп оқу.

Ерте тұрып күнде мен

Терезені ашамын.

-Сәлем!-деймін Күнге мен,

Шаттық әнге басамын.


Күн – мол шаттық, түсінемін,

Күнмен өстіп көрісем.

Содан соң үй ішімен

Шаттығымды бөлісем.


-Қайырлы таң, аташым! –

Деймін келіп атама.

-Қайырлы таң, апашым!-

Деймін келіп апама.


Қолды шайып мен енді,

Жарты шыны су ішем.

Шынықтырып денемді,

Жаттығуға кірісем.



Ә

Тұрады алшақ аяғым,

Керіледі көкірек,

Еркін тыныс аламын,

Санаймын: Бір! Екі! – деп.


Тасытқан соң күшімді,

Шынығуды бітіріп,

Тазалаймын тісімді,

Жуынамын күтініп.


Жалықпаймын сабақтан,

Оқимын да, жазамын.

Білім нәрін таратқан

Ұстазда ылғи назарым.

Мұның бәрі-

Мен білсем,

Жаттығудың арқасы.

«Бақыттымын» деп жүрсем –

Алтын күннің арқасы.


ңгімелесу.

-Таңертең тұрған кезде не істейміз?

-Күндіз немен шұғылданамыз?

- Кешке немен шұғылданамыз?

-Түнде не істейміз?


Дидактикалық ойын – «Жыл мезгілдері».

(Педогогикалық сырсандықты қара).

Табиғат өз өмірінде белгілі бір тәртіпті сақтайды. Ол тәртіп «Жыл мезгілі» деп аталады.

Адам табиғаттың бір бөлігі, сондықтан ол да өз өмірінде белгілі бір тәртіпті сақтап, арнайы бір өмір салтына бейімделуі керек. Адамның бұл тәртібі күн тәртібі деп аталады. Күн тәртібін сақтайтын балалар ақылды, сымбатты, дені сау болып өседі.

Балалар өздерінің көңіл күйлерін белгілейді.

Әліппе- дәптермен жұмыс.

Әліппе-дәптердегі суреттерге қарап, күн тәртібі туралы әңгіме құрастыру.

«Күн және түн» қимылды ойыны.

Педогог «Күн» белгісін бергенде, балалар күлді, жүгіреді, секіреді, т.б. Ал «Түн» белгісін бергенде, қозғалыстарын тыйып, бәрі «ұйықтайды».

«Менің таңым» өлеңінмен тынысады.





Әр жолды талдап, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.






Таңертең тұрған кездеден кешке дейін немен шұғылданатын айтып береді.






Өздерінің күн тәртіптерін құрайды.


Әліппе-дәптердегі суреттерге қарап, күн тәртібі туралы әңгіме құрастырады.





Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

-Күн тәртібін не үшін сақтау қажет?

  • Ұйқыға уақытында жатып, ерте ояну керек.

  • Тазалық ережелерін сақтау керек.

  • Уақытында тамақтану қажет.

  • Денсаулықта сақтау үшін күн тәртібін орындау қажет.


Балалар щеңберге жиналып, күлімдеп, бәрі бірге ғажайып сөздерді қайталап қоштасады. Сау бол! дейді.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсінеді.

Нені игереді:

Балалардың күн тәртібі туралы білімдерін кеңейеді.

Нені біледі:

Өз күн тәртіптерін құрады.

























Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Ертеңгілік жаттығулар. Дене бітімі дегеніміз не?»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ертеңгілік жаттығудың денсаулыққа пайдасы жөнінде айту. Бала денсаулығының басты кепілі – дене бітімі туралы мағлұмат беру. Балаларға ағзаны қорғауда тыныс ал мүшесі мұрынның маңызы жөнінде айтып таныстыру.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Педогог әңгімесі барысында өткен сабақтың негізгі сәттерін естеріне түсіру керек.

-Жаңа күн немен басталады?

-Ұйқыдан тұру және жаттығу жасау дегеніміз не?

Ұйқыдан ояна сала төсектен тез тұрудың қажеті шамалы.

Төсекке жатып керілуі қажет.

«Велосипед», «көпір», қол қимылдары сияқты бірнеше қарапайым жаттығулар жасау.

Терезені немесе есікті ашып, бөлмені желдету

Жуыну (немесе душқа түсу), тісті тазалау қажет.

Таңертеңгілік жаттығу жасау.

Жаттығу күні бойы жақсы көңіл күймен сергек, күшті болып, күліп жүруге дәм береді.

Өткен сабақтың негізгі сәттерін естеріне түсіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Ертеңгілік жаттығу туралы әңгімелесу.

Таңертеңгілік жаттығу бала денсаулығының жақсаруына, нығаюына, денесінің өсуіне бағытталған. Үнемі жасалған жаттығу жігерлікке, табандылыққа, тәртіптілікке, қажырлылыққа тәрбиелейді. Балалар күнделікті жаттығу жасауды әдетке айналдыра бастайды. Уақыт өте келе пайдалы әдет спортпен айналысуға көметеседі.

Дидактикалық ойын – «Үнді елінде қалай жүреді?» (педогогикалық сырсандықты қара).

Педогог балаларға өз еріктері бойынш бөлме ішінде айналып жүруді ұсынады. Олардың соңынан басқа топ бастарына кітап қойып жүреді. Балалар өз достарының жүрісі мен дене бітіміне назар аударады.

Бақылаудан қорытынды шығарылады. Бойы биік, ер тұлғалы, дене бітімі сымбатты, жүрісі әсем ер бала өте керемет, сол сияқты жүрісі жеңіл, арқасы, иықтары тік, ал жүзінде күлкі ойнап келе жатқан қызды көргенде қызыға қарайсың.

-Дене бітімі дегеніміз не? Кімнің омыртқысы түзу болуы мүмкін?

Балаларға омыртқаның түзу болуы үшін жаттығулар жасау ұсынылады.

-Басыңа сөмке қойып жүр.

-Кітапты басыңнан түсіріп алмай айналып кел.

-Гимнастикалық тақтайшаның үстімен су құйылған пластик стақанды басыңа қойып жүріп өт.

Балалар жаттығуды орындаған кезде өздерін қалай сезінгендерін, дене бітімдерін, жүрістерін талқылайды.

Бала сабақта отырғанда, тамақтанғанда, теледидар көрген кезде дене бітімін дұрыс ұстап, дұрыс жүре білуді үнемі қадағалауы керек.


Әңгімелесу.

Балалар екі-екіден тұрып, бір-бірінің арқасына массаж жасап, омыртқаларын саусақпен басып көру барысында өздері талдау жасайды. Егер ұзақ отырсаң, арқаң талады. Массаж қан жүгіртеді. Балаларға осыдан соң «Омыртқа дегеніміз – адам ағзасының тірегі, денеге түскен салмақтың бәрін өзіне алады» деген түсінік беріледі. Ортаға өз еркімен бір бала шығып, топқа омыртқасын көрсетеді, ал балалар оны суреттейді: «тік, түзу, омыртқа сызығы арқаның ортасымен өтеді». Балалар Әліппе-дәптерде берілген суреттерді салыстырып, омыртқасы қисайған баланы көрсетеді. Педогог балаларға омыртқаның қисаюы – сколиоз ауруына әкеп соқтыратынын түсіндіреді. Сколиоз ауруы туралы ерте жастан ата-аналарды, дәрігерлер баланың өз жүрісіне, дене бітіміне, омыртқа құрылымына көңіл бөлу керектігі туралы ескерті өте маңызды. Денсаулығының мықты болсын десең, таңертеңгі дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен шұғылдан.

Әліппе-дәптермен жұмыс. Таңертеңгілік жаттығу тек жағымды сезім туғызып қана қоймай, бұлшықеттің шынығуына, омыртқаның дұрыс қалыптасуына, жалпақтабандылықты болдырмауға және тыныс алу жүйесін жақсартуға көмектеседі.


Таңертеңгілік жаттығу бала денсаулығына маңызын түсінеді.




Балаларға өз еріктері бойынш а бөлме ішінде айналып жүреді.




Бақылаудан қорытынды шығарылады.




Дене бітімі туралы білетіндерін ортаға салады.







Балалар екі-екіден тұрып, бір-бірінің арқасына массаж жасап, омыртқаларын саусақпен басып көру барысында өздері талдау жасайды.




Әліппе-дәптерде берілген суреттерді салыстырып, омыртқасы қисайған баланы көрсетеді.






Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

Дене бітімінің сымбатты, денсаулықтың мықты болуы үшін дене шынықтыру, спорттың маңызы зор.

Балалар өздерінің дене бітіміне, жүрісіне көңіл бөлуі сколиоз (омыртқаның қисаюы) ауруының алдын алады.

Омыртқаның негізгі көмекшесі – табан, оның пішінінің бұзылуы «жалпақтабан» ауруына әкеп соқтырады. Сондықтан табанға арналған жаттығуларды үзбей жасау керек.

Қосымша материалды сабақ кезінде, ата-аналар жиналысында немесе жеке кеңестерге қолдануға болады.

Балалар щеңберге жиналып, күлімдеп, бәрі бірге ғажайып сөздерді қайталап қоштасады. Сау бол! дейді


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Ертеңгілік жаттығудың денсаулыққа пайдасы жөнінде біледі.

Нені игереді:

Бала денсаулығының басты кепілі – дене бітімі туралы мағлұмат алады.

Нені біледі:

Таңертеңгі жаттығулардың түрлері мен оны жасауды біледі.









Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Неліктен тіс тазалап, қол жуу керек?»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдары туралы түсініктерін кеңейту. Ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Әңгіме барысында балалар ертеңгілік жаттығулардың адам денсаулығы үшін маңызын айта отырып, таңертеңгі жаттығулардың түрлерін жасап көрсетеді. Адам денсаулығы үшін сақтау керек басты қағидаларды еске түсіреді.

Балалар ертеңгілік жаттығулардың адам денсаулығы үшін маңызын айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші дәрігер Салауаттан хат келгенін хабарлап, балаларға оқып береді.

«Ертеде бір Кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі ең жек көретін нәрсесі- қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында, аяғында пайда болған микробтар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроп қызды ауруға шалдықтырады.

Дәрігер қаз баланы тексеріп, оның ауруының себебін біліп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.»

Тәрбиеші балалармен ғажайып зат- сабын мен су жөнінде әңгіме жүргізеді.

Сабын мен су- нағыз достар.

Қолды күніне бірнеше рет жуу қажет.

Тәрбиеші балалардың қолдарынан ұстап, бір- біріне , содан кейін өзіне қарап күлімдеулерін сұрайды.

Күлкілерінің тамаша екендігіне, халықтың «Тіс- күлкіге сән берер» деген нақыл сөзінің мағынасына тоқталады.

Педагог жұмбақ жасырады:

Өзі аппақ маржандай,

Тамақ өтпес шайналмай. (Тіс)


Ауыз бүрме қызыл қалта,

Ішінде бар отыз екі малта. (Тіс)


Жұмбақ мазмұны талқыланады.

Үлкен адамдарда отыз екі тіс бар екенін және осы тістің барлығы емес, оның алғашқылары сүт тістер екенін түсіндіреді. 10- жас шамасына дейін балалардың сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер өсетіндігін айтады.

Тісті сақтау үшін күніне екі рет тісті тазалау керек.

Тамақта үнемі көкөністер мен жемістерді қолдану керек. Мысалы, орамжапырақта тісті және қызыл етті сақтауға көмегін «С» дәрумені бар.

Ал, сендер сүт ішесіңдер ме?

Неғұрлым сүтті көп ішсеңдер, соғұрлым тіс мықты болады.

Сәбізді міндетті түрде жеу керек, себебі оның құрамында пайдалы темір, «С, В» дәрумендері өте көп.

Ал, тіспен қатты затты шағып жеу, тістеп көру тіс эмаліне зиян келтіреді. Тіс эмалі- бұл тістердің сыртқы қабаты.

Естеріңде болсын: тамақты ішіп болғаннан кейін, міндетті түрде ауызды шаю керек. Егер сендер бұл ережені орындамасаңдар, сендердің тістеріңде тіс жегі (кариес) пайда болады. Ондай жағдайда тезірек дәрігерге көріну керек.

Тіс емдейтін дәрігерді- стоматолог дейміз. Жылына екі рет стоматолог дәрігерге міндетті түрде көрсету керек.

Ойын «Жарнама» (тіс пастасы мен щеткасы)

Тәрбиеші мен балалар біріге отырып, құрастырады.

Салауаттан келген хатпен танысады.





Сабын мен су жөнінде әңгіме жүргізеді.



Балалар қолда-рынан ұстап, бір- біріне , содан кейін өзіне қарап күлімдейді.



«Тіс- күлкіге сән берер» деген нақыл сөзінің мағынасын талдайды.



Жұмбақтың шешуін табады.






Тіс тазалығы туралы мағлұматтар алады.





«С, В» дәрумендерімен танысады.




«Жарнама» (тіс пастасы мен щеткасы)

құрастырады.







Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

Сендердің күлкілерің әдемі болу үшін, сау, маржандай, ақ тістерің болуы керек. Ал ол үшін тісті күтуге байланысты арнайы ережелерді мұқият орындап отыру керек.

  • Тісті күніне екі рет тазалау керек.

  • Тамақтан кейін ауызды шаю керек.

  • Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек.

  • Жаңғақты тіспен шақпау керек.

  • Тәттіні көп жеуге болмайды.

  • Әркімнің өзінің жеке щеткасы болу керек.


Алған білімдерін бекітеді, жинақтайды.


Балалар щеңберге жиналып, күлімдеп, бәрі бірге ғажайып сөздерді қайталап қоштасады. Сау бол! дейді.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдары туралы біледі.

Нені игереді:

Ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу дағдыларын қалыптасады.

Нені біледі:

Тазалық- денсаулық кепілі.








Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Тамақтану мәдениеті»

Мақсаты: 1. «Тамақтану» түсінігінің маңызын ашу. Бала денсаулығын нығайту дәрумен-дердің рөлін көрсету. Ас қорыту ағзаларымен таныстыру.

2. Тапсырмалар орындата отырып, балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: тамақтану ережелері, жеміс- жидектердің суреттері, бейнекөрініс.

Қос тілділік: витамин- дәрумен, творг- ірімшік, имунитет- имундық жүйе, организм- ағза.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңберін құру.

Қуан, шаттан! Алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін де күн!

Балалар бір– біріне қарап күлімдеп, қай баланың көңіл күйі жоқ болса, көтеруге тыры-сады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Кіріспе әңгіме.

  • Адамдар неліктен бір– біріне күлімдейді? Біз күлімсірегенде қай ең бірінші не көрінеді?

  • Тіс күтудің қандай ережесін білесіңдер?

  • Адамға тіс не үшін қажет?

  • Тамақтану үшін. Ал, балалар, сендер өздерінді дұрыс тамақтанады деп ойлайсыңдар ма? Біз бүгін соны анықтаймыз. Яғни «Тамақтану мәдениеті» туралы айтамыз.

Адамдар машинаға ұқсайды, машина орнынан қозғалуы үшін отын (бензин) керек сияқты, адамға тамақтану қажет. Адамның денсаулығы мықты болуы үшін, пайдалы тамақ жегені дұрыс. Себебі ол өзінің ағзасына керекті заттарды дәрумендерді тамақтан алады.

Педагог қолына текшені алады. Адам ірімшікті жеп, одан ағзасына қажетті барлық затты алады. Педагог текшені үстелдің үстіне қояды.Алманы да жеді – тағы өзіне қажет затты алды, екінші текшені қойып, үй (немесе мұнара) пайда болғанша жасайды.

Егер адам бір– ақ түрлі тағаммен ғана тамақтанса, әлсіз және жиі ауырғыш болады. Балалар ден сау болып өсуі үшін әртүрлә толық құрамды тағаммен тамақтануы қажет. Мұндай тағамдардан баланың жас ағзасы күш– қуат алады.

–Тағам құрамында әртүрлі пайдалы заттар, әсіресе дәрумендер болуы қажет. Дәруменсіз адам ауырғыш болады!

Жеміс–жидектер мен көкөністерді қажетінше көп жеу керек, өйткені олар дәрумен мен пайдалы заттарға өте бай.

Негізгі бөлім.

а) Суретпен жұмыс. Қарайықшы қай көкөністе қандай дәрумен бар. Есімізге сақтайық.

Олардың құрамында дәрумендер бойдың өсуіне, ағзаның дұрыс дамуына және көздің көруі жақсаруына көмектеседі. Дәрумендер тек өсімдіктен алынған тағам құрамында ғана емес, сонымен бірге жануарлардан алынған тағамдарда да болады. Сүт тағамдарында, етте кездесетін кальций мен фосфор адам ағзасының негізгі құрамы.

Ойын – тәжірибе.

Табақта кесілген алма, ірімшік, құрт, қияр, кәмпит тұрады. Балалардың көзін кезекпен байлап, ауыздарына кез келген (қияр, құрт) бөлікті салады. Бала дәміне қарай қандай тамақ екенін ажыратады. Балаларға «Лимонды ауыздарыңа салғандай әсерде болыңдар», –деп тапсрыма береді. Бала қандай күйге түскенін айтады.

Ауыз қуысына орналасқан сілекей безі тамақты көргенде де, ауызға түскенде де бірдей әсер береді. «Аурудың барлығы ауыз арқылы барады» деген сөз бар, сондықтан тамақ алдында қолды жуу керек. Көкөніс пен жемісті міндетті түрде жуып жеу керек.




Сұрақтарға жауап береді.














Көкөністерде, жемістерде, тағамдарда қандай дәрумен барын хормен атайды.
















Сурет бойынша тамақтану ережесін құрастырады.










Жеміс- жидектердің дәмін ажыратады.





Тазалық ережесін айтады.

Рефлексивті – түзетушілік

Оқу іс - әрекетін қорытындылау.

.Ас қортыу жүйесінің негізгі шарты–дұрыс, уақытымен тамақтану. Тамақтанар алдында қолды жуу керек. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту керек.


Қорытындылайды.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

«Дұрыс тамақтану» ережесін, мәдениетін білу керек

Нені игереді: ас қорыту жүйесімен жалпылай, дәрумендердің қажеттілігі, дұрыс тамақтануда сақтау керек тәртіптер, т.б.

Нені біледі:

-тапсырмаларды орындайды;

-өз ойларын толық жеткізеді.

