Сабақтың тақырыбы: оттегі, оттегі алу және оның қасиеттерімен танысу. Озон. Ауа.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сутегінің физикалық және химиялық қасиеттеріне естеріне түсіре отырып, салыстыру арқылы оттегінің қасиеттері туралы жаңа білім беру, оттегінің қолданылуы жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың химиялық элемент туралы алған білімдерін толықтыру, есептер шығарту арқылы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, топпен жұмыс жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Периодтық жүйе, реакция теңдеулері, кестелер мен сызбалар, бағалау парақтары.
Пәнаралық байланыс: экология
Күтілетін нәтиже: Оқушылар эксперименттік тәжірибелердің орындалуын мұқият қадағалап, қауіпсіздік ережесін еске түсіреді, зертханалық тәжірибелерден қорытынды жасап, реакция теңднулерін жазып, реакция типтерін ажырата біледі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сайыс сабақ. "Миллионер болғын келема?"»
Миллионер болғың келе ме?
Сабақтың тақырыбы: оттегі, оттегі алу және оның қасиеттерімен танысу. Озон. Ауа.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сутегінің физикалық және химиялық қасиеттеріне естеріне түсіре отырып, салыстыру арқылы оттегінің қасиеттері туралы жаңа білім беру, оттегінің қолданылуы жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың химиялық элемент туралы алған білімдерін толықтыру, есептер шығарту арқылы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, топпен жұмыс жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Периодтық жүйе, реакция теңдеулері, кестелер мен сызбалар, бағалау парақтары.
Пәнаралық байланыс: экология
Күтілетін нәтиже: Оқушылар эксперименттік тәжірибелердің орындалуын мұқият қадағалап, қауіпсіздік ережесін еске түсіреді, зертханалық тәжірибелерден қорытынды жасап, реакция теңднулерін жазып, реакция типтерін ажырата біледі.
Сабақ барысы:
Ұйымдастырушылық бөлім
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақ
Оттегінің ашылу тарихы
Кездесуі
Химиялық қасиеттері
Физикалық қасиеттері
Қолданылуы
Оттегінің алынуы
Жаңа сабақты бекіту
Миға шабуыл
Сәйкестендіру тесті
Формула және химиялық сөз құрастыру
Графикалық диктант
Жұмбақты шешу
Бағалау
Үйге тапсырма
Сабақ барысы
Ұйымдастыру.
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Оқушыларды түгендеу.
б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Заман ағымына байланысты жасөспірімдердің ой – өрісін дамыту, өмірде болсын, сабақта болсын тиімді жолдарды пайдалану керек. Осы сабақ барысында оқушылармен білімге, ғылымға деген қызығушылығын тудыру мақсатында «Милионер болғың келе ме?...» деген іскерлік ойын сабағымен жалғасады. Ол үшін сынып оқушыларын 2 топқа бөлдік. Бірінші топ «Оттек», ал екінші топ «Озон» тобы болсын. Жинаған ақшаны санап, оны есептеп, көбейтіп отыратын бухгалтер болу керек.
І Капитал. Үй тапсырмасы.
Сутек. Сутектің табиғатты таралуы және алынуы. Элементке сипаттама бере аласыз ба? «Мен қандай элементпін» тақырыбында сутек элементіне сипаттама береді. Капитал тапсырмасы 10 сұрақ. Әр сұрақтың белгіленген құны бар. Әр топтың ақшасын бухгалтер санайды.
Оттек тобы.
Сутекке жалпы сипаттама беріңіз. 20
Сутектің табиғатта таралуын және қайда кездесетін айтып беріңіз. 30
Сутектің физикалық қасиеттерін сипаттап айтып беріңіз. 40
Сутек газын өнеркәсіпте қалай алуға болатынын түсіндіріңіз. 50
Арнайы аспап – Кипп аппаратының құрылысын және жұмыс істеу ретін айтып беріңіз. 60
Озон тобы.
Сутектің қолданатын жерлерін айтып беріңіз. 20
Зертханада сутекті қандай белсенді металдармен әрекеттесіп алуға болады. Реакция теңдеуін жаз. 30
Сутектің химиялық қасиеттерін сипаттап айтып беріңіз. 40
Сутек газын қандай тәсілмен жинауға болады? 50
Сутек газын зертханада қалай алуға болатынын түсіндіріңіз. 60
Екі топ өз қорларына белгілі бір мөлшерде ақша жинады.
Жаңа тақырыпты бекіту.
ІІ Капитал. Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу мақсатында әр топқа жаңа тақырып бойынша сұрақ беріледі. Әр топ өздеріне қойылған сұраққа толық, дұрыс жауап берсе үй тапсырмасынан жинаған ақшалары 100% еселенеді.
