Берілген тарихи сипаттама бойынша білім алушылар тұлғаны танып біледі. 1825 жыл Дат химигі әрі физигі глиноземді көмірмен қосып, хлор атмосферасында қатты қыздырып тотықсыздандырғанда одан сусыз алюминий хлориді түзіледі. Сол түзіндіге калий металының амальгамасын қосып қайта қыздырып, тотықсыздандырады. Нәтижесінде онша таза емес алюминий металы алынады. «Мен балшықтан металл алдым» деп бос күйінде алюминий металын алу әдісін хабарлаған қай ғалым? Таза алюминийді электролиз арқылы алу жолы жөнінде ақпарат береді, реакция теңдеуін жазады. Осы заманғы алюминийді алу әдісін америкалық Ч.Холл және француз Эру 1886 жылы ойлап тапқан екен. 22 жасар химик Ч.Холл жаңалық ашқан күні зертханаға қолына ондаған алюминий қиындыларын ұстап келіп, осы металды оңай жолмен және өте көп мөлшерде дайындаудың әдісін тапқанын айтты. Ол қандай әдіс? Электролиз 2Al2O3 → 4Al + 3O2 - 3352кДж Оқушының сұрағы: Амальгама дегеніміз не? Оқушылардың жауабы: Сынаптың басқа металдармен құймасы. Оқушы жауабын таба алмаса, ұялы телефонмен хабарласып, жуабын табуға рұқсат беріледі. Жауап: Болмайды! Себебі, алюминий қышқылдармен де, негіздермен де, әрекеттеседі, амфотерлі (екідайлы) қасиет көрсетеді. Сол себепті сүт, ет, көкөніс, жеміс – жидек өнімдерін алюминий ыдыста сақтауға болмайды. «Алюминийдің қолдану аясы» сызбасын интербелсенді тақтада толтырады Тор көздегі әріптер арасынан горизонталь, вертикаль, диаганаль бағыттарынан алюминий тақырыбына сай тұтас сөздерді тауып алады Алюминий Боксит Бирюза Силумин Магналин Турмалин Жауабы: Білім алушылар жұмыс барысында берилген коллекциядан, арасынан алюминийдің минералдарын тауып атауын, беру керек. Оқушының сұрағы: Қостанай облысында орналасқан боксит өндіретін кен орны? Оқушылардың жауабы: Арқалық қаласының іргесінде орналасқан. ТБРУ (Торгайское боксито – рудо управление ) Сұрақ: Алюминий сөзі латын тілінде қандай мағынаны білдіреді. Оқушылардың жауабы: Алюминий сөзі латын тілінде «ащудас» деген Мағынаны білдіреді. (лат. aluminium), - ащудас, al – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ – тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі 13, атомдық массасы 26,9815 Бейнеролик кадрлері бойынша ҚР алып өндіріс орнын анықтау. Кестеге алюминий қосылыстарының атаулары берілген. Атауларға қарама қарсы заттардың формулаларын жазады. Al(OH)3 + 3HNO3 → Al(NO3)3 + 3H2O Al(OH)3 + NaOH → NaAlO2 + 2H2O |