-дәрумендердің атауларын есте сақтайды.

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Ұйқы- жанның нәрі»

Мақсаты: 1. Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы ұғымдарын кеңейту.

2. Ұйқының күн тәртібінің құрамды бір бөлігі деген түсінік қалыптастыру.

3. Салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: күн тәртібі, ұйықтар алдындағы жыл лебіздер.

Қос тілділік: витамин- дәрумен, творг- ірімшік, имунитет- имундық жүйе, организм- ағза.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңберін құру.

Қуан, шаттан! Алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін де күн!

Балалар бір– біріне қарап күлімдеп, қай баланың көңіл күйі жоқ болса, көтеруге тыры-сады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Кіріспе әңгіме.

  • Деніміз сау және күшті болып өсу үшін күн тәртібін сақтау керек.

  • Қолды сабындап жуып, күніне екі рет тісті тазалау керек.

  • Тамақтану тәртібін сақтап, асты уақытында ішіп, дәрімендерге бай жемістер мен көкөністерді көбірек жеу керек.

  • Деніміз сау болсын десең спортпен шұғылдану керек.

Аутотренинг:

  • Мен денемді босаңсытамын... және жайланамын. ...

  • Мен қолдарымды ашыған қамырдай бос жіберемін.... жылы, жылы судың ағысындай қимылсыз....

  • Менің аяқтарым бсаңсығын... жылы.. қимылсыз...

  • Жағдайым жақсы күйде....

  • Жеңіл және еркін дем аламын.

  • Мен жақсылап дем аламын.


Әуен ырғағы тезірек ойналады.

  • Сергектік бойымды жақсартады...

  • Қол... аяқ... кеуде.... мойынымнан әлсіреу сезімі кетеді....

  • Менің бұлшық етттерім тынықты... олар жеңіл, ауа шары сияқты...

  • Мен сергек жүріп, бәріне жайдары жүзбен қараймын...

  • Тыныс алуымен жиілеп, тереңдейді....

  • Мен өзіме сенімдімін...

  • Мойын... иық... арқамнан жағымды самал есті...

  • Мен салқын душты қабылдағандай болдым...

«Күн мен түн» қимылды ойыны.

«күн» белгісін бергенде балалар күледі.

«Түн дегенде» ұйықтайды.


Баллар ұйқы туралы өз білгендерін айтады.

Күні бойы секіруден ағза шаршайды. Ал ұйықтағанда дене демалады.



Сұрақтарға жауап береді.












Балалар тәрбиешінің нұқауын орындайды.








Әуен тыңдайды.









«Күн мен түн» қимылды ойынын ойнайды.

«күн» белгісін бергенде балалар күледі.

«Түн дегенде» ұйықтайды.


Рефлексивті – түзетушілік

Оқу іс - әрекетін қорытындылау.

Ұйқы- адам өміріне аса қажет. Ұйқысыз өмір сүрі мүмкін емес. Ұйықтар алдында жеке тазалық ережелерін сақтау керек.

Қорытындылайды.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Ұйқының маңызын түсінеді.

Нені игереді: Ұйқының күн тәртібіне кіретіндігі.

Нені біледі:

-тапсырмаларды орындайды;

-өз ойларын толық жеткізеді.

-ұйықтар алдындағы тазалық ережелері.
























Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: Валеология негіздері

Тақырыбы: «Спорт- денсаулық кепілі»

Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Балаларды дене тәрбиесінің маңызымен таныстыру. Дене тәрбиесін және емдік дене шынықтырудың пайдасын түсіндіру. Балаларды адамның ең негізгі мүшесі –жүрекпен таныстыру. Жүректің жұмысы және оны қызметі туралы мәлімет беру.

Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шаттық шеңбері. Әуен ырғағымен балалар қолдарын бүйіріне қойып, түзу тұрады. Педагог балалармен кездескеніне қуанышты екенін хабарлайды. Ол оң қолын жайып, жүрегінен қуаныш алып балаларға сыйлайды. Осы қимылды сол қолымен соңынан екі қолымен бірге жасайды.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

Әңгімелесу.

–Адамдар неліктен өзін қоршаған әлемді қорғауға тиіс?

–Шынықтыру дегеніміз не? Ол не үшін қажет?

–Шынықтырудың қандай түрлерін білесіңдер?

–Адамдар не үшін таңертеңгілік жаттығуды жасайды?

Дене тәрбиесі сабағы негізінен қозғалыс үстінде өтеді. Қозғалыс – түрлі аурудан сақтандырып, оларды емдеу үшін тиімді болып табылады.Дене тәрбиесі тек емдеп қана қоймай, сонымен бірге бұлшықетті жаттықтырып, дамытып нығайтады. Сүйектер мен қаңқаларды қалыптастырады. Дене тәрбиесіне емдік дене шынықтыру мен дене шынықтыру сабақтары жатады. Дене шынықтыру сабағында балалар жаттығу жасап үйреніп, спорт әлеміне алғашқы қадам жасайды.

  • Адамның тағы бір аса маңызды мүшесі бар екенін, онсыз өмір сүруге болмайтынын айтады. Бұл қай мүше? «Сағат емес, бірақ соғады». Бұл –біздің жүрегіміз. Жүрек сол жақ көкірек қуысында орналасқан.

Жүрек соғуын кім де болса тыңдай алады. Балаларға бір–бірінің жүрек соғысын тыңдауды ұсынады. «Біздің анамыздың, ікеміздің, бауырымыздың, әпкеміздің жүректері де осылай соғады». Жүрек үнемі, демалыссыз жұмыс істеп тұрады. Жүрек ауырмауы үшін және дұрыс жұмыс істеуі үшін, оны шынықтыру қажет. Дене шынықтырумен, спортмен шұғылдану керек.

Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қимылдамаса, бұлшықеттер серпінділігін жоғалтады, жүрек әлсіреп, түрлі ауруларға шалдығады. Шарап ішу, темекі тарту жүрекке үлкен зиян келтіреді. Сонымен қатар әлсірегенше жұмыс істеуге, жүгіруге болмайды: бұлай ету жүректі әлсіретіп алады.

Бала жүрегінің үлкеннің жүрегінен айырмашылығы – өлшемінде.

Балалар, жұдырықтарын түйіп, зер салып қарап көрейікші.

«Сендердің жүректерің өз жұдырығыңның көлеміндей».

Адамда жүрек – біреу ғана. Оны сақтау қажет.

Балаларға тақырыпқа қызығушылықпен жауап береді.




Жаттығудың маңызы туралы өз ойларын білдіреді.













Жүрек мүшесін бақылайды. Мұғалімнің нұсқауымен қағысын естиді.






Дене шынықтыру сабағынан бір- екі жаттығуды естеіне түсіреді.



Сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.

Дене шынықтыру сабағы бала денсаулығының негізі болып табылады.

Жүрек үнемі, демалыссыз жұмыс істеп тұрады.

Спортпен шұғылдану бұлшықеттерді дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.

Шарап ішу, темекі тарту жүреккке үлкен зиян тигізеді.



Балалар спортпен шұғылданудың маңызын, оның қажеттілігін айтады.

Күтілетін нәтиже: спорттың пайдасы туралы ұғынады.

Білуі тиіс: жүрек- адамның ең басты дене мүшесі.

Түсінігі: жүрек жақсы жұмыс жасау үшін үнемі қимыл- қозғалыста болу керек. Көрсете білуі: дене шынықтырудың маңызын түсіне отырып, онымен шұғылдану.









Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: Валеология негіздері

Тақырыбы: «Мен және менің отбасым.»

Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Баланың үйдегі орны туралы түсінігін қалыптастыру. Баланың үлкенді сылау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Балаларға үйдегі қауіпсіздік ережелері жөнінде түсінік беру.


Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шаттық шеңбері.

Адам үшін қандай тамақ пайдалы?

Егер тек қана кәмпит жесең, не болады?

Отбасында кім тамақ пісіреді?

Отбасы дегеніміз не?

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

Балаға ең жақын адамдар – әке, ана, аға, әпке, ата–әже т.б. болып саналады.

Ата–әжелеріңді күту керек! Олар жылы сөзден қуанады.


Ата–анаңды сыйла, оларды күт, ренжітпе, қайда болса да олардың жанынан табылуға асық.

Үйде әр баланың өз бөлмесі, өзінің бұрышы болуы қажет. Бала өз бөлмесін жинастыруға жуапты екенін сезініп ойыншықтарын, кітаптарын, төсегін жинай білуі керек. Әр зат өз орнында тұрғаы жөн.

Ойыншық баланың үлкен досы. Олар таза, бүтін және өзінің арнайы орнында болуы керек.

Өз бөлмеңнің тазалығын сақта. Лас, ұқыпсыздық адамның денсаулығына кері әсер ететінін есіңде сақта.

Әркімнің өзінің жеке заттары және ойыншықтары өз орнында болуы керек.


Біреудің тарағын қолданба.

Егер отбасында бәреу ауырып қалса, оны кім күтеді?

Әдетте ауырған адамды анамыз күтеді. Ал егерде анамыздың өзі ауырып қалса, оны кім күтеді?

Есіңде болсын! Егер үйде ауырған адам болса,оған тыныштық орнату қажет. Сабырлы ойындарды таңдап алу керек. Күніне бірнеше рет бөлмені желдетіп тұру шарт.



Балаларға тақырыпқа қызығушылықпен жауап береді.




Тазалықтың маңызы туралы өз ойларын білдіреді.






Сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.

Қорытынды:

Жеке бастың тазалығын сақтау. Тазалық пен ұқыптылық адам денінің сау және бақытты болып өсуіне көмектеседі.

Жақсы, таза үй адамның өз өзіне деген сенімділігін тудырады және жақсы өмір сүруңне жағдай жасайды.

Бейтаныс адамды үйге шақырма және кіргізбе

Қауіпсіздік ережелерін әрқашанда жадыңда ұста.




Балалар спортпен шұғылданудың маңызын, оның қажеттілігін айтады.

Күтілетін нәтиже: отбасындағы өз міндеттерін ұғынады.

Білуі тиіс: отбасындағы тазалық

Түсінігі: отбасының әр адамның гигиеналық заттары болуы тиіс

Көрсете білуі: тазалық ережелері




































Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Мен үйдемін. Қауіпсіздік міндеті.»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балаларға үйдегі қауіпсіздік ережелері жөнінде түсінік беру.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Амансың ба, жарқын күн!

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба,көк аспан!

Амансың ба, достым!

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар “Валеология” елінің картасына қарап ұзақ жол жүргенін және қаншама пайдалы білім алғандары туралы педагогпен әңгімелеседі.

Балалар өткен сабақтағы ережелерді естеріне түсіреді.

Педагог балаларға саяхатты ары қарай жалғастыру үшін, денсаулық туралы ең басты ережені естеріне түсірулері қажет екенін айтады.

Күлкі деген бір керемет

Бәрімізге өте керек.

Жақсылық пен қуаныштың,

Белгісі болып есептеледі.


Релаксацияға арналған жаттығу:

Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне жолға шығар алдында жақсы тілек, лебіздерін білдіріп, “ақ жол” тілейді.

Педагог енді осы керемет “бақыт” күлкісінің көмегімен ары қарай сапарға шығатынын айтады.

Педагог келесі аялдама “Қауіпсіздік мектебі” екенін хабарлайды.

Педагог балаларға “Қауіпсіздік мектебінде” оқитын бала Салауатты таныстырып, ол туралы қысқаша баяндап кетеді. Ол үйде және көшеде жалғыз қалған кезінде өзіңді қалай ұстау керектігі жөнінде үйретті.

Бала Салауат өмірінің бір күні

Ертеңгісін ертенмен анасы дәріханаға жиналып жатып оған «Сен үйде өзің жалғыз қала тұр,есікті ешкімге ашпа,далаға шықпа,» деп тапсырады.Кішкентаі салауат төсек орнын жинап, шай ішкісі келеді.Ол ас бөлмесінебарып,газ плитаға келіп оны жағуға тырысты.Осы кезеңде бала Салауат «Қауіпсіздік мектебінің» ережелерін есіне түсіреді:

-Қолыңа сіріңке алма,өрт шығуы мүмкін.

-Газдан абай бол! Ол тез тұтанып жарылады.

Бала Салауат сіріңкені жай орнына қойып,шайдың орнына сүт ішеді.Осы кезде біреу келіп қоңырау соғады,Бала Салауат есікті ашуға жүгіріп бара жатып,есіне анасының айтқан сөздері түсіреді де, ақыры өз бөлмесіне кетеді

-Үйде жалғыз қалғанда ешкімге есік ашпа.

Кішкентай Салауат анасы келгенде қуантпақ оймен,өзінің жидесін үтіктемекші болып,үтікті тоққа қосты.Ал «Қауіпсіздік мектебінің» ережесі қалай еді?

-Электр құралдарын тоққа қосуға болмайды.

Кішкентай Салауат үтікті тоқтан ажыратып тастады.

Анасы үйіне келген кезде қуанышпен қарсалған кішкентай Салауат үйіне бөтен,бейтаныс адамның келгенін,бірақ өзінің есік ашпағанын баяндайды.Анасы ұлын мадақтап «Жарайсың»дейді.

Анасы бала Салауатқа өмірде тек қауіпті заттармен қатар,адамдардың да,қауіпті болатынын айтады.Олар үйдегі дүние мүлікті ұрлап қана қоймай,балаларды да ұрлап кетуі ықтимал деп түсіндіреді

Әліппе дәптерімен жұмыс.

Балалар өткен сабақтағы ережелерді естеріне түсіреді.







Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне жолға шығар алдында жақсы тілек, лебіздерін білдіріп, “ақ жол” тілейді.





“Қауіпсіздік мектебінде” оқитын бала Салауатты таныстырып, ол туралы қысқаша баяндап кетеді.



Бала Салауат өмірінің бір күні әңгімесімен танысады.








Әңгімені талдай отырып, қаіпсіздік ережесімен танысады.
















Әліппе дәптерімен жұмыс жасайды.

Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

-Үйде жалғыз болған жағдайда, үлкендер келгенше ешкімге есік ашпа.

Қорытындылайды.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Үйдегі қауіпсіздік ережелерін;

Нені игереді:

Тілсіз жаудан өзін- өзі қорғау, яғни алдын- алу.

Нені біледі:

Үйде жалғыз қалғанды сақтау керек қауіпсіздік ережелері.










Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: Валеология негіздері

Тақырыбы: «Көшеде абай бол!»

Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Жолда жүру ережелері туралы мағлұмат беру. Балаларға жолда жүрудің ережелерін қалыптастыру.Алған білімдерін іс жүзінде қолдануға қызуғышылығын тудыру.


Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шаттық шеңбері.

Балалар дөңгелене тұрып, қолдарына бір бірден гл ұстайды.

Педагог балаларға «Қауіпсіздік меетебінде» не үйренгені жайлы естеріне түсуріді ұсынады. Балалар кезек кезек бір ережені айтып, гүлді пелагогқа қайтарып береді.

Мейірімді күн шуағы терезеден қарады, қане бәріміз көшеге шығайық.

Балалар шеңбер бойымен тұрып, бір бірінің қолдарынан ұстап, күлімдеп, амандасады және әрқайсысы өзінің көшесіне жылы сөз қосып айтады.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

Әңгімелесу.

Педагог балалармен өздері тұратын көшелері жайлы әңгімелеседі. Көшенің қалай аталатынын, онда не бар екенін және несімен ұнайтынын сұрайды.

Педагог денсаулықтың отбасындағы көңіл күй, үйінің тазалығы мен жайлылығына байланысты болып қана қоймай, сонымен қатар үйдегі, қоршаған ортадағы экологиялық жағдайда да байланысты екенін түсіндіреді. Үйдің жанында отырғызылатын ағаштар, гүлдер ауадағы оттегін көбейтіп, адамның көңіл күйін көтереді.


Дәрігер Салауаттың кеңесі:

Аула– бұл сенің үйіңнің жалғасы. Оның тазалығын сақтау керек. Әркім өз көшесі әдемі болу үшін ағаш отырғыза алады. Үйдің жанына гүл егіп, оны суарып отыру керек.


Педагог балалармен ағашты сындырып, керексіз қалдық заттарды: балмұздақтың, кәмпиттің қағаздарын кез келген жерге лақтыру көшенің сәнін кетіретін жөнінде әңгімелеседі.

Кез келген жерге лақтырылған қалдық заттарға шыбын шіркей қонып, біздің ағзамызға зиянын тигізетін қатерлі ауру әкелуі мүмкін.

Көшенің тазалығы адамдарға, яғни тазалықты сақтай білуіне байланысты. Тазалық саулық негізі.


Әліппе–дәптермен жұмыс.

Педагог балаларға денсаулығымыздың мықты болуы көшеде жүру тәртібін сақтауға да байланысты екенін айтады.

Балалар көше, жол, жаяулар жолы туралы айтады. Педагог:

Көшедегі жолда көліктер, адамдар жүреді. Жолда сәтсіздікке ұшырамау үшін, – жолда жүру ережесін сақтау қажет.


Жұмбақ

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда, –

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда, –

Өте бергін жасқанба. (Бағдаршам)


Педагог қалада қозғалыс өте көп болса да бір біріне кедергі келтірмейтінін айтады.Бұл көлік жүргізушілеріне және жаяу адамға арналған катаң ереженің сақталуынан екендігін түсіндіреді. Көшенің екінші бетіне өтудің өзі оңай емес, бұған бізге бағдаршамның үш көзі: жасыл, сары, қызыл түстері көмектеседі. Бағдаршам өшіп өалған жағдайда тәртіпті реттеуші жүргізеді. Реттеушінің қолында таяқшасы болады.

«Жолда жүру ережесін» көше немесе жол заңы деп айтады. Ол жаяу адамның қалай болса солай жүргенін кешірмейді, ол адамдарды қауіптен сақтайды.


Ойын–«Бағдаршам».

Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткенде алақан соғады, қызыл түсті тыныштық сақтайды.

Ереже:

Көшеден өткенде арнайы жерден, жасыл жанғанда ғана, немесе реттеушінің белгісімен өт.

Жол қиылысында аса абай бол.

Көшеден тек жаяулар өтпесі арнайы жолақ жолдан өт.

Көше мен жолда шанамен сырғанап ойнама.

Әліппе–дәптермен жұмыс:

Педагог балалардың суреттер арқылы бөтен адамдармен сойлесуге, машинасына мінуге болмайтынын, бөтен адам берген сыйлықты алмау керек екенін айтып түсіндіреді. Бұл өміріне өте қауіпті.

Ереже:

Таныс емес адамдармен сөйлеспе.

Бөтен адамный сыйлығын алушы болма.

Бөтен адамның машинасына отырма.



Көшенің қалай аталатынын, онда не бар екенін және несімен ұнайтынын айтады.





Дәрігер Салауаттың кеңесімен тансады.





Балалар көшеде тәртіп туралы өз ойларын ортаға салады.









Балалар көше, жол, жаяулар жолы туралы айтады.





Жұмбақты шешеді.









«Жолда жүру ережесін» көше немесе жол заңымен танысады.







Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткенде алақан соғады, қызыл түсті тыныштық сақтайды.



Суреттер арқылы бөтен адамдармен сойлесуге, машинасына мінуге болмайтынын, бөтен адам берген сыйлықты алмау керек екенін айтып түсінеді.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.

Қорытынды:

Бағдаршамға қарауды ұмытпа.

Көшеде және жолда адамдармен сөйлеспе.

Жолдан өтер кезде алдымен сол жағыңп, содан соң оң жағына қарап, арнайы жаяулар өтпесімен өт.

Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілесіп кетпе.


Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Жолда жүрудің ережелерін қалыптастыру қажеттігін.

Нені игереді:

Жолда жүру ережелері туралы мағлұмат алады.

Нені біледі:

Алған білімдерін іс жүзінде қолдану біледі.













Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Күлкі-көңіл ажары»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл- күйдің тигізетін әсері жайлы білімдерін қалыптастыру. Әдемі тіс-күлкі ажары екендігін түсіндіру. Балаларды үнемі ақ жарқын, көңілді, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Амансың ба, жарқын күн!

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба,көк аспан!

Амансың ба, достым!

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Педагог балалармен өткен сабақта «Қауіпсіздік мектебі» аялдамасына келіп тоқтағандарын және онда қандай сәттердің естерінде қалғаны туралы әңгіме жүргізеді.

Жаңа сабақ барысында педагог балаларға «Күлкі» аялдамасына саяхат жасайтындарын хабарлайды.

Ақ тісті күлкімен күлуді үйренейік

Жағымсыз әдеттерден жиренейік.

Ешкімнен,ешнәрседен қорықпай және ұялмай

Мейірленіп әрқашанда күлейік.

Отбасы мен қаламызды сүйеміз,

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.

Денсаулықты әрқашан да сақтаймыз,

Шынығамыз,жаттығамыз,қорғаймыз!

Балалар тісті күту ережелерін естеріне түсіріп,педагог 4 апта ішінде «Тіс тазалау» кестесін жүйелі орындаған балаларға «Маржан тіс» куәлігін табыс етеді.

-Біз бүгін сабақта күлкінің көмегімен өз көңіл-күйімізді одан ары қарай қалай көтеруге болатындығын,көп дос табуға және өмірде көп жетістіктерге жетуге үйренеміз.

Педагог дәрігер Салауаттан келген ашық хаттағы ертегіні оқиды:

«Ертеде бір қалашықта Күлкі мен Ашу өмір сүріпті.

Күлкі өте ақ көңіл,сүйкімді,қайырымды болыпты,барлық адамдар оны өз үйінде көргендеріне қуанады екен.Оны бәрі қонаққа шақырып,достасуға тырысады.Күлкі қай жерде болса, сол жерде күн нұрын шашып, құстар ән салып,төңіректің бәрі көріктенеді екен.

Ал Ашу болса-ашулы,ешнәрсеге көңілі толмай жүреді екен.Ол болған жерде бәрі жоғалып кетеді екен.Ешкім көңіл көтеріп күлмейтін болыпты».

Педагог балаларға Күлкі мен Ашуды қимылмен (мимикамен) көрсетуді ұсынады.

Педагог балаларға адам күлген кезде содан көңіл-күйдің ұзақ көтеріңкі болатындығы жайлы айтады.

Дидактикалық ойын:

«Екі мемлекет», «Актерлар», «Кімнің күлкісі ақжарқын?» (Үш нұсқаны таңдау бойынша ойнауға болады.Педагогикалық сыр-сандықты қара.).

Дәрігер Салауатты тапсырмасы:

«Күлкі» жаттығуы.

Балалар айнаға қарап әдемі,мейірімді күлкіні бейнелейді.(1мннут).

Педагог бұл жаттығуды күніне бірнеше рет орындау қажеттігін түсіндіреді.

Күлкі қоршаған ортадағы адамдарға әсерін тигізеді.


«Көріністі ойнау» жаттығуы.

-Сендер аналарыңмен бірге үйдесіңдер.Аналарың бүгін көңілсіз және әбден шаршаған кейіпте.

Педагог балалармен бірге көріністі талдап, мынадай қорытынды жасайды.

Біз анамыздың көңілін көтеру үшін-алдымен күліп,оны құшақтап және өзінің күлгенін сұрауымыз керек.

-Сендердің күлкілерің әсіресе ата мен әжелерің үшін өте қажет,сондықтан көбінесе солармен қарым-қатынас жасау керектігін естен шығармаңдар.

Күлкі-бұл өз көңіл-күйіңе, ең жақын адамдарыңның жүрегіне жол табатын құдіретті кілт.

Әліппе дәптерімен жұмыс.

Сурет мазмұнына қарай баланың бет- әлпетінің суретін салып,аяқта.

«Күлкі» аялдамасына саяхаттарын жалғастырады.





Тісті күту ережелерін еске түсіреді.




«Маржан тіс» куәлігін алады.






Салауаттан келген ашық хаттағы ертегімен танысады.








Балаларға Күлкі мен Ашуды қимылмен (мимикамен) көрсетеді.





Балалар айнаға қарап әдемі, мейірімді күлкіні бейнелейді.






Көріністі талдап, қорытынды жасайды.








Сурет мазмұнына қарай баланың бет- әлпетінің суретін салып,аяқтайды.

Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

-Үйде,мектеп,көшеде ата-анаңа,мұғаліміңе,достарыңа жиі күлімдеп мейірімді қарым-қатынаста бол.

-Сәлемдескенде күлімде.

-Әдемі тіс-күлкі ажары екенін ұмытпа.

Қорытындылайды.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл- күйдің тигізетін әсері жайлы.

Нені игереді:

Әдемі тіс-күлкі ажары екендігін түсінеді.

Нені біледі:

Балалар үнемі ақ жарқын, көңілді, мейірімді болу қажеттігін.







Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Табиғат-тіршілік нәрі.»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың табиғат туралы білімдерін бекіту. Адам, өсімдік, жануарлар өмірі үшін табиғат сыйы туралы мәлімет беру.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ертеңгілік жиын

Балалар шеңбер құрып отырады.Шеңбердің ортасында қағаз гүл жатады.


Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Гүлдің жапырағында (Валеологияң елінің картасы бойынша аялдамалардың аттары жазылған. «Денсаулық лотосы» ойыны барысында балалар «Тазалық», «Тамақтану» , «Күн тәртібі» және т.с.с. аялдамаларында көптеген өте қызықты және пайдалы нәрселер білгендерін талқылайды. «Валеология сабағы арқылы ауырмай өмір сүруге болатынын үйрене бастадық»,-деген қорытындыға келеді.

Адам өмірі және оның денсаулығын мен көңіл-күйін –өмірдегі белгілі бір тәртіпті сақтауына,яғни Эккулаптың қызы Гигия үйреткендей «өмір заңдылықтарын» сақтауға байланысты болады.Ол –өз-өзіне,жақын адамдарын және өзін қоршаған табиғатқа сәйкес өзара келісімде өмір сүре білу.

Педагог балалармен табиғат дегеніміз не және оның адамның денсаулығына қалай әсер ететіні жөнінде әңгіме өткізеді.

Табиғат-адамдарды қоршаған әлем.Бұл-аспан,ай,жұлдыздар,өзен-көлдер,теңіздер,ағаштар,шөптер,жануарлар әлемі.Жел жауын-шашын,боран,су тасқыны,қар еруі-бұның бәрі табиғаттың құбылыстары.Таулар,тастар,ағаштар,шөптер-табиғаттың денелері.

Табиғат-бүкіл қоршаған әлем,ал адамдар өмірдегі ең керемет жаратылыс.

Табиғат адамдарға ғажайып сыйлықтар сыйлайды, оның бірі-таза ауа.

Педагог терезенің желдеткіштерін ашып,балаларға таза ауаны терең жұтуларын ұсынады.Таза ауа ағзаға өте пайдалы. Адамдар оттегімен дем алып,көмірқышқыл газын сыртқа шығарады.

Ағаштар-ауаны көмірқышқыл газдардан тазартып,оны оттегіне айналдыру қызметінің қайнар көзі.Бұл да адам денсаулығына жағымды әсер етеді.

Күн-табиғат сыйының бірі.Халық: «Күн қай жерге аз түссе,сол жерде адамдар жиі ауырады»,-дейді.Күн шуағы көптеген аурудың тууының алдын алады.

Балалар терезеге келіп, қолдарын күнге созып өздеріне жылулық пен денсаулық біреуін сұрайды.

«Өмір шырыны» -су, табиғаттың тағы бір сыйы.

Адамның ағзасының жартысынан көбі судан құралады.Сусыз адам біраз уақыт қана өмір сүруі мүмкін.Ыстық болған сайын ағзалардың сусыз өмір сүруі қиындай түседі.Су ішкі ағзаларды тазартады.Өсімдіктер де,жануарларда сусыз өмір сүре алмайды.Өсімдіктерді мен жануарлар денсаулықты нығайтуға қажетті дәрумендер береді.

Балалар таза,салқын суды ішеді.Қолдарын суға салып,беттерін сулы қолдармен сүртеді.

Әліппе дәптерімен жұмыс.

Дәрігер Салауат кеңес береді:

-Суды жиі пайдалану мүмкіндігін жіберіп алмау қажет.

-Денсаулық үшін суық сумен жуыну,құйыну,шомылу керек.

Сөз жұмбақ шешу

Педагог балаларға глобусты көруді ұсынады.

Жер шары-бұл жаратылыстың бір бөлігі.Жер шары әлемі бай және әртүрлі.Міне-ҚР.Ол глобуста көп орын алып отыр. Бұл өте биік таулар,шөл-далалар,өзендер,үлкен қалалар және кіші ауылдар.Бұның бәрі біздің Отанымыз.Отанымыз-жер шарының бір бөлігі

Балалар-ҚР-ның кішкентай азаматтары.Олар ата-аналарын және қоршаған табиғатты жақсы көріп,қорғай біліп,туған жерін,Отанын мақтан тұту керек.

«Денсаулық лотосы» ойыны барысында балалар «Тазалық», «Тамақтану» , «Күн тәртібі» және т.с.с. аялдамаларында көптеген өте қызықты және пайдалы нәрселер білгендерін талқылайды.




Балалар табиғат дегеніміз не және оның адамның денсаулығына қалай әсер ететіні жөнінде өз пікірлерін айтады.







Күн, таза ауаның адам өмірі үшін маңызын біледі.







Балалар таза, салқын суды ішеді. Қолдарын суға салып, беттерін сулы қолдармен сүртеді.







Дәрігер Салауат кеңесін тыңдайды.






Балалар глобусты көреді.





Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

-Табиғат-тіршілік көзі.

-Адам-табиғаттың бір бөлігі.Адам табиғатты сүйе білуі керек және қоршаған орта,өз-өзіне,жақын адамдарына қамқорлық жасауы керек.

-Күн,ауа және су-бұлар табиғаттың сыйы,бүкіл тіршілікке өте қажет.

Сабақта алған білімдерін жинақтап, бекітеді.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Адам, өсімдік, жануарлар өмірі үшін табиғат сыйы туралы мәлімет алады.

Нені игереді:

Балалардың табиғат туралы білімдерін бекейді.

Нені біледі:

Табиғатты қорғау керектігін.






Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: Валеология негіздері

Тақырыбы: «Күн және ауа»

Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Денені шынықтыруда күн мен ауаның маңызын, түрлі жолдарымен таныстыру және оның адам денсаулығына тигізер ісері жөнінде мағлұмат беру.


Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Жылулық шеңбері. Балалар Күнге қарай қолдарын созып төмендегі сөздерді айтады:

Құдіретті Күн, мен сені жақсы көремін!

Құдіретті Күн, мен сенен өтінемін.

Құдіретті Күн, маған тыныштық пен қайырымдылық бере гөр!

Құріретті Күн, маған денсаулық пен жылылық бере гөр!

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ізденістер.

Ұйымдастыру


Әңгімелесу.

Педагог жұмбақ жасырады:

Үлкен алтын табақтан

Әлемге нұр таратқан. (Күн)


Педагог балалармен жұмбақтың мазмұны жайлы әңгімелеседі. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін тұрады. Көрінбейтін шуағына ультракүлгін шуағы жатады. Шуақтың әсерінен біздің терімізде өте маңызды «Д» дәрімені бар. Күннің шуағы теріні нығайтып, ағзаны суық тиюден сақтауға көмектеседі.

Педагог балалардың назарын күннің астында көп жүрудің өзі қауіпті екеніне аударып, теріні күйдіріп, әлсіздік пайда болуы мүмкіндігін естеріне салады.

Күн табиғи дәрі. Ал кез келген дәрі сақтықты талап етеді. Күн шуағын қатаң түрде ережемен қабылдау керек.


Дәрігер Салауаттың кеңесі:

Күннің астында көп қыздырынуға болмайды, денең күйіп қалуы мүмкін. Баскиімсіз күннің астында көп жүруге болмайды. Күнде шынуғыды судың жағасында, ертеңгілік уақытта қабылдау керек, күніне бір реттен көп болмауы тиіс.


Релаксацияға арналған жаттығулар.

Балаларға кілемшенің үстіне денелерін босаңсытып, қолдарын төмен созып, көздерін жүмып жатуға нұсқау беріледі. Өздерін құмның үстінде, күн шуағына қыздырынып жатқандай сезінеді.

Педагог балаларды парақ қағазбен желпіп өтеді, ал балалар оны жылы желдің лебізі еркелеткендей елестетеді. Балалар өздерін жақсы сезініп, көтеріңкі көңіл күйге енеді.

Педагог балалардан жел туралы не білетіндерін сұрайды.Қозғалыстағы ауаны желді, балалардың өздері ақ қолдарымен бетін желпу арқылы жасай алатынын айтады. Балаларға ауаны көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтыны, оның түсі, дәмі, иісі болмайтыны туралы түсіндіреді.


Тәжірибе: Әр балаға бір бір шар беріледі. Олар оны үрлеп, суға салып, ақырындап ауасын шығарады.

Әңгімелесу:

Педагог балаларға адамның оттегімен тыныс алып, көмірқышқыл газын шығаратынын айтады.Сондықтан бөлменің ауасын жиі тазартып отыру керек. Оттегіне бай таза ауа балаларды аурудан сақтайтынын, ал көмірқышқыл газы адам ағзасына зиян екеін түсіндіреді.

Өсімдіктер-ауаның табиғи тазартқыш. Сондықтан демалыс, сауықтыру үйлерін негізінен ағаш көп өсетін орманда салатыны, ал бөлмелерге осы қызметті атқаратын бөлме гүлдерін қоятыны туралы түсінік береді.


Дәрігер Салауаттың кеңсесі:

Таза ауа – табиғат байлығы, оны қорғауың керек. Көбірек гүлдер мен ағаштар отырғызыңдар.

Жұмбақты шешеді,

жұмбақтың мазмұны жайлы әңгімелеседі.






Д дәруменінің маңызымен танысады.






Дәрігер Салауаттың кеңесімен тансады.







Балаларға кілемшенің үстіне денелерін босаңсытып, қолдарын төмен созып, көздерін жүмып жатуға нұсқау беріледі. Өздерін құмның үстінде, күн шуағына қыздырынып жатқандай сезінеді.



Тәжірибеде шарды үрлеп, суға салып, ақырындап ауасын шығарады.






Дәрігер Салауаттың кеңсесімен танысады.





Күн, ауа - адам ағзасының шынығуына тамаша көмекшілері екенін түсінеді.



Қорытындылау

Өзін-өзі бағалау.

Қорытынды:

Күн және ауа – табиғат сыйы. Оларсыз тіршілік болуы мүмкін емес.

Күн және ауа – табиғат дәрі.

Өсімдіктерді күтіп баптау керек. Олар ауаны тазартады.



Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.

Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Денені шынықытыруда күннің, таза ауаның адам денсаулығына тигізер ісері жөнінде мағлұмат алады.

Нені игереді:

Денені шынықтырудың түрлі жолдарымен танысады.

Нені біледі:

Өз ойларын жеткізе алады.


























Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Судың тазасы-дерттің қазасы.»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балаларға судың денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру.Суды үнемі пайдаланудың ережелерін түсіндіру.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ертеңгілік жиын

Балалар шеңбер құрып отырады.Шеңбердің ортасында қағаз гүл жатады.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар “Валеологияның елінің картасын қарап, “Су” аялдамасына келіп, күн, ауа туралы жаңа не нәрсе біліп, үйренгендерін туралы айтады. Өткен сабақта үйренген ақыл-кеңестерін естеріне түсіреді.

Педагог енді “Валеология” еліне ары қарай сапар шегіп, табиғат-Ана патшалығына баруды ұсынады да, төменгі жұмбақты жасырады:

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасаң қорын тек,

Барша тіршілік курайды.

(Су).

Тәжірибе:

Судың қасиеті:

а) түссіз

б)дәмсіз, иіссіз

в)тұрақты пішіні жоқ

Теңіз толқидықимылды ойыны

Балалар ойын сөзін айтып, толқынның қимылын көрсете отырып, соңында бір бейнені көрсетеді.

Педагог балаларға глобусты көрсете отырып, оның планетамыздың кішкентай үлгісі екенін естеріне салып өтеді. Балаларға осы глобусты қарап, қандай түстің көп екенін сұрайды.

-Көгілдір түспен не белгіленген?

-Су қайда болады?

Педагог жер бетінде шынында да судың көп екенін, бірақ теңіздер мен мұхиттар суы тұзды, ішуге жарамайтынын түсіндіреді.

Тәжірибе:

Іші суға толтырылған екі стақан дайындайды: біреуінде тұзды су, екіншісіне тұзсыз су.

Балаларға осы сулардың дәмін татқызып көрсетіп, тұзды су ішуге жарамсыз деген қорытынды жасайды.

Педагог балаларға көлдерде, өзендерде, арықтарда тұзсыз судың ағатынын, онымен бау-бақша суаруға болады, бірақ ішуге болмайтынын түсіндіреді. Неліктен?

Педагог балалардың жауаптарынан соң біздің планетамызда судың көп екенін, бірақ тек таза, тазарған, тұзсыз суды ғана ішуге болады деп қорытады.

Қауіпсіздік мектебінің” кеңестері:

1.Өзендерден, жылғалардан ағып жатқан суды ішуге болмайды, оларда қауіпті ауру тудыратын микробтар болуы мүмкін.

2.Суды үнемдеп таза сақтау керек. Оны ластауға болмайды. Ауасыз, сусыз адамдар тіршілік ете алмайды.

Релаксация:

Балалар өздерін толқында шайқалып тұрған жапырақ секілді сезінеді.Балалар аяқ- қолдарын босаңсытып, көздерін жұмып, шалқасынан жатады.

Балалар күн тәртібі сәттерінің суреттерін қарай отырып, судың жеке бастың тазалығын сақтаудағы маңызын айтады: жуыну, құйыну, шынығу т.с.с

Педагог сусыз ас әзірленбейтінін түсіндіреді.

Балалар көкөністер мен жемістерді жемес бұрын, жақсылап жуу керектігін естеріне түсіреді, ал ол үшін міндетті түрде су қажет.

Педагог судың пайдасымен қатар, егер “Қауіпсіздік мектебінің” ережелерін дұрыс орындамаса, адам денсаулығына қатерлі екенін баяндайды.

Әліппе дәптермен жұмыс.

Балалар суға түскенде қатерден сақ болған жөн. Сондықтан жүзіп үйренулері керек.

“Қауіпсіздік мектебінің” кеңестері:

-Суға арнайы түсуге арналған жерлерде және үлкендердің бақылауымен ғана түсуге болады.

-Қысқы суықта су қатып, мұзға айналады, бірақ ол адамның салмағын көтере алмай, жарылып кетуі мүмкін.

-Өзендерде, көлдерде конькимен және шаңғымен сырғанауға болмайды. Ол үшін мұз айдындары және төбешіктер бар.

Дидактикалық ойын: “Қажеттісөздерді ойла”.

Балалар сәйкес келетін сөздермен су, өзен, теңіздерді суреттейді.

“Валеологияның елінің картасын қарап, “Су” аялдамасына келіп, күн, ауа туралы жаңа не нәрсе біліп, үйренгендерін туралы айтады.




Жұмбақты шешеді.



Балалар ойын сөзін айтып, толқынның қимылын көрсете отырып, соңында бір бейнені көрсетеді.





Сұрақтарға жауап береді.






Балалар осы сулар-дың дәмін татып, тұзды су ішуге жарамсыз деген қорытынды жасайды.






“Қауіпсіздік мектебінің” кеңестерімен танысады.



Балалар өздерін толқында шайқалып тұрған жапырақ секілді сезінеді.Балалар аяқ- қолдарын босаңсытып, көздерін жұмып, шалқасынан жатады.







Балалар сәйкес келетін сөздермен су, өзен, теңіздерді суреттейді.

Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

-Таза су- тіршілік атаулы өмірінің нәрі, табиғи құнды байлық.

-Суды ретсіз, ысырап жасауға болмайды, үнемдеу қажет, себебі суды тазалау үрдісі өте қиын да, қымбат.

-Балалар “Қауіпсіздік мектебінің” ақыл- кеңестерін дұрыс орындамаса, су өмірге қауіп төндіретінін үнемі естен шығармау керек.


Сабақта алған білімдерін жинақтап, бекітеді.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Суды үнемді пайдаланудың ережелерін түсінеді.

Нені игереді:

Судың денсаулыққа пайдасы туралы игереді.

Нені біледі:

Су- тіршілік көзі.

















Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: Валеология негіздері

Тақырыбы: «Күн, ауа және су - біздің достарымыз.»

Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Денені шынықтырудың түрлі жолдарымен таныстыру және оның адам денсаулығына тигізер ісері жөнінде мағлұмат беру.

Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Жылулық шеңбері. Балалар Күнге қарай қолдарын созып төмендегі сөздерді айтады:

Құдіретті Күн, мен сені жақсы көремін!

Құдіретті Күн, мен сенен өтінемін.

Құдіретті Күн, маған тыныштық пен қайырымдылық бере гөр!

Құріретті Күн, маған денсаулық пен жылылық бере гөр!

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

Әңгімелесу.

Педагог жұмбақ жасырады:

Үлкен алтын табақтан

Әлемге нұр таратқан. (Күн)

Педагог балалармен жұмбақтың мазмұны жайлы әңгімелеседі. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін тұрады. Көрінбейтін шуағына ультракүлгін шуағы жатады. Шуақтың әсерінен біздің терімізде өте маңызды «Д» дәрімені бар. Күннің шуағы теріні нығайтып, ағзаны суық тиюден сақтауға көмектеседі.

Педагог балалардың назарын күннің астында көп жүрудің өзі қауіпті екеніне аударып, теріні күйдіріп, әлсіздік пайда болуы мүмкіндігін естеріне салады.

Күн табиғи дәрі. Ал кез келген дәрі сақтықты талап етеді. Күн шуағын қатаң түрде ережемен қабылдау керек.


Дәрігер Салауаттың кеңесі:

Күннің астында көп қыздырынуға болмайды, денең күйіп қалуы мүмкін. Баскиімсіз күннің астында көп жүруге болмайды. Күнде шынуғыды судың жағасында, ертеңгілік уақытта қабылдау керек, күніне бір реттен көп болмауы тиіс.


Релаксацияға арналған жаттығулар.

Балаларға кілемшенің үстіне денелерін босаңсытып, қолдарын төмен созып, көздерін жүмып жатуға нұсқау беріледі. Өздерін құмның үстінде, күн шуағына қыздырынып жатқандай сезінеді.

Педагог балаларды парақ қағазбен желпіп өтеді, ал балалар оны жылы желдің лебізі еркелеткендей елестетеді. Балалар өздерін жақсы сезініп, көтеріңкі көңіл күйге енеді.

Педагог балалардан жел туралы не білетіндерін сұрайды.Қозғалыстағы ауаны желді, балалардың өздері ақ қолдарымен бетін желпу арқылы жасай алатынын айтады. Балаларға ауаны көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтыны, оның түсі, дәмі, иісі болмайтыны туралы түсіндіреді.


Тәжірибе: Әр балаға бір бір шар беріледі. Олар оны үрлеп, суға салып, ақырындап ауасын шығарады.

Әңгімелесу:

Педагог балаларға адамның оттегімен тыныс алып, көмірқышқыл газын шығаратынын айтады.Сондықтан бөлменің ауасын жиі тазартып отыру керек. Оттегіне бай таза ауа балаларды аурудан сақтайтынын, ал көмірқышқыл газы адам ағзасына зиян екеін түсіндіреді.

Өсімдіктер-ауаның табиғи тазартқыш. Сондықтан демалыс, сауықтыру үйлерін негізінен ағаш көп өсетін орманда салатыны, ал бөлмелерге осы қызметті атқаратын бөлме гүлдерін қоятыны туралы түсінік береді.


Дәрігер Салауаттың кеңсесі:

Таза ауа – табиғат байлығы, оны қорғауың керек. Көбірек гүлдер мен ағаштар отырғызыңдар. Педагог балаларға глобусты көрсете отырып, оның планетамыздың кішкентай үлгісі екенін естеріне салып өтеді. Балаларға осы глобусты қарап, қандай түстің көп екенін сұрайды.

Көгілдір түспен не белгіленген?

Су қайда болады?

Педагог жер бетінде шынында да судың көп екенін, бірақ теңіздер мен мұхиттардың суы тұзды, ішуге жарамайтынын түсіндіреді. Суды үнемдеп, таза сақтау керек. Оны ластауға болмайды. Ауасыз, сусыз адамдар тіршілік ете алмайды.

Күн, ауа және су - адам ағзасының шынығуына тамаша көмекшілер.

Шынығу дегеніміз не?

Шынығудың ең жеңіл түрі – суға түсу. Бұл жерде мынандай құнды ережелерді есте сақтауларың керек:

Ешкіммен кімнің су суық немесе кім тез шынығады деп жарыспа! Ол денсаулық үшін зиян.

Салқын су әркімге әртүрлі әсер етеді, кейбіреулер суық тиіп, ауырып қалуы мүмкін.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

Шынығу жұмыстарын күнделікті жүргізу қажет, әйтпесе адам ағзасы үйренбеуі немесе күткен нәтиже көрінбеуі мүмкін.

Балалар шынығу туралы өзара талқылап, шынығу дегеніміз сауығудың ең ыңғайлы тәсілі деген шешімге келеді. Оған арнайы уақыт бөліп, белгілі бір жағдай жасаудың қажеті жоқ, тәулік бойы жүргізуге болады.

Салауаттың ең қарапайым кеңесі:

Жалаңаяқ ұзақ жүру керек, ең болмаса үйде. Бұлай жүру әсіресе тегіс емес жермен; тастардың үстімен, ыстық құмда, жерде, қардың үстінде жүргенде жалпақтабандылықтың алдын алып, табандағы нүктелерге арналған массаж болып табылады.

Жалаңаяқ жүру бүкіл денеңе күш-қуат беріп, денсаулықты нығайтады.

Ең ыңғайлы және қауіпсіздік шынығудың түрі ауа ваннасы болып табылады.

Беті қолыңды, құлағыңды, қолыңды иығыңа дейін суық сумен жу.

Суыққа шынығу барлық ауруларды емдейтін дәрі.

Жұмбақты шешеді,

жұмбақтың мазмұны жайлы әңгімелеседі.






Д дәруменінің маңызымен танысады.






Дәрігер Салауаттың кеңесімен тансады.







Балаларға кілемшенің үстіне денелерін босаңсытып, қолдарын төмен созып, көздерін жүмып жатуға нұсқау беріледі. Өздерін құмның үстінде, күн шуағына қыздырынып жатқандай сезінеді.



Тәжірибеде шарды үрлеп, суға салып, ақырындап ауасын шығарады.






Дәрігер Салауаттың кеңсесімен танысады.







Күн, ауа және су - адам ағзасының шынығуына тамаша көмекшілері екенін түсінеді.








Шынығу туралы өз пікірлерін ортаға салады.






Салауаттың ең қарапайым кеңестерін тыңдайды.


Қорытындылау

Өзін-өзі бағалау.

Қорытынды:

Күн және ауа – табиғат сыйы. Оларсыз тіршілік болуы мүмкін емес.

Күн және ауа – табиғат дәрі.

Өсімдіктерді күтіп баптау керек. Олар ауаны тазартады.

Таза су – тіршілік атаулы өмірінің нәрі. Табиғи құнды байлық.

Суды ретсіз ысырап жасауға болмайды, үнемдеу қажет, себебі суды тазалау үрдісі қте қиын да қымбат.

Күн, ауа және су – біздің тамаша достарымыз.

Табиғат сыйлары арқылы шынығу – түрлі ауруларды болдырмаудың ыңғайлы тәсілі.


Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.

Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Денені шынықытыруда күннің, судың адам денсаулығына тигізер ісері жөнінде мағлұмат алады.

Нені игереді:

Денені шынықтырудың түрлі жолдарымен танысады.

Нені біледі:

Өз ойларын жеткізе алады.






Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Жер біздің ортақ үйіміз. Табиғатпен достасайық.»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру. Өсімдік пен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және ұқыптылық қарым- қатынасты қалыптастыру.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ертеңгілік жиын

Балалар шеңбер құрып отырады.Шеңбердің ортасында қағаз гүл жатады.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Педагог балалармен табиғат әлемі туралы әңгімелеседі. Өздері үйренген денсаулық ережелері және пайдалы кеңестер жайында пікірлеседі. Пікір алмасу барысында балалар “Адам табиғатпен және жер бетіндегі тіршілікпен өзара сәйкестікте өмір сүрсе, дені сау және бақытты өмір сүре алады”,- деген қорытындыға келеді.

Педагог балаларға “флора” және “фауна” сөздерінің мағынасын ашып түсіндіреді.

Флора-өсімдік әлемі (ағаштар, гүлдер, бұталар, шөптер т.б)

Фауна- жануарлар әлемі (үй және жабайы жануарлар, құстар, балықтар, жәндіктер).


Әліппе дәптерімен жұмыс.

Балалар жануарлар мен өсімдіктер суретін қарайды.

Адамдар, өсімдіктер, жануарлар барлығы- Жер-ана планетасының баласы. Олар бір-біріне тәуелді. Ал адам солардың ең саналысы болғандықтан, Жер- планетасы үшін жауапты.

Жақсы-жаман”ойыны Қасиеттері

ағаш отырғызу жақсы жаман

орманды кесу жақсы жаман

өзендер мен теңіздерді ластау

су тазартатын қондырғылар салу

жануарлар мен құстарды ұстау

құстардың жем салғышына дәндер салу

Педагог балаларға жер бетінде тіршілік етушілер флора және фауна үшін салауатты өмірдің негізгі заңы бар екенін түсіндіреді.Осы заңды барлығы орындауға тиісті.

Өсімдіктер өмірінде арнайы тәртіп сақталады. Дән жерге түскеннен кейін, өніп, тамырланып, кішкентай «өскін» өсіп шығады.Оны жаңбыр суарып,күн өсіп келеді.Ағаш күшті және иілгіш болуы үшін әр таңда таңертеңгі шық оны жуындырып,салқын жел әр бұтағын тербетіп,жапырағын сыбдырлатып тұрады.Ал ол өсіп үлкейгенде адамды табиғаттың түрлі құбылыстарынан:жауын-шашын,желден,т.б қорғап,жемісін беріп,ыстықта көлеңкесін түсіріп,қажетсіз көмір қышқыл газын бойына сіңіріп,оттегін шығарады.Егер оған күн сәулесі жеткіліксіз болса жапырағы сарғаяды,зиянды заттар болса,ағаш ауырып аяғында солып қалады.Суы аз болса өспей қалады.

Сергіту жаттығу.

Жануарлар да салауатты өмір заңын сақтайды.

Күшік пен мысық аулаға жүгіріп шығып,керіліп-созылады. Мысық бетін жуады,ал күшік тілімен жүнін жалайды.Барлық жануарлар тамақтанғаннан кейін жуынады.Әтеш қақпаған шығып,мойынын созып,қанаттарын жайып,серпіп-серпіп қатты шақырады.

Жануарлардың жүнінің таза болуы-жақсы денсаулықтың белгісі.

Жануарлар тамақтану тәртібін сақтайды.Егер мысықтың баласын уақытында тамақтандырмаса,ол өспей қалады.Жануарлар балғын жемістер мен көкөністермен қоректенеді.

Балаларға К.Чуковскийдің «Дәрігер Айболит» ертегісін естеріне түсіру ұсынылады.

Жануарлар да адамдар сияқты ауырады, оларды емдейтін адамды-мал дәрігері деп атайды.

Жабайы аңдар-емдік шөптермен қоректеніп,өз-өздерін емдейді.

Жануарларға қамқорлықпен қарау керек.

-Жануарлар адамға тигізер қандай пайдасы бар?

Қауіпсіздік мектебінің кеңестері:

Балалар Әліппе дәптердегі суреттерді қарап,педагог оларға түсініктеме беріп отырады.

1.Бөтен итті сипалама,жақындама.Абай бол,ол оны оны өзіне төнген қауіп деп қауып алуы мүмкін.

2.Егер жұмыртқасы немесе балапаны бар ұяларды көрсең,тиіспе.

Құстар өз балапандарын қорғаймын деп,шоқып тастауы мүмкін.

3.Жануарларды таяқпен соғып,аяқпен теуіп,құрықтарынан тартып жәбірлеуге болмайды.Олар өздерін қорғау үшін,сендердің өмірлеріңе қауіп төндірулері мүмкін.

Лото-ойыны: «Қазақстанның флорасы мен фаунасы».

Педагог балаларға адам өмірі мен қызметінің табиғат үшін маңызы зор екендігін түсіндіреді. Адам өзін қоршаған орта үшін үлкен жауапты екенін сезінуі керек,себебі табиғаттың теңдігін бұзса,өзі жапа шегеді.

Адам жануарлар мен өсімдіктер әлемінен бөлек өмір сүре алмайды, себебі оның өзі табиғаттың бір бөлігі.Ол өзінің денсаулығын нығайтып,өмірін сақтау үшін,флора мен фаунаны қорғап кету керек.

Дидактикалық ойын: «Біз сенімен қандаспыз». (Педагогикалық сырсандықты қара)

Өздері үйренген денсаулық ережелері және пайдалы кеңестер жайында пікірлеседі.



“флора” және “фауна” сөздерінің мағынасын түсінеді.





Балалар жануарлар мен өсімдіктер суретін қарайды.





Жақсы жаман қасиеттерді ажыратады.






Балалар жер бетінде тіршілік етушілер флора және фауна үшін салауатты өмірдің негізгі заңы бар екенін түсінеді.






Сергіту сәтін жасайды.





Жануарлардың салауатты тіршіліктерін мысалға ала отырып, алдайды.




Балалар К.Чуковскийдің «Дәрігер Айболит» ертегісін естеріне түсіреді.



Қауіпсіздік мектебінің кеңестерімен танысады.







Балалар адам өмірі мен қызметінің табиғат үшін маңызы зор екендігін түсінеді.










Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

-Табиғат өзара бір-бірімен тығыз байланысты.

-Жер бетіндегінің бәрі бір-бірімен сәйкестікте өмір сүреді.

-Адам флора мен фаунаны қорғап,күтеді,ал олар адамдарға өмір сүруге пайдасын тигізеді.

-өмір сүруге пайдасын тигізеді.

-Адам-табиғат бөлігі.Жер бетінде ауа,су,күн болмаса тіршілік атаулы болмас еді.

Сабақта алған білімдерін жинақтап, бекітеді.

Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Өсімдік пен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және ұқыптылық қарым- қатынасты қалыптасу керек.

Нені игереді:

Флора және фауна туралы мәліметтер алады.

Нені біледі:

Біз табиғаттың қорғаушысымыз.




Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: Валеология негіздері

Тақырыбы: «Мен кіммін? Адамның денесі.»

Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Балаларды адам денесінің құрылысымен таныстыру. Адамдардың бір-бірінен айырмашылығын көруге көмектесу.Балаларды дұрыс қозғалуға, бұлшықетін, буындарын созылудан, сынудан, шығарып алдан сақтануға үйрету.

Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Дәрігер Салауат таңертең оянған балаларға қандай кеңестер береді?

-Таңертеңгілік жаттығу не үшін қажет?

-Күн тәртібі дегеніміз не, ол не үшін керек?

-Адам дегеніміз кім?

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

Әңгімелесу.

Ол жер бетінде ең ақылды, ең күшті. (Адам).

Педагог балалардың бір-біріне қарап, қандай айырмашылықтары және ұқсастықтары бар екенін айтуды ұсынады.

Балалар шашының түсі, көзі, мұрын пішіні жағынан айырмашылықтары бар екенін, әркімнің қайталанбас дара тұлға екендігін әңгімелейді.

Адам – табиғаттың ең керемет жаратылысы. Адам өз өмірін, денсаулығын сақтау керек.

Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Адам – дені сау, мықты, күшті, яғни бақытты болу үшін өмірге келген.

Әр адам өзі туралы, өзінің қандай екенін, денсаулығын қалай нығайту керек екенін білуге тырысады.


Дидактикалық ойын: «Адамның денесін құрастыру».

«Ғажайып түс» ертегісі. Оқу. Талдау.

Бірде Арман түс көреді, түсінде оның дене мүшелері дауласады. Бас бірінші болып былай дейді:

-Мен бәрін басқармаын, менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам адам ещтеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды тіпті аштан өлер еді.

-Егер мен болмасам, сені ары-бері, жан-жақа кім бұрар еді, - деді мойын.

Осы кезде дауға Қол араласты:

-Білесіңдер ме, достар, егер мен болмасам жүкті ары-брі тасу, тамақты дайындау, кірді жуу, үтіктеу, жазу, сурет салу, іртүрлі аспаптп ойнау да өте қиын болар еді.

Көп ойланып, Кеуденің де шыдамы кетті:

-Мен ше?! Егрер мен болмасам, адам болар ма еді? Мойын, сен қайда қалар едің, Қол-аяқ, сендер ше?-Егер мен болмасам не істер еді адам? – дейді Аяқ. – Біз бәріңді жұмысқа, мектепке, дүкенге, киноға апарамыз. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рақмет алмаймыз.

Бұл айтыстың қалай аяқталатыны Арманлы өте қызықтырды, бірақ та ең шиелініскен жерінде ол оянып кетті.

Ал сендер қалай ойлайсыңдар, адамға ең керегі қай мүшесі?


Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар адамның дене құрылысымен танысады. Дене мүшесінің әрқайсысының өз атауы бар. Адамның денесі бас, мойын, кеудеден, жоғары және төменгі бөліктерден тұрады.

Педагог адамның бойы, салмағы жасына қарай өзгеретіні жөнінде әңгімелейді. Адамның жас кезінде күш-қуаты көп, денсаулығы жақсы болатынын, оны сақтауды үйрену керек екеніне балалар назарын аударады.


Сергіту сәті (ертегі мәтіні бойынша).

Әңгімелесу.

-Адамның дене құрылысы неден тұрады? (Сүйек, буын, бұлшықет, тері).

Балалар Әліппе-дәптердегі кейбір жаттығуларды қайталайды.

Адамның барлық денесін тері жауып тұр. Тері қорғаныш қызметін атқарады. Ол денені күйіктен, соққыдан, үсіктен, іртүрлі жарақаттан сақтайды. Тері сезім мүшесі болып табылады. Қараңғы жерде де қолдың астындағы заттың қатты, жұмсақ, ыстық, суық, майда екенін және пішінін анықтауға болады.

Дидактикалық ойын: «Ғажайып дорба».

Әдемі дорбада таныс ойыншықтар мен заттар жатады. Бала дорбаның ішінде қолын салып, кез келген затты ұстап, сипап сезу арқылы не екенін табады.

Педагог балаларға бастарын ұстауды ұсынады.

Нені сипаладыңдар? Оның ішінде не бар?

Ми қуатты компьютер орталығы сияқты барлық ішкі мүшелерді басқарып, көп жағдайларды шешіп, денсаулық пен ағзаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.

Жүйке мидың алғашқы көмекшісі. Олар қоршаған ортаның ақпаратын тері, көз, құлақ, ауыз, мұрын арқылы миға жеткізеді.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

Ойын кезінде басты соғып алудан сақтан.

Басқа тиген қатты соққы ауыр жарақат мидың шайқалуына әкеп соғады. Мұнан бас айналып, құлақ шуылы, жүрек айну, құсу, бас ауруы пайда болады. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну керек.

Тіпті жер сілкіну кезінде үстелдің астында тығылып, басын қолымен қалқалау қажет.

Тамақтану тәртібі де жүйке жүйесіне әсер етіп, тәбеті жоғарылап, ас жақсы қорытылады.

Жүйке жүйесі спорттық ойындар мен таза ауадағы серуен кезінде жақсы демалады.


Балалар бір-біріне қарап, қандай айырмашылықтары және ұқсастықтары бар екенін айтады.







Дидактикалық ойынды ойнайды. «Адамның денесін құрастыру».





«Ғажайып түс» ертегісін оқиды, талдайды.













Балалар адамның дене құрылысымен танысады.









Ертегі желісі бойынша сергіту сәтін жасайды.






Балалар Әліппе-дәптердегі кейбір жаттығуларды қайталайды.






Бала дорбаның ішінде қолын салып, кез келген затты ұстап, сипап сезу арқылы не екенін табады.






Дәрігер Салауаттың кеңесімен танысады.


Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.

Қорытынды:

Адам табиғаттың ең керемет жаратылысы.

Адам өз өмірін қорғауы керек.

Өз дене мүшелерін білу, күшті, қайратты, жігерлі, мықты болу үшін дене тәрбиесімен шұғыл қара!


Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.



Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Балалар дұрыс қозғалуға, бұлшықетін, буындарын созылудан, сынудан, шығарып алдан сақтануға үйренеді.

Нені игереді:

Балалар адам денесінің құрылысымен танысады.

Нені біледі:

Адам табиғаттың ең керемет жаратылысы.








Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: Валеология негіздері

Тақырыбы: «Ұлдар мен қыздар.»

Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Балаларға қыздар мен ұлдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету. Бір–бірімен қарым–қатынастарын қалыптастыру және дамыту. Адамның денсаулығын сақтап, нығайтудағы көңіл күйдің тигізетін ісері жайлы білімдерін қалыптастыру.


Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Педагог балалардың бір–бірінен қалай ерекшеленетінін байқатып, осы тақырыпта әңгіме қозғайды. Балалардың жауабынан кейін барлық адамның дене құрылысы –қолы, аяғы, көзі, құлағы, т.б. болатыны, бірақ әр адамның көзінің, шашының, мұрнының пішіні әртүрлі болатынын айтады. Әр адамның өзіне тән мінезі, шығармашылық қабілеті мен таланты болады. Әр адам–қайталанбас жеке тұлға.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

Адамдар әйел, еркек, ұлдар мен қыздар болып бөлінеді.

Педагог ұлдарды мен қыздарды айна алдына тұрғызып, өзін–өзі сипаттауды ұсынады. Балалардың пікірін қорыта келіп, қыздарды нәзік болатынын, олардың көйлек киетінін, бұрымды болатынын, сәндік заттарды тағатынын, ал ұлдардың қыздарға қарағанда күшті, иықты, денелі келетініне, шаштары қысқа, дауыстары жуандау болатыны туралы айтып ұғымдарын қалыптастарады.

Әліппе–дәптермен жұмыс.

Педагог балаларға бұршақтың дәннен өсетінін мысалға ала отырып, ұлдар мен қыздардың өскенде кімге айналатынын түсіндіреді.

Бұршақ дәні–гүлдейді (жеміс береді) –солады.

Бала–бозбала–еркек–ата.

Қыз–бойжеткен–әйел(ана) –апа.

Ұлдар мен қыздардың ойыншықтарға деген талғамы әр–түрлі. Педагог ұлдар мен қыздарға тән ойыншықтардың атын ататады.

Балаларға отбасында ер адам мен әйел адамдардың атқаратын жұмыстарын естеріне түсіріп, талқылатады. Қандай мамандықты ерлердікі, ал қандай мамандықты әйелдердікі деп атауға болады.

Ұлдардың ең басты міндеті–денсаулығы мықты, күшті болып өсу, себебі ол туысқандарын әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан қорғауы, нәзік жандар–аналар мен қыздарға қамқор болуы керек. Ұлдар қыздарға күш көрсетпейді.

Ал қыздардың ең басты міндеті –дені сау, – бақытты болып өсу, өйткені жақсы ұрпақты тәрбиелеп өсіруі тиіс.

Балалар ұлдар мен қыздардың киімдерінің суретін аяқтап салуы керек. Ұлдар мен қыздардың бірге және бөлек ойнайтын ойыншықтарын ажыратып, бағытпен белгілеп көрсету.


«Күлкі жаттығуы».

Балалар айнаға қарап әдемі, мейірімді күлкіні бейнелейді (1минут). Педагог бұл жаттығуды күніне бірнеше рет орындау қажеттігін түсіндіреді. Күлкі айналасындағы адамдарға жақсы әсерін тигізеді.


Ұлдар мен қыздар айна алдына тұрып, өзін– өзі сипаттайды.






Әліппе- дәптердегі суреттерді қарай отырып, талдайды.




Ұлдар мен қыздарға тән ойыншықтардың атын атайды.




Балалар отбасында ер адам мен әйел адамдардың атқаратын жұмыстарын естеріне түсіріп, талқылайды.




Балалар ұлдар мен қыздардың киімдерінің суретін аяқтап салады.


Балалар айнаға қарап әдемі, мейірімді күлкіні бейнелейді.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.

Қорытынды:

Әр адам–қайталанбас жеке–дара тұлға. Әр адамның өзіне тән мінезі, шығармашылық қабілеті мен таланты болады.

Адамдар жынысына қарай еркек–әйел, ұл–қыз болып бөлінеді.

Қоғамда еркек пен әйелдің рөлі әртүрлі болады.

Үйде, мектепте, көшеде ата–анаңа, мұғаліміне, достарыңа жиі күлімдеп, мейірімді қарым–қатынаста бол. Сәлемдескенде күлімде. Әдемі тіс –күлкі ажары екенін ұмытпа.


Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.

Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Қыздар мен ұлдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын;

Нені игереді:

Бір–бірімен қарым–қатынастарын қалыптастыру және дамыту.

Нені біледі:

Әр адамның өз денсаулығын сақтап, нығайту қажеттігін.































Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Қаңқа, буын, бұлшықет және тері.»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Жеке бас тазалығын сақтау ережелерін үйрету: қолды, аяқты, теріні күту. Балаларды дұрыс қозғалуға, бұлшық еттерін, буындарын созылудан, сынудан, шығарып алудан сақтануға үйрету. Бұлшықеттерін, сүйектерін қатайту, іскерлік білімдерін қалыптастыру.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала допты екінші балаға лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші «Валеология» картасына қарап, аялдаманың атын хабарлайды. Әр адам өз ағзасын шынықтырса, оның құрылысы мен қызметін жақсы білген жағдайда, аурудан өзін сақтай алады. Адамның негізгі дене мүшесі: бас, мойын, кеуде, қол ж/е аяқ. Кез-келген адам денесіндегі қозғалыс сүйектің, бұлшық еттің, буынның белгілі қызметі арқылы іске асады.

Әліппе дәптерімен жұмыс.

Балалар адам қаңқасының суретін қарайда. Адамның дене құрылысында сүйек ең негізгі роль атқарады. Олар негізгі тірек ж/е ішкі ағзаларды қорғайды. Онсыз адам тұра да алмайды. Адам денесіндегі барлық сүйектер қаңқа деп аталады. Педогог балаларға сүйектерін ұстап көруді ұсынып (қолының, аяғының) кей жағдайда сүйектің зақымданатынын айтады.

-Адам тайып, кездейсоқ құлап, сүйекті сындырып, шығарып, ауыртып алуы мүмкін.

-Баспалдақта ойнауға болмайды, себебі құлап жарақат алуларың мүмкін.

-Биіктен секіру қауіпті! Сүйектерің, буындарың, бұлшықеттерің зақымдалуы мүмкін. Барлық бір-бірімен буын мен бұлшықет арқылы байланысады.

Тәрбиеші балаларға егер де адамдар да бұлшықет болмаса, жүре де, жүгіре де, тұра да, отыра да алмайды, өйткені барлық қозғалысты адам буынмен бұлшықеттің көмегімен орындайды. Адамдардың арасында жұмысты ұзақ істейтін дені сау, мықты адамдар бар. Бұл адамдардың бұлшықеттері жақсы жұмыс жасайды. Оларды төзімді дейді. Спортшылардың бұлшықеттері бөлініп (айқындалып) тұрады.Спорттың барлық түрінде күш пен шыдамдылықты өте жоғары бағалайды. Педогог балаларға қолдарынбүгіп, бұлшықеттерін ұстауды ұсынады.Сабақтан бос уақытта білек күшін сынастырып,

жарыс ұйымдастыруға болады. Күшті, әрі жылдам болу үшін бұлшықетке әр түрлі жаттығулар жасау керек.

Дәрігер Салауаттың кеңестері:

-Күнде таңертең жаттығу жаса ж/е тазалық сақта

-Бұлшықетің мықты, шыдамды болсын десең, күнделікті шынықтыру жаттығуларын жаса.

-Бұлшықетке салмақты біртіндеп түсір. Ата-анаға үйде, бақта көмектесу- бұлшықетті шынықтырар ең үлкен жаттығу. Бір шелек су әкелсең-күш қосылады, дүкенге нанға жүгіріп барсаң-жылдамдығың дамиды. Барлық жаттығулар бұлшықетті дамытып, нығайтады.

-Дене бітіміңді сымбатты еткің келсе, жалпақтабандылықты түзетуді ойласаң, жаттығу жаса. Педогог өткен сабақта танысқан аяқ, табан, дене бітімге арналған жаттығулардың емдік қана емес, сонымен қатар бұлшықеттердің шаршағанын басатынын айтады. Балалар Әліппе дәптеріндегі кейбір жаттығуларды қайталайды. Адамның барлық денесін тері жауып тұр. Тері қорғаныш қызметін атқарады. Ол денені күйіктен, соққыдан, үсіктен, әр түрлі жарақаттан сақтайды. Тері сезім мүшесі болып табылады. Қараңғы жерде де қолдың астындағы заттың қатты, жұмсақ, ыстық, суық, майда екенін ж/е пішінін анықтауға болады.

Дидактикалық ойын «Ғажайып дорба»

Әдемі дорбада таныс ойыншықтар мен заттар жатады. Бала дорбаның ішіне қолын салып, кез-келген затты ұстап, сипап-сезу арқылы не екенін табады.

Тәжірибе:

Балалр әйнектің (лупа) көмегімен қолының терісіндегі ұсақ тесіктерді көреді.Тесіктер арқылы дене дем алады. Егер тері кір болса, онда тесіктер бітеліп, дененің тыныс алуы қиындайды. Кір теріде түрлі тері ауруын тудыратын өте көп микробтар болады. Сондықтан адам терінің тазалығын сақтау керек. Педогог жеке бас гигиенасын сақтаудың ережелерін тағы бір еске салады:

-Қолды күніне бірнеше рет жуу керек.

-Қол ж/е аяқтың тырнақтарын уақытында алу керек. Қазақтың ырымы бойынша тырнақты күндіз алу керек. Адамның жаны тырнағының ұшында деген сөз бар. Егер түнде алса,адамның бойындағы асыл қасиеттері жоғалады деген ырымды жорамалдайды.

  • Тырнақтың астындағы кірді қол жуғанда арнайы щеткамен тазалау керек.

  • Тырнақты түбіне дейін алмау керек.

  • Басты аптасына кем дегенде бір рет жуу керек.

  • Бастың терісіне массаж жасау ж/е тарау, шаштың өсуін ж/е жағдайын жақсартады.

  • Аптасына бір рет моншаға шомылу керек.

Педогог жер шарындағы адамдардың терілері әртүрлі болатынын балаларға түсіндіреді. Негрлер –қара, жапондар-сары, европалықтар –ақ, бірақ олар терілерінін түстеріне қарамастан бір- бірлерімен достық қарым қатынаста болуды қалайды.

«Валеология» картасына қарап, аялдаманың атын хабарлайды.





Балалар адам қаңқасының суретін қарайды.





Бұлшықет, қаңқа туралы өз білгендерін ортаға салады.







Дәрігер Салауаттың кеңестерімен танысады.











Сұрақтарға жауап береді.






Балалар Әліппе дәптеріндегі кейбір жаттығуларды қайталайды.






Бала дорбаның ішіне қолын салып, кез-келген затты ұстап, сипап-сезу арқылы не екенін табады.









Тазалық ережелерін еске түсіреді.

Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

-Қаңқа, буын, бұлшықет ж/е тері- негізгі тірек, олар ішкі ағзаларды қорғайды.

-Күшті, қайратты, жігерлі, мықты болу үшін дене тәрбиесімен шұғылдану керек.

-Барлық адамдар бірдей болып туады және бірдей құқықа ие.

Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.



Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Бұлшықеттерін, сүйектерін қатайту, іскерлік білімдері қалыптасады.

Нені игереді:

Балаларды дұрыс қозғалуға, бұлшық еттерін, буындарын созылудан, сынудан, шығарып алудан сақтануға үйренеді.

Нені біледі:

Жеке бас тазалығын сақтау ережелерін біледі.









Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Менің қайырымды көмекшілерім. Көз.»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Көздің құрылысымен таныстыру. Көзді күтуге, қажет болса көзілдірікті дұрыс пайдалануға үйрету. Балаларды көзілдірік киген үлкен-кішіге адамгершілік қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала допты екінші балаға лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Педогог балаларға өткен сабақта қаңқа, бұлшықет, буыннан басқа, адамда сезім мүшелері бар екенін естеріңе салады. Адам өмірі ж/е әрекеттері сезім мүшесі арқылы келіп түскен белгіге байланысты. Көру, есту, сезу мүшелері (құлақ, көз, мұрын, тіл, тері)-адамның ең негізгі көмекшілері.

