kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ жоспары "Спирттер мен фенолдар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Спирттер мен фенолар тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары "Спирттер мен фенолдар"»

_13-14____ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Топ:_____________ _____

Күні:________________


ПӘН:__Химия_________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:Спирттер мен фенолдар____________________________________


Сабақтың мақсаты

Білімділік:Студенттерге оттекті органикалық қосылыстар жайлы мәлімет бере

Отырып біратомды спирттер, құрамында – ОН тобы бар көмірсутектердің

туындысы екенімен таныстыру, спирттердің изомерлерін жазып, оны халықаралық

атаулар жүйесімен атай білу, химиялық қасиеттерін жазу арқылы молекуладағы

атомдардың бір-біріне әсерін талдау.


Тәрбиелік: салауатты өмір салтын насихаттау, спирт өнімдерінің құрамындағы

химиялық заттардың адам денсаулығы үшін маңызын көрсету.


Дамытушылық: Заттардың қасиеттері олардың құрылысына тәуелді екендігіне көз

жеткізу, құрылысындағы, қасиеттеріндегі негізгі ерекшеліктерін ажырата білу

қабілетін дамыту.



Сабақтың типі:_жаңа материалды меңгеру___________ ______________________________________ ______________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________

Сабақтың түрі:__лекция ________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________


Пәнаралық байланыс

Биология «Жасушадағы зат алмасу процесі», валеология «Ішімдіктің адам

организміне зиянды әсері», информатика «Презентация құру»









Сабақтың жабдықтары


Көрнекіліктер:______Презентация Х -11_________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________

Үлестірме материал:_№12 карточка (15) ___________________________________________________

______________________________________________________________________________________

Оқытудың техникалық жабдықтары___интерактивті тақта, компьютер_________________________

______________________________________________________________________________________

Әдебиеттер: негізгі__ Жалпы білім беретін жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н.Нұрахметов – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2014 ж

______________________________________________________________________________________

Қосымша_ К.Жексембина Химиядан әдістемелік нұсқау Алматы «Мектеп» 2007,________________

«Химия мектепте» ғылыми – педагогикалық журналы, Химия Анықтамалық құрал Алматы_______ «Атамұра»,2008________________________________________________________________________




Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңдері

Жұмыстың түрлері

Уақыт

1

Ұйымдастыру кезеңі.


1.Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Оқушылардың оқу-құралдарын тексеру

4.Сабақтың мақсатын ашу




5 минут


2

Жаңа материалды оқу.

1.Оттекті органикалық қосылыстар

2.Спирттер

3.Қаныққан біратомды спирттер

4.Спирттердің қасиеттері

5.Көпатомды спирттер

6.Фенолдар


Лекция оқу


Презентациялар арқылы түсіндіру








60 минут

3

Жаңа материалды бекіту.

1.Спирттер қалай жіктеледі, мысалдар келтіріңдер.

2.Пропанға сай біратомды спирт – пропанолдың және көпатомды спирт пропантриолдың формулаларын жазыңдар

3.33,6 литр (қ.ж.) этиленді гидратациялағанда түзілетін этанолдың массасын табыңдар?

4. Массасы 9 кг глюкозаны спирттің ашытып, қанша литр этанол алуға болады? Этанолдың тығыздығы 0,789кг/м3.

5.Төмендегі айналымдарды орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:

С6Н6 →С6Н5Сl→C6H5OH



№12 карточкамен жұмыс














20 минут


4

Қорытынды жасау, үй тапсырмасы

(2) §8.1.-8.5. 161-176 бет








5 минут








__________қолы






Спирттер – молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомдары гидроксил тобына алмасқан көмірсутектредің туындылары.

Спирттердің жалпы формуласы: R(OH)x

Спирттердің жіктелуіне оқушылар үйде дайындалып келеді.

Қаныққан біратомды спирттер бір сутек атомы гидроксил тобына алмасқан алкандардың туындылары. Олардың жалпы форомуласы: СnH2n+1OH

1.Біратомды қаныққан спирттердің атауы. Экрандағы сызбанұсқалар арқылы түсіндіру

ИЮПАК халықаралық атаулар жүйесі бойынша спирттерді көмірсутектердің атына - ол деген жұрнақ қосып айтады.

4 3 2 1 3 2 1

СН3 – СН – СН – СН3 СН3 – СН2 – СН2ОН

| | пропанол - 1

СН3 ОН

3 – метилбутанол – 2 СН3 – СН – ОН

СН3 |

5 |4 3 2 1 СН3

СН3 – С – СН2 – СН – СН3 изопропил спирті

| |

СН3 ОН

4,4 –диметил пентанол – 2

Қарапайым СН3ОН спиртін карбинол деп атайды. рационалды номенклатура бойынша басқа спирттерді карбинолдың туындысы деп қарастырады.

СН3 – СН – ОН СН3

| |

С2Н5 С6Н5ОН – С – ОН

|

СН3

метилэтилкарбинол диметилфенилкарбинол

2.Изомерлері.

Көміртек қаңқасының құрылысына байланысты изомерлену

Көмірсутек тізбегіндегі гидроксил тобының орнына байлаынсты изомерлену

Класаралық изомерлену

СН3 – О – С2Н5

СН3 – СН2 – СН2ОН метилэтилэфирі

пропанол - 1


СН3 – СН – СН3

|

ОН

пропанол - 2

















3.Алу жолдары.