Оттек тобы.
Оттек актив болғандықтан қанша элементпен тікелей әрекеттеседі?
Оттек өте оңай әрекеттесетін элементтер
Оттектің қолданылуы
Зертханада оттегіні қандай заттардан алады? Соның біреуін айтып беріңіз.
Оттегінің физикалық қасиеті.
Озон тобы.
Озон туралы жалпы сипаттама
Оттекпен әрекеттеспейтіндер
Ауаның құрамын кім және қашан зерттей бастады?
Оттегіні өнеркәсіпте алынуы
Оттегінің химиялық қасиеті
ІІІ Капитал. Тапқан ақшаны текке жұмсамай, көбейтіп отыру керек. Оның 2 жолы бар: 1 – жолы – банкіге депозитке салц, 2 – жолы бизнеспен айналысу. Депозитке салатын болса сұраққа жауап береді, бизнеспен айналысса екі тапсырманы орындайды.
Депозит: 30% және 40%.
а) 30%
1) Жұмбақ. Жауабының қазақша, орысша және латынша атын атайды.
«Өзім» газбын менімен дем аласың,
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.
2) Оттектің пайдасы және бүлдіргіштік қасиеттерін айтып беріңіз.
ә) 40%
1) Газөлшегіш оттекпен толтыру әдісін айтып беріңіз.
2) Ертеден белгілі жетеудің бірімін,
Электроника саласында ірімін.
Көптеген құймаларға кіремін,
Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін.
Бизнес. Мұнда жемістер піскен жоқ, тамыр ғана шықты, енді қандай жемістер өсіп шығатынын табу керек. Сәйкестендіру тесті. Ақша 100% еселенеді.
СО2
Лавуазьс
Молекула
Жанғыш ауа
Гидрогениум
г/моль
Сутек
Моль
Молярлық масса
Түссіз, иіссіз
Оттек
Су тудырушы
Аллотропия
ережесі
Қауіпсіздік
Түр өзгерісі
Зат мөлшері
Ең кішкене
Н2
Ең жеңіл газ
Сутек
Суда аз ериді
Оттек
Орман ауасы
Ұсақ тауарлар.
Мыс сульфатының ерітіндісіне 3,5 г темір ұнтағы салынды. Неше грамм мыс бөлініп шықты?
IV Капитал. Күнде пайдаланатын заттар (формула не сөз құрастыр). Ақша 100% еселенді.
Са
S
O2
C
Al2
Mg
O3
N
Fe2
O
ө
о
к
ш
г
л
м
з
п
т
с
е
р
к
и
а
і
V Капитал. Валюта айырбастау. Ақша 100% еселенді.
Әр оқушы, әр топ графикалық диктант жауап береді, жинаған пайызы теңге болып есептеледі.
Екі топқа да берілетін графикалық диктант бірдей: «Оттек» тобы сөйлем сутекке сәйкес келсе «+», қате болса «-» қояды, ал «Озон» тобы тұжырым оттекке сәйкес келсе «+», болмаса «-» белгісін қояды.
Суда ериді
Суда нашар ериді
Жеңіл газ
Ауыр газ
Жанғыш
Жануды қолдайды
Кәдімгі жағдайда О2-мен әрекеттескенде қопарылыс береді.
Май жанады.
Ауаны ығыстырып жинайды.
Суда ығыстырып жинайды.
VІ Капитал. Бизнеспен тапқан ақшаны енді үлкен бизнеспен салып көбейту керек. Шетелдік фирмада аударма жұмысын жүргізіледі. Содан алған жауаптары құнды бола түседі.
«Оттек» тобы.
Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігін сан есім, шипалы газ деп те есептейді.
Шойынның құрамын қандай металдардан тұрады?
Химиялық формула дегеніміз не?
Бір нәрсе жер мен көктің арасында,
Көрінбейді өзі түгіл қарасы да,
Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы
Пайдалы азаматтың баласына.
«Озон» тобы.
Бірінші бөлігім тасқын су, 2-ші бөлігім мал құлағына салынатын белгі.
Қара металлургия қандай металдарды өңдіреді.
Индекс және коэффицент нені көрсетеді.
Иісі, түсі, өңі жоқ,
Табиғатта онсыз өмір жоқ.
Өсімдік егер көп болса,
Денсаулыққа пайдасы көп.
Сабақты қорытындылау. Топтардың ақшаларын санап топқа баға беру. 1–орын алған топқа «өте жақсы» деген, 2-орын алғанға «жақсы» деген баға беру. Сонымен қатар белсенді қатысып отырған оқушыға «өте жақсы» баға қойылады.