Педогог балаларға мына жайларды көз алдарына елестетулерін сұрайды.

  • Таңертең сағат шырылдаса орныңнан тұруың керек (сағаттың шырылын адам есту мүшесі көмегімен естиді)

  • Төсектен тұрғанда бөлме суық болса, тез киін (бөлменің температурасын адам сезім мүшесі –тері арқылы сезеді).

  • Анасы ас үйде ертеңгілік ас әзірлеп жатыр. Бөлмеде кофенің иісі пайда болды (кофенің иісін сезім мүшесі –мұрын арқылы сезеді).

  • Кофе тәтті емес, қант салу керек (кофенің дәмін адам тілдің көмегі арқылы ажыратады).

  • Далада жаңбыр жауып тұр, қолшатыр керек (ауа райының өзгергенін көру мүшесі –көз арқылы көреді). Балалар сезім мүшелері арқылы адам қоршаған ортаны бағдарлауға болатыны туралы қорытынды жасайды. Педогог «Біздің қайырымды көмекшілеріміз –көз» аялдамасында көру мүшесі –көзбен терең танысатындарын айтады. Көздерін жұмып қараңғыда тұрғандай сезініп күнді, аспанды, шөпті, гүлді, жақын адамдардың түрін көре алмау, яғни соқыр болудың өте ауыр екенін елестету ұсынылады. Қоршаған ортаны көру қабілетті-адамның бағалы сезімдерінің бірі. Адам өміріндегі барлық жаңалықтар көздің көмегімен қабылданады. Қас, қабақ ж/е кірпік көзді шаң тозаңнан, тер тамшысына сақтайды.

  • Көздің көру қабілетін арттыруға А-дәруменінің пайдасы зор, сондықтан тамаққа сәбізді көп пайдалану қажет.

  • Үй тапсырмасын орындағанда, оқығанда, сурет салғанда, көз бен қағаз арасында 30см қашықтықты сақтау керек.

  • Қараңғыда немесе жарық жеткіліксіз жерде оқу көздің көру қабілетін төмендетеді.

  • Теледидар көргенде қатты орындықты таңдап, оны экраннан 2 метр қашықта қою қажет.

  • Жұмыс үстінде қайшы ж/е басқа үшкір заттармен көзді жарақаттап алмас үшін, өте ұқыптылық қажет. Егер адам алыстағы затты дұрыс көрмесе, онда ол жуықты көргіш. Егер жақын орналасқан затты дұрыс көрмесе, онда ол алысты көргіш. Көз дәрігері көздің қаншалықты дұрыс жұмыс істейтінін анықтап, қажетіне қарай көзілдірік киюге ұсыныс береді. Көзілдірікке ерекше күтім керек: әйнегін таза ұста, әйнегі сынған көзілдірікті қолданба кейбір адамдардың көздері мүлде көрмейді. Адам ауыр соққыдан, аурудан немесе туа соқыр болуы мүмкін.

  • Дәрігер Салауат балаларға көзі көрмейтін, яғни соқыр (зағип) адамдарды сыйлауға ж/е оларға құрметпен қарауға кеңес береді. Ғажайып әлемді көру мүмкіндігінен айрылған адамдарға басқалардың достығы, көмегі өте қажет.


Әліппе дәптерімен жұмыс:

Көз бұлшықеттерін нығайтуға арналған жаттығулар жаса:

  • 3-5 секунд көзді қатты жұмады, ашады (6-8 рет қайталайды). Тез-тез қағады, көргенімізді жоғалтып алмас үшін көзді тез-тез қағады...Тоқтаймыз, қараймыз. Қайтадан көзімізді жыпылықтатамыз. Тез-тез 15 секунд жыпылықтату (3-4рет қайталау). Ал енді көзіңді жұмып, қолыңмен сипа, сүйікті анамыз туралы ойлайық.

  • Көзді жұмып, қабақты саусақ ұшымен сипалау.

  • Көзіңді оңға айналдыр,

Бір, екі, үш..

Көзіңді солға айналдыр,

Тағы қайтала..

Көзіңді бір бағытпен шеңбер жасай отырып, айналдыр.

-Сұқ саусағыңды мұрныңа қарай жылжыт.

Кері қайт.

Оған қара.

Өте әсерлі.Қолыңды алдыға соз. Саусақтың ұшына қара, мұрныңа ақырындап жақындат, содан соң, ақырындап кейін тарт (5-6 рет).


Балалар өткен сабақта қаңқа, бұлшықет, буыннан басқа, адамда сезім мүшелері бар екенін естеріңе салады




Балалар мына жайларды көз алдарына елестетеді.





Балалар сезім мүшелері арқылы адам қоршаған ортаны бағдарлауға болатыны туралы қорытынды жасайды.






А-дәруменінің пайдасымен танысады.







Көзді сақтаудың қарапайым негізгі ережелерімен танысады.







3-5 секунд көзді қатты жұмады, ашады (6-8 рет қайталайды). Тез-тез қағады, көргенімізді жоғалтып алмас үшін көзді тез-тез қағады







Көзді жұмып, қабақты саусақ ұшымен сипалайды.




Көзіңдерін бір бағытпен шеңбер жасай отырып, айналдырады.



Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

  • Құлақ, көз, мұрын, тіл, тері –адамның айнала қоршаған ортаны танып білуіне көмектеседі.

  • Көзі көрмейтін, яғни соқыр (зағип) адамдарды сыйлау ж/е оларға құрметпен қара.

  • Адам баласы уақыты келгенде қартаяды. Қариялар нашар көреді. Оларға көмектесіңдер.

  • «Ішің ауырса-аузыңды тый, көзің ауырса-қолыңды тый».

Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.



Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Көздің құрылысымен танысады.

Нені игереді:

Көзді күтуге, қажет болса көзілдірікті дұрыс пайдалануға үйренеді.

Нені біледі:

Балаларды көзілдірік киген үлкен-кішіге адамгершілік қарым-қатынаста болуға тәрбиеленеді.













Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Менің қайырымды көмекшілерім. Құлақ.»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Адамның сөздік қорын нақтылы жетілдірудегі есту қабілетінің ролі ж/е ол жайлы баланың білімін жетілдіру.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала допты екінші балаға лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Педогог балаларды шеңберге тұрғызып, жұмбақ жасырады.

Бір таудың екі жағынан

Екі қалқан жабысқан

Жақын барсаң маңына,

Сезе қояр дыбыстан. (Екі құлақ).

Жұмбақты шешкеннен кейін «Валеология елінің» картасына көңіл аудартып, «Менің қайырымды көмекшілерім. «Құлақ» аялдамасының атын хабарлайды. Есту мүшесі адамда да, жануарларда да бар. Жануарларға есту қабілеті арқылы бірін-бірі табады ж/е тамағын тауып жейді.

Ал адамдарға құлақ не үшін қажет?

Педогог балаларға құлақтарын қолдарымен жауып, тәжірибе жасауды ұсынады.балалар дыбыстың жақсы естілмейтінін, бір-бірімен қарым- қатынастың қиындайтыны туралы қорытынды жасйды. Балалардың барлығының қалай еститінін тексеру үшін

«Затты дыбысына қарай таны!» ойынан ойнауды ұсынады. Құлақ есту мүшесі, оның көмегімен адамдар дыбысты ажыратады, құстың әнін, желдің уілін, күннің күркіреуін естиді.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

  • Аязды күні жылы бас киім кию керек.

  • Құлақты қаламмен, шырпымен, т.с.с үшкір, қатты заттармен шұқуға болмайды.

  • Құлағыңа бөгде зат түссе адамға немесе дәрігерге көрсету керек.

Білім құмарлар үшін мәлімет:

Адамның естуінен жануарлардың естуінен айырмашылығы бар. Есту қабілетінен дельфиндер, киттер, жарқанаттар нағыз жеңімпаздар (чемпиондар) Қасқыр 50 м қашықтықтан естиді. Кірпілердің де есту қабілеті өте жоғары. Шегірткенің есту мүшесі (құлақтары) алдыңғы аяқтарына орналасқан, ол есту үшін аяқтарын қозғап отырады. Есту қабілеті дұрыс адам өзінен 5м қашықтан естиді. Егерде естімесе ол –саңырау болғаны. Егерде адам саңырау болып туса, ол сөйлей алмайды (немесе дыбыстарының өзгешілігі болады). Саңырау адамдар да көзі көрмейтіндер тәрізді маңайындағылардан көмек күтеді. Біздің дыбысқа, бояуға толы керемет әлемімізді бұл адамдардың естуден, көруден айырылғанын есіңде ұста. Біз бұл адамдарға ешқандай қиындыққа қарамай бізбен бірге қуануға, өмір сүруге көмектесуге міндеттіміз.

Психожаттығу:

Қиялдау ойыны: «Ыммен айт». Өзің поездың ішіндесің, ал әжең бекетте. Ол сені естімейді, бірақ сен оған міндетті түрде айтуың керек:

  • Өзіңнің вагонға жақсы орналасқанынды.

  • Жеткен соң әжеңе телефон шалатыныңды.

  • Әжеңнің орамалы шешіліп тұрғанын, қазір ол түсіп қалатынын.

Балаларға поезд жүргенше осы хабарды бет пішінмен ымдап, жеткізу тапсырылады.

Ойын «Телефон»

Балалар шеңбер құрып отырады. Бастаушы бір сөз ойлап, қасында отырған баланың құлағына сыбырлайды, ол келесіге сол сөзді сыбырлап жеткізу керек. Ойын жалғасып, ең соңындағы бала естіген сөзін айтады. Бастаушының ойлаған сөзін дұрыс жеткізсе, онда барлығы жеңімпаз атанады. Егер бастаушының сөзі бұзылса, әр бала өзінің «телефон» арқылы естіген сөздерін айтып, қай жерде жаңылысқанын шешеді.

Ескерту: бір айтқан сөзін екінші рет қайталамайды.

Жұмбақты шешеді.


Жұмбақты шешкеннен кейін «Валеология елінің» картасына көңіл аудартып, «Менің қайырымды көмекшілерім. «Құлақ» аялдамасының атын айтады.





Үн таспадағы дыбысты ажыратады, құстың әнін, желдің уілін, күннің күркіреуін естиді.





Адамның естуінен жануарлардың естуінен айырмашылығымен танысады.










Балалар поезд жүргенше осы хабарды бет пішінмен ымдап, жеткізеді.





Балалар шеңбер құрып отырады. Бастаушы бір сөз ойлап, қасында отырған баланың құлағына сыбырлайды, ол келесіге сол сөзді сыбырлап жеткізеді.






Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

  • Құлақ есту мүшесі, оның көмегімен адамдар дыбысты ажыратады, құстың әнін, желдің уілін, күннің күркіреуін естиді.

  • Құлақты сақтау қажет.

Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.



Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Құлақ есту мүшесі, оның көмегімен адамдар дыбысты ажыратады.

Нені игереді:

Құлақты сақтау қажет.

Нені біледі:

Сұрақтарға жауап бере отырып, өзі пікірін білдере алады.















Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Тісің болса, тіске басар табылар»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  • Тістің құрылысымен таныстыру.

  • Тіс аурулары туралы мәлімет беру.

  • Тісті күту ережелерін үйретуді жалғастыру.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала допты екінші балаға лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Педогог балаларды шеңберге тұрғызып, бүгін тағы бір көмекшілерін бірі –тіспен танысатындықтарын хабарлап, жұмбақ жасырады.

Өзі аппақ маржандай,

Тамақ өтпес шайналмай. (Тіс)


Айдын көлде алтын тас,

Ау салса да алынбас. (Тіс)


Педогог дүниеге келген сәби тіссіз туылатынын, тістің алты ай болғанда шығатынын, оны сүт тіс деп айтатынын айтады. Алты жасқа толғанда тістер түсе бастайды. Түскен тістің орнына негізгі тістер шығады.Олардың көлемі үлкендеу, барлық тіс сыйып тұруы үшін адамның жақтары да өседі. 12 жасқа толғанда барлық тіс жаңарып болады. Көпшілік үлкендерге 20 жасқа толғанда 32 тісі шығып болады. Педогог алманы немесе ірімшікті тістеп көріп тіс таңбасына көңіл аударуды ұсынады.

Тіс –біздің денеміздегі ең қатты зат. Тіс жақ сүйектен өседі. Тіс қабығын эмаль жауып тұрады. Тамақты шайнаған кезде ауыз қуысынан қышқылдық бөлінеді, бұл эмальді бұзады. Тістің негізгі қызметі –тамақты шайнау. Тіс біздің сөйлеуімізге көмектеседі. Педогог балаларға айна беріп, өз тістеріне қарап, қандай екенін (ақ, тегіс, қатты) айтуды ұсынады. Кейбір балалардың тісінің бұзылғанына көңіл аударады. Тіс жегісі –тістің ең жиі кездесетін ауру. Оны ауыртпай емделуге болады. Егер емдемесе, тесігі тереңдеп, тістің түбірі де бұзылады.

Ол кезде шыдатпай ауырады.

Әліппе дәптермен жұмыс.

Педогог балалардан саяхат басталарда танысқан, тісті күту ережелерін естеріңе түсіруді сұрайды.

  • Тісті күніне екі рет тазалау.

  • Тамақтан кейін ауызды шаю.

  • Ыстық тамақтан кейін, суық ішпеу.

  • Қатты заттарды шақпау.

  • Тәттіні көп жемеу.

  • Жиі тіс дәрігеріне көріну.

  • Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.

Сонымен қатар «С» дәруменіне бай жемістер мен көкөністер (көкбұрыш, капуста, қызанақ, шалқан т.с.с) ж/е «Д» дәрумені кездесетін тағамдар (балық, ірімшік, сүт, айран, уылдырық, май) тіс ауруына ұшырамауына, қатты ж/е сау болып өсуіне көмектесетінін айтады.


Әліппе дәптерімен жұмыс: Тіс ауруынан қорыққан «Аппақ тіс» жайлы ертегі ойластырып, суретін салу.

Жұмбақты шешеді. Жаңа сабақтың мақсатымен танысады.








Тіс күтімі туралы естеріне түсіреді.



Тіс туралы білетіндерін ортаға салады.




Тістің қандай қызмет атқаратынын біледі. Сұрақтарға жауап береді.










Тісті күту ережелерін естеріңе түсіреді.




«С» дәруменімен бай жемістер мен көкөністерге тоқталады.

Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

  • Тіс ерте жарып шығады.

  • Сүт тіс негізгі тіске ауысады.

  • Тістің негізгі қызметі –тамақ шайнау.

  • Тіс жегісі тістегі ең жиі кездесетін ауру.

  • Тісті күту ережесін сақтау.

  • Дұрыс тамақтану тәртібін сақтау.

Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.



Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Тістің құрылысымен танысады.

Нені игереді:

Тіс аурулары туралы мәліметтер алады.

Нені біледі:

Тісті күту ережелерін үйренеді.



























Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Ас қорыту жүйесі»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  • Ас қорыту ағзаларымен таныстыру.

  • Тамақтану кезіндегі гигиенаны сақтау.

  • Дұрыс тамақтану ежелерін еске түсіру.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала допты екінші балаға лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Т

Ауыздың ішін аралап,

Кездесті ішек-лабиринт Одан әрі жөнелді.

Иір-иір ғажап-ақ Өзгеріп кетті түрі енді,

Қарасаңдар суретке Бөгет емес бұл енді.

Бәрінде анық көресің.


Жылжып еді ары қарай,

«Саяхатшы –нанның» сапарын Жұтқыншақ –тауға тірелді.

Қайсысың айтып бересің?


Қарай қойшы батылып,

Одан да өтті ақыры

Кірді өңеш –үңгірге

Қатпар-қатпар сатылы.

Ә.Құрманғалиева.



әрбиеші балалармен тамақтану тәртібін қайталап, дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріңе түсіреді.

  • Тамақтың алдында қолыңды жу.

  • Жеміс –жидектерді жуып же.

  • Тамақтану тәртібін сақта.

  • Тамақты әбден шайна.

  • Тамақ ішіп болған соң аузыңды жылы сумен шайқа.

  • Үстел басында өзіңді мәдениетті ұста.

Балалар тамақтың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеседі.

Қиялдау. Ойын «Жақсы, жаман»

Кәмпит –бұл әрқашанда дәмді, бірақта пайдалы ма? Жаңғақ, бал, сағыз, тәтті нан, балмұздақ ше?

Ә

Май жағылған тәтті нан,

Сапарды ары жалғауға Шықты бір күн сапарға

Орта жолда қалмауға.


Ең алдымен тап болды

Тырысқан наның тап болды. «Ауыз» деген апанға

«Асқазан» атты орманға.

Онда азғана бөгелді,

Асқазанды аралап, Дейсіңдер ғой не көрді?

Көрді жайлап қарап-ақ.





ліппе дәптерімен жұмыс.
Педогог балаларға ғажайып кілемшені көрсетіп, ғажайып кілемшенің балаларға «Саяхатшы нан» атты әзіл өлең дайындағанын хабарлайды. Жайлап кілемшені ашып отырып, өлеңді оқиды.

Педогог балалармен ас қорыту ағзаларын атайды:

-Ауыз

-Жұтқыншақ

-Өңеш

-Асқазан

-Ішек.

Балаларға өскенде ас қорыту ағзасынын қызметі туралы кеңірек таныстатындықтарын айтады.

Көңіл аудар!

Егер де құсқын келсе, ауырсаң, ішектеріңнің жұмыс істеуі бұзылса, үлкендерге, дәрігерге хабарла.

Психожаттығу:

«Досыңды тап»

Мақсаты:

Балаларды сезгіштікке ж/е байқағыштыққа үйрету, коммуникативтік дағдыларын дамыту. Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың балаларының көздері таңылады, екінші топ орындарын ауыстырады. Бірінші топ өз достарын іздейді, қолдың көмегімен шашын, киімдерін ұстау арқылы білуге болады. Досын тапқан соң, ойыншылар рольдерін ауыстырады. Есту қабілетін дамытуға арналған жаттығулар. Менімен бірге қайталаңдар: Асқазан, тіл, өңеш,... (педогог ішкі ағзаларды ақырын айтады,

ал балалар қайталайды).