1.Қаныққан біратомды спирттерді өнеркәсіпте көмірсутектердің моногалогентуындыларын сілті қатысында гидролиздеп алады. Мысалы:

C2H5Cl + NaOH → C2H5OH + NaCl

2.Спирттерді күкірт қышқылы қатысында этилен көмірсутектеріне су қосып алады:

H2SO4

СН2 = СН2 + НОН CH3 – CH2OH

Бұл реакцияны гидратация деп атайды.

3.Құрамында қанты бар заттар ашығанда этанол түзілетіні белгілі. Глюкозаның спирттік ашуы:

С6Н12О6 → 2С2Н5ОН + 2СО2

4.Спирттерді карбонилді қосылыстарды тотықсыздандырып алады.

а) Альдегидтер тотықсызданғанда, біріншілік спирттер түзіледі:

О [H]

СН3 – С C2H5 – OH

Н

ацетальдегид этил спирті

ә) Кетондар тотықсызданғанда, екіншілік спирттер түзіледі:

[H]

СН3 – С – СН3 CH3 –CH – CH3

║ |

О OH

ацетон пропанол-2


4.Физикалық қасиеттері.

Оқушылар спирттердің қасиеттерін пробиркаға құйылған этил спиртіне қарап айтады.

Біратомды спиртер – түссіз сұйықтар суда ериді.Қалыпты температурада С10 – ға дейінгі спирттер сұйық заттар, С11 – ден бастап қатты заттар. Сұйық спирттердің өздеріне тән иісі болады. Молекулалық массасның артуына қарай сұйық спирттердің суда ерігіштігі төмендейді. Ең қарапайым спирт – метанол СН3ОН өте улы. Спирттердің молярлық массасы өскен сайын, қайнау температуралары жоғарылайды.

5.Химиялық қасиеттері.

Оқушылар берілген реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіреді

Гидроксил тобындағы сутек арқылы жүретін реакциялар.

1.Спирттің гидроксил тобындағы сутек атомының орнын белсенді металдар баса алады:

2C2H5OH + 2Na → 2C2H5ONa + H2

натрий этилаты

2. Күрделі эфирлер түзілуі (этерификация реакциясы).

Н+, t

C2H5OH + НООС – СН3 C2H5O – OC – CH3 + H2O

этил сірке сірке қышқылының

спирті қышқылы этил эфирі

(этилацетат)

Гидроксил тобында жүретін рекциялар.

Спирттер галогенсутектермен әрекеттеседі

H2SO4

С2Н5ОН + НBr C2H5Br + H2O

этил

бромиді


Жоғарырақ температурада t 1400С дегидратациялағанда, реакция молекула ішінде өтеді, нәтижесінде, алкен түзіледі

H2SO4,t0

CH3-CH2OH CH2 = CH2+H2O

этилен

Тотықтырғыштардың әсерінен (CuO, хромды қоспа K2Cr2O7 + H2SO4) біріншілік спирттер альдегидке дейін тотығады

[O]

CH3CH2OH CH3-C = O

этил спирті |

H

сірке альдегиді








Екіншілік спирттер тотыққанда кетонға айналады

[O]

CH3-CH-CH3 CH3-CO-CH3

| ацетон

OH

изопропил спирті

Мыс (ІІ) оксидімен тотығып, альдегид түзеді

O

СН3-СН2ОН + CuO CH3 – C + H2O + Cu

H

Спирттер көгілдір жалынмен жанады

C2H5OH + 3O2 2CO2 + 3H2O + Q














































Карточка №15

Спирттер



1.Спирттер қалай жіктеледі, мысалдар келтіріңдер.

2.Пропанға сай біратомды спирт – пропанолдың және көпатомды спирт пропантриолдың формулаларын жазыңдар

3.33,6 литр (қ.ж.) этиленді гидратациялағанда түзілетін этанолдың массасын табыңдар?

4. Массасы 9 кг глюкозаны спирттің ашытып, қанша литр этанол алуға болады? Этанолдың тығыздығы 0,789кг/м3.

5.Төмендегі айналымдарды орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:

С6Н6 →С6Н5Сl→C6H5OH




Карточка №15

Спирттер



1.Спирттер қалай жіктеледі, мысалдар келтіріңдер.

2.Пропанға сай біратомды спирт – пропанолдың және көпатомды спирт пропантриолдың формулаларын жазыңдар

3.33,6 литр (қ.ж.) этиленді гидратациялағанда түзілетін этанолдың массасын табыңдар?

4. Массасы 9 кг глюкозаны спирттің ашытып, қанша литр этанол алуға болады? Этанолдың тығыздығы 0,789кг/м3.

5.Төмендегі айналымдарды орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:

С6Н6 →С6Н5Сl→C6H5OH




Карточка №15

Спирттер



1.Спирттер қалай жіктеледі, мысалдар келтіріңдер.

2.Пропанға сай біратомды спирт – пропанолдың және көпатомды спирт пропантриолдың формулаларын жазыңдар

3.33,6 литр (қ.ж.) этиленді гидратациялағанда түзілетін этанолдың массасын табыңдар?

4. Массасы 9 кг глюкозаны спирттің ашытып, қанша литр этанол алуға болады? Этанолдың тығыздығы 0,789кг/м3.

5.Төмендегі айналымдарды орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар:

С6Н6 →С6Н5Сl→C6H5OH















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сабақ жоспары "Спирттер мен фенолдар"

Автор: Алшимбаева Индира Ерлановна

Дата: 29.10.2018

Номер свидетельства: 482601

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Фенол.Фенолды? ?асиеттері,?олданылуы "
    ["seo_title"] => string(42) "fienol-fienoldyn-k-asiiettieri-k-oldanyluy"
    ["file_id"] => string(6) "175894"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424337421"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства