Химия пәнінен оқушыларға арналған "Ойлы болсаң, озып көр!" атты сайыс сабақ "Бәйге", "Полиглот", "Кім жылдам?", "Зейін саосаң.", "Қызықты тәжірибелер" секілді кезеңдерден тұрады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сайыс сабақ тақырыбы: "Ойлы болсаң, озып көр!"»
Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр!»
Мақсаты:
Оқушылардың білім деңгейін тексеру, ойынға қабілетін қалыптастыру, сөйлеу мәнеріне үйрету, ойларын бір жүйеге келтіріп өз пікірлерін айта білуіне көмектесу.
Оқушылардың алған білімдерін тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану, пәнге қызығушылығын арттыру.
- Сәлеметсіздер ме, құрметті, ұстаздар мен оқушылар!
Тапқыр, білгір, дарынды,
Жарыс бар бүгін арынды.
Химия пәнін сүйсең сен,
Ортаға сал барыңды! - дей келе бүгінгі химия пәнінен өтілетін «Ойлы болсаң, озып көр!» танымдық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын әр топқа әділ бағасын беретін әділқазыларды таныстырып өтейін: 1. А.Құрманаева,
2. Р.Қонарбаева, 3. ____________________.
Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға
8-ші сынып оқушыларын шақырамыз!
Енді сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін:
Сайыс кезеңдері:
«Бәйге»
«Полиглот»
«Кім тез, кім жылдам?»
«Талаптанған тау асар»
«Зейін салсаң - ұғасың!»
«Қызықты тәжірибелер»
«Қорытынды»
І кезең. «Бәйге»
Әр топқа пәндік сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)
2. Қышқылдар дегеніміз не?
3. Химиялық элемент ұғымын алғаш енгізген кім? (Р.Бойль)
4. Химиялық байланыстың түрлерін ата. (коваленттік, иондық)
5. Термохимиялық теңдеу дегеніміз не?
6. Периодтық жүйеде «кең түзушілер» деген мағына білдіретін элементтер қалай аталады? (халькогендер)
1. Зарядталған бөлшектер қалай аталады? (аниондар, катиондар)
2. Оксидтер дегеніміз не?
3. Зат массасының сақталу заңын кім тұжырымдады? (М.В.Ломоносов)
4. Химиялық реакцияның типтерін ата (қосылу, айрылу, орынбасу, алмасу)
5. Экзотермиялық реакция дегеніміз не?
6. Периодтық жүйеде «тұз түзушілер» деген мағына білдіретін элементтер қалай аталады? (галогендер)
ІІ кезең. «Полиглот»
Жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің жауабын 3 тілде шешіп беру (қазақша-орысша-латынша). Әр дұрыс жауапқа 15 ұпай.
1. От көмір жейді, тот ... жейді. (темір-железо-феррум)
2. Арпа бидай ас екен, алтын ... тас екен. (күміс-серебро-аргентум)
3. Өзі ауыр металға жатады, балалар осы металл құйылған сақамен атады. (қорғасын-свинец-плюмбум)
4. Өзім газбын, менімен демаласың
Жоқ болсам, ауа жетпей қиналасың. (оттегі-кислород-оксигениум)
5. Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін? (азот-азот-нитрогениум)
6. ... еріте білмеген ірітер,
Тері илей білмеген шірітер. (алтын-золото-аурум)
7. Ескі мата бөз болмас,
Ескі ... біз болмас. (темір-железо-феррум)
8. Ең жеңіл элемент саналады,
Периодтық жүйе осыдан бастау алады. (сутегі-водород-гидрогениум)
9. Көрсететін суықты, жылуды анық,
Қандай зат - құрал жасар соны құйып. (сынап-ртуть-гидраргирум)
10. Консерві қалбыры жасалатын металл. (қалайы-олово-станнум)
ІІІ. «Кім тез, кім жылдам?»
Берілген сөз қиындыларынан қауіпсіздік техникасының ережелеріне байланысты сөйлемді құрастырулары керек. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден сумен жуып жіберген дұрыс.
ІV. «Сиқырлы қобдиша»
Қызықты сұрақтар, әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Атақты грек қолбасшысы А. Македонскийдің солдаттары іш сүзегі ауруымен әскери қолбасшыларға қарағанда көп ауырды. Тіпті әскер басшылары бұл аурумен ауырмады. Бұл құбылыс сол кезде Македонскийдің өзін де таңқалдырды. Бұл құпия Македонскийден 2280 жыл кейін белгілі болды.
Сұрақ: Осы құпияның сыры неде?
Қосымша көмек: бұл элементтің микробтарды жоятын қасиеті бар
(қолбасшылар күміс ыдыспен, сарбаздар қалайы ыдыспен тамақ, су ішкен)
2. Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты, ал біреуінің үстінде тұз екіншісінде мақта. Олар өзеннен өту керек болды, үстіне тұз артқаны судан шыға салып жорыта жөнелді. Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып, қабырғасы қайысты.
Сұрақ: Себебі неде?
(себебі тұз суда еріп кетеді)
V. «Зейін салсаң - ұғасың!»
Өлең жолдарына қарай отырып, ғалымдарды анықтау. 10 ұпай
1. Элементтерді жүйелеуге әркімдер-ақ еңбек еткен,