Балалар тамақтану тәртібін қайталап, дәрігер Салауаттың кеңестерін естеріңе түсіреді.




Балалар тамақтың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеседі.




«Саяхатшы нан» атты әзіл өлеңімен танысады.


















Ас қорыту ағзаларын қайталайды.



Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың балаларының көздері таңылады, екінші топ орындарын ауыстырады.



Бірінші топ өз достарын іздейді, қолдың көмегімен шашын, киімдерін ұстау арқылы білуге болады.




Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

  • Ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек –ас қорыту жүйесіне жатады.

  • Ас қорыту жүйесінің негізгі шарты –дұрыс уақытымен тамақтану.

Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Ас қорыту ағзаларымен танысады.

Нені игереді:

Тамақтану кезіндегі гигиенаны сақтау.

Нені біледі:

Дұрыс тамақтану ережелері.
















Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Мұрын және тыныс алу мүшелері.»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  • Балаларды тыныс алу мүшелерімен таныстыру.

  • Адам ағзасына ауаның өту жолын көрсету.

  • Мұрынның ағзаны сақтаудағы маңызы туралы түсінік беру.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала допты екінші балаға лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Педогог балалармен өткен сабақтағы ас қорыту мүшелерінің атауларын естеріңе түсіріп, картадан келесі аялдаманы қарап, көмекшілерінің бірі – иіс сезу мүшесі мұрынмен таныс болатындықтарын айтады.

Түсі бар көрінбейтін

Тынысы ол тіршіліктің, Біртұтас бөлінбейтін.

Ешқашан жерінбейтін. (Ауа).


Ауасыз ешқандай жанды зат өмір сүре алмайды. Адамдар да, жануарлар да, құстар да, өсімдіктер де ауамен демалады. Ауа мұрын арқылы өтеді. Педогог балаларға мұрындарын, ауыздарын жауып, демалмауды ұсынады. Қандай күйге түсесің? Адам мұрынмен демалып қана қоймайды, иісте сезеді. Мұрын –иіс сезу мүшесі. Педогог балаларға көзін жұмып, жемісті иісін иіскеу арқылы табуды ұсынады.


Дидактикалық ойын: «Иісінен айыр»

Мұрын ағзаны микробтар мен бактериялардың түсуінен сақтайды. Сондықтан мұрын арқылы демалу керек. Адам демалған кезде шаң мен микробтар мұрындағы шаш талшықтарына жабысып, залалсызданады. Егер адам ауызбен демалса ауа өкпеге тазармай түсіп, ауру шақырады. Мұрынды шынықтыруға болады. Ол үшін күніне екі рет тұзды сумен шаю керек (бөлме температурасындағы жарты стакан суға жарты шай қасық тұз). Мұрынға сарымсақ тұнбасын тамызуға болады. (ұсақтап туралған сарымсаққа бір стакан су құйып,1-2 сағат тұндырады).


Есіңе сақта!

  • Мұрынды саусақпен, үшкір затпен шұқуға болмайды.

  • Мұрынға бөгде зат тығуға болмайды

  • Қатты сіңбіруге, мұрынды тартуға болмайды, бұл

құлақ ауруына шалдықтыруы мүмкін.

  • Түшкіргенде, жөтелгенде міндетті түрде қол орамал пайдалан, ауа арқылы сау адамның өкпесіне микроб түсуі мүмкін.

  • Басқа адамның қол орамалын пайдаланба. Әр адамның жеке өзінің қол орамалы болуы кажет.

  • Егер суық тигенде уақытында емделмесе, асқынып, құлақ, өкпе, жүректің ауыруы мүмкін. Ауырмас үшін шынығу қажет.

Тәжірибе:

Ауаны жұтқан кезде, өкпе қапшық секілді кеңейеді, ауаны шығрғанда қалпына келеді. Педогог балаларға жарғақ қапшық таратып беріп, алдымен оған ауа үрлеуді, содан кейін ауаны алуды ұсынады.

Балалармен өткен сабақтағы ас қорыту мүшелерінің атауларын естеріңе түсіріп, картадан келесі аялдаманы қарап, көмекшілерінің бірі – иіс сезу мүшесі мұрынмен танысады.







«Иісінен айыр» ойын ойнайды. Ойын барысында берілген иісті ажыратады.









Есіңе сақта айдарында қауіпсіздік ережелерімен танысады.





Балалар жарғақ қапшық алып, алдымен оған ауа үрлейді, содан кейін ауаны шығарады.

Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

  • Мұрын –иіс сезу мүшесі.

  • Адам мұрын арқылы тыныс алады.

  • Ауасыз ешқандай жанды зат өмір сүре алмайды.

  • Денің сау болып өсу үшін өз ағзаңды шынықтыр.

Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Балаларды тыныс алу мүшелерімен танысады.

Нені игереді:

Адам ағзасына ауаның өту жолын көреді.

Нені біледі:

Мұрынның ағзаны сақтаудағы маңызы туралы түсініктері қалыптасады.




























Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Менің жүрегім»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  • Балаларды адамның ең негізгі мүшесі –жүрекпен таныстыру.

  • Жүректің жұмысы ж/е оның қызметі туралы мәлімет беру.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала допты екінші балаға лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Педогог балаларды шеңберге тұрғызады. Терең тыныс алып, бір- біріне күлімсіреп тілектерін білдіреді. Балалар суық тиіп ауырмас үшін не істеу қажеттігін ж/е тыныс алу мүшелерін естеріңе түсіріп, «Валеология» елінің картасындағы аялдаманы қарастырады.

Педогог адамның тағы бір аса мүшесі бар екенін, онсыз өмір сүруге болмайтынын айтады. Бұл қай мүше: «сағат емес бірақ соғады»?Бұл –біздің жүрегіміз. Жүрек сол жақ көкірек қуысында орналасқан. Жүрек соғуын кім де болса тыңдай алады. Педогог балаларға бір-бірінін жүрек соғысын тыңдауды ұсынады.

«Біздің шешеміздің, әкеміздің, бауырымыздың, әпкеміздің жүректері де солай соғады».

Жүрек – қан айналымын реттейтін басты мүше. Үлкен күшпен жиырылғанда өзінен жарты стакандай қан айдап, сонан соң қайта жиырылады. Жүрек үнемі демалыссыз жұмыс істеп тұрады. Жүрек ауырмауы үшін ж/е дұрыс жұмыс істеуі үшін оны шынықтыру қажет. Дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, шаңғымен, конькимен сырғанау, суға түсу, таза ауада қыдыру, күнделікті жаттығу –дененің бұлшық еттерін нығайтады. Сондай-ақ жүректің бұлшықеттерін дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі. Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қимылдамаса, бұлшық еттер серпінділігін жоғалтады, жүрек әлсіреп, әртүрлі ауруларға шалдығады. Шарап ішу, темекі тарту, жүрекке үлкен зиян келтіреді. Сонымен қатар әлсірегенше жұмыс істеуге, жүгіруге болмайды: бұлай жүректі әлсіретіп алады.

Баланың жүрегі үлкеннің жүрегінен айырмашылығы, өлшемінде.

Педогог жұдырықтарын түйіп, зер салып қарауды ұсынады.

«Сендердің жүректерің өздеріңнің жұдырықтарыңның көлеміндей»

Адамда жүрек –біреу. Оны сақтау қажет. Педогог балалармен әңгіме барысында тек адамда ғана емес, аңдармен, құстарда да жүрек бар екенін айтады.

Психожаттығу:

Әр бала қолынан бәрі келетін болашақ дәрігер –емші кейпіне енеді. Дәрігер сипап, сезу арқылы емдейді. Ол мүшелеріне бұйырады.

  • Сүйкімді жүрегім, жақсы жұмыс істе, қайырымды бол.

  • Қаным, сау бол, ағзаның барлық тамырларын жуып шық т.б.

Балалар шеңберге тұрғызады. Терең тыныс алып, бір- біріне күлімсіреп тілектерін білдіреді.





Жүрек – қан айналымын реттейтін басты мүшемен танысады.

Дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, шаңғымен, конькимен сырғанау, суға түсу, таза ауада қыдыру, күнделікті жаттығу –дененің бұлшық еттерін нығайтатынын біледі.








Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

  • Жүрек –қан айналымын реттейтін басты мүше.

  • Жүрек үнемі, демалыссыз жұмыс істеп тұрады.

  • Спортпен шұғылдану бұлшықеттерді дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.

  • Шарап ішу, темекі тарту жүрекке зиянын тигізеді.


Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.

Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Балаларды адамның ең негізгі мүшесі –жүрекпен танысады.

Нені игереді:

Жүректің жұмысы ж/е оның қызметі туралы мәліметтер алады.

Нені біледі:

Спортпен шұғылдану бұлшықеттерді дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі.

































Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Ми және жүйке»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  • Балаларға жүйке және ми туралы мәліметтер беру.

  • Мидың, жүйке жүйе қызметтерін сақтаудың жолдары.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала допты екінші балаға лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Педогог өткен сабақта ас қорыту, тыныс алу, дәм сезу мүшелерімен ж/е жүрекпен танысқандарын балалардың есіне салады. Адамның барлық мүшелері бір- ақ тұтас механизм сияқты жұмыс істейді. Балалар осының бәріне қандай нәрсе жетекшілік жасайтыны, яғни ми жүйке туралы талқылайды.

Ми – қуатты орталық компьютер сияқты барлық ішкі мүшелерді басқарып, көп жағдайларды шешіп, денсаулық пен ағзаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.

Жүйке –мидың алғашқы көмекшісі. Олар қоршаған ортаның ақпараттарын тері, көз, құлақ, ауыз, мұрын арқылы миға жеткізеді. Педогог балалардан саусақтарын күйдіріп немесе бір нәрсеге соғып алғандағы күйлерін сұрайды. Балалар мұндай кезде аурудың жанына батып, қолын қайта тартып алатынын айтады. Бұл жүйкелер арқылы ауырып, соғылып, күйіп қалғаны туралы миға ақпарат келіп түседі, ол қолды тартып алу керектігі жөнінде бұйрық жасайды.

Балаларға: -Есік алдында ойнап жүргенде автомобиль дауысын естіп тұрсыңдар, ары қарай не болады? –деп мұнан кейінгі оқиғаларды көз алдыларына елестетуді сұрайды.Балалар пікірін педогог толықтырып, дыбыс белгілерінің есту мүшелері (құлақ) жүйке арқылы миға ақпарат –белгі беретінін, осыдан соң ми тарапынан бұйрық белгілердің (бұрылу, ұстау немесе басқа жаққа жылжу) болатынын айтады.


Психожаттығу: «Затты шеңбер бойымен жібер»

Балалар шеңбер жасап, ыстық картоп, көбелек, гүл, тікенекті «ыммен» (пантомимикамен) бір-біріне беріп келтіреді.


Логикалық ойлауды дамытатын жаттығулар.

Мына сөздерді топқа бөл:

  1. Тері

  2. Тіл

  3. Құлақ

  4. Көз

Суық, ащы, қатты, ыстық, ақырын, қараңғы, тәтті, дауысты.

Мидың барлық әрекетері бір уақытта жасалады, әйтпесе адам велосипед теуіп, ән айтып, допты басқа қойып, фокус көрстет алмас еді. Ми бас сүйекпен қапталған. Бас қатты екпіннен зардап шегуі мүмкін.


Дәрігер Салауат кеңесі: Ойын кезінде басқа екпін түсірме. Басқа тиген қатты екпін ауыр жарақат –мидың шайқалуына апарып соғады. Мұнан бас айналып, құлақ шуылы, жүрек айну, құсу, бас ауруы пайда болады. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін әртүрлі сөзжұмбақ түрлерін шеш. Бұл –ақыл ой қабілеттерін дамытады. Ойлау жұмыстары жүйке клеткаларын тез шаршатады.


Әліппе дәптерімен жұмыс.

Өткен сабақта ас қорыту, тыныс алу, дәм сезу мүшелерімен ж/е жүрекпен танысқандарын балалардың естеріне түсіреді.



Балалар пікірін педогог толықтырып, дыбыс белгілерінің есту мүшелері (құлақ) жүйке арқылы миға ақпарат –белгі беретінін, осыдан соң ми тарапынан бұйрық белгілердің (бұрылу, ұстау немесе басқа жаққа жылжу) болатынын айтады.




Балалар шеңбер жасап, ыстық картоп, көбелек, гүл, тікенекті «ыммен» (пантомимикамен) бір-біріне беріп келтіреді.






Дәрігер Салауат кеңестерін тыңдайды.

Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

  • Ми –ішкі мүшелерді басқарып, денсаулық пен

ағзаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.

  • Жүйке –мидың алғашқы көмекшісі. Олар қоршаған ортаның ақпараттарын сезім мүшелері арқылы миға жеткізеді.

  • Ми ішкі мүшелер әрекетін тексеріп отырады.

  • Ақыл-ой қабілеттерін дамытып, ал есті жаттықтыруға болады.

  • Күн тәртібін дұрыс сақтау жүйке жүйесінің

шаршауынан қорғайды.

Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Балаларға жүйке және ми туралы мәліметтер алады.

Нені игереді:

Мидың, жүйке жүйе қызметтерін сақтаудың жолдары.

Нені біледі:

Күн тәртібін дұрыс сақтау жүйке жүйесінің шаршауынан қорғайды.

















Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Тіл»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  • Тілдің дәм айыру аймақтарын көрсету.

  • Тамақ ішуде тілдің қызметін айту.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала допты екінші балаға лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар «Валеология» елінің картасына қарап, аялдама атын біліп, тістің қандай қызмет атқаратынын естеріңе түсіріп, тамақ шайнағанда тілдің қандай көмек көрсететінін талқылайды.

Тіл –сезім мүшелерінің бірі. Ол әртүрлі қызмет атқарады: демалуға, тамақ ішінде тамақты қозғауға, сілекейлеуге, жылытуға, суытуға, жұтуға, өлең айтуға, сөйлеуге, күлуге көмектеседі. Тілдің көмегімен біз тамақтың дәмін ажыратамыз.тамақ дәмін айыра алмайтын адамның тәбеті нашарлайды. Бұл денсаулыққа өте зиян. Өте ыстық немесе өте суық тамақ дәм сезуді төмендетеді. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралып, емделу қажет. Әліппе дәптерінен балалар тілдің дәм сезу аймақтарын қарайды.

Тілдің әр бөлігі әр түрлі дәмді сезеді. Тілдің ұшы тәттіні сезеді.

Бүйір жақ беті қышқылды ж/е тұздыны сезеді.Тілдің арт жағы ащыны сезеді, сондықтан адамдар тамақты жұтқанда барып, оның ащы екенін сезеді. Адам дәмді тілдің үрпілері арқылы сезеді. Үрпілер тілге барқыт тәрізді түр береді. Егер адамның дені сау болса,оның тілі күлгін, таза болады. Егер ағза дұрыс дамымаса тілдің бетін ақ, сары қабат жауып, тілініп тұрады.

Педогог балаларға тәжірибе жасауды ұсынады. Табақта кесілген алма, ірімшік, құрт, қияр, кәмпит тұрады. Балалардың көзін кезекпен байлап, ауыздарына кез келген (қияр, құрт) бөлікті салады. Бала дәміне қарай қандай тамақ екенін ажыратады. Педогог балаларға

«Лимонды ауыздарыңа салғандай әсерде болыңдар», -деп тпсырма береді.

Балалар қандай күйге түскендерін айтады. Ауыз қуысына орналасқан сілекей безі тамақты көргенде де, ауызға түскенде де бірдей әсер береді.

«Аурудың барлығы ауыз арқылы барады» деген сөз бар, сондықтан тамақ алдында қолды жуу керек.Көкөніс пен жемісті міндетті түрде жуып жеу керек.

Психожаттығу.

Терең дем алып, дем шығару, босаңсу (баяу, жай әуен ойнайды).

«Валеология» елінің картасына қарап, аялдама атын біліп, тістің қандай қызмет атқаратынын естеріңе түсіреді.



Тілдің әр бөлігі әр түрлі дәмді сезеді. Тілдің ұшы тәттіні сезетінін біледі.





Табақта кесілген алма, ірімшік, құрт, қияр, кәмпит тұрады. Балалардың көзін кезекпен байлап, ауыздарына кез келген (қияр, құрт) бөлікті салады. Бала дәміне қарай қандай тамақ екенін ажыратады.





«Аурудың барлығы ауыз арқылы барады» дегенді талдайды. Талқылайды.



Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

  • -Тіл –сезім мүшесі.

  • Тілдің көмегімен тамақтың дәмін айырады.

  • Тіл демалуға, тамақты шайнағанда қозғауға, өлең айтуға, сөйлеуге, күлуге көмектеседі.

  • Темекі тарту, суық тию дәм сезуді төмендетеді.

Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Тілдің дәм айыру аймақтарын біледі.

Нені игереді:

Тамақ ішуде тілдің қызметін игереді.

Нені біледі:

Темекі тарту, суық тию дәм сезуді төмендетеді.





































Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Аурудың алдын алу»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  • Балаларды аурулардың түрлерімен ж/е олардың пайда болу себептерімен таныстыру.

  • Жұқпалы ж/е суық тиіп ауыратын аурулардың алдын алу жұмыстарының маңыздылығымен таныстыру.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ертеңгілік жиын:

Педогог балалармен саяхатты ары қарай жалғастырады. Балалар қысқаша негізгі ережелерді қайталап өтеді. Педогог саяхат барысында командамыз өте тату, ұйымшыл болып, кездескен қиыншылықтарды жеңіп келе жатқандарын, ал бұған Дәрігер Салауаттың «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» ұранының көмектесіп, күш бергенін айтады. «Аурудың алдын алу» екенін хабарлайды.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар картадан тоқтап өткен аялдамаларын қарастырып, «Бізді қоршаған ортамыз, жеріміз –бұл біздің жасыл үйіміз» деген қорытындыға келеді.

«Осы біздің тамаша үйімізде қаншама заттар бар екені, бізбен бірге өсімдіктер, жәндіктер, балықтар, құстар, аңдар мекендейді ж/е осымен қоса өте көп микробтар, бактериялар мен вирустар бар. Олардың ішінде адамға пайдалы, қажеттісі де, жұқпалы ж/е вирусты ауруларды тудыратын өте қауіптісі де бар.

