Просмотр содержимого документа
«химияда кім жылдам? »
Тақырыбы: Кім жылдам?
Мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын және ой- өрісін кеңейту. Олардың арасынан дарындыларды анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, таным біліктерін көрсете білуге баулу.
«Болашақтың есігін ашатын
бес кілттің бірі – білім ошақтары». Н.Ә.Назарбаев
Ойын кезеңдері:
1.Таныстыру
2. “Кім алғыр?”
3. “Біліміңді шыңдай біл”
4. Суреттер сөйлейді
5. “Полиглот” жұмбақтар
1.“Таныстыру” Әр топ өздерінің топтарымен таныстырады.
2.Кім алғыр ?
Химия ғылымы нені зерттейді?
Адам тыныс алатын газ?
Грек тілінде ай деген мағынаны ?
Химиялық элементтер нешеге бөлінеді?
Адам мен жануардан бөлінеді, өсімдіктің торына ілінеді?
Ең үлкен материк ?
Жердің кішірейтілген бейнесі
Темірқазыққа қарап, қандай бағыттты анықтайды ?
Дүниежүзінде неше мұхит, неше материк бар?
Глобусты ашқан ғалым?
3. “Біліміңді шыңдай біл”
Берілген элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын айтыңдар
K Si Mg P Mn Ba O Zn N Ca
Na Cl C H Cu S Ag Li Al Fe
4. Суреттер сөйлейді
1.Суреттегі қай әдіс?
2. Қандай қоспаны тазартуға жатады?
Зерттеуші ғалымдарды атаңыздар
5. “Полиглот” жұмбақтар
Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге су-вода
Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсын ас тұзы – соль
Өзі жылтыр күмістей
Жұмсақтығы тағы бар
Жеңілдігін ескерсең
Пайдаланар жер табылар алюминий- алюминий
Машина мен трактордың жаны
Қара металлургияның наны темір –железо
Ең жеңіл элемент саналады
Периодтық жүйе осыдан бастау алады сутек- водород
Ол кезде орман шулайды
Толқын теңіз тулайды
Қуса ,өзін қуады
Ешкім оны қумайды жел-ветер
Қара таудың басында ,
Киік кетіп барады
Қол аяғы баурына, тиіп барады тұман-туман
Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің
Көк қарбызым қойған жерде биік тұрады
Сол қарбызға бүкіл әлем сиып тұрады глобус –глобус
Сөз кезегі әділ –қазыларға беріледі. Жеңімпаз топты марапаттау.