Су.Ерітінділері.Негіздер. тарауы бойынша ?орытындылау саба?ы
О?ыту ма?саты: Су, ерітінділер, негіздер тарауы бойынша ал?ан білімді бекіту.Суды?, негіздердін химиялы? ?асиеттерін о?ып-?йренуді жал?астыру. Заттарды бір-бірімен салыстырып, оларды? ерекше ?асиеттері мен орта? ?асиеттерін ажырата білу, затты? ??рамы мен ??рылысы, ?олданылуы, алу жолдары жайлы білімді дамыту
Просмотр содержимого документа
«Химия саба?ыны? та?ырыбы: Білімді мынды жы?ар.»
Сабақ тақырыбы: Білімді мынды жығар.
Су.Ерітінділері.Негіздер. тарауы бойынша қорытындылау сабағы
Оқыту мақсаты: Су, ерітінділер, негіздер тарауы бойынша алған білімді бекіту.Судың , негіздердін химиялық қасиеттерін оқып-үйренуді жалғастыру. Заттарды бір-бірімен салыстырып, олардың ерекше қасиеттері мен ортақ қасиеттерін ажырата білу, заттың құрамы мен құрылысы, қолданылуы, алу жолдары жайлы білімді дамыту
Реактивтер мен құралдар: Темір(ІІ), мыс(ІІ) және мырыштың ерігіш тұздары, мыс(ІІ) гидроксиді, сілтілер,қышқылдар,спирт шамы,сіріңке. Лабораториялық приборлар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздерме, балалар! Бүгін мен сіздерді «Білімді мынды жығар», «Су. Ерітінділер. Негіздер». тарауы бойынша қайталау сабағына шақырамын.Әр топ ішінде өзара бірлік, татулық,және шапшандық керек.Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Әр топ өзінің атын,ұранын, мақсатын таныстырады.
1 топ«Білгір» тобының ұраны: «Білекті мынды жығар, білімді
мынды жығар»
Мақсаты: «Білген сайын келеді біле бергім,
білу беру емес пе тілегі елдің»
2 топ «Ойшыл» тобының ұраны « Білім- таусылмас кен»
Мақсаты: « Сын тұрғысынан ойлаймыз,
Білімнің терең жолына бойлаймыз»
1.Ой қозғау сатысы. Су. Ерітінділер. Негіздер. тарауы бойынша сұрақтар
- Судың химиялық формуласы?
- Негідер деп қандай заттарды атаймыз?
-Ерітінді дегеніміз не? /еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын біртекті
жүйе/.
-Қандай ерітінділерді білесіңдер?/жақсы еритіндер, аз еритіндер, ерімейтіндер/
-Белгілі ерітіндінің массалық үлес шығару формуласы? /Ерітіндідегі еоіген
заттың массалық үлесі еріген зат массасының ерітінді массасына қатынасы
болып саналады/
-Судың құрылымдық формуласы? /сутектің екі атомы, оттектің бір атомы/
-Су белсенді ме оксидтермен әрекеттескеде түзеді? /негіз/, ал бейметалдармен
әрекеттескенде түзеді? /қышқыл/
ІІ Негізгі бөлім
1.Кім көп біледі?»
Мөлдір түссіз дәмі жоқ қатты,сүйық, газ күйде бодады
Судың физикалық қасиеті
0 С қатады р=1 г/см 100 қайнайды
2. «Артығын тап»
AI(OH)3 Cu(OH)2
NaOH Fe(OH)3
KOH Zn(OH)2
Ba(OH)2 LiOH
3. «Кім бірінші» Берілген қосылыстардан тек 1 топ еритін негіздерді, 2 топ ерімейтін негіздерді теріп жазу:
4. «Кім жылдам»Су және негіздердің қасиеттерін еске түсіріп, көп нүктенін
орнына тиісті элемент таңбасын жазыңыз
а/ .....+ H2O ---- NaOH + ….
ә/ K2O + ….. ----- KOH
б/ Cu(OH)2----- .... +H2O
в/ Ca(OH)2+ HCI ---- ……. + ……
г/ ….. + CuSO4-------- Cu(OH)2+ Na2SO4
д/ CaO + …. ------ Ca(OH)2
е/SO3 + H2O ------ …….
ж/ …. + H2O ----- ZnO + …
6 . Зерттеу орталығы
Әр топ мүшелері кезекпен шығып үстелдегі химиядық құралдарың атын, ол не үшін қажет екенін айтып, сұрақ жасырылған конвертті таңдайды;
1 конверт –Негіздермен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ереже сақтаймыз?
2 конверт. Заттың иісін қалай дұрыстап анықтаған жөн?
Берілген ерітінділердің ортасын анықтайды.
7. Эстафеталық есептер
№1. Массасы 30 г тұзды 250 г суда еріткенде түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер
№2 20%-тік 500 г ерітіндің даярлау үшін қанша грамм тұз, қанша су қажет
№3 Орман ағаштарын зарарсыздандыруға жұмсалатын мыс сульфатының CuSO4 ерітіндісін дайындау үшін 14 кг CuSO4 және 156 кг су жұмсалады.
дайындаған ерітіндінің массалық үлесі қандай?
8. «Күш білімде» Әрбір топ өзіне берілген тапсырма бойынша сызба құрып,
қорғайды
Су- тіршілік көзі /1 топ/.
Негіздердін- маңызы. /2 топ/.
- 19 ғасырда өмір сүрген неміс филологі Эмиль Райман « Өмір дегеніміз -су»
деп бекер айтпаса керек. Табиғатта судың орнын ауыстыратын зат жоқ. Су
табиғи ресуртардың ең мол да бағалы түрі. Егер су болмаса, жерде тіршілік
болмайды, жер көгермейді, сарғалдақтар мен қызғалдақтар өспейді, орман,
жан-жануар, құстар құмырсқалар ғайып болады. Адам денесінің 60 пайызға
жуығы судан тұрады. Күн сайын ересек адам 3 литрден астам су ішеді. Зат
алмасу үрдісі тек сулы ортада өтеді. Жер бетінің 70,8 дүние жүзілік мұхит, 29,2
құрлық алып жатыр Елімізде Шардара, Қапшағай,Үлбі,
Бұқтырма су электр станциялары – арзан энергия көзі болып табылады. Су –
химия өнеркәсібінде сутек, кышкылдар, негідер алу үшін маңызды шикізат.
Су өмір арқауы,гүлденген дала, мөл өнім. Сусыз жер – шөл дала, адам баспас,
құм ұшпас, жансыз жатқан кең сахара. Су табиғатта кең - таралған байлық.
/сызбанұсқа көрсету/.
Негіздердің практикалық маңызы зор. Әсіресе сілтілер кеңінен қолданылады. Өнеркәсіпте нарий гидроксидынан сабын, қағаз, жібек,алуға бензин, керосин, және басқа мұнай онімдерін тазартуға өнеркәсәптін басқа саларында көп жұмсалады. КОН – сұйық сабын алу үшін және сілтілік аккумулятордарда пайданылады. Сөндірілген әқ – құрылыс жұмыстарда көп қолданылады, зиянкестерімен күресуде, хлор алуға жұмсалады.