Бірақ адам тек осы кішкентай зияндылармен күресуді үйреніп қана қоймай, аурулардың алдын алуды да үйренді» - деп педогог түсіндіреді. Аурудың алдын алу –денсаулықтың жаңа ережелері мен пайдалы кеңестері арқылы іске асады.

Ойын: «Микроб, вирус, бактериялар неден қорқады?» Не? Неліктен? Су Егер біз үнемі жуынып, шомылып, тісімізді тазалап жүрсек деніміз сау, ауырмай жүреміз. Көп микробтар сумен шайылып, сабыннан өліп қалады.

Шынығу

Шынығу кезінде негізінен табиғаттың үш сыйы (күн, су, ауа) біздің ағзамызға әсер етеді ж/е олар ауруларды тұншықтырып жояды.

Ағзамыз шынығу арқылы қауіпті вирус, микробтар және бактерияларға қарсы тұрады.

Тамақтану

Міндетті түрде құнарлы көкөністер мен жемістерді көп жеу керек, бірақ жуып жеуді ұмытпа. Олар адам ағзасын нығайтып қана қоймай, ауру тудырғыш микробтарды жояды. Егу дегеніміз –микроптармен күресудің бір жолы. Емханаларда балалардың ағзаларына әртүрлі ауруларға қарсы алдын алу үшін, әлсіз микробтар енгізу арқылы егу жұмыстарын жүргізеді.

Егу жұмыстары аурудың дамуын, өршуін тоқтатады немесе жеңіл түрде ауырып, тез жазылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан егуден қорықпау керек.

Доппен ойын: «Жақсы –жаман».

Педогог балаға допты лақтырып, «тісті тазалау», «алманы жумай жеу» т.с.с сөздер айтады. Бала оларға «жақсы» немесе «жаман» деп баға беріп, допты қайтарады.

Дидактикалық ойын: «Қуыршақты емдейміз»

Педогог балаларға жараны қалай емдеу керектігін ж/е оған не қажет екенін айтып, көрсетеді. Балалардың жауаптарын қорыту.

  • Жараны таза сумен ж/е су оттегісімен жуу керек.

  • Жараны йодпен неммесе жасыл ертіндімен тазалау керек.

  • Жараға микробтар түсіп, іріңдемеу үшін таза дәкемен орап қою керек.

Әліппе дәптерімен жұмыс.

Педогог биылғы жылы кімнің тұмаумен немесе суық тиіп ауырғандарын сұрап, сол кездегі көңіл-күйлерін айтуды ұсынады.

Сендер суық немесе тұмау тиіп ауырған кезде тыныс алу жолдарында үлкен мөлшерде шырыш пен қақырық жиналады.

Шырышты қабық тітіркеніп тұрады, сондықтан сендер жөтеліп, түшкіргілерің келеді. Осы кезде мұрыннан ж/е ауыздан шырыш тамшылары ортаға тарайды. Жөтеліп түшкірген кезде тыныс алу жолдары тазарып, осылай ағзамыз қорғанады. Шырыш тамшыларымен бірге ауаға

үлкен мөлшерде вирустар мен микробтар тарайды. Егер де түшкіріп, жөтелегенде ауру адам қол орамалымен жаппаса, көптеген адамдарға ауру жұқтыруы мүмкін.

Сондықтан сендер ауырып қалған жағдайда, өздеріңді, қоршаған адамдарды сыйлап, олар туралы ойлап, түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз, мұрындарыңды орамалмен немесе қолдарың мен ауыздарыңды басуларын керек.

Естеріңде болсын, қолданған қол орамалдарыңды үнемі, жиі ауыстырып тұру керек.

Сары ауру ж/е ішек аурулары кір қол арқылы жұғатын аурулар екенін педогог балаларға түсіндіреді. Ауру тудырғыш микробтар кір қол арқылы тамақпен, сумен бірге түсіп, ауруға шалдықтырады. Жануарлардан да жұқпалы аурулар жұғады. Төмендегі ережелерді естеріңе сақтаңдар:

  • Қолды жиі-жиі жуу керек.

  • Ит, мысықпен бірге ұйықтауға болмайды.

  • Егер үйдегі жануараларың ауырған жағдайда, деру мал дәрігеріне қарату қажет.

Балалар картадан тоқтап өткен аялдамаларын қарастырып, «Бізді қоршаған ортамыз, жеріміз –бұл біздің жасыл үйіміз» деген қорытындыға келеді.






«Микроб, вирус, бактериялар неден қорқады?» сұраққа жауап іздеп, талқылайды.





Дұрыс тамақтану ережелерін еске түсіреді.





Бала оларға «жақсы» немесе «жаман» деп баға беріп, допты қайтарады.



Балалар жауаптары тыңдалып, қорытындыланады.



Балалар биылғы жылы кімнің тұмаумен немесе суық тиіп ауырғандарын сұрап, сол кездегі көңіл-күйлерін білдіреді.



Аурудың алдын алу үшін есте сақтау керек қағидаларды жіктейді.







Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

  • Аурудың алдын алу –денсаулықтың жаңа ережелері мен пайдалы кеңестері арқылы іске асады.

  • Егу дегеніміз –микробтармен күресудің бір жолы.

  • Егуден қорықпа

  • Жөтелгенде немесе түшкірген кезде ауызбен мұрынды орамалмен болмаса қолмен басу керек.

  • Сары ауру ж/е ішек аурулары қолдың кірі арқылы жұғады.

  • Жануарлардан да жұқпалы аурулар жұғады.

Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.

Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Аурулардың түрлерімен ж/е олардың пайда болу себептерімен танысады.

Нені игереді:

Жұқпалы ж/е суық тиіп ауыратын аурулардың алдын алу жолдары.

Нені біледі:

Жөтелгенде немесе түшкірген кезде ауызбен мұрынды орамалмен болмаса қолмен басу керек.







Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Дәрілік шөптер.»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  • Балаларға дәрілік шөптер жайында түсініктер беру.

  • Дәрілік шөптердің емдік қасиеттеріне тоқталу.

  • Балаларды шөп тұнбасын дайындауға үйрету.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала допты екінші балаға лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Педогог балаларға өткен аялдаманың қалай аталғанын естеріңе түсіреді. Балалар өткен сабақтағы пайдалы кеңестерді қайталайды.

Жаңа сабақта балаларға кептірілген шөптер жиынтығын, түбірлерін ж/е бөлме өсімдіктерін көрсетеді. (мұнда әр аймаққа байланысты дәрілік шөптер әкеліп көрсетуге болады).

Өсімдіктердің тек жер бетіне көрік беріп қана қоймай, адамға жылу, тағам, таза ауа сыйлайтынын, сонымен бірге олардың емдік қасиеті зор. Мұндай өсімдіктермен емдеуді фитотерапея деп атайды. Осының барлығы түрлі дәрігерлік салалардағы арнайы білімділікті қажет етеді. Бізге дәрілік шөптермен кеңірек танысуымызға дәрігер Салауат көмектеседі, өйткені емделу алдында міндетті түрде дәрігерлердің кеңесін тыңдап алу тиімді.

Алоэ –бұл Оңтүстік Африкадан тараған, сондықтан ол бөлмелерде ғана өсіріледі.Оны жараланған, күйген, үсіген жағдайларда денеге тартады ж/е суық тиген кезде балмен араластырып, мұрынға тамызады.

Бақ-бақ (одуванчик) –оның тамырының қайнатпасын ас қорыту жолдарын түзетуге пайдаланады.

Емен (дуб) –жас ағаштарының қабығы мен бұтақтарының үзбесін тыныс жолдарын тазартуға, ауызбен тамақ шаюға ж/е асқазан бұзылған жағдайда ішеді.

Қалақай (крапива) –жабайы өсімдік. Жапырағынан қайнатылған тұнбасы мен сығындысы қан тоқтату үшін қолданылады, әрі С дәруменінің қасиеті бар.

Сарымсақ (чеснок) -ерте уақыттан бері тыныс жолдары ауруларының алдын алу, ішек ж/е асқазан бұзылуынан сақтайтын емдік құрал ретінде пайдаланып келеді.

Мия (солодка) –жабайы өсімдік. Тамырынан жасалған дәрілер қақырық түсіреді. Қабынуға қарсы ж/е түйнегенді басуға қолданылады.

Өгейшөп (мать и мачеха) –Қазақстанда көп кездесетін жабайы өсімдік. Тұбасы мен қайнаған суы қақырық түсіретін ж/е терлететін дәрі ретінде қолданылады.

Асқабақ (тыква) қолдан өсірілетін өсімдік. Оның қабығымен тазартылған дәні шек құртына қарсы қолданылады.

Әліппе дәптерімен жұмыс.

Практикалық жұмыс: Балаларға суық тиіп ауырған кезде алдын алу үшін өздеріне мияның тамырынан, өгейшөп жапырақ- шаларынан, лимон шырынынан дәруменді қайнатпалар даярлау тапсырылады. Балалар өз стакандарына шөптердің керекті жиынтығын жинап, құйып бетін сүлгімен жауып қояды. Қоспа жылыған кезде лимон шырыны мен кішкене қант қосады. Дәрілік шөптер «Жасыл дәріхана» деп аталады. Адамдардың табиғатқа қамқорлығының аздығынан жыл өткен сайын дәрілік шөптердің саны азайып, тіпті жоғалып бара жатыр. Адамдар ормандағы ағаштарды кеседі, жерді ластайды, дәрілік шөптерді тамырымен жұлып, оларды жинау ережесін бұзады.


Дидактикалық ойын:

«Өсімдіктерді бөліктеріне қарай ажырат».

(Балалар дәрілік өсімдіктерді қалай естеріне сақтағандарын пысықтау мақсатында осы ойынды ұсынамыз) Фланелеографқа дәрілік өсімдіктердің бейнесі салынған суреттері ілінеді.Балаларға өсімдіктердің бөліктері салынған (гүлі, бүршігі, жапырағы) қима қағаздар таратылады.

Тапсырма:

Бұл өсімдіктің бөлігі екенін табыңдар.

Балалар өткен сабақтағы пайдалы кеңестерді қайталайды.




Жаңа сабақта балалар кептірілген шөптер жиынтығын, түбірлерін ж/е бөлме өсімдіктерін көреді.






Әртүрлі өсімдіктермен танысады.














Балалар өз стакандарына шөптердің керекті жиынтығын жинап, құйып бетін сүлгімен жауып қояды.



Фланелеографқа дәрілік өсімдіктердің бейнесі салынған суреттері ілінеді.Балаларға өсімдіктердің бөліктері салынған (гүлі, бүршігі, жапырағы) қима қағаздар таратылады.






Рефлексивті – түзетушілік

Релаксация:

Педогог балаларға өздерінің дайындаған шөп қайнатпасын ішкен кезде орындыққа отырып, бастарын бос ұстап, қол-аяқтарын босаңсытып, шөптік өсімдіктердің ағзаға пайдасын, яғни адам мен өсімдіктердің тығыз байланыстығын сезінуді ұсынады. Релаксация соңында балалар күнге, жерге ж/е суға денсаулық үшін жасаған жомарт сыйлығына алғыс айтады.

Қорытынды:

  • Өсімдіктермен емдеуді фитотерапея де атайды.

  • Дәрілік шөптермен емделу алдында, міндетті түрде дәрігерлердің кеңесін тыңдап алу тиімді

Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.

Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Балалар дәрілік шөптер жайында түсініктері қалыптасады.

Нені игереді:

Дәрілік шөптердің емдік қасиеттерін біледі.

Нені біледі:

Балаларды шөп тұнбасын дайындауға үйренеді.








Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: Валеология негіздері

Тақырыбы: «Пайдалы кеңестер мен жағымсыз әдеттер.»

Оқу іс–әрекетінің мақсаты: Салауатты өмір салты туралы түсініктерін бекіту. Ішімдікке және темекі шегуге қарсы жағымсыз сезімдерін қалыптастыру.


Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Педагог Дәрігер Салауаттың суретін тағы бір қарап, оны суреттеуді ұсынады. Балалардың жауаптарын қорыта отырып, едагог балалардан өскенде кімнің Дәрігер Салауатқа ұқсағылары келетін сұрайды. Ол үшін не істеу керек?

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

Педагог сұрақ жауаптарын жинақтап, қортыа келе, ол үшін салауатты өмір салтының ережелерін: шынығу, дұрыс тамақтану, күн тәртібіні сақтау, табиғатпен, қоршаған ортамен сәйкестікке өмір сүру керектігін нақтылайды. Бұл ережелер жақсы әдетке айналуы үшін күнделікті орындау қажет.


Әліппе дәптермен жұмыс.

Балалар өз бойындағы жағымды дағдыларын атап отырады, ал педагог оны жеке жеке үлкен парақ бетіне жазып, «Валеология» сөзінің айналасына қойып шығады.

Педагог ойынның қортындысын шығарып, балалар мен өздерінің бойында жақсы әдеттердің қаншалықты бар екенін талқылайды. Бірақ осылармен қатар біздің жақсы өмір сүруімізге кедергі келтіретін, денсаулығымызға зиянды әдеттердің бар екенін айтып өтеді. Балаларға ойланып, өздерінің бойынша кездесетін жаман әдеттерді атауларын сұрайды.

Педагог балалардан темекі және оны шегетін адамдар жайлы не білетіндерін айтып беруді ұсынады.

Темекі шегі адамның ішкі мүшелерінің қызметін бұзады. Темекіде никотин уы бар. Ол өкпенің, жүрек және асқазанның жұмысын бұзады. Темекі түтіні қоршаған ортаға зиян.


Тапсырма.

Балалардың өздеріне никотин уын көз алдарына қалай елестететіндерін қиялмен суреттеуді ұсынады.

Шарап сусыны денсаулыққа зиян. Кейбір отбасында үлкендер шарапты өздері ғана ішіп қоймай, балаларына да ұсынады. Бұл әлі буыны қатпаған бала денсаулығы үшін өте зиян. Шарап тек асқазанға ғана емес, жүректің, бүйректің жұмысына, яғни ағзаның дұрыс өсуіне кедергі келтіреді.

Тапсырма.

Педагог балаларға бірігіп ұжымдық «Ішімдік пен темекіге жол жоқ!» атты жарнама шығаруды ұсынады.



Балаларға тақырыпқа қызығушылықпен жауап береді.








Балалар өз бойындағы жағымды дағдыларын атап отырады.







Балалар темекі және оны шегетін адамдар жайлы не білетіндерін айтып береді.









Балалардың өздеріне никотин уын көз алдарына қалай елестететіндерін қиялмен суреттейді.






Ұжымдық «Ішімдік пен темекіге жол жоқ!» атты жарнама шығарады.



Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.

Қорытынды:

Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дағдыға айналдыру үшін, күнделікті салауатты өмір салтының ережелерін сақтау керек.

Әшімдік пен никотин денсаулыққа өте зиян екенін есте сақтайық.


Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы.

Нені игереді:

Ішімдікке және темекі шегуге қарсы жағымсыз сезімдерін қалыптасады.

Нені біледі:

Жағымсыз әдеттердің зиянын біледі.




































Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: валеология

Тақырыбы: «Менің Отаным –Қазақстан Республикасы. XXI ғасырда салауатты өмір салтын сақтаймыз.»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  • «Валеология» ғылымы жөнінде алған білімдерін бекіту.

  • Дүниетанымдарын кеңейту.

  • Салауатты, дені сау шәкірттерді тәрбиелеу.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала допты екінші балаға лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді.

Балалар бір-бірінің қолын ұстап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Педогог балалар ж/е қонақтарды «Валеология» әлеміне жасаған таңғажайып саяхатты сәтті аяқтағандары үшін құттықтап, өткен аялдамаларға тоқталып, «Менің Отаным – Қазақстан Республикасы» атты соңғы сабақты бастайды.

Педогог жыл бойы «Валеология» еліне саяхат барысында негізгі салауатты өмір салты үйренгенін айтып, «XXI ғасыр –салауатты өмір атты интеллектуалды думанды ашық деп жариялайды.


I бөлім –«Жарыс» (Ұсынылатын сұрақтардың үлгілері)

-Валеология ғылымы

-Дәрігер Салауаттың құралдары

-Күн тәртібінің сәттері.

-Дене мүшелері

-Адамның ішкі құрылысы

-Тыныс алу ағзалары

-Дәрілік шөптер.

-Табиғат сыйлары.

-«С» дәрумені кездесетін жемістер мен көкөністер.

- «А» дәрумені кездесетін жемістер мен көкөністер.

-Менің қайырымды көмекшілерім

-Тіс тазалау ережесі


II бөлім –«Жеті керемет».

-Ғажайып сөздер

-Дене тәрбиесі

-Флора және фауна

-Жолда жүру ережесі

-Қауіпсіздік мектебі

-Жаманнан жирен

-Аурудың алдын алу



III бөлім –«Тірі сұрақтар»

Ата-аналардың сұрақтарына жауап беру:

-Панацея мен Гигия

-Күлкінің маңызы

-Ұйқының маңызы


Қонақтармен аутотренинг


IV бөлім –Дәрігер Салауаттың сұрақтары.

-Табиғат сыйларының адам өміріндегі маңызы.

Соңғы аялдамаға келіп, сабақ мақсатымен танысады.









Сұрақтарға жауап береді.












Жыл бойы өткен білімдерін ортаға салады.







Ата- аналардың сұрақтарына жауап береді.







Рефлексивті – түзетушілік

V бөлім –Қорытынды «Шешендікпен жауап беру»

Егер мен Дәрігер Салауат болсам, онда мен.... Сабақ соңында Дәрігер Салауат балаларға «Ең озық валеолог» атты ерекше үлгідегі диплом мен куәлік табыс етеді.

Алған білімдерін жинақтап, білімдерін бекітеді. Ойларын тиянақтайды.

Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Дүниетанымдарын кеңейеді.

Нені игереді:

«Валеология» ғылымы жөнінде алған білімдерін бекейді.

Нені біледі:

Салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы.
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Алкендер" ашы? саба? жоспары

Автор: Тулеубаева Мейрамкуль Сериковна

Дата: 10.12.2015

Номер свидетельства: 264545

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Открытый урока на тему "Алкендер" "
    ["seo_title"] => string(34) "otkrytyi-uroka-na-tiemu-alkiendier"
    ["file_id"] => string(6) "168682"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423284